Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасы 5 В020300 – Тарих мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған



жүктеу 1.08 Mb.
Pdf просмотр
бет11/16
Дата03.03.2017
өлшемі1.08 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

саласына қарай: 
     
экономикалық; 
     
әкімшіл-саяси және заң; 
     
ағарту және мәдениет мәселелері бойынша; 
     
тарихи; 
     
әдеби-көркем және театралдық-музыкалық; 
     
сықақ және мысқыл; 
     
діни-шіркеулік т.б басылымдар. 
     
ә) 
таптық және қоғамдық-саяси позицияларына қарай: 
     
ұлттық газет және журналдар; 
     
пролетарияттық-марксистік; 
     
әрекеттілік-демократиялық; 
     
либералдық-буржуазиялық; 
     
консервативтік және реакциялық; 
     
бейсаясатты бульварлық-көшелік пресса т.б. 
   
Қазан төңкерісіне дейін Ресейде көптеген партиялық, коғамдық саяси басылымдар шығып 
тұрды.  
    
Елімізде  кеңес  өкіметінің  толық  орнауына  байланысты,  әр  түрлі  ағымдағы  басылымдар 
күштеу  арқылы  өмір  сүруін  тоқтатып  большевиктік  басылымдар  ғана  қалдырылды. 
Демек,капитализм дәуірінде, тіпті реакция жылдарының өзінде, Ресейде әр түрлі ағымдағы, 
әр  түрлі  мақсаттағы  мерзімді  басылымдардың  кеңінен  шығып  тұруы,  патшалық  ресейдің, 
большевиктер  мен  көсемінің  сөзімен  айтсақ  «халықтар  түрмесінің»  ,  кеңес  өкіметіне 
қарағанда  әлдеқайда  демократиялық  құрылыс  болғандығын  көрсетеді.Өйткені,  баспасөздің 
әр  алуандылығы  –  қоғамдық  ой-өрісінің  дамуының  әр  алуандылығының  көрінісі.  Бұл 
демократиялық қоғамға тән негізгі белгілердің бірі. 
   
Сонымен,  мерзімді  басылымды  әр  түрлі  белгілеріне  қарай  немесе  қоғамдық  саяси 
бағытттарына  қарай  сыныптау,  зерттеушіге  өз  жұмысында  дұрыс  бағдар  алуына 
көмектесетін факторларың бірі. 
 
 
3.Қазақ баспасөзі тарихының зерттелу мәселелері 
а)Пайда болуы мен дамуының негізгі кезеңдері. 
 
Бір  өзі  бірнеше  ғасырға  татырлық  XXғасырдың  тарихы  да  белгілі  объективті  себептерге 
байланысты,  тек  соңғы  жылдары  ғана  жалпы  адамзат  тарихы  контексінде,  ұлттық  мүдде 

тұрғысынан  зерттеле  басталғандығы  белгілі.  Бұл  ретте  тарих  ғылымы  үшін  ғасыр  айнасы 
іспетті  болған  мерзімді  басылымның  деректік  орны  ерекше.  Негңзңнен  ғасыр  басында 
дүниеге келіп, ғасырмен бірге дамыған қазақ баспасөзінің деректік орнын, олардың өзіндік 
ерекшеліктерін, олармен жұмыс істеу тәсілдерін білу үшін ең алдымен ұлттық басылымның 
тарихи зерттелу жағдайын білу қажет. Себебі, біріншіден, тоталитарлық жүйе, коммунистік 
идеология  қазақ  халқының  тағдыры  сияқты,  баспасөз  тағдырын  да  шешуші  роль  атқарды. 
Екіншіден қазақ мерзімді басылымының өз дәрежесінде ұлт мүддесі тұрғысынан зерттелуі, 
оның  деректік  маңызын  ашуға,  ондағы  салынған  ақпаратттардың  шынайылық  дәрежесін 
айқындауға, сол арқылы халық тарихын жазуға көмектеседі. 
   
Тарихи шындық қазақ баспасөзі тарихын қайта қарауды талап етеді.Ешкімге жалтақтамай 
өз  ұлтыны,  өз  елінің  аласапыран  оқиғаларға  толы,  XX  ғасырда  өз  тарихын  білу  мақсатын 
қойған  зерттеушілер  үшін  тарихи  шындықты  білу  аса  қажет.  Тек,  сол  жағдайда  ғана 
зерттеуші  мерзімді  басылымды  тарихи  дерек  ретінде  дұрыс  пайдаланып,  одан  объективті 
мағлұмат ала алады.  
   
1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін, бірінші дүниежүзілік соғыс жағдайында етек алған 
саяси  және  экономикалық  дағдарыстарға  қарамастан  жалпы  азаматтық  өркениетті  даму 
жолына  бағыт  алған  Ресей  тағдырына  қазан  төңкерісі  келіп  араласты.  Әкені  балаға,  ағаны 
ініге  қарсы  айдап  салған  ала  құйын  дауыл  басталды.  Ғасырларға  созылған  қара  түнек 
патшалықтан соң, демократияның таза ауасын қана жұтып үлгермеген бұрынғы империяның 
құрамында болған миллиондаған халықтың тағдыры, оның ішінде қазақ халқының тағдыры 
да  дүлей  күш  арқылы  зорлықпен  шешілді.  Ұзақ  жылдарға  созылған  атып  –  асу,  алдап  – 
арбау, халықтарды мәңгүрттендіру саясаты басталды. Зымияндықпен үкімет басына келген 
большевиктік  партияның  қанқұйлы  саясатының  құрбандығына алғашқылырдың  бірі болып 
қазақ  халқы  шалынды.  Қазақ  жеріне  алдымен  азамат  соғысы  болып  өнген,  кейіннен  күні 
кешеге дейін әр түрлі тәсілдермен жалғасқан бұл кесепаттың аты коммунистер ойлап тауып 
халыққа күштеп таңылған тап күресі еді. 
    
Әрине, халықтың қайғылы тағдыры оның баспасөзіне де тікелей әсер етті. XX ғасырдың 
басында қалыптасып енді ғана дами бастаған, қоғамдық ой сананың қалыптасуына өз әсерін 
тигізген,  тұтас  бір  халықтың  көзі  мен  құлағына  айнала  бастаған,  қай  жағынан  қарасаң  да 
айқын  демократиялық  сипатта  болған  қазақ  мерзімді  басылымы  күшпен  өмір  сүруін 
тоқтатты.  Оның  орнына  партиянң  тап  күресіндгі  қуатты  қарулы  міндетін  атқарған 
большевиктік баспасөз пайда болды. 
     
Осылай, ғасыр бойында ел өмірінде болған күрделі өзгерістерге байланысты, баспасөз де 
бірнеше  рет  мақсаттық,  мазмұндық,  сипаттық  өзгерістерге  ұшырады.Зерттеуші  үшін  бұл 
өзгерістерді  білу  және  өз  зерттеулерінде  оларды  ескеру  басты  деректанулық  шарт  блып 
табылады.  Демек  бүгінгі  Қазақстандағы  мерзімді  басылым  тарихының,  әсіресе 
республикамыздың  негізгі  халқы  қазақтар  туралы  мол  деректер  көзі  сақталған  қазақ 
баспасөзі тарихын қайта зерттеу айқын қажеттілік. Ол, әрине, қиын да күрделі іс. Келешектің 
ісі. 
   
Дегенмен, ұлттық баспасөз тарихын зерттеудің негізгі бағыттары мен кезеңдері туралы өз 
пікірімізді  айтлсақ,  олар  мыналар:  біріншіден,  өмір  айнасы  аталған  мерзімді  басылым 
тарихын еліміз тарихының контекстісінде қарау; екіншіден, әр тарихи кезеңнің өзгешелігінен 
шыға  отырып,  баспасөздің  негізгі  мақсатын,  бағыт  –  бағдарын,  сол  уақытқа  тән 
ереклшеліктерін  анықтау;  үшіншіден,  мерзімді  басылымға  әр  түрлі  дәрежеде  әсер  ететін 
факторларды  анықтау;  төртіншіден,  әрбір  нақты  газет  не  журоналдың  шығарушыларын 
авторларын  анықтау;  бесіншіден,  нақты  мақала  авторы  туралы  мәліметтерді  толық  беруге 
ұмытылу;  алтыншыдан,  нақты  деректің  дүниеге  келуінің  объективті  алғышарттарын, 
себептерін  анықтау;  жетіншінден,  егер  мүмкіндік  болса  құнды  деректік  маңызы  бар 
түпнұсқасымен салыстыру, сол арқылы автор айтқысы келген, бірақ бетінде жарияланбаған 
мағлұматтарды  табу;  сегізіншіден,  әр  түрлі  жағдайларға  байланысты  автор  ашып  айта 
алманған, бірақ меңзеген нәрселерді анықтау т.б. 

    
Мұның  бәрі  зерттеушілерге  баспасөздегі  деректердің  шынайылық  дәрежесің,  оның 
ғылыми құндылығын анықтауға көмектеседі. 
   
Мерзімді  басылым  тарихының  келесі  бір  үлкен,  принциптері  мәселесі  оның  дамуының 
негізгі кезеңдері туралы мәселе. 
   
Егер баспасөздің негізгі даму кезеңдерің коммунистік партияның алдымен  «социалистік» 
кейіннен «дамыған социалистік» қоғам орнату жолындағы «ерлік істерінің» тарихына қарай 
емес,  қоғамдық  базис  пен  қондырмалардың  түбегейлі  өзгеруінен,  соған  байланысты  саяси 
жүйенің  өзгеруінен  шығар  болсақ,  онда  алғашқы    қазақ  тілінде  жарық  көрген  «Түркістан 
уалаятының  газетінен»  бастап  бүгінгі  күнге  дейін  ұлттық  баспасөз  тарихын  төмендегідей 
басты кезеңдерге бөлуге болады: 
   I.1870-
1917 жылдың наурызы, «Түркістан уалаяты газетінің» шыққан күннен бастап патша 
өкіметінің құлатылған күніне дейінгі қазақ баспасөзінің тарихы. 
II.1917  жылдың  наурызы-1918жылдың  ортасы.Уақытша  үкімет  тұсындағы  демократиялық 
бастамалар кезіндегі ұлттық баспасөз.  
III.1918жылдың  ортасы  мен  –  1920жылдың  аяғы.  Демократиялық  күштердің  большевиктік 
авантюраға қарсы жанталасқан күресі кезеңіндегі баспасөз. 
IV.1921жыл-1991жылдың  аяғы.  Кеңес  өкіметі  немесе  большевиктік  диктатураның  толық 
орнауы  тоталитарлық  жүйенің  қалыптасуы  және  коммунистік  партияның  шексіз  үстемдік 
етуі жылдарындағы мерзімді басылым. 
V.1991  жылдың  соңынан  күні  бүгінге  дейінгі,  тәуелсіз  Қазақстан  тұсындағы  ұлттық 
баспасөз. 
   
Сондықтан  қазақ  халқының  да,  оның  баспасөзінің  де  тарихында  терең  із  қалдырған  сол 
жылдары, біздің ойымызша келесі шартты кезеңдерге бөлуге болады: 
1.
 
1921жылдың  басы    –  1925  жылдың  наурызы,  қазақ  баспасөзіндегіеркін 
ойлаушылықтың  қандай  түріне  болмасын  толық  тиым  салынған,  РКП  (б)ның 
Орталық комитетінің белгілі қаулысына дейін. 
2.
 
1925  жылдың  наурызынан  1936  жылғы  Қазақстанды  қағаз  жүзінде  болса  да 
«одақтас» республикалар санатына қосқан КСРО конституциясына дейін. 
3.
 
1936  жылдың  соңынан    1941жылы    22маусымына  дейін.  Жаппай  саяси  қуғын 
сүргіннің ең шарықтау жылдарындағы және соғыс қарсаңындағы баспасөз. 
4.
 
1941- 
1945 жж. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы баспасөз. 
5.
 
1945- 
1956жж.  Жеңіс  күнінен  бастап,  сталиндік  жеке  басқа  табынушылықты 
айыптаған партияның XX съезіне дейінгі басылымдар тарихы.  
6.
 
1956- 
1985 жылдың сәуірі. «Жылымық жылдар» мен тоқырау кезеңіндегі баспасөз. 
7.
 
1985  жылдың  сәуірі  мен  –  1991жылдың  соңы.  Тарихқа  «  қайта  құру»  деген  атпен 
енген жылдардағы мерзімді басылым 
8.
 
1991  жылдың  аяғынан  бүгінге  дейін.  Тәуелсіз  Қазақстан  жағдайындағы  ұлттық 
баспасөз. 
Кеңестік дәуірді мұндай шартты кезеңдерге бөлу ең алдымен ғылыми қажеттіліктен 
туындайды. 
Көрсетілген  тарихи  кезеңдердің  ерекшеліктерін  білу,  оларды  ғылыми  ізденістерге,  сол 
кезеңдегі  басылымдарды  тарихи  дерек  ретінде  пайдалануға  олардан  құнды  материалдар 
алып,  сол  арқылы  шындыққа  жақындауға  көмектеседі.  Мысалы,  1985  жылдың  сәуірінен 
басталған  «қайта  құру»  жылдарында  партияның  «қуатты  қаруы»  ретінде  енген  ұлттық 
басылымдардың  көпшілігінің  аз  ғана  жылдар  ішінде,  КСРО  сияқты  әлемдегі  ең  үлкен 
империясының  күйреуі  қарсаңында,  атын  да,  затын  да  өзгертіп,  таптық  орнына  ұлттық 
бағыт-бағдар алып шыға келуін қалай түсінеміз? Кеше ғана желтоқсан оқиғасына қатысқан 
«нашақорлар» мен «маскүнемдерді» әшкерелеген газет – журналдардың арада 3-4 жыл өтпей 
жатып желтоқсан ерлерін мадақтауын қалай түсінеміз? 
    
Зерттеуші бір басылымның, бір редактордың тұсында бір оқиға туралы айтқан бір-біріне 
қарама-қайшы екі түрлі мәліметтердің қайсысына сенуі керек? Тарихи шындық қай деректе 
дұрыс бейнеленген? 

    
Осы және басқа да сұрақтарға жауап табу үшінзерттеуші жалпы мерзімдібасылымдардың, 
оның ішінде қазақ баспасөзінің де бағыт-бағдарының, мазмұнының өзгеруіне әкеліп соққан 
факторларды, сол жылдағы қоғамда болған саяси-әлеуметтік өзгерістерден, олардың ұлттық 
сана-сенімге  тигізген  әсерінен  іздеуі  қажет.  Баспасөз  тарихын  қоғам  тарихымен 
байланыстыра зерттегенде ғана дұрыс жауап табуға болады. 
    
Сонымен  ұлттық  баспасөздің  пайда  болу,  қалыптасу  және  даму  тарихын  еліміздің 
тәуелсіздік  алуына  байланысты  қайта  зерттеу,  оның  жүріп  өткен  жолын,  қилы  кезеңдерін 
айқын бейнелеу мерзімді басылымды халқымыздың XX ғасырдағы тарихының дерегі ретінде 
пайдаланудың басты алғы шарттарының бірі болып табылады. 
 
      
б) Ұлттық басылымдар тарихының бұрмалануы 
   
Соңғы  жылдары  баспасөз  бетінде  ұлттық  мерзімді  басылымдарды  тарих  дерегі  ретінде 
қарастыру  әрекеті  жасалып  жүр.  Ол,сөз  жоқ,  қуанарлық  іс.  Дегенмен,  кей  жағдайда 
зерттеушілердің  нақты  басылымдарға қатысты  мәліметтерді  жеткізудің  орнына,  шындыққа 
сай  келмейтің  мәліметтер  ұсынған  жағдайлары  да  кездеседі.  Мысалы,  Р.Құдабаеваның, 
1993жылы жарық көрген «Газета» , «Казах как исторический источник» деген мақаласында, 
М.Дулатұлының    1992  жылы  жазған  «Ахмет  Байтурсынович  Байтурсынов»  атты 
мақаласындағы, «Қазақ» газетінің жабылар қарсаңындағы жағдайы және таралымы туралы 
ақпарат беретін: «...газета перед закрытимем имала свою собственную типографию, большой 
запас  бумаги,  небольшую  библиотеку,  тираж  перевышал    8000»  -  деген  жолдар  «...газета 
перед закрытием имела свою собственную типографию, большой запас бумаги, небольшую 
библиотеку,  тираж  превышал  18000»  -  деп  келтіріліп,  газет  таралымы  сол  уақыттың 
өлшемімен қиял жетпейтін санға өсіп кеткен. 
     
Жалпы    қазақ  тарихының  күрделі  мәселелерінің  бірі  болып  табылатын  1916  жылғы 
июньжарлығына қатысына туындаған оқиғаға қатысты «Қазақ» газетінің шығарушыларының 
ұстаған  бағытын  Д.Белғамыш:  «Орыс  үкіметінің  сенімінеие  болып,  жер  мәселесінде  өз 
мүдделерін  өткізу  үшін  «Қазақ  газетінің  шығарушылары  1916  жылғы  патша  жарлығына 
қолдау көрсетті» - деп, өзінше түсіндірген. 
    
Қорыта  айтсақ,  ғасыр  басындағы  ұлттық  басылымдармен  жұмыс  істеу  барысында 
зерттеушілер жалпы басылымдарға тән ортақ проблемалармен немесе нақты басылымға ғана 
тән  ерекшеліктермен  кездесіп  отырады.  Сондықтан,  олар  деректану  ғылымымен  таныс 
болулары тиіс. Ол зерттеушілерге деректерден «сыннан» өткен, ғылыми құндылығы жоғары 
мәліметтер алуға көмектеседі. 
Әдебиет: 
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том. А., 2002. 
2. Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. А., 2002. 
3. Энциклопедия «Айқап» (Құрастырушылар: Субханбердина Ү., Дәуітов С.). –  
    
Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1995. – 367 б.  
4. «Қазақ» газеті. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас ред-сы, 1998. – 560 б.   
5. Галиев В.З. Казахстан на страницах дореволюционной печати: Сибирская  
    
газета, Тургайская газета. – Алматы, 2001. 
 
2 кредит сағат  
Дәріс №22 
Тақырыбы: Мерзімді басылым. 
Дәріс мазмұны: 
1.
 
Мерзімді басылымдарлы деректанулық талдаудың негізгі принциптері және 
проблемалары. 
2.
 
Қазақстандағы газет ісінің тарихы (ХІХ-ХХ ғғ.). 
 
Газеттер мен журналдарды талдаудың ерекшеліктері олардың жазба деректердің түрі 
ретіндегі  күрделілігі  мен  өзіндік  орнынан  туындайды.  Біріншіден,  мерзімді  басылым  әр 
алуан жазба деректердің қзіндік түрлерінен тұрады. 

     
Тарихи талдаудың нақты объектісі ретінде белгілі бір басылымды тқтас, оның жарыққа 
шығу  хронологиясын  қатаң  сақтай  отырып  алуға  болады.  Осыдан  келіп,  мерзңмді 
басылымды зерттеудің екі жолы шығады: 
     
Тарихи  талдаудың  нақты  объектісі  ретінде  белгілі  бір  басылымды  тұтас  оның  жарыққа 
шығу  хронологиясын  қатаң  сақтай  отырып  алуға  болады,  не  сол  басылымда  жарияланған 
нақты  бір  мәтінді  дерек  ретінде  алуға  болады.  Осыдан  келіп,мерзімдібасылымдарды 
зерттеудің екі жолы шығады: 
    
1.Белгілі бір баспа органын тұтас дерек көзі ретінде жан-жақты зерттеу. 
    
2.Зерттеу тақырыбына сай, сол басылымнан нақты деректі іздеп табу, соны талдау. 
  
Дегенмен  ол  жолдардың  едәуір  айырмашылықтарына  қарамастан,  олар  бір-бірімен  тығыз 
байланысты  жіне  екеуі  де  белгілі  принциптер    мен  ережелерді  сақтауды  ,  мерзімді 
басылымдарды сипатын жіне пікірталастарынығ құралы болып келді. 
   
Таптық және саяси күрестердің сипаты мен мән мазмұны қоғамдық идеологияны қарама 
қайшылықтары мерзімді басылымдардың өмір сүруңнңғ нақты тарихи жағдайы т.б айналып 
келгенде    баспасөз  тағдырына  шешуші  әсерін  тигізді.  Өркениетті  жолмен  дамыған 
қоғамдарда  кез  келген баспа  органдарының  өзіндік, белгілі  бір  қоғамдық  идеялық  бағытқа 
тән саяси бет бейнесі болады. 
   
Тек,  кеңес  өкіметі  сияқты  адамзаттың  даму  жолынан  аулақ  кеткен  қоғамдарда  ғана 
мерзімді  басылымның  мұндай  тарихи  даму  заңдылығы  бұзылады.  Өзіміз  куә  болғандай, 
И.И.Лениннің  «Партиялық  ұйым  және  партиялық  әдебиет(  деген  еңбегіне  сүйенген 
коммунистер, әдебиттің партиялылығы дегенді тек коммунистік партиялық деп түсініп, оған 
жатпайтындардың  бәрін қуғын сүргінге ұшыратты. Ұзақ жылдар бойы баспасөз тек бір ғана 
идеологияны дәріптеп, тек бір ғана бағытты қолдап келді. 
    70 
жылдан  астам  уақыт  мерзімді  басылым  жаппай  бұқаралық  ақпарат  құралы  емес, 
бұқараны  жаппай  алдау  құралы  қызметін  атқарып  келді.  Сондықтан  сол  жылдардағы 
мерзімді  басылымды  тарихи  дерек  ретінде  пайдаланғанда  зерттеуші  осы  ерекшелерді 
ескеруге  тиіс.  Мысалы,  30  жылдардың  басында  Қазақстанда  елуге  жуық  газет  журналдар 
шығып  тұрды.  Ауыл  шаруашылығын  жаппай  ұжымдастыру  жылдарында  редакцияның 
алдында  адамдар  аштан  өліп  жатты.  Ал,  газеттер  болса  күн  сайын  колхоздандыру  ісіндегі 
партия табысын мадақтаумен болды. 
    
Сонымен,  мерзімді  басылымның  қоғамдық  саяси  бағытын  анықтау  және  есепке  алу 
деректанулық  талдау  жасаудың  және  міндетті  алғышартты.  Оны  қалай  іс  жүзіне  асыруға 
болады? 
    
Ірі,  көпшілікке  танымал  газеттер  мен  журналдардың  таптық  саяси  бағытының  қысқаша 
мінездемесі  мерзімді  басылым  туралы  таныстырмалық  еңбектерде  және  анықтамаларда  
беріледі. Онда мерзімділігі,басты мазмұны, баспасы көрсетіледі. 
    
Дегенмен,  ұлттық  басылымдар  үшін  баспаның    тіркелуінің  реттеушісі  цензура 
болғандығын ұмытпау керек. Сондықтан цензуралық мекемелерді цензуралық саясатты және 
цензуралық тәжірибені білу аса қажет.  
     
Мерзімді  басылымдардың  бір  тобын  арнаулы  тарихи  журналдар  мен  баспасөзде 
жарияланған тарихи материалдар құрайды. Олардың да өздеріне тән ерекшеліктері бар.  
     
Қазақ тарихына байланысты тарихи басылымдарды үш топқа бөлуге болады: 
    
1.қазан  төңкерісіне  дейінгі  Орталықтан,  Қазаннан  т.б  қалалардан  шығып  тұрған 
журналдар; 
    
2. кеңес өкіметі тұсындағы арнаулы тарихи басылымдар; 
    
3.  «қайта  құру»  кезеңінің  соңы  және  тәуелсіздік  жылдарындағы  тарихи  журналдар  мен 
баспасөзде жарияланған тарихи материалдар. 
   
Кеңес өкіметі кезінде де біршама тарихи басылымдардың шығарылып тұрғаны рас. Бірақ 
олар негізінен орыс тілінде және арнаулы мақсатпен шыққандықтан, қазақ тіліндегі дерктер 
назардан тыс қалды.  
   
Зерттеушілер  үшін  тарихи  басылмдардағы  деректанулық  талдаудың  ең  басты  объектісі 
«мәтін, дерек».Мәтін деректерге: 

   
а)  Жазба  деректердің  барлық  түрлері:  акт,  грамоталар,  заңдар,  бұйрықтар,  хаттамалар, 
шағымдар, күнделіктер, заманхаттар т.б. 
   
ә)  Әр  түрлі  мақалалар:  публицистикалық,  ғылыми  зерттеу,  тарихнамалық  деректанулық, 
сын библиографиялық т.б 
   
б) Қосымша сипаттағы мәтіндер: сілтемелер, ескерпелер, әдебиеттер, тізімі. 
  
Мәтін деректер  асинхронды және синхронды деп бөлінуі мүмкін. 
 
Асинхронды мерзімді басылымнан немесе оның жеке сандарынан бұрын пайда болғандар. 
Бұл мәтін деректер өзінің дүниеге келуі жағынан қөздерін жарияланған басылымнан тіптен 
тәуелсіз. 
  
Синхронды  мерзімді  басылыммен  не  оның  белгілі  бір  томдары,  сандарымен  тікелей 
байланысты, сол басылымды дайындау барысында дүниеге келген мәтін деректер. 
Әдебиет: 
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том. А., 2002. 
2. Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. А., 2002. 
3. Энциклопедия «Айқап» (Құрастырушылар: Субханбердина Ү., Дәуітов С.). –  
    
Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1995. – 367 б.  
4. «Қазақ» газеті. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас ред-сы, 1998. – 560 б.   
5. Галиев В.З. Казахстан на страницах дореволюционной печати: Сибирская  
    
газета, Тургайская газета. – Алматы, 2001. 
Апта №12 
1 кредит сағат  
Дәріс №23   
Тақырыбы: Халық ауыз әдебиеті – ХVІІІ-ХХ ғғ. басындағы Қазақстан  
                       
тарихының дерегі ретінде. 
Дәріс мазмұны:  
 
1. Жекелей поэзиялық шығармашылықтың пайда болуы және дамуы. 
 
2. Халық ауыз әдебиетінде тарихи оқиғалардың бейнеленуі. 
Е.  Бекмаханов  фольклордың  дерек  көзі  ретіндегі  маңызы  мен  ерекшеліктері 
туралы 
       
Е. Бекмаханов « Қазақстан ХIX ғасырдың 20 – 40 жылдарында » деген еңбегінде мұрағат 
деректер  мен  қатар  фольклорлық  деректерді  де  –  тарихи  жыр  –  дастандарды,  өлеңдер, 
әңгімелер, естеліктер, мақал – мәтелдер т.б. молынан пайдаланған және» принципті маңызы 
бар  үлкен  мәслеге,  атап  айтқанда  -  тарихи  (этнографиялық)  дерек  ретінде  тұтас  алғанда 
фольклор  туралы  мәселеге  және  оны  ғылыми  пайдалану  әдістеріне  өысөаша  тоқталып 
кеткен».  
       
Фольклордың  Қазақстан  тарихының  дерегі  ретіндегі  маңызын,  зерттеуші,  қазақ 
халқының  XIX  ғасырдың  екінші  жартысына  дейін  жазба  әдебиетінің  болмағандығымен, 
сондықтан  тарихи  ірі  оқиғалардың ауызша  тарих  айту  дәстүрі  арқылы  ұрпақтан  –  ұрпаққа 
жеткізіліп  отырғандығымен  түсіндіріледі.  Ауыз  әдебиетінің  маңыздылығы  ол:  «тарихи 
оқиғалармен  жеке  адамдарға  дәл  және  көбінесе  дұрыс  бағасын  береді,  себебі  тарихты 
жасаушы  және  суреттеліп  отырған  оқиғалардың  тікелей  қатысушы  халықтың  өзі  болып 
табылады» - деп, фольклордың халықтық табиғатымен дәлелдейді.  
       
Өмір  халық  тарихына  дәл  келмейтін  нәрсені  халықтың  қабылдап  өз  жырына 
айналдырмайтындығын, оған халықты ешқандай күш зорлап көндіре алмайтындығын талай 
рет көрсетіп береді. 
       
Ал, фольклордың ғылыми құндылығы туралы Е. Бекмаханов: « ... сан алуан оқиғалардың 
бірін қалдырмай баяндайтындықтан, талайлардың атын атап, түсін түстеп беретіндіктен, іші 
не  қилы  дректерге  толы  болғандықтан  бұл  фольклор  дегеніміз  тарихшы  үшін,  әсіресе 
қоғамдық қатынастар саласын зерттейтіндер үшін шын мәнінде баға жетпес қазына» –дейді. 
       
Осылай,  Е.  Бекмаханов  фольклорлық  деректердің  қазақ  тарихы  үшін  деректік  маңызы 
мен  құндылығын  жоғары  бағалай  отырып,  олардың  деректік  ерекшеліктері  мен 
кемшіліктерінде  көрсетіп берді.  Ол:  «Фольклордың  өзіне  тән  негізгі  ерекшеліктері  –  оның 

сапа және таптық жағынан біркелкі болып келмейтінін, онда тарихи шындық пен поэтикалық 
қиял  және  аудармашының  жорамалы  болатынын,  әсіресе,  бірнеше  ғасыр  бұрын  айтылып, 
талай рет ауыздан  - ауызға көшкен болса әртүрлі жыраулар мен жыршылар өз жандарынан 
түйдектетіп қосатын қосымшалардың мұндай фольклордан орын алатынын бір сәтке де естен 
шығармау керек» - дейді. 
       
Одан әрі автор фольклорлық материалды зрттеу кезінде оның субъективті, яғни «мүмкін 
болса оның авторының немесе орындаушысының кімдер болғанын анықтап алу аса маңызды 
шарт  болып  табылады»  -  деп,  зерттеушілерге  өз  жұмыстарында  деректану  ғылымының 
методологиялық принциптерінің бірі – партиялық принципті басшылыққа алуды ұсынады. 
        
Сонымен  қатар,  Е.  Бекмаханов  қазақтан  шыққан  тұңғыш  тарих  ғылымының  докторы 
ретінде  фольклорлық  деректермен  жұмыс  істейтін  келешек  зерттеушілердің    нақты 
міндеттерінде көрсетіп береді. Ол: «Зерттеушінің аса маңызды міндеті: шындықты қиялдан 
ажыратып  қана  қоймай,  сонымен  бірге  фольклорлық  материалдарда  хабарланатын 
фактілерді  мүмкіндігі  болғанша  тексеру,  оларды  архивтік  және  әдебиеттік  дректермен 
салыстыру.  Жекеленген  өлеңдердің  әр  түрлі  нұсқаларын  салыстырып,  олардың  о  бастағы 
тексін  табу да сондайлық қажет» – дейді. Ғалымның бұдан жарты ғасыр бұрын айтқан бұл 
ұсынысының  бүгінгі  күнде  актуальдылығы  әлденеше  есе  артып  отыр.  Қазақтардың 
тәуелсіздік алуына байланысты өз тарихына, оның қайнар көздеріне деген қызығушылықтың 
артуы, фольклордың матриалдармен жұмыс істей білуі қажеттігінде арттырып отыр. 
          
Е.  Бекмахановтың  дректану  саласында  айтқан  пікірлерінің  бірі,  ол  әр  түрлі 
фольклорлық  деректердің  шынайылық  дәрежесінің  де  әр  түрлі  деңгейде  болып  келетіндігі  
және бұл факторды да зерттеушілердің ескеруінің қажеттілігі. Ол « Ақырында, фольклорлық 
матриалды бағалағанда, оның өзіне тән сипатын ескеру керек. Мәселен, айталық, өлең мен 
поэманың суреттейтін оқиғасының дұрыстығының дәрежесі көтерілісті көзімен көрген және 
оған қатысқан адамдардың ауызынан жазылған әңгімелердің дұрыстығы дәрежесінен төмен 
болады,  ал  мұндай  әңгімелерді  түп  қазық  деректер  болып  табылатын  ммуарлық  атериал 
ретінде күмәнданбай қарау ләзім» – деп, маңызды дректанулық тұжырым жасайды. 
        
Е.  Бекмаханов  фольклорлық  дректердің  тағы  бір  ерекшелігі  туралы:  «  Мына  жәтті  де 
ескеру  керек:  өзгеше  таптық  өкілі  болып  табылатын  жырау  өз  табының  мүддесі  үшін 
көбінесе  жырдың  түп  нгізінен  өлең  жіберіп  отырған.  Феодал  басшы  тобының 
тапсырмасымен арнайы түрде өз бетінше жырланған толып жатқан фольклорлық өлеңдерді 
кездестіретініміз осыдан» – деп , заман талабына сай таптық тұрғыдан қарағанмен, дректану 
ғылымының аса бір күрделі мәселесін қозғаған. 
       
Олай  дейтініміз,  мұндай  түп  негіздің  саналы  өзгертілуі  жалпы  деректерде,  ауыз 
әдебиетінде  жиі  кездесетін,  дерек  мазмұнына  әсер  ететін  субъективті  факторлардыі  бірі. 
Деркті ауызша жеткізушінің, н көшіріп жазушының өз табының, не өзі бағынышты ортаның 
мүддесіне  сай  түп  нұсқаны  бұрмалауы  барлық  халықтарда  да  кездеседі.  Мысалы,  мұндай 
жағдай орыс халқының тарихында жылнамаларға байланысты көп ұшырасады. Жылнамалар 
негізінен не шіркеулерде, не сарай иесін өз туындыларында дәріптеп отырған. Бұл жағдайды 
ондаған  орыс  деректанушы  ғалымдары  өзі  бектерінде  арнайы  зерттеу  объктісі  ретінде 
қараған. Дәл осы фактор, дәлірек айтсақ «  Игорь жасағы туралы жырдың»  түпнұсқасының 
өрскел бұрмалануы дүниеге аты әлемге тараған «АЗиЯны» әкеледі.   


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет