Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдары қызметкерлерінің қолын өңдеу жөніндегі әдістемелік ұсыным



бет1/4
Дата22.10.2022
өлшемі28,6 Kb.
#44841
  1   2   3   4

Источник: Информационная система "ПАРАГРАФ"
Документ: Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдары қызметкерлерінің қолын өңдеу жөніндегі әдістемелік ұсыным (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті төрағасының 2013 жылғы 23 сәуірдегі № 111 бұйрығымен бекітілген)
Статус документа: действующий. Дата: 23.04.2013 г.

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
комитеті төрағасының
2013 жылғы 23 сәуірдегі
111 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдары қызметкерлерінің қолын өңдеу жөніндегі
әдістемелік ұсыным
 
1. Жалпы ережелер
1. Осы әдістемелік ұсыным Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдары қызметкерлеріне арналған.
2. Қолды тиімді өңдеуді қамтамасыз ету үшін мынадай шарттарды сақтау қажет: тырнақты алу, тырнақта лактың болмауы, жасанды тырнақтың болмауы, қолда зергерлік әшекейлер мен сағаттың болмауы.
3. Медициналық ұйымдарда ауруханаішілік инфекциялар қоздырғыштарының берілуінің және таралуының негізгі факторы медицина персоналының манипуляцияларды орындауы немесе аурухана ортасындағы әртүрлі объектілермен (аппараттар, аспаптар беті, науқастарды күту заттары, санитариялық-техникалық жабдық, әбзелдер, киім, медициналық мақсаттағы бұйымдар, таңу материалы, медициналық қалдықтар және т.б.) жанасуы кезінде ластанатын қолы болып табылады.
4. Микроорганизмдердің қол арқылы ықтимал берілу жолдарын тоқтату және ауруханаішілік инфекциялардың пайда болу қаупін азайту үшін қол нақты немесе әлеуетті ластануы мүмкін барлық жағдайларда медициналық ұйымдар қызметкерлерінің қолын өңдеу қажет.
5. Медициналық ұйымдар қызметкерлерінің қолын өңдеудің үш тәсілі бар:
антисептиктерді қолданбай, қолды сабынмен және сумен жуу;
антисептикті қолдану арқылы қолды өңдеу;
қолды хирургиялық дезинфекциялау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет