Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі м. БӨкенбаев атындағы ақТӨбе заң институты


А. Әділханова  —  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  өңірлік  мемлекеттік  университетінің



Pdf көрінісі
бет32/216
Дата06.01.2022
өлшемі7,29 Mb.
#15950
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   216
А. Әділханова  —  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  өңірлік  мемлекеттік  университетінің 
студенті; 
       А. Амангелді  —  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  өңірлік  мемлекеттік  университетінің 
студенті; 
       Ғылыми 
жетекшісі  —  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  өңірлік  мемлекеттік 
университетінің кафедра доценті заң ғылымдарының кандидаты, доцент А. С. Смагулова.  
ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҒЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫНЫҢ 
ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Қазақ құқығының тағы бір ерекшелігі — негізгі биліктің «Дала заңы» билігінде болуы. Сөз 
еркіндігі,  жөн  сөзге  ұмтылу,  имандылыққа  жетелеп,  заңдылықтың  жоғары  дәрежені  иеленуіне 
жол  ашты.  Ал  оны  жетілдіріп,  қорын  сақтаушысы,  әрі  жүзеге  асырушылары  —    билер  болды. 
Мұндай құбылыс әлемдегі өзге халықтар маңдайына жазылған жоқ. Оларда заң таптық шеңбер 
ішінде  қалып  қойды.  Мысалы,  әлемдегі  алғашқы  дін  иудаизм  —  Израил  аумағынан  шыға 
алмады, әрі адам құқықтары мен бостандықтарына жету жолдарын нақты көрсетіп бере алмады. 
Тіпті әйел затын арам санап, құқықтарынан мақұрым етті. Ал индуизм  діні адамдарды кастаға 
(сортқа)  бөліп,  адам  құқығы  мен  бостандықтарын  аяққа  таптады.  Индуизмде:  «Егер  Брахман 
төменгі  кастаға  жататын  адамнан  алған  қарызын  кері  қайтармаса,  төменгі  касталық  адам  оны 
қайтаруды талап ете алмайды. Ал егер төменгі кастадағы адам Брахманнан қарыз болса, онда ол 
Брахманға қарызы түгел біткенше құл болып жұмыс істеуі тиіс», – деп жазылған
1
. Қытай, ежелгі 
Рим, т.б. заңдарда да әлеуметтік теңсіздікті көреміз. 
Қазақ  әдет-ғұрпы  адам  құқықтары  мен  бостандықтарына  шек  коймай,  барлық  адамды  тең  
санаған.  Өйткені,  бәрін  жаратушы  —  тәңірі,  бәріміз  тәңірі  алдында  теңбіз  деген  ұғым  қалып-
тасқан. Біздің ата-бабаларымыз көне замандардың өзінде-ақ әділдіктен аттамаған. Қоғамда әділ-
діктен аттап, өтірік сөйлегендер, адам құқығы мен бостандықтарын аяққа таптағандар қоғамнан 
шеттелінген.  Мысалы,  өтірік  куәлік  берген,  не  болмаса  өтірік  ант  ішкендер  босағаға  отырған, 
кішкентай бала келсе де, орнын босатып, далаға шығып кеткен. Қазақ қоғамында адам құқығы 
мен бостандықтарына күні кешеге дейін кепілдік беріліп келген. Ол кепілдікті бүкіл қоғам  бо-
лып қорғаған. Мысалы, үйге келген қонаққа тиесілі, құрмет көрсетілмесе, ол мейлі таныс емес, 
жат адам болсын, биге шағым айтса, үй иесін ат-тон айыпқа жазалаған. Шындық пен әділдікке 
жету тағы бір ерекшелігі. Өйткені, билердің соттық шешімдерінің түпкі негізі, түпкі мақсаты да 
— осы. Әділ билік қазақ халқының құқықтық құндылығын ешуақытта да төмендетпеген. Мұн-
дай  жүкті  көтерген  билер  жоқтан  бар  етіп,  халықтың  мақсат-мүддесін  ақтауға,  еркіндікті  мәң-
гілік етуге ұмтылған әділ төреші, ақыл мен арды тең ұстаған, әрі шешен болған. Сондықтан да 
мұндай  билер:  «дауды  қарастыруда  қарапайымдылықты  сақтап,  сот  әділдігі  мол  дәлелдеу  бос-
тандығын  қамтамасыз  етті,  тараптардың  және  процеске  қатысушылардың  әрқайсысының 
өкілдерінің іске қатысу мүмкіндігін шектемеді, тараптарды татуластыруға тырысты және соттық 
шешімдердің  тіпті  кінәлі  тарапқа  қатаң  жаза  тағайындаған  кезде  де  қоғамның  алдындағы  
әділеттігі мен логика заңдарына сай болуын қамтамасыз етті, бұл билер сотының формасы мен 
мазмұнын  құрады»
2
.  Қазақ  әдет-ғұрпындағы  адам  құқығы  мен  бостандықтарын  қорғауда  әділ 
сот  пен  шешендік  ділмәрлықтың  да  рөлі  ерекше  болды.  Осы  тәсілмен  жүргізілген  билік  ше-
шімдер  өзіндік  ерекшеліктерге  ие  болды.  Оны  жиналған  халық  та,  естіген  ел  де  разылықпен 
құптады.  Қоғамды  ұлт  ретінде  пісіп-жетілуіне  де  әсері  көп  болды.  Қоғамдық  ой  мен  ұлттық 
мәдениеттің демократиялық сипатта кемелденуіне түрткі болды. Көшпелілер де азаттық, еркін-
дік, әділдік, бостандық және теңдік ұғымдары қалыптасты. Көшпелілер үшін еркіндіктен айыры-
лу біреуге басыбайлы құл болу ретінде қаралды.  «Азаттық, бостандық, еркіндік — көшпелілер 
үшін, — деп жазады белгілі заңгер З.Кенжалиев, жай ғана ұғым – сезімдер емес, өмірлік құбы-
лыстар,  қоғамдық  шындықтар  еді.  Олар  оны  өз  өмірлерінің    айнымас  серіктері  деп  ұғынды, 
сезінді. Бұл құбылыстарды олар тұтастай қабылдады, өз өмірлерінен, іс – қимылдарынан, сөзде-
рінен, ойларынан бөле – жарған жоқ, келісінше солардың өзегі, ажырамас белгісі, мәні әрі қасие-
ті  деп  түсінді.  Сондықтан  халық  өзінің  азаттығын,  еркіндігін  көзінің  қарашығындай  сақтап, 
қадірледі»
3
.  Шешендік,  ділмәрлықпен  айтылған  сөз  сүйектен  өтіп,  адам  бойында  мәңгілік 
қалады. Қандай түрде, қандай нысанда болса да, құрылғанымен мемлекет өз  қарауындағы қоғам 
мүшелеріне  адал  да  әділ  қызмет  етсе,  ондай  басқару  жүйесін  бүкіл  қоғам    болып  қолдайды. 


59 
Мұндай мемлекет өзінің алдындағы дәстүрлі басқару жүйесіне сабақтастыра отырып өз билігін 
алып  барады.  Қазақ  қоғамы  дәл  осылайша  көнеден  қалыптасқан  басқару  жүйесін  ұзақ  уақыт 
сақтап қалды. Өйткені, хандық жүйе құқықтары мен  бостандықтарын барлық уақытта қорғады, 
ел  басқарушылары  өзін-өзі  басқару  жүйесімен  әділ  басқарды,  мемлекеттік  істер  ақылдаса 
отырып  шешілетін  мәжілісте  шешілді,  мемлекет  басшысы  өз  елін  өзгелерден  қорғауды 
ұйымдастырды,  жеңілген  халық  болса,  оларға  тирандық  жолмен  емес,  адамша  қарады,  қолға 
түскендерге  аяушылық  білдіріп,  адамдық  қадір  –  қасиетін  таптамады,  әрдайым  қол  астындағы 
халықтың ауызбіршілігі мен тыныштығы сақталды. Сондықтан болар, қазақ қоғамының тұрмыс-
тіршілігі мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрінің қаймағы бұзылмай, ұзақ мезгіл сақталғандығы. Қазақ 
даласын  жүріп  өткен  шетелдік  жиһанкездер    ондағы  бейбіт  өмірді,  қонақжайлылықты,  ұры-
қары,  күш  көрсету,  тонау  мүлдем  жоқ  екендігін,  қай  жерде,  қай  үйде  болмасын  есігі  ашық, 
көкіректен кері итермейтінін тамсана жазғаны баршамызға белгілі. 
Өйткені, ұлан-асыр қазақ даласында адам құқығы мен бостандықтары қастерленіп, оны кез-
келген  қоғам  мүшесі  қатаң  сақтаған.  Дәстүрлі  қазақ  қоғамында  билікке,  адам  аралық 
қатынастарды  реттеуге,  қоғамдық  тәртіпке  деген  көзқарастар  есте  жоқ  ерте  пайда  болып, 
үздіксіз дамып отыран
4
.  
Адам  құқығы  мен  бостандықтарына  деген  көзқарастың  дамуына  дәстүрлі  қазақ 
қоғамындағы  дүниетанымдық  ой-пікірлер  игі  әсер  етті.  Бұл  да  —  бір  ерекшелігі.  Себебі, 
дәстүрлі қазақ қоғамында билік, байлық деген нәрселер, екінші мәселе болып, адамның ар-ұяты, 
ар-ожданы, денсаулығы, өмірі бірінші орында қаралды. Байлық, билік уақытша нәрсе, мәңгілік 
емес.  Билік  пен  байлық  қолдың  кірі  іспетті,  жусаң  кете  қалады.  Байлық  та,  билік  те  баста 
құндылық  емес.  Ең  басты  құндылық  —  әділеттік,  имандылық,  намыс.  Адам  өмір  сүргенінде 
бұларды  басты  тұтқа  етіп  тіршілік  етулері  тиіс.  Адам  құқығы  мен  бостандықтары  басты 
құндылық  болғандықтан,  оларды  сақтау,  қорғау,  дамыту  өзекті  есептелініп,  оны  билер  соты 
жүзеге  асырып  отырды.  Билер  тек  қорғаушы,  кепілдікті  сақтаушы  ғана  емес,  қайта  әділдікті, 
теңдікті,  адамгершілікті  аңсаушылар,  оны  елге  таратушы  қоғам  белсенділері  еді.  Билер  билік 
тұғырын ұстауға, өздерін ұлылық пен құрметке жетуге, өзгелерге үстемдік етуге, күштеп тыйым 
салуға  емес,  қайта  қоғам  мүшелерін  адасып-азбауға,  ынтымаққа,  өзара  сыйластыққа  шақырды. 
Нәтижесінде, халық алдында би мәртебесі ханнан да асып түсті
5
.  Дәстүрлі  қазақ  құқығындағы 
адам  құқығы  мен  бостандықтарын  қорғаушылар,    нағыз  жанашыры  болған  билер  және  билер  
соты  қазақ  құқығының  бір  ерекшелігі  бола  алды.  Өзге  елдер  сот,  қазы,  т.б.  лауазым  иелерін 
тағайындап,  ұлықтап  жатқанда,  қазақ  қоғамында  халықтың  өз  ішінен  шыққан  нағыз  жанашыр 
билері  өз  қоғамына,  ондағы  жасайтын  адамдар  үшін  белсенді  қызмет  етті.  Қазір  де  біздің 
қоғамымызға осылардай әділ сот иелері жетіспей жатқан секілді. Қоғам үшін әділ, заңдылықты 
аяқ  асты  етпейтін,  иманы  мол  соттар  қажет-ақ.  Біз  осы  уақытқа  дейін  мәдениетке,  құқыққа, 
тарихқа  еуропалықтардың  көзімен  қарап  келдік.  Дәлірек  айтсақ,  адам  құқығы  мен 
бостандықтары  парқы  мен  нарқы  негізінен  еуропалықтардың  талғам-танымы  бойынша 
зерттелінуде.  Ал  біздің  өркениет  шеңберінен  асып  түсетін  адам  құқығы  мен  бостандықтарына 
деген көзқарас, қағида-ережелер жұмбақ күйінде қалуда. Қазақ халқын айтпағанның өзінде түркі 
тілдес халықтардың мінез-құлқы, үлгі-өнегесі, ақыл-ойы, даналығы мен шешендігі, көрегендігі 
мен тапқырлығы, сондай-ақ жаратушы мен жаратылысқа, өзін қоршаған жанды-жансыз әлемге 
деген  моральдық,  танымдық,  этикалық  көзқарастары,  осы  халықтардың  рухани  өзегі, 
мәдениетінің діңгегі, тілінің тірегі екеніне қарамастан, әлемге таныстырылмаған. Кезінде, түркі 
тілдес бұл халықтар Қытай қорғанынан бастап Жерорта теңізіне дейінгі аралықта үш ғасыр бойы 
қағанат  құрып,  түркі  тілдес  халықтардың  біртұтас  этникалық,  құқықтық  мәдениетін 
орнықтырды. Бұлар жаратқан құндылықтар адамзат тарихының ортақ шежіресі іспетті қаралуы 
тиіс.  Ол  үшін  өзіміз  ежелгі  мұраларымызды  қастерлеп  қана  қоймай,  ұрпақтар  бойына  сіңіріп, 
өзгелерге  пәш  етуге  тиіспіз.  Қазақ  әдет-ғұрпының  адам  құқығы  мен  бостандығы  жайлы 
түйгендері өркениет шеңберінен де асып түсті  дей аламыз. Себебі, адам мен табиғатпен тығыз 
араласқан көшпелілер табиғи талғамдардың екі деңгейі болатынын ұғына алды. Алғашқысы — 
төменгі талғам. Бұл талғам қарапайым инстинктен, яғни ол — ішкі биологиялық қажеттіліктерді 
қанағаттандыру,  өмір  сүруі  мен  денсаулығын  сақтау.  Бұл  —  төменгі  қалау  хайуандар  секілді 
деңгей. Адам ақыл иесі болғандықтан, бір мақсатқа ұмтылуы, іс-әрекеттерінің моральдық негізі, 
біліп-үйренуі болғаны дұрыс. Ол мақсат тек ізгілікке құрылуы, іс-әрекеттердің ізгі болуы, алған 
білімін адамзат баласы пайдасына жарату. Сөйтіп, мақсаттың нәтижесі баршаға пайдалы болуы 


60 
тиіс деген ұғымды көшпелілер дегеннен иеленді. Барлық тәлім-тәрбие, қағидалар, ережелер осы 
тұрғыда  құрылды.  Бұл  жолдан  таю  әртүрлі  күнәларға,  қылмыстарға  алып  барары  хақ.  Адам 
қоғамсыз  өмір  сүре  алмайды.  Ал  қоғам  болғаннан  соң,  оның  мүшелеріне  қызмет  етуі  қажет. 
Қоғамды басқаратын ұйымдар имандылықтан қол үзбей, адам қатынастарын бір қалыпты ұстап 
тұруы  тиіс.  Міне,  сондықтан  да  көшпелі  қазақ  қоғамы  адамдардың  өзін-өзі  басқаруына  орай 
құрылды. Отбасынан басталған жүйе ру-тайпа, жүздерге ұласып, бірін-бірі толықтырып, жоғары 
деңгейде  басқарушылықты  жүргізе  алды.  Көшпелілердің  дүниетанымы  олардың  аңыздарында 
(миф),  ауыз  әдебиеті  үлгілерінде,  өнерінде,  әдет-ғұрыптарында,  салт-дәстүрлерінде, 
ырымдарында  көрініс  тапқанын  философ    ғалымдарымыз  да  жазады
6
.  Сөйтіп,  олар  көшпелі 
қазақ  қоғамындағы  дүниетанымдық  көзқарастардың,  ойлау  үрдісінің  протоказақтардың 
дүниетанымдық  жүйелерімен  біртұтас  болғанын,  ұқсастығын,  біркелкілігін  дәлелдеп  берген. 
Қазақтардың  құқықтық  дүниетанымы  шындығында  да,  тым  тереңде  жатыр.  Ата-бабаларымыз 
өмір  сүрген  Орталық  Азия  Еуразия  кеңістігінде  өмір  сүріп,  сахнада  шешуші,  басты  орынды 
иеленген.  Осы  аймақта  өзіндік  ерекшеліктерге  ие  құқық  жүйесін  жасады.  Бұл  құқық  жүйесі 
адамгершілік  құндылықтарға  негізделген  дала  демократиясының  институттарын  құрады. 
Адамгершіліктен  тұрған    құндылықтар  қоғамда  пікірталас  қисындылығының  құралын  ойнады. 
Әділ сот пен шешендік сөзуарлықтың рөлі өте жоғары койылып, оны бүкіл қоғам болып қолдап 
–  қуаттады.  Өмір  ағысы  өзін  –  өзі  басқару  еркіндігін  берді.  Сондықтан  да  қазақ  құқық  жүйесі 
адам  құқығы  мен  бостандығына  жол  ашып,  кең  далада  еркіндік  пен  бостандық  нәтижесінде  
адам  теңдігі,  өзін  –  өзі  басқару  үлгісі  қалыптасты.  Еркін  өмір  сүруге  деген  ұмтылыс  қоғам 
мүшелерінің  ерлігімен,  төзімділігін  үшейтті.  В.П.Юдин:  «Қазақ  деген  атау  батырлықтың, 
өжеттіліктің, төзімділіктің көрінісіне айналды, ал кейбіреулерге үрей де тудырды», — деп текке 
жазып  отырмаса  керек
7
.  Өйткені,  мықты  жолға  қойылған  тәртіптілік  пен  ынтымақтық,  адам 
құқығы  мен  бостандықтарының  бұзылмауы,  өзге  қоластында  қалып  бостандықтан  айырылмау 
батырлық пен өжеттілікке жетелейді ғой. Қазақ қоғамында адамның жеке басы, меншік, отбасы, 
т.б.  әлеуметтік  саладағы  құқықтарын  қорғау,  нығайту,  жетілдіру  мәселелері  бірінші  кезекте 
тұрды.  Әрине,  заманы  өзгеруімен  әрі  ішкі-сыртқы  жағдайларға  байланысты  адам  құқығы  мен 
бостандықтарына  да  біраз  өзгертулер  енгізіліп  отырғаны  даусыз.  Әсіресе,  топтық  әлеуметтік 
қатынастар  күрделенген  кездерде,  адам  құқығы  мен  бостандықтары  да  өзгеріске  түскен. 
Мысалы,  төре  мен  қожаларға  төленетін  құн  қарапайым  адам  құнынан  жеті  есе  артық  болуы 
немесе  құл  өмірі  құнсыз  делінген  қағида  —  ережелер  соның  айғағы.  Кейіндеу  шариғат 
заңдарының  әсері  де  болған.  Оған  мысал  ретінде  әйел  құны  ер  адам  құнының  жартысына 
теңестірілгенін  айтуға  болады.  Адам  құқығына  қол  сұғу  ауыр  қылмыс  ретінде  қаралған.  Бұл 
жағдайда билер ең ауыр қылмыс — ұрлық жасағандарға қатал жазалар берген
8
. Дегенмен қазақ 
құқығы  жаза  беруге  де  адамдық  шеңберден  шықпаған.  Өзге  халықтардай  ұрыны  өлтірмеген, 
қолын кеспеген, үш жеті (27) есе айып салған, тәртіпке шақырған. Егер ұры ұрлығын қоймай, үш 
рет қолға түссе ғана өлтірілген. Бұл да — адам құқығы мен бостандығының қазақ қоғамындағы 
бір ерекшелігі.  
Сонымен  адам  құқығы  мен  бостандығына  қатысты  қазақ  заңы  –  ережелері  адамгершілік 
аясында қалыптасқан. Адамды бостандығынан айыру мүлдем болмағанын қазақ жерінде түрме, 
зындан,  құлыптың  мүлдем  болмағаны  айғақтай  алады.  Адам  құқығы  мен  бостандықтарының 
қазақтың әдет-ғұрып заң нормаларындағы басты заңдылықтары — адам және адамның өмірі, ар-
намысы,  еркіндігі  мен  бостандығы  басты  құндылық  ретінде  танылуы.  Бұл  өз  кезегінде  адамға 
өзге  адамдармен,  мемлекетпен  қарым-қатынастарға  өзара  жауапкершілік  жүктейді.  Жеке  тұлға 
мен  мемлекеттің,  сондай-ақ  адам  мен  адамдардың  арасында  болатын  қарым-қатынастардың 
сипатына  орай  құқықтар  мен  бостандықтар  алуан  түрлі  салаларға  бөлінеді.  Қазақ  әдет-
ғұрпындағы  адам  құқығы  мен  бостандықтарының  басты  ерекшелігі  бірыңғайлығы,  яғни  қай 
жерде  де  болса  да  тең  құқықтар  мен  бостандықтарды  бірдей  иеленуі,  ол  мүліктік  жағдайына, 
жынысына  қарамауы  болып  табылады.  Мемлекет  пен  халық  бір  болғандықтан,  әрі  мемлекет 
олардың  құқықтары  мен  бостандықтарына  кепілдік  бергендіктен,  оны  қорғауды  өз  міндетіне 
алады.  Жалпы  көшпелілер  қоғамы  лауазымдық  қызметті  адам  үшін  қажет  деп  санайды. 
Сондықтан да «халыққа әкім болдым» демейді, «халықтың әкімі болдым» деп есептейді. Бұл да 
— адам құқығы мен бостандықтарындағы бір ерекшелігі. «Халық ұйғарса, хан тағынан таяды, ал 
қаласа  түйесін  сояды».  Өз  кезегінде  халық  та  биліктегілерді  құрмет  етулері  тиіс.  Мемлекет 
адамның  өмір  сүруіне  қолайлы  жағдай  туғызуы,  мемлекеттік  идеологияға  сол  қоғам 


61 
мүшелерінің өздері қалыптастырған идеялардан тұруы, былайша  айтқанда адами мән-мазмұнды 
иеленуі  тиіс.  Сонда  ғана  мемлекет  пен  адам,  адам  мен  қоғам  арасында  дұрыс  қарым-қатынас 
орнайды.  Тәлім-тәрбие,  құқық  заңдары,  идеологиясы  мықты,  әрі  оны  бүкіл  қоғам  болып 
қолдайтын  мемлекетті  жау  алмайды.  Қазақ  қоғамының  да  бір  ерекшелігі  осында  жатыр.  Сан 
мыңдаған  жылдар  бойына  қазақ  даласында  адам  құқығы  мен  бостандықтары  бейбіт  өмір 
аясында өмірге келіп, қалыптасқан әрі өз қоғамына кіршіксіз адал қызмет еткені, әлі де етіп келе 
жатқаны құпия емес. Адамды құрметтесе, біздің қазақ халқындай-ақ құрмет етсін. Танымайтын 
қонаққа төрден орын беріп, алдына асын қоятын, адамды құдайдың пендесі деп өзіндей көретін 
басқа  қандай  халық  бар?  Кешегі  бодандық  қызыл  империя  саясатының  себептері  нәтижесінде 
жерімізге қаншама ұлт өкілдері келіп қоныс тепті. Соларға төрімізден орын бердік. Аш-жалаңаш 
еді, сақтадық, өзімізден де артық дәулетке кенелттік. Бірақ, солар сол жақсылықты түгел біліп 
жатыр  ма?  Адам  құқығы  мен  бостандықтары  жайлы  сөз  еткенде,  Тәуелсіз,  Егеменді 
Республикасыз  да  өзгелерге  шектен  тыс  құқықтар  мен  бостандықтар  беріліп    кетті  ме  екен?  – 
деп ойлаймыз. Республикамызға келушілерге азаматтық бергенде олардың мемлекеттік тілімізді, 
әдет-ғұрып,  салт-дәстүрімізді  білуі,  жерімізде  тек  пайдалы  іс-әрекеттермен  айналысуы  жағы 
жаңаша ойластырылса құба-құп болар еді.
                                                 
1
   Зиманов С.З. Қазақтың ата заңдары және оның бастаулары. — Алматы, 2004. Б. 35. 
2
   Отличительные черты ислама. Обращение Хазрата Мирзы. Тахира Ахмада. — Исламабад. 1990. Б.13. 
3
   Кенжалиев З. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет. — Алматы, 1997. Б.44 . 
4
   Кенжалиев З.Ж., Қуандықов Б.Ж. Қазақстанның саяси және құқықтық ой тарихы. — Алматы, 2004. Б. 6; 53. 
5
   Бұл да сонда. 
6
   Орынбеков М. Предфилософия протоказахов. — Алматы, 1994. Б.13. 
7
   Юдин В.П. Центральная Азия в IX – XIII веках глазами востоковеда. — Алматы, 2001. Б.148. 
8
   Алекторов А.О. О воровстве // Оренбургский листок. 1893. 16 мая. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет