Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігі
«Семей жоғары көп салалы колледжі» мекемесі
БЕКІТЕМІН
Жалпыгуманитарлық
ПБК қаралып, талданды.
ПБК жетекшісі_________М.Н.Мачахина
Курстық жұмыс
Тақырыбы:Ақыл-ой тәрбиесінің оқу-тәрбие процесінде қолдану.
Бағасы:_________ Орындаған:_______________
Қорғауға жіберілді:______________ Ғылыми жетекшісі:______________
СЕМЕЙ,2023
МАЗМҰНЫ
Кіріспе………………………………………………………………………….
І. Ақыл-ой тәрбиесінің оқу-тәрбие процесінде қолдану.....................................
1.1. Тәрбие мәні мен оның түрлеріне байланысты ұлы ғұлама педагогтардың айтылған пікірлері.................................................................................................
1.2. Ақыл-ой тәрбиесі және оның мазмұны………………………………......
ІІ. Оқу-тәрбие процесі........................................................................................
2.1. Ақыл-ой тәрбиесі және оның .......................................................................
2.2.Абстрактілі ойлаудың сипаттамалары
ІІІ. Қортынды................................................................................................
Қолдалылған әдебиеттер тізімі..........................................................
Кіріспе
Ересек буын қоғамдық-тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді. Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш – жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардың өмір сүру тәртібін меңгереді. Әрбір мемлекетте балаларға білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудың нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады. Тәрбие мақсаты қазақ тәлім-тәрбие тағылымына да қойылды. Ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби «Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» - деді. М.Жұмабаев «Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы» - деп жазды. Мәтжан Мақсымұлы Тілеужанов өзінің «Қазақ тағылымы» атты монографиясында (1994) қазақ тағылымының негізгі бағыттарын атап көрсетті. Олар: ар-ождан тазалығын сақтау; ақыл-ойы, парасатты болу; барлық әрекетінен, сөйлеген сөзінен, қарым-қатынасынан, көзқарасынан ғибрат иісі аңқып тұру; ерте тұрып, кеш жату; аз сөйлеп, көп тыңдау; иманды, инабатты, қайырымды болу; жас ұрпаққа тәрбие беруден жалықпау; халық дәстүріне берік болу; оны жаңарту; әдет-ғұрыпта жоқ нәрселерден аулақ болу; сегіз қырлы, бір сырлы болу; халқының рухына кір салмау;ел берекесін сақтап, оның баюына үлес қосу. Халықтық тәлім-тәрбие оның тұрмыс тіршілігімен тығыз байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |