Қазақстан Республикасының этносаясатын іске асырудың конституциялық-құқықтық қамтамасыз етілуі


Қазақстандағы полиэтникалық қауымдастықтың қалыптасу ерекшелігі



бет3/5
Дата31.10.2022
өлшемі0,64 Mb.
#46454
1   2   3   4   5
4. Қазақстандағы полиэтникалық қауымдастықтың қалыптасу ерекшелігі.
1. Миграциялық үрдіс қоғамның этникалық құрылымын анықтаудың факторы.
2. Қазақстандағы полиэтника – елдің дамуының ресурсы, мүмкіншілігі және Республиканың жетістігі.
3. Қазақ халқының табиғи төзімділігі этносаралық төзімділіктің қоғамдық келісім саясатының негізі.
1.Миграциялық үрдіс қоғамның этникалық құрылымын анықтаудың факторы.
1.Халықтың миграциясы – латын тілінен аударғанда көшу, орын ауыстыру деген мағына береді. Ғылымда миграцияға байланысты 30-ға жуық анықтама бар.
Миграцияға деген қызығушылық тек жиырмасыншы ғасырда ғылыми түрде зерттеле бастағанымен, миграцияның тарихы адамзаттың пайда болуымен басталады. Миграцияның негізгі себептері ретінде табиғи апаттардан қашу, өмір сүруге ыңғайсыз климаттық жағдайлардың болуы, өмір сүру территориясына өзге қарсы топтардың қысымынан болатын көшулер, жауланған құлдарды еріксіз өзге жерге эксплуатациялау секілді миграцияға түрткі факторларды атауға болады. Әлем тарихындағы миграция басым жағдайда мәжбүрлі түрде немесе империялардың «саяси амбициясы» әсерінен жүрген. Оның дәлелі, ХІХ-XX ғасырлардағы Еуропалық империялардың колониялды саясатын айтуға болады. Соның ішінде қазақтардың арғы тегі Ғұндардың (Қыпшақтардың) Еуропаға қоныс аударғандығы, Аттиланың Еуропаны жаулаған сәтте өзге еуропалық халықтардың қазіргі Ресей мен Шығыс Еуропа жеріне миграция жасағандығы тарих беттерінде жазылған. Бұл көш – «Ұлы көш» деген атпен белгілі.
Миграциялық үдерістердің даму динамикасында бірнеше кезеңдерді көрсетуге болады: алғашқы қоғамдық дәуірдегі миграция, жаңа мыңжылдықтағы миграция, орта ғасырлардағы миграция, жаңа заманғы миграция, бірінші дүниежүзілік соғыстан бұрын және кейін болған миграциялар, екінші дүниежүзілік соғыс кезіңдегі және соғыстан кейінгі миграциялар және қазіргі заманғы миграция. Қарап тұрсақ, әр заманның миграциялық үдерістерінде өзіңдік ерекшеліктері болған. Сондықтан, әлеуметтік жағынан қарағанда миграцияның типтері қалыптасты деуге толық негіз бар. Миграцияның типологиясын социологиялық тұрғыдан Т.Н.Юдиннің «Миграция социологиясы» кітабында толықтай көрсетілген.
Миграцияны келесі топтамаларға бөлсек болады:
Иммиграция (лат тілінен. emmigro – қоныстанамын) – шетел азаматтарының мақсатты түрде білгілі бір мемлекеттерге көшіп келуі (ұзақ уақыт болуы мүмкін). Егер қоныс аударушы бір жылдан артық уақытқа қалса ол толығымен «иммигрант» деп саналады.
БҰҰ-ның классификациясы бойынша халықаралық миграция субъектілеріне, шетел студенттері, шетел азаматтары, түрлі санаттағы еңбек етуші мигранттар, отбасы құру мақсатымен келген мигранттар, иммигранттар, қашқындар, саяси баспана іздеуші тұлғалар жатады.
БҰҰ-ның мамандары: «Иммигрант – өзінің тұрғылықты мекенінің тастап өзге мемлекетке бір жылдан артық келген адам» – деген анықтама берген. 1970 жылдан бері барлық мемлекеттер бұл терминді унификациялап жатқанымен, БҰҰ-ның иммигранттарды тіркеу жобасы әлемдік деңгейде қолданылмай отыр.
Иммиграцияның әсерінен әлемде жаңа мемлекеттер құрылды (АҚШ, Австралия, Жаңа Зеландия, ОАР, Израиль, Канада, Аргентина т.б. мемлекеттер). Дәстүрлі иммиграциялық мемлекеттерден бөлек жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында Батыс Еуропа мен Солтүстік Еуропа иммигранттарды көптеп қабылдаса, Оңтүстік Еуропа да көп қабылдаған аймақтардың біріне жатады. Сол уақыттағы мигранттарды көп қабылдаушы мемлекеттердің қатарына Германия, Франция, Ұлыбритания, Швейцария, Бельгия, Швеция және Голландия кіреді.
Иммиграциялық ағымдарды шартты үш топқа бөлуге болады. Реэмиграция – титулды халықтың отанына оралуы (ҚР-да анықтама бойынша оралман деп аталады). Иммиграция негізгі екі катигорияға: транзитті және заңсыз иммигранттар. Тұрақты және уақытша экономикалық иммиграция. Уақытша жұмыс күшінің экономикалық миграциясы секілді түрлері бар (құрылыс, өнеркәсіп, транспорт және ауылшараушылығы салалары кіреді).
Енді заңды миграцияны талдап көрелік. БҰҰ-ның эксперттері халықаралық миграцияның заңды қатысушыларын бес категорияға бөледі: білім алуға келген шетелдіктер; жұмыс істеуге келген (кеткен) мигранттар; отбасы құру, отбасын қайта біріктіру линиясындағы мигранттар; тұрақты көшіп бара жатқан мигранттар; мемлекетке арнайы жіберілген адамдар (қашқындар, саяси баспана іздеушілерге т.б.).
Эмиграция (лат тілінен. Emigro – көшіп барамын, орын ауыстырамын ) – белгілі бір мемлекеттен білгілі бір уақытқа өмір сүруге кетуі. БҰҰ-ның эксперттері эмигранттар қатарына бір мемлекеттен екінші мемлекетке бір жылдан ұзақ уақытқа кеткен адамдарды «эмигрант» санатына жатқызуға болатынын айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет