Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім



Pdf көрінісі
бет1/49
Дата02.12.2023
өлшемі1,25 Mb.
#132663
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ 
МИНИСТРЛІГІ 
ӘБІЛҚАС САҒЫНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ 
ӘБІЛҚАС САҒЫНОВ 
АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ 
ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
Студенттік топтар кураторларына көмек ретінде 
 
1-жинақ 
 
Қарағанды 



«ӘБІЛҚАС САҒЫНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ 
ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ ЖАТАҚХАНАСЫНДАҒЫ 
ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ 
1. Жалпы ережелер 
1.1 Берілген «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық 
университеті» 
КеАҚ 
(ҚарТУ) 
жатақханасындағы 
ішкі 
тәртіп
ережелері студенттік жатақханада тұратын барлық студенттер орындауға 
міндетті жергілікті нормативті акт болып табылады. 
1.2 Басқа қалалық білім алушыларды (студенттер, магистранттар, 
докторанттар, тыңдаушылар) ҚарТУ (одан әрі – Университет)
жатақханасына орналастыру «Жоғаргы оқу орындарында студенттерді 
жатақханамен қамтамасыз ету» мемлекеттік қызметтер стандартына сәйкес 
жүргізіледі.
1.3 Жатақханаға орналастыру барысында білім алушы және 
университет арасында тұрғын орынды жалға алу туралы Келісім жасалады 
– 2 дана, біреуі – жатақхана әкімшілінде, екіншісі – студентте болады. 
1.4 Жатақханаға орналасушы міндетті: 
1.4.1 Ішкі тәртіп ережелерімен қол қойып танысуға; 
1.4.2 Университеттің ҚТ бойынша инженері өткізетін қауіпсіздің 
техникасы бойынша нұсқамадан өтуге (факультеттерде бекітілген кестеге 
сәйкес). 
2. Жатақханада тұрушылардың құқықтары мен міндеттері 
2.1 Жатақханада тұрушылар құқығы бар: 
2.1.1 
Оқу, мәдени-тұрмыстық және спорттық-сауықтандыруға 
арналған бөлмелерді, жатақхана жабдықтары мен мүлкін пайдалануға; 
2.1.2 Жатақхананың өзін-өзі басқару органдарына тағайындап және 
тағайындалады, олардың жұмысына қатыса алады; 
2.1.3 Студенттік кеңес арқылы тұрғын үйдің тұрмыстық қамтамасыз 
етілуі, тәрбие жұмыстары мен бос уақыттың ұйымдастырылуы, тұрғын 
орындарды, жеке жұмыстарға арналған бөлмелерді құрал-жабдықтармен 
қамтамасыз ету және безендіру сұрақтарын шешуге қатыса алады.
2.2 Жатақханада тұрушылар орналасу кезінде міндетті: 
2.2.1 Жеке куәлікті көрсетуге
2.2.2 Санитарлық бақылау (педикулез бен қышыма) өткені туралы 
анықтама көрсетуге; 
2.2.3 Жатақханада тұру үшін төленген түбіртекті көрсетуге (күзгі 
семестрде: қыркүйек, қазақ, қараша, желтоқсан және қаңтар үшін; көктемгі 
семестрде: ақпан, наурыз, сәуір және мамыр үшін). Тұру үшін төлем 
ақыны жылына екі рет оқу семестрі басталғанға дейін төлеу (төлем ақы 
түбіртегін жатақхана әкімшілігі мен факультет деканаттарына тапсыру); 



2.2.4 Блок пен бөлме кілттерінің көшірмесіне тапсырыс беру, және 2 
күн ішінде қосалқы кілттерді жатақхана әкімшілігіне қайтару; 
2.2.5 10 күн ішінде уақытша тіркеуден өту; 
2.2.6 Жатақхананың бөлмелеріне, құрал-жабдықтарына және мүлкіне 
ұқыптылықпен қарауға, ҚР заңнамасына сәйкес өзіне жеке қолданысқа 
берілген мүлікке материалдық жауапкершілікті алуға; 
2.2.7 Жоғалған немесе құртылған мүлік пен құрал- жабдықтардың 
құнын төлеуге, университетке келтірілген басқа да залалдардың ақысын 
өтеуге; 
2.2.8 Өз күшімен және өз есебінен тұрғын орынның және ортақ 
қолдану орындарының жөндеу жұмыстарын жасауға қатысуға; 
2.2.9 Университет өкілін тұрғын орынның техникалық жағдайын, 
ондағы санитарлық- техникалық және басқа да жабдықтарды тексеру үшін 
және басқа да жұмыстарды атқаруға кіргізуге; 
2.2.10 Тұрғын орында, оның ішіндегі жабдықтарда немесе 
байланыстардағы ақаулар тапса тез арада олардың алдын алу шараларын 
қолданып, міндетті түрде жағдайды жатақхана әкімшілігіне жеткізуге; 
2.2.11 Тұрғын орынның тиіти санитарлық- техникалық тазалығын 
қадағалау, бекітілген график бойынша тұрғын орындарында және жалпы 
қолданыстағы жерлерде, қызметкерлердің орындарында және тұратын 
бөлмелерінде дымқыл тазалық жұмыстарын жүргізуге. Тазалық кестесі 
студенттік кеңес төрағасымен қабат старосталары құрылады және 
жатақхана әкімшілігімен келісіледі; 
2.2.12 Санитарлық- эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды 
сақтауға, кірленуіне байланысты төсек-орынын (сейсеп, ақ жайма, жастық 
тысын) 10 күнде бір реттен кем емес ауыстыруға
2.2.13 Электр қуатын және суды үнемдеп жұмсауға; 
2.2.14 Рұқсат етілген тұрмыстық электр құрылғыларын пайдалану 
бойынша нұсқауларды сақтауға; 
2.2.15 Студенттік жатақхана туралы Жарғы, Тәртіпті, берілген 
Ережені, Университеттің басқа да жергілікті актілерін, Қауіпсіздік 
техникасы ережелерін, тұрғын орынын жалға алу туралы келісімге 
сақтауға; 
2.2.16 Жатақханаға қысқы уақытта сағат 22.00-ге дейін (1 қазаннан 31 
наурыз), қалған уақыттарда сағат 23.00-ге дейін кіруге; 
2.2.17 Туысқандары келгенде (күндіз сағат 09.00 дан 19.00 дейін) жеке 
тұлға куәлігін көрсетуге;
2.2.18 Сағ 22:00-ден 6:00-ге дейін жатақханада тыныштық сақтауға; 
2.2.19 Жатақханада тұру ережелерін бұзғандығы үшін жатақханадан 
шығаруға өтініш беруге құқылы қабат старосталарының, студенттік 
кеңестің және жатақхана әкімшілігінің тапсырмаларын орындауға; 
2.2.20 Жатақханада өткізілетін жиналыстарға келуге; 
2.2.21 Хабарлама тақтасындағы ақпаратты күнде қарауға;



2.2.22 Тұрғын орынды жалға алу туралы келісімге сәйкес 
жатақханадан шығарылған кезде (сонымен қатар демалысқа кеткенде) 
бөлмені және өзіне бекітілген барлық төсек жабдықтарын тапсыпсыруға. 
2.3 Жатақханада тұрушыларға тыйым салынады: 
2.3.1 Бөтен біреуге өз рұқсаттамасын беруге және бөгде адамдарды 
қонуға қалдыруға; 
2.3.2 Жатақханада ішімдік ішуге және/ немесе мас және есірткі 
қолданған күйде келуге; 
2.3.3 Есірткі заттарын немесе психотропты дәрілерді қабылдауға 
(дәрігердің белгілеуінсіз), есірткі және психотропты дәрілерді сақтауға, 
таратуға; 
2.3.4 Жатақхана территориясына қару, соның ішінде пневматикалық, 
зақымдаушы және суық қару әкелуге, сақтауға және қолдануға; 
2.3.5 «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңмен тыйым 
салынған діни жиналыстар мен іс- шаралар ұйымдастыруға; 
2.3.6 Тұрғын бөлмелері мен ортақ қолданыстағы жерлерде темекі 
шегуге (соның ішінде кальян және электронды темекі); 
2.3.7 Бір бөлмеден екінші бөлмеге өз бетімен ауысуға; 
2.3.8 Өз бетімен бір бөлмеден екінші бөлмеге мүлік ауыстыруға; 
2.3.9 Электрөткізгіштерді қайта жасауға және жөндеуге; 
2.3.10 Тұрғын бөлмелері мен жалпы қолданыстағы жерлерде қосымша 
электржылыт-қыш құралдырын орнатуға; 
2.3.11 
Радиоқабылдағыштарды, үнжазбаларды, теледидарларды 
бөлмеден тыс естілетін дауыс қаттылығында қосуға; 
2.3.12 Бөлме есігіне және ортақ қолданыстағы, арнайы орындардан 
басқа, жерлерге хабарландырулар, кестелер, суреттердің көшірмесін және 
т.б жабыстыруға; 
2.3.13 Тұрғын бөлмелердің есігіне өздігінен құлып орнатуға немесе 
есікте орнатылған құлыптарды ауыстыруға; 
2.3.14 Өз бетімен жиһазды қайта құруға немесе орынын ауыстыруға, 
қоршаулар жасауға; 
2.3.15 Жатақханада жануарлар ұстауға; 
2.3.16 Өз бетімен би кештерін, дискотекалар және басқа да көпшілік 
қатысатын іс- шаралар ұйымдастыруға; 
2.3.17 Терезеден қоқыс және т.б. заттар тастауға; 
2.3.18 Төбеге шығуға, шатырға көтерілуге, терезе алды тақтайында 
тұруға және отыруға; 
2.3.19 22.00-6.00 аралығындағы түнгі уақытта тамақ істейтін 
тұрмыстық бөлмелерді қолдануға. 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет