Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ. ОӘК


Рента және өмір бойы асырауда ұстау



бет63/150
Дата06.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#79851
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   150
Рента және өмір бойы асырауда ұстау.



  1. Рента шартының ұғымы және нысаны.

  2. Тұрақты рентаның ұғымы және нысаны.

  3. Ғұмырлық рента.

  4. Өмір-бойы асырауда ұстау.



1. Рента шартының ұғымы және нысаны.
Рента шарты бойынша бір тарап (рента алушы) екінші тараптың (рента төлеушінің) меншігіне мүлік береді, ал рента төлеуші, алған мүлікке айырбас ретінде рента алушыға белгілі бір ақша сомасы түрінде немесе өзге бір нысанда қаражат беру түрінде мезгіл-мезгіл рента төлеп отыруға міндеттенеді.
Рента шарты мүлікті иеліктен шығаруға арналған шарттардың бірі. Мүлік рента төлеуші меншігіне өтеді және біруақтылы мүліктің кездейсоқ жойылуы немесе бүліну қаупі оны күтіп ұстау ауыртпалығы да оған ауысады.
Рента шартының ерекшелігі мүлік төлемақы төленіп не болмаса төленбей берілуі мүмкін.ҚР-ның Азаматтық кодексінің 519-шы бабы бойынша осыған қарап сатып алу-сату шарты немесе сыйға тарту шарты туралы ережелер қолданылады. Аталған екі шарт нормаларының қолданбауы тікелей рентаға қатысты нормалар мен қарастырылуы мүмкін.
Рентаның тағы бір нақты ерекшелігі рента төлеуші рента алушыға мүліктің жетіспеушілігі бұзылғандығы туралы сатып алу-сату шарты бойынша сияқты толық көлемде келіспеушілік құқығы болмайды.
Рента қатынастарының мәнісі оларға сатып алу сату қатынастары үшін белгіленген нормаларды барынша абайлы және жағдайды ескеріп қолдануды талап етеді. Рента нысанасы оны рента төлеушісіне берген кезде өзге тұлғалардың құқықтары мен ауырлағаны негізінен орын алмауы керек. Себебі бұл шарт орындалуына кедергі жасайды.Сатып алу- сату шартына қарағанда рента шарты бойынша рента алушының мүдделіктері өзгеше.Рента шарты экономикалық қатынастарды тек жартылай қамтитын. ҚР Азаматтық кодексінің нормалары рента – меншік иесі туралы үйренішті болып келетін көзқарасты жоққа шығарады. Рента алушы да тек кейбір жағдайларда ғана мүлікті кейін қайтаруға талап етуге міндеттемелік құқығы бар болады.
Рента шартының түрлері:

  1. Тұрақты рента.

  2. Ғұмырлық рента.

Ғұмырлық рента азаматты өмір-бойы асырауда ұстау жағдайында белгіленуі мүмкін.


Рента шартының нысаны. Рента шартын нотариус куәләндыруы тиіс, ал рентаны төлеу үшін қозғалмайтын мүлікті иеліктен айыру көзделетін шарт, мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс.
Экономикалық ренталық қатынастар мүлікті жалдау шартымен де нәтижелі қамтылуы мүмкін. Мүліктің жоғарылау саналық сипаттамалары немесе өзге ерекшеліктері, мысалы, ғимарат орналасқан жер, қосымша шығынданусыз жоғары табыс табуға мүмкіншілік береді (аренда шарттарын жасасу негізінде).
Рента шарты мүлікті пайдаланудың жаңа заңды нысаны болады. Шартты пайдалануға тұрақты және қажетті жоғары пайда табу кәсіпкерлік қызметке байланыссыз. Рента шарты бойынша мүлік едәуір көп көлемдерде берілуі мүмкін. Сол сияқты рентаны тек жеке қажеттер үшін қолдану да жоқа шығарылмайды.
Егер мүлікте ерекше қасиеттер болса, онда меншік иесі өзіне еш қиындықсыз оны сат да алады. Сату бағасын да мүлік иесі болашақта алынуы мүмкін ренталық тлемедерді де ескере алады. Сөйтіп меншік иесі табысты бір рет ғана болса да бірақ аса қауіпсіз (тәуекелсіз) таба алады.
Рента шарты бір жақты шарт болып табылады. Мүлік берілгеннен кейін жалпы тәртіп бойынша рента алушыға ешқандай міндеттеме жүктелмейді. Рента төлеуші рентаны сатып алу құқықтығына ие болады, бірақ бұл құқық негізгілердің қатарына жатпайды. Жоғарыда атап көрсеткендей рента қатынастарына сатып алу-сату, сыйға тарту шарттарының нормалары қолданылуы мүмкін, бірақ рента шарты рента төлеушісі үшін оғары тәуекелде болғасын, оларды қолдану мүмкіншілігі бірталай шектеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет