Қазақстан Республикасында құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы



Дата25.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#126040

Қазақстан Республикасында құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы

  • Құқықтық мемлекет - бұл адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының толық түрде қамтамасыз етілуіне және құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік билікті құқықпен мейлінше байланыстыруға жағдай жасаушы саяси билік ұйымы. Жеке адам жэне когам муддесін коргайтын,зан устемдігі мен кукык принциптеріне негізделген мемлекет.

Мазмұндығы жағы

  • Мазмұндығы жағы
  • Формальді-заңды жағы

Құқықтық мемлекет саяси билікті ұйымдастырудың формасы ретінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында құқықтың үстемдігі принципімен аса күрделі ұштасуына, биліктің бөлінуіне, бүкіл мемлекеттік механизмнің құқықпен байланыстылығына, заңдардың үстемдігіне, заңдылықтың жүзеге асуына, халық егемендігінің қамтамасыз етілуіне, азаматтардың құқықтыры мен бостандықтарының, ар-абыройларының сақталу кепілдігіне, қоғамның жəне мемлекеттің мүдделеріне, жалпы азаматтық құндылықтарды жəне əлемдік тəжірибені есепке алуға негізделеді.
  • Казакстан - демократиялык даму жолын калаган, зайырлы, элеуметтік жэне кукыктык мемлекет болып курылды. Кукыктык мемлекеттін ен басты белгісі Зан барінен де жогары тур. Мемлекетіміздін когамдык емірінін барлыны да зан аркылы реттеліп, барлык мемлекеттік органдарга, лауазымды тулгаларга зан талаптарынын орындалуын міндеттейді. Мемлекеттін жэне онын барльк органдарынын, лауазымды тулгалардыя зан ережелерін катан турде,булжьтпай орындап отыруы - кукыктык мемлекет калыптасуынын ерекшеманызды шарты болып табылады. Кукыктык мемлекет - жеке тулганын жэнебукіл когамныц кукыкгарын коргауды басты максат етіп койган мемлекет.Бул жерце адам жэне онын кукыты, емірі мен онын еркіндігі басты кундылыкдеп табылады

1991 жылғы 16 желтоқсанда республика жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңы қабылданды, бұл құжаттың 1-бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет деп сипатталды.
Қазақстан Республикасы:
- Ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше жүргізеді;
- Барлық мемлекеттермен халықаралық құқық ұстанымы негізінде қарым-қатынас орнықтырады;
- Территория шекарасы біртұтас, бөлінбейді және қол тигізуге жатпайды.
Құжаттың 2-тарауында республика азаматтары тең құқылы деп көрсетілген.
- Егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттің қайнар көзі – республика азаматтары.
- Басқа мемлекеттерде тұратын қазақтарға өздері тұратын елдің заңы қайшы келмесе, Қазақстанның азаматтығын қоса алу құқығы берілді.
  • Әлеуметтік мемлекет – бұл мемлекет немесе әлеуметтік институттардың белгіленген тобы, өз азаматтарының негізгі экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басқару тәсілі
  • Қазақстан республикасының реформасының негізгі мақсаттарының бірі - әлеуметтік мемлекет құру. Бірақ мұның мәнін кез-келген қарапайым адамның түсіндіріп беруі мүмкін емес. Себебі, ұсынылған идея бұқара халықтың қоғамдық санасында, күнделікті өмірінде өте төменгі деңгейде тараған.

Әлеуметтік мемлекеттің басты тұжырымдамасының негізі - өте ертеде пайда болған әлеуметтік саясатқа келіп тіреледі. Ертеде көптеген билеушілер, мысалы, Рим цезарлары жағдайы өте төмен адамдарға нан тарату мен ойын-сауықтар ұйымдастыру арқылы қамқорлық жасаған. XIX ғасырдың екінші жартысында «әлеуметтік мемлекет» ұғымын алғаш рет ұсынған неміс ғалымы Лоренц Фон Штайнер болды. Ол «әлеуметтік мемлекет өз азаматтарын экономикалық және қоғамдық дамуға дағдыландырып, үйретуге міндетті, себебі, бірінің дамуы – екіншісінің дамуына шарт болуы қажет, әлеуметтік мемлекеттің негізгі мәні де осы болып табылады» деп көрсеткен. «Әлеуметтік мемлекет» деген ұғымның пайда болуы «полициялық» мемлекеттен, «қоғамдық келісім мемлекетінен» және «мемлекеттің биліктің ең жоғарғы формасы ретіндегі» мемлекеттен әлеуметтік функцияларды жүзеге асырушы мемлекетке өтуін көрсетеді.
  • Шетелдік әлеуметтік модельдердің қаржылық көрсеткіштерін салыстырған кезде, Қазақстанның мемлекеттік бюджетінің кірісі (Ұлттық қорға түсетін түсімдерді есепке алмағанда) қаралып отырған елдерге қарағанда екі есе төмен, ЖІӨ-ден шамамен 20 %-ды құрайды.Осылайша, мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік салаға жұмсайтын шығыстары жоғарыда аталған елдерге қарағанда 3,5-4,5 есе аз. Республикада скандинавиялық модельді қолданатын елдерге қарағанда, білім беруге арналған шығыстар екі есе, денсаулық сақтауға – 3,5 есе төмен қаражат аз бөлінеді.
  • Қазақстанның әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары болып: жұмыспен қамту мен жұмыссыздық мәселелерін шешу; қолжетімді әлеуметтік қызметтерді қамтамасыз ету, ең алдымен, денсаулық сақтау мен білім беру жүйелерін жетілдіру; өмір сапасының ұлттық стандартын дайындау және т.б. ТМД елдерінің ішінен Қазақстан бірінші болып зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің реформасын жүргізді.
  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Назарбаев Н.Ə. Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан: Президенттің Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан. —— 1 наур. — 2-б.
  • Əбсаттаров Р. Құқықтық мемлекеттің негізгі принциптері қандай? // Ақиқат. — 2004. — № 12. — 30-б.
  • Сапарғалиев Ғ., Ыбыраева А. Мемлекет жəне құқық теориясы. — Алматы: Жеті жарғы, 1998. — 109-б.
  • Мырзабекова А.Ш., Жұмасұлтанова Ғ.Ə. Жақып Ақпаевтың саяси көзқарастары: «Қазақстан саяси ойлары» атты курсына арн. оқу құралы. — Қарағанды: Болашақ-баспа, 2006. — 64, 65-б.
  • Арғынбаев Д. Құқықтық мемлекет қалыптасуы, дамуы // Саясат. — 2005. — № 2. — 11-б.
  • Жалпы тарих және құқықтану мектепте. 2008. №1, 9 бет
  • Strategy2050.kz сайты


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет