Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы
«Патологиялық анатомия және гистология» кафедрасы
Тақырыбы:Қан түзілу.
Орындаған:Жолдасбек Б
Тобы: ЖМҚА-08-17
Қабылдаған:Сисабек Қ
Қан түзу органы деп- организмнің ішкі ортасын қалыптастыратын қанның физиологиялық маңыздары әртүрлі формалы элементтерінің қалыптасып пісіп-жетілетін мүшелерін айтамыз. Бұл мушелер қызметіне байланысты орталық және шеткі болып бөлінеді. Орталық мүшелерде формалы денешіктердің негізі қалыптасып, шеткі ағзаларда толық жетілуі болады. Орталық ағзаларға сүйек кемігі мен тимус, ал шеткі ағзаларға көкбауыр, лимфа түйіндер және миндалиндер жатады.

Эмбрионалды гемопоэз
Эмбрионалды кезеңдегі қанның тін ретінде дамуын бірін-бірі кезекпен ауыстыратын 3 кезеңде қарастырады:
Мезобластикалық
Бауырлық
Медуллярлық
І Мезобластикалық кезең: Қан жасушаларының ұрықтан тыс мүшелерде-сарыуызды қапшықтың мезенхимасы, хорион, сарыуызды сабақшада дамуы жүріп (ұрық дамуының 3-9 апта аралығында), ҚБЖ(қанның бағаналы жасушаларының) бірінші генерациясы пайда болады
Сарыуыз қапшығында қанның өндірілуі
Мегалобластикалық қан түзулу: Кейбір эритробласттардың ядролары кариорексиске (жасушалық ядроның бөлшектенуі) ұшырап жасушадан шығарылады, ал кейбірінде ядросы сақталады. Нәтижесінде ядролы және ядросыз, ірілігімен ерекшеленіп мегалоцит деген атауға ие болған біріншілік эритроциттер пайда болады. Бұл процесс эмбрионалды кезеңге тән, бірақ постанатальды кезеңде кейбір аурулар (қатерлі қаназдық) болған жағдайда пайда болуы мүмкін;

Мегалобластикалық қан түзілумен бір уақытта сарыуызды қапшық қабырғасында нормобластикалық қан түзілу басталады: бласт екіншілік эритробласттар полихроматофильді эритробласттар нормобласттар екіншілік эритроциттер (нормоцит)-мөлшері ересек адам қанындағы эритроцитпен шамалас;
Сарыуызды қапшықтағы эритроциттердің түзілуі біріншілік қантамырларының қабырғасында интравоскулярлы жолмен жүреді
Бір уақытта қан тамырлары қабырғасының маңайында орналасқан бласттардан икстравоскулярлы жолмен –нейтрофил,эозинофилдер дифференцияланады
Қанның бағаналы жасушаларының қалған бөлігі дифференцияланбаған күйде қалып, қанның ағымымен ұрықтың әр түрлі мүшелеріне таралады . Мұнда олардың ары қарайғы қан жасушалары мен дәнекер тініне дифференциялануы жүреді. Сарыуызды қапшықтың редукциясынан (жойылуы) кейін негізгі қан түзуші мүше болып бауыр саналады.