Қазақстан республикасы оқу-ағарту министрлігі шымкент қаласының білім басқармасы



бет1/3
Дата14.06.2023
өлшемі35,63 Kb.
#101377
  1   2   3



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНГУМАНИТАРЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Келісілді
Колледж директоры
_______________
Мырзасалиева А.С.
"____" _______2022ж.

Бекітемін


Директордың оқу ісіжөніндегі
орынбасары_____________
Қалыбай Ұ.Н.
"____"___________2022ж.




Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған
оқу жұмыс бағдарламасы
Модуль/пән атауы: Дүниетану оқыту әдістемесі
(кредиттік модульдік жүйе /пәннің атауы)
Мамандығы: 011401100- Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі
Біліктілігі: 4S01140101 – Бастауыш білім беру мұғалімі


Оқыту нысаны:күндізгі, негізгі орта
Жалпы сағат саны: 48, кредиттер саны -2
Педагог (тар):Саденбаева Лазат
Әдістемелік комиссия отырысында мақұлданды
« » « » 2022 жыл № хаттама
Әдіскер:
_________ Сатенова Г.А.

«Гуманитарлық-педагогикалық» бөлімінің отырысында қаралды


« » « » 2022 жыл № хаттама
Бөлім меңгерушісі: Шалабаева К.А..

Шымкент –2022ж



1.ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Дүниетану оқыту әдістемесі: Дүниетану - адам, табиғат және қоғам, олардың өзара байланысы мен тәуелділігі жөніндегі білім жүйесін құрайтын кіріктірілген пән. Оқу пәнінің нысаны – адам, табиғат және қоғам, оның ішінде отбасы, мәдениет, денсаулық, қарым-қатынас, ұлт, қауымдастық, мемлекет, қоршаған табиғи орта және т.б.
«Дүниетану» пәнін оқыту:
- оқушыларда өзіндік, қоғамдық және ұлттық сана мен отансүйгіштік қасиеттерді, адамгершілікті қалыптастырады;
- оқушыларға қоршаған ортасы туралы ғылыми негіздерді меңгерте отырып, тарихи, географиялық тұрғыдан ойлауын дамытады;
- Қазақстанның және бүкіл әлемнің өткен және бүгінгі күн оқиғалары, олардың себептері, өзгерістері, сабақтастығы, ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы білім қалыптастырады;
- әлемнің бүгінгісі мен болашағына өткен замандағы оқиғалардың тигізетін әсері туралы түсінуін тереңдетеді;
- оқушылардың бойында өз халқының және өзге халықтардың мәдениеті, дәстүрін сыйлай білу, ұлттық және жалпы адами құндылықтарды құрметтеу сезімі қалыптасады,
- оқушылардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді түсінуіне жағдай жасайды;
- қоғамдық әдеп нормаларын ұстану қажеттілігін және әлеуметтік ортада қауіпсіздік тәртіп ережелерін сақтай білуін қамтамасыз етеді;
«Дүниетану» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты
«Дүниетану» оқу пәнінің мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан оқушылардың бойында адамның табиғи және әлеуметтік ортасы, табиғат пен қоғамның байланысы мен өзара тәуелділігі туралы білімдер жүйесін қалыптастыру.
Пәннің міндеттері:
- оқушыларда қоғам және табиғат құбылыстары мен объектілерінің өзара байланысы мен тәуелділігі туралы түсініктер қалыптастыру;
- оқушыларда табиғи, әлеуметтік пен технологиялық ортадағы өзін ұстау және өмір қауіпсіздігі нормаларын қалыптастыру;
- оқушылардың бойында табиғи және әлеуметтік шынайылықты тану әдістерін: бақылау, эксперимент, сауал және т.б. тәжірибелерінің қалыптасуын қамтамасыз ету;
- оқушылардың танымдық әректеін дамытуды қамтамасыз ету;
- оқушылар бойына қазіргі қазақстандық қоғамға тән ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесін дарыту;
- оқу пәні арқылы оқушының бойында өзін қоршаған ортаға, қоғамның табиғи және мәдени құндылықтарына адамгершілік, ізгілікті тұрғыдағы қатынастарды қалыптастыру.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет