«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


процесті жүргізуші органның рұқсатымен, сараптама жүргізуге қатысуға және сарапшыға түсініктеме беруге болады



бет22/105
Дата04.04.2023
өлшемі1,08 Mb.
#79053
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   105
процесті жүргізуші органның рұқсатымен, сараптама жүргізуге қатысуға және сарапшыға түсініктеме беруге болады.

Сот сараптамасын жүргізу процессуалдық әрекет болғандықтан және олардың нәтижелері хаттамаға енгізілетіндіктен, жәбірленуші, сезікті және өзге де тұлғалардың қатысуына рұқсат берген тұлға сараптамаға міндетті түрде қатысатын қатысушылардың қатарына жатқызылуы керек.
Сарапшының қызметіне араласпау мақсатында, басқа тұлғалардың қатысуы сараптамалық зерттеу кезінде ғана орын алады, ал зерттеудің нәтижелерін бағалағанда немесе талқылағанда өзге тұлғалардың қатысуына жол берілмейді. Жоғарыда аталған тұлғалардың қатысуы тек сараптаманың пәніне қатысты түсініктеме беруімен шектеледі. Сараптамалық зерттеу кезінде сезіктінің не айыпталушының қатысуы, сарапшыға сараптамаға қатысты материалдардың болуын анықтауға мүмкіндік береді.

  • Сараптамаға қатысты сарапшыға сұрақтар қоюға.

Бұл сұрақтар: а) сарапшыға ұсынылған объектілер мен іс материалдардың толықтылығына; б) жүргізілетін зерттеудің ғылыми-әдістемелік негіздері, сарапшының қолданылатын әдіс-тәсілдері, техникалық құралдары; нақты сараптама бойынша анықтамалық әдебиеттер; в) зерттелетін объектілердің жарамдылығы мен сақталуы және т.б. қатысты болады.
Сараптамалық зерттеуге қатысқан процеске қатысушылар зерттеудің барысына араласуға тыйым салынады.

  • Сарапшының қорытындысымен немесе тергеушіге түскеннен кейін қорытынды беру мүмкін еместігі туралы хабарламасымен танысуға, өзінің наразылықтарын ұсынуға, қосымша, қайталама немесе жаңа сараптама тағайындау туралы сұраныстарын ұсынуға.

Аталған мәселеге қатысты ҚР ҚІЖК 244 б. сәйкес, егер сараптама адамды сезiктi деп танығанға немесе айыпталушы ретiнде iске тартқанға дейiн жүргiзiлсе, қылмыстық процесті жүргізуші орган оны сараптама тағайындау туралы қаулымен, сарапшының қорытындысымен таныстыруға және оның Кодекстің 254 б.-1 б. көзделген құқығын түсiндiруге мiндеттi.
Аталған норма қылмыстық іс қозғалған адамға қатысты таралуы керек. Норманың кемшілігі оның бәсекелестік және тараптардың теңдік қағидаларына қайшы келуін айтамыз (ҚІЖК 23 б., 1 б.), өйткені аталған норма қылмыстық процесті жүргізуші органның қаулы шығарған сәттен пайда болатын жәбірленуші туралы еш нәрсе айтпайды.
Ал, ҚІЖК 244 бабының және өзге де нормалардың атауында көзделгендей, айыптау және қорғау тарабы сот сараптама өндірісінде бірдей құқықтар мен міндеттерге ие.
ҚІЖК 244 б., 4 бөліміне сәйкес, жәбiрленушiлер мен куәларға, сондай-ақ қылмыс жасаудан зардап шеккен адамға және өзіне қатысты қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешіліп жатқан адамға сараптама жүргізу тек олардың жазбаша келісімiмен ғана жүргiзiледi. Егер бұл адамдар кәмелетке толмаған болса немесе сот оларды әрекет қабiлетi жоқ деп таныса, сараптама жүргiзуге жазбаша келісімдi олардың заңды өкiлдерi бередi. Аталған ереже Кодекстiң 241-бабында көзделген жағдайларда сараптама жүргiзу үшiн қолданылмайды. Аталған нормада сараптама жүргізу кезінде, сезіктіге, айыпталушыға және өзге де мүдделі тұлғаларға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының жүргізілу мәселелері қарастырылмаған.
Қорыта келе, қылмыстық істі қозғау сатысында сараптама қорытындысының нәтижесіне мүдделі, кейін жәбірленуші, сезікті, айыпталушы мәртебесіне ие болатын тұлғаларға қатысты заң олардың сараптаманы тағайындау, жүргізу немесе оның нәтижесін бағалауға қатысты құқықтарын заң нормаларында нақты сілтеме жоқ.
Аталған процессуалдық мәселені шешу барысында, ерекше орынға тірі адамдарға, олардың денесіне психофизиологиясына қатысты сараптама жүргізу жағдайларын айтамыз. ҚР ҚІЖК 14 б., 6 бөліміне сәйкес, ешкiмдi де адамның өмiрiне немесе денсаулығына қауiп туғызатын iс жүргiзу әрекеттерiне қатысуға тартуға болмайды. Адамның жеке басына тиiспеушiлiктi бұзатын iс жүргiзу әрекеттерi адамның не оның заңды өкiлiнiң еркiне қарсы осы Кодексте тiкелей көзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша ғана жүргiзiлуi мүмкiн.
ҚР «Сот-сараптамалық қызмет» туралы заңға сәйкес (33-бап), сараптама жүргізілетін тұлғалардың тізімі берілген.
Тірі адамдарға қатысты сараптама жүргізу тек медициналық ұйымда немесе басқа да жағдайы көзделген жерлерде жүргізіледі және ол тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерімен қамтамасыз етеді. Сот сараптамасы кезінде, тірі адамды станционарлық зерттеу қажет болса, ол медициналық ұйымға орналастырылуы мүмкін (34 бап).
Егер тұлғаға қатысты сот-сараптамалық зерттеуді стационарлық жағдайда жүргізуін талап етсе, ол арнайы медициналық мекемеге сот сараптамасын тағайындау туралы қаулының (анықтаманың) негізінде орналастырылады.
Қамауға алынбаған тұлғаны медициналық мекемеге сот-психиатриялық сараптаманы жүзеге асыру үшін еріксіз орналастыру, тек сот шешімінің негізінде жүргізіледі. Қамауға алынбаған тұлғаны медициналық мекемеге сот-медициналық сараптаманы жүзеге асыру үшін еріксіз орналастыру, тек сот шешімінің негізінде немесе прокурордың санкциясымен жүргізіледі.
2004 жылғы 26 қарашадағы ҚР Жоғарғы Сотының түсініктемесі бойынша, егер тұлғаға қатысты сот-психиатриялық сараптама жүргізу кезінде ол уақытша психикалық ауруға шалдықса және сол ауру сараптама жүргізуге кедергі келтірсе, соған қатысты ол тұлғаны мәжбүрлеу түрінде медициналық стационарға орналастыру үшін соттың қаулысы қажет. Аталған жағдайда ҚР ҚІЖК 50 б., 4 бөліміне сәйкес өндіріс бойынша қылмыстық іс қысқартылады. Бұл жағдайда сот сараптамасын тағайындаған орган, жиырма төрт сағаттың ішінде сот сараптамасы жүргізілетін медициналық ұйымға орналастырылған тұлғаның орналасу жері туралы оның кәмелетке толған туыс-тумаларына, егер мұндай тұлғалар болмаса тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына хабарлауы қажет.
Заңда, сот сараптамасы жүргізілетін тұлғаның медициналық ұйымда болу мерзімідері туралы көзделген (37 бап).
Мәселен, адам сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптама жүргiзу үшiн медициналық ұйымда отыз тәулiкке дейiнгi қажетті мерзiмге орналастырылуы мүмкiн. Мұндай мерзімнің созылуы, тек заңмен көзделген жағдайларда орын алады.
Тұлғаның медициналық ұйымда орналасу мерзімінің және оның ұзартылуының бұзылуы іске қатысты тұлғалармен, олардың немесе өзге де өкілдерімен шағымдалады.
Заңмен (38 бап) Сот сараптамасы жүргізілетін адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігі де қарастырылған.
Тірі адамдарға сот сараптамасын жүргізу кезінде:
1) іс бойынша мәліметтер алу мақсатында олардың заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыруға немесе оларға қысым жасауға (оның ішінде алдау, күш қолдану, қорқыту және өзге де заңсыз шаралар арқылы);
2) аталған адамдарды медициналық технологияларды, фармакологиялық және дәрілік заттарды клиникалық зерттеулердің субъектілері ретінде пайдалануға;
3) хирургиялық араласуды көздейтін зерттеулердің әдістерін қолдануға тыйым салынады.
Сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) сот сараптамасы жүргізілетін адамды, баламалы әдістерді қоса алғанда, қолданылатын сот-сараптамалық зерттеулердің әдістері туралы, болуы мүмкін ауырсыну сезімдері мен жанама әсерлер туралы оған түсінікті түрде хабардар етуге тиіс. Аталған хабарлама сот сараптамасы жүргізілетін адамның тиісті өтінішті мәлімдеген заңды өкіліне де беріледі. Сот сараптамасы жүргізілетін адамға медициналық көмек заңда көзделген негіздер бойынша және тәртіппен ғана көрсетілуі мүмкін.
Медициналық ұйымға орналастырылған адамға шағымдар және өтініштер жасауға мүмкіндік беріледі. Заңда көзделген тәртіппен берілген шағымдар және өтініштер жиырма төрт сағаттың ішінде жолданым иесіне жіберіледі және цензураға жатпайды.
Адамға қатысты ерікті түрде жүргізілетін сот сараптамасы оның кез келген сатысында аталған адамның бастамасы бойынша тоқтатылуы мүмкін.
Қамауға алынбаған тұлғаға қатысты сот-психиатриялық сараптама психиатриялық стационарда жүргізіледі. Психиатриялық стационарда сот-психиатриялық сараптама жүргізілетін тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу заңының нормалары таралады. Аталған тұлғалар Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау заңнамаларына сәйкес психиатриялық стационар науқастарының құқықтарына ие.
Қамауға алынған тұлғаларға қатысты сот-психиатриялық сараптама психиатриялық стационарларда арнайы көзделген жерлерде жүргізіледі. Оларға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу заңының нормалары таралады және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау заңнамаларына сәйкес психиатриялық стационар науқастарының құқықтарына ие.
Сот-психиатриялық және сот-психологиялық сараптама құпия негізде жүзеге асырылады. Сот-сараптамалық зерттеулер тірі адамдардың киім-кешектерін шешіндіріп жүргізілгенде, тек сол жыныстың өкілі қатыса алады. Аталған шектеу зерттеу кезінде қатысатын дәрігерлер және медициналық қызметкерлер үшін де таралады.
Тұлғаның құқықтарын қорғау сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алған кезде өзекті сипатқа ие. Осыған сәйкес, үлгілерді алудың әдіс-тәсілдері адамдардың денсаулығы мен өміріне зардап келтірмеуі қажет. Күрделі медициналық процедураларды не әдістерді қолдану, егер адам үшін ауыртпалық сезім тудыратын болса, ол сол тұлғаның келісімімен жүргізілуі керек. Аталған тұлға кәмелетке толмаған не психиатриялық ауыруға шалдықан болса, оның өкілдерінің келісімімен ғана ол тұлғалардан сараптамалық зерттеу үшін үлгілері алынады (ҚІЖК 262 б.).
Үлгілерді алу тергеу әрекеті болғандықтан, оны орындау үлгі алынатын тұлғалар үшін міндетті. Сезікті, айыпталушы үлгі алу үшін келуден бас тартса, олар еріксіз түрде алып келінеді. Жәбiрленушi мен куәден үлгiлер алу, мұндай әрекеттi жасауды сезiктi, айыпталушы өзiн қылмыс жасады деп әшкерелейтiн айғақтарды тексеру үшiн табанды түрде талап еткеннен, сондай-ақ жыныстық аурулар мен өзге де жұқпалы ауруларды анықтау үшiн, мұндай анықтау iс үшiн маңызы болғанда үлгiлер алу қажет болғаннан басқа жағдайларда, жәбiрленушi мен куәнiң келісімiмен ғана жүргiзiлуi мүмкiн. Жәбiрленушiден, куәдан осы баптың екiншi бөлiгiнде аталған жағдайларда, сондай-ақ өтініш берушіден және өтініш беруші қылмыс жасаған деп тікелей көрсеткен адамнан үлгiлердi мәжбүрлеп алуға прокурордың санкциясымен немесе соттың шешiмi бойынша ғана жол берiледi (ҚІЖК 263 б).
Қатысушылардың құқықтарын қорғау кепілі туралы мәселені ескере отырып, Жоғарғы Соттың «Қылмыстық істер бойынша сот сараптамасы туралы» 26.11.2004 жылғы № 16 қаулысына сәйкес, сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алу, бекіту кезінде қылмыстық іс жүргізу заңы елеулі түрде бұзылатын болса, соның негізінде сараптама жүргізіліп қорытынды жасалса, мұндай сарапшының қорытындысы жол берілмейтін дәлелдемелерге жатады. Аталған қаулылардың тізімінде процеске қатысушылардың сараптаманы тағайындау мен жүргізу кезінде құқықтарының бұзылуы туралы айтылған. Сол сияқты, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 20.04.2006 жылғыф № 4 нормативті қаулысына сәйкес, сараптаманы уәкілеттігі жоқ орган тағайындаса, не қаулы шығарылмаса, не заңның өзге де бұзушылықтарының нәтижесінен сарапшының қорытындысы жасалса, мұндай қорытындының дәлелдемелік күші болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет