2
SMS ақпарат
БЕДЕЛДІ УНИВЕРСИТЕТ АТАНУ ҮШІН
ЖАҢА ДӘУІРДІҢ АҒЫМЫНА ІЛЕСУІҢ КЕРЕК
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне
іс-сапармен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрі Аслан Сәрінжіпов келді.
деді ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов
Аслан Сәрінжіпов С. Торайғыров
атындағы
ПМУ
ғалымдарының,
студенттер
мен
магистранттардың
стартап-жобаларымен танысты. Министр
өнертапқыштардың ет өңдеу, энергетика,
ауылшаруашылық, жел эненргиясы,
кен өңдіру, егін шаруашылығы, т.б.
салалардағы жасаған жаңалықтарына
қанық болды.
Сонымен бірге, министр Силикон
алқабы мен С. Торайғыров атындағы
ПМУ арасында онлайн режимде өткен
вебинарға қатысты. Вебинар жұмысын
Силикон
алқабының
(Калифорния
штатының Санта-Круз қаласы) жетекші
маманы Алексей Крол өткізді.
Сондай-ақ, Аслан Бәкенұлы Павлодар
мемлекеттік университетінің «Ертіс»
технопаркін аралап, білім орданың
ғалымдарының қолынан шыққан ғылыми
жобаларға оң баға берді. Және де
министр университет қабырғасындағы
«ТДЖҰА» АҚ ақпараттық орталығының
жұмысымен таныс болды.
Аслан
Сәрінжіповтің
сапары
барысында С. Торайғыров атындағы
ПМУ академиялық жұмыс жөніндегі жаңа
проректорды жария етті. Академиялық
жұмыс жөніндегі проректор болып
филос.ғ.к., халықаралық «Болашақ»
стипендиясының түлегі Гауһар Ахметова
тағайындалды. Ол 2005-2015 жылдар
аралығында
Павлодар
мемлекеттік
университетінің
философия
және
әлеуметтік-гуманитарлы
пәндер
кафедрасның меңгерушісі болып қызмет
етті.
ҚР Білім және ғылым министрі Аслан
Сәрінжіповтің айтуынша, С.Торайғыров
атындағы ПМУ ел экономикасына қажетті
мамандарды даярлап келеді. «Қазіргі
таңда беделді университет атану үшін
жаңа дәуірдің ағымына ілесуің тиіс. Ал
Павлодар
мемлекеттік университеті
ҮИИД МБ жобасы бойынша жұмыс жасап
жатқан жоғары оқу орны. Бұл бағдарлама
университетті жаңа халықаралық белеске
жетелейді», – деді Аслан Бәкенұлы.
Тағы да, министр С. Торайғыров
атындағы ПМУ «Болашақ» орталығының
жұмысымен танысып, Қазақстанның
солтүстік
өңірлеріндегі
«Болашақ»
халықаралық стипендиясы түлектерімен
бейресми кездесу (Informal Networking
Conference) өткізді.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын
іске асыру шеңберінде Қазақстан
Республикасындағы білімді жаңғырту
мәселелері» тақырыбы аясында өткен
кездесу «Болашақ» бағдарламасының 70
түлегінің, БАҚ өкілдері, оқытушылар мен
ғылыми қызметкерлердің басын қосты.
С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры
Арын Өрсариев өз сөзінде «Болашақ»
бағдарламасы бойынша білім алған
түлектердің өңірде сәтті қызмет етіп, ел
дамуына зор септігін тигізіп жатқанын
атап өтті. «Бүгінде Павлодар облысы
бойынша 130, ал Павлодар мемлекеттік
университетінде 40-тан астам түлектер
табысты еңбек етуде», – деді Арын
Амангелдіұлы.
Бейресми кездесуде қатысушылар
білім мен ғылымның өзекті мәселелерін
талқылап, еркін ой бөлісіп және
сараптамалық бағалау нысанындағы
ашық диалог алаңын орнатты. Сондай-ақ,
шарада «Болашақ» стипендиясы арқылы
кадрлар даярлаудың отандық жүйесін
дамыту мүмкіншіліктері туралы және
2020 жылға дейінгі стипендияны дамыту
жоспары, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары
мен «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын іске
асырудағы «Болашақ» бағдарламасының
рөлі талқыланды.
Бұдан өзге, «Болашақ» стипендия-
сының түлектері ҚР Білім және ғылым
министрінің
өз
аузынан
өздерін
мазалаған сұрақтарына жауап алды.
Түлектер жұмысқа орналасу, жаңа оқу
бағдарламаларын жүзеге асыру, ауылдың
білім беру саласының жағдайы, басқа
да білім мен ғылым бағытындағы жаңа
жобалар, жоғары оқу орындарының
автономдық басқаруға өтуі, педагогикалық
білім
мен
ұстаздардың
мәртебісі
турасында егжей-тегжейлі әңгімелесті.
Бұл кездесу Аслан Сәрінжіповтің
халықаралық «Болашақ» стипендиясы
түлектерімен
Informal
Networking
Conference форматында өткен үшінші
кездесуі. Бірінші кездесу 2014 жылғы
ақпанда
«Назарбаев
Университеті»
ДББҰ-да, екіншісі 2014 жылғы маусымда
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
мемлекеттік
университетінде
өткен
болатын.
Мұнымен қоса, Аслан Сәрінжіпов
Павлодар мемлекеттік университетінің
салынып
жатқан
500
орындық
жатақханасының құрлысымен танысты.
STARTUPNOMAD ТУР ПАВЛОДАРДА
StartupNomad Тур Павлодар қаласына аяқ
тіреді. Бұл сапардың аясында MOST жас
кәсіпкерлер клубы өңіріміздегі жас кәсіпкер-
лерге бизнес-тәжірибелер, дәрістер, Қазақстан
мен шетелдік бизнес сарапшылардың шеберлік
сыныптарын ұсынды.
Жас кәсіпкерлерге бұл тур жоғары
технологиялық нарықта инновациялық
жобаларды
жасауға
және
өзінің
бизнес стратегиясын қалыптастыруға
көмектеседі. Сондай-ақ, Startup тур
өңірлердегі жастарды кәсіпкерліктің қыр-
сырларын оқытып қана қоймай, дарынды
жас ғалымдар мен өнертапқыштардың,
кәсіпкерлер, инвесторлар, технопарк,
ЖОО және ғылыми институт өкілдерінен
тұратын стартап қауымдастықтарын
құруды көздейді.
StartupNomad Тур сапары аясында
Қазақстанның жас кәсіпкерлер клубы ел
ішіндегі аралап үздік бизнес-жобалармен
танысу мақсатында Қазақстан мен
Орталық Азияның қалаларын аралауда.
Әрбір қалада Қазақстан және шетелдік
тәжірибелі менторлар мен сарапшылар
пікір-таластар,
шеберлік
сыныптар
өткізеді.
Сондай-ақ, бұл кездесудің шеңберінде
С. Торайғыров атындағы Павлодар
мемлекеттік университеті мен MOST
жас кәсіпкерлер клубы өзара түсіністік
меморандумына қол қойды.
Айтулы құжат бойынша еліміздегі
және өңірдегі кәсіпкерлік ахуалды
зерттеуге, жастар арасында арнайы
шаралар арқылы кәсіпкерлік туралы
пікір қалыптастыруға және бірлескен оқу
бағдарламаларын құруға, сараптама
жасауға жол ашылады.
С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры
Арын Өрсариевтің айтуынша, бұл жоба
жастарды кәсіпкерліктің жаңа белесіне
көтереді. «Жастардың көбісі бұл күні
өздерінің алғашқы жасаған жобаларын
таныстырып, сарапшылардан ұсыныстар,
басқа да қатысушылардан есті кеңестер
алды. Білікті мамандардан алған
ақпараттар, кеңестер олардың болашақта
өз ісінің шебері болуына сеп болары
сөзсіз», – деді Арын Амангелдіұлы.
Шараға сарапшы ретінде MOST
жас кәсіпкерлер клубының негізін
қалаушылардың бірі, Қазақстанның жас
кәсіпкерлер клубының негізін салған
әрі жеткшісі, Даму және экономикалық
саясат институтының директоры, Global
Shapers қауымдастығының (Дүниежүзілік
экономикалық
форумның
ұсынысы)
Алматылық хабының кураторы Павел
Коктышев қатысты.
Шара
барысында
үздік
бизнес-
тәжірибелер,
дәрістер,
кездесулер,
сарапшылардың қатысуымен шеберлік
сыныптар, білікті мамандардың кеңестері
берілді. Тұсау кесер (таныстырылым)
үшін
идеялардың
көзкөрімділігі,
маркетинг және өнім яки қызметті өткізу
тақырыптарында тренинг өтті.
Сондай-ақ, сарапшылар қатысушыларға
бизнесті жобалау және ол жобаны
тартымды етіп жеткізу, оның жолдары мен
сырларын жеткізіп, және бизнесті шынайы
бағалауды,
сараптамлық
жұмыстар
жүргізуді де үйретті.
Ал кездесудің краш-тест бөлімінде
Стенфорд
әдісі
бойынша
бизнес
құрудың қысқаша курсы өтті. Сондай-ақ,
сарапшылар бизнес-жобаларды краш-
тест арқылы сынады. Қатысушылар
инвесторлармен кездесу ұйымдастырып,
питчинг
(қаржыландыруға
дайын
инвесторларға арналған қысқаша тұсау
кесер) жасауды талқылады.
StartupNomad
Тур
байқауына
С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттері
мен магистранттарынан 83 өтініш түсті.
StartupNomad Турды қорытындылайтын
StartupNomad Форумында инвесторлар
алдында тұсауы кесілетін үздік стартап-
жобаларды іріктеліп алынды.
3
Қазақ хандығы
Жәнібек, қырға шыққан сайын, ел тауқыметін көріп, ордасына үнемі ренжіп
қайтатын. Әсіресе өткен жылғы, бір оқиға сұлтанның көз алдынан кетпей-ақ
қойған. Ол аңнан келе жатып Әбілқайыр лашкерлері шауып кеткен бір ауылдың
үстінен шыққан. Шаңырағы күйрей жерге түскен үйлер... Ұлдары сойылға
жығылып, ботасы өлген інгендей боздаған аналар...
Жәнібекті таныған ақсақал:
– Шырағым, Жәнібек, – деген. «Бөтен елдерді шабуға жігіттеріңді бермедіңдер,
мерзімінде алым-салықты төлемедіңдер» деп ханның аш бөрілері ауылымызды
шауып кетті. Еділ бойында да көрген күніміз осындай болатын. Құтқара көр енді
бізді бұл қорлықтан!
– Қалай құтқарам? – деген Жәнібек.
– Әбілқайырдан бізді бөліп ал, – деп жауап қайырған қарт.
– Өзгенің жер-суына қызықпайтын, өз елін жат жұрттай ауыр алым-салық
салмайтын жеке шаңырақ көтер.
Қытай мен Жоңғар жеріндегі рулар да осындай ой білдірген. Осының бәрінен
Жәнібек жеке хандық құрудың көптің арманы екенін және өз басының қамы мен
ел-жұрттың тілегінің сабақтаса бастағанын көптеп түсінген. Бұл – мұратқа жетудің даңғыл жолы. Бүгін болмаса ертең
шаруашылығы, жер-суы, әдет-ғұрпы, тілі, тілегі бір Дәшті Қыпшақ даласының көп руының бір жеңнен қол, бір жағадан бас
шығарып, бір ел болып құралып, бір халыққа айналатынына шек келтірмеген.
(І. Есенберлин «Көшпенділер» тарихи трилогиясы,
«Алмас қылыш» романынан үзінді)
ҰЛЫ МҰРАТ – ҰЛЫ ХАНДЫҚ
ҰЛЫ МҰРАТ – ҰЛЫ ХАНДЫҚ
Қаламгер
Ілияс
Есенберлин
өз
еңбегінде Қазақ хандығының қалыптасуы
туралы қолда бар деректерге сүйеніп,
әдемі
әдеби
бояулармен
шебер
суреттеген туындыны дүниеге әкелді.
Оның бұл романы арқылы көп қазақ
тарихын білді, тамырына үңілді. Біз де
шамамыз келгенше тарихшыларымыздың
еңбектерін парақтап, Қазақ хандығының
құрылу тарихына үңіліп көрелік.
Өзіміздің мемлекеттілігімізге қатысты
көп деректі аша алмағанымызға және
ашуға
талпынбағанымызға
кеңестік
идеологияның өткір қылышының жүзі
қатты батқаны себеп болды. Оған да
өткен күн куә. Бірақ бүгінгі күні Қазақ
елі әлемдік деңгейде танылып, жаһан
алдында көп жетістіктерге жетіп, заңғар
асуларды бағындыруда. «Мәңгілік Елміз»
деп жер жүзіне жар салудамыз. «Мәңгілік
Елдің» мықты да терең тамыры болу
қажеттігін баршамыз білеміз. Сондықтан
да болашақ ұрпақ үшін, елдігіміз үшін
тарихымызды түгендеуге тиіс болдық.
Бүгінгі күні Қазақ хандығы туралы қалам
тербегісі келген әркім тарихи дәйектердің
қайшылықтары
мен
деректердің
толыққанды еместігіне тап болады. Сол
себепті көбісі тарихи тақырыптарды
жазуды қош көрмейді. Алайда, күндердің
күнінде тарихшы ғалымдарымыз бір
ауыздан сөйлейтін күн туады деп сенейік.
Өйткені, бүгінде ҚР Президенті Н.Ә.
Назарбаевтың тарихты қолдау жылын
жариялап, іле-шала артынан Қазақ
хандығының 550 жылдығын тойлауға
бекініп
кеткені
еліміздің
тарихын
түгендеуге, оны бір арнаға тоғыстыруға
бағытталғаны хақ.
Қазақ хандығының құрылуы
Барлық тарихшылар Қазақ хандығының
құрылуын
Керей
мен
Жәнібек
сұлтандардың
Дешті
Қыпшақтағы
Әбілхайыр ханнан бөлініп, Моғолстанның
батысындағы Шу бойына қоныстануынан
бастау алатынына еш күмән келтірмейді.
Дерекнама:
Әбілхайыр
хан
(1412-1469)
–
Шыңғысханның үлкен ұлы Жошыдан
тарайтын
оныншы
ұрпағы.
Дешті
Қыпшақтағы ру-тайпалардың көсемдері
оны 1428 жылы ақ киізге көтеріп, хан
сайлайды. Осыдан кейін Әбілхайыр
Шайбани әулетінен тарайтын хандарға
күш көрсетіп, өз билігін күшейтеді. Дешті
Қыпшақтағы барлық хан-сұлтандарды
күшпен өзіне қаратып, тарихта «көшпелі
өзбектер» атанған хандық құрады.
Керей сұлтан – Орыс (кейбір
деректерде Өріс хан деп көрсетіледі)
ханның шөбересі. Атасы Тоқтақия, әкесі –
Болат сұлтан.
Жәнібек сұлтан – Барақ ханның ұлы,
Орыс ханның шөбересі. Екі сұлтанның
да туған не көз жұмған жылдары жайлы
мәлімет жоқ.
Осы кезде Моғолстан хандығында
Есенбұға хан билік құрды. Бұл елде де
жағдай мәз емес-тін. Есенбұғаның ағасы
Жүніс Мәуренахр билеушісі Әбу-Саидтің
қолшоқпары бола жүріп, Есенбұғаны
әбден әлсіретті. Ал мына екі сұлтанның
жер сұрап келуі оның алшысына дөп түсті.
Себебі, Керей мен Жәнібек сұлтандардың
соңынан еріп келген қара құрым халықтың
саны күн санап артып жатты. Ал Есенбұға
екі сұлтанды барынша қолдап, көш
салып келіп жатқан жұртты ел шетіне
жайғастыра берді. Бұл жағдайды
Есенбұға өз пайдасына жаратып, Жүніске
қарсы пайдаланғысы келеді. Дегенмен,
Керей мен Жәнібектің өз мұраттары
болды. Олар азат шаңырақ тігіп, жеке
хандық құруды арман етті, сол асыл
армандарына жетуді көздеді. Бір жылдан
кейін, яғни, 1458 жылы Шу мен Қозыбасы
жотасы арасындағы алқапта Керей
сұлтан хан сайланды. Тарихшылардың
айтуынша бұл кезде оның қарамағында
екі жүз мың адамдай болды. Болып
жатқан бұл өзгерістердің бәрі Әбілхайыр
ханның да мазасын қашырды.
Дерекнама:
Моғолстан – ХІV ғасырдың орта шенінде
Тоғылық Темір хан құрған мемлекет.
Ғалымдар арасында «моғол» сөзі
моңғолдың түрікше, парсыша атауы деген
тұжырым бар. Бірақ, бұл мемлекеттегі
халықтың негізгі құрамы қазір қазаққа
кіретін қаңлы, жалайыр, дулат, арғын
секілді тайпалар еді.
Керей хан мен Жәнібек сұлтанның
билігі Есенбұға хан қайтыс болғаннан
кейін күшейе бастайды. Моғолстан
өзінің ішінде алауыздыққа салынып,
олардың құрамындағы көп халық Керей
ханның жағына өте бастайды. Оның
үстіне Әбілхайырға наразы болған өзбек
ұлысының жұрты Қазақ хандығына келіп
қосылуы енді ғана құрылып жатқан
хандықтың дәрежесін өсіре түсті. Дәл
осы кездері Есенбұғаның қайтыс болуы,
оның ұлы Досмұхаметтің билікке келуі
Моғолстанның билігін әлсіретіп жібереді.
Кейін Әбілхайырдың, Досмұхаметтің, Әбу-
Саидтің қайтыс болуы хандықтың еркін
құлаш жаюына сеп болды. 1470-1471
жылдары Дешті Қыпшақтағы көшпелі
өзбектер мемлекеті толығымен күйреді.
Міне былайғы уақытта оның орнына
тарих сахнасына Қазақ хандығы мен оның
хандары келеді.
Керей мен Жәнібектің көші
– тарихи маңызды оқиға
Т.ғ.д., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
«Қазақстан тарихы» кафедрасының
профессоры, ҚР ҰҒА корр.-мүшесі
Берекет Кәрібаев өзінің мақаласында
былай дейді: «Қазақ хандығының
құрылуы бір саяси оқиғамен жүзеге асқан
процесс емес, Керей мен Жәнібектің
Әбілхайырдан бөлініп Моғолстанға көшуі
тарихи процестегі маңызды оқиғаның бірі
және маңыздысы. Хандықтың құрылуында
осы оқиға яғни Керей мен Жәнібектің
көшуі басты рөл атқарса, одан кейінгі
ірілі-ұсақты тарихи оқиғалар, сондай-
ақ Әбілхайыр хандығы күйрегеннен
кейін Дешті Қыпшақтың басым бөлігінде
Қазақ хандығы билігінің үстемдікке жетуі
осы тарихи процесті аяқтаған оқиға
деп есептейміз. Бұл хандықтың құрылу
барысы шамамен 13-14 жылға созылған
тарихи процестерден тұрады».
Әрине, Ұлы Далада жаңа ұшқындап
бой көтеріп келе жатқан Ұлы хандықтың
дүниеге келуін бір мақалаға сыйдыру
мүмкін емес, әсте. Тарихшылардың
мәлімдеуінше, бұл хандықтың құрылуының
өзі біраз жылдарды қамтыды. Тарихшы
Берекет Кәрібаев Қазақ хандығының
құрылу уақытына байланысты былай
дейді: «Хан – барлық билікті бір қолға
шоғырландырған мемлекеттің жоғарғы
билік органы болып саналғандықтан, осы
жылды қазақ хандығының құрылған жылы
деп есептейміз». Демек, тарихшы Керей
ханның хан сайланған күнінен емес, нағыз
Қазақ хандығының күш жинап, хандығын
айшықтаған тұсынан бері яғни, 1465
жылдан бастап жылсанауға іліккендігін
айтады. Сонымен, Қазақ хандығының
1465 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін
550 жылды қамтыған бай тарихи шежіресі
бар.
Т.ғ.к., С.Торайғыров атындағы ПМУ
«Қазақстан тарихы» кафедрасының
профессоры Естай Жүсіпов Қазақ
хандығының құрылуына мынандай себеп
береді: «Қазақ хандығының құрылғанынан
бастап басынан өткерген өзгерістер мен
тарихи оқиғалар тәуелсіздігімізге өте
зор үлес қосты. Қазақ хандығы қазақ
халқының жеке халық болып шығуына
себепші болды. Ал Қазақ хандығы
ретінде бөлінуіміздің себебі саяси
алауыздықтардың
нәтижесі,
тарихи
оқиғалардың барысы десек болады», –
деп топшылады.
Ал қазақ атауының төркініне келер
болсақ, бұл сөздің қайдан шыққаны
жайында нақты ғылыми дерек жоқ
деп айтсақ, қателеспейміз. Өйткені
тарихшылар және әуесқой тарихшылар
«қазақ» сөзі турасында тек дәлелсіз
ғылыми бірқатар болжамдар ғана ұсынып
келеді. Оның жиі айтылатын нұсқасына
ғана тоқталсақ, «қазақ» сөзі – еркін, азат,
кезбе, жауынгер деген мағына береді
дейді тарихшылар. Бір қарасаң бұл
сөздің жаны бардай. Әбілхайыр ханның
қамытында жүрген, еңселеріне ауыр жүк
басылып, қиналған қара халық еркін құстай
қалықтап, жаңа бір мемлекеттің керегесін
көтергені азаттықтың нышаны болғандай.
Керей мен Жәнібектің соңынан ерген
жұртты да осылайша еркін, азат жандар
деп атаған болар. Кім білсін? Бұл болжам
ғана. Ал нақты ғылыми дәйек болмайынша
болжамдардың бола беретіні белгілі.
1465-1473 ж.ж. – Керей хан – Болат сұлтанның баласы.
1473-1480 ж.ж. – Жәнібек хан – Барақ ханның баласы.
1480-1511 ж.ж. – Бұрындық хан – Керей ханның баласы.
1511-1518 ж.ж. – Қасым хан – Әз Жәнібектің ұлы.
1518-1523 ж.ж. – Қасымның баласы Мамаш хан болды.
1523-1532 ж.ж. – Қасымның немере інісі Тақыр хан болды.
1533-1534 ж.ж. – Бұйдаш хан – Тақырдың інісі хан болды.
1534-1535 ж.ж. – Қожа Мақмұт хан болды.
1535-1537 ж.ж. – хан атағы болған сұлтандар: Тоғым хан,
Ахмет хан, Хақназар, Наурыз-Ахмет хан.
1538-1580 ж.ж. – Хақназар – Қасымның баласы.
1580-1582 ж.ж. – Жәнібектің немере інісі 80 жастағы
Шығай таққа отырды.
1582-1598 ж.ж. – Шығайдың баласы
Тәуекел хан билігіне отырды.
1598-1628 ж.ж. – Есім хан билігі.
Шығайдың баласы, Тәуекел ханның інісі.
1613-1627 ж.ж. – Тұрсын хан билігі.
1628-1652 ж.ж. – Жәңгір хан – Есім ханның баласы.
1680-1715 ж.ж. – Әз-Тәуке хан билігі.
Салқам Жәңгірдің баласы.
1718-1726 ж.ж. – Батырдың билігі.
1726-1730 ж.ж. – Болат хан билігі.
Болат – Тәуке ханның баласы.
1720-1740 ж.ж. – Ұлы жүзді Жолбарыс хан басқарды.
1718-1748 ж.ж. – Әбілхайыр Кіші жүзге хан болды.
1748-1786 ж.ж. – Нұралы Кіші жүзге хан болды.
1791-1794 ж.ж. – Ералы Кіші жүзге хан болды.
1795-1797 ж.ж. – Есім Кіші жүзге хан болды.
1797-1805 ж.ж. – Айшуақ Кіші жүзге хан болды.
1805-1824 ж.ж. – Шерғазы Кіші жүзге соңғы хан болды.
1716-1719 ж.ж. – Орта жүз ханы Қайып хан билігі.
1719-1734 ж.ж. – Орта жүз ханы Сәмеке хан билігі.
1734-1771 ж.ж. – Орта жүз ханы Әбілмәмбет билігі.
1771-1781 ж.ж. – Үш жүздің ханы Абылай билігі.
1781-1819 ж.ж. – Орта жүз соңғы ханы Уәли билігі.
1815-1817 ж.ж. – Орта жүз соңғы ханы Бөкей билігі.
1841-1847 ж.ж. – Кенесары қазақтың соңғы ханы.
Кенесары – Абылай ханның немересі, Қасым төренің баласы.
Р.S. Бес жарым ғасыр бұрын Қазақ
хандығының шаңырағы көтерілді. Ниеті
оң, мұраты ізгі болды ма, Құдайдың көзіне
ілігіп 550 жылдық ғұмырын тойлап жатқан
жайы бар. Керей мен Жәнібек хандардың
ұрпағы бұл күнге де тәубе деп, ертеңгі күннен
зор үмітті. Бүгінгі күні салиқалы саясатты
жүргізіп отырған қазіргі Ханымыз –
Қазақстан деген еліміздің Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев азат, тәуелсіз елдің
байрағын көк аспанда қалықтатып, барша
жер жүзіне «Қазақстан» деген мемлекетті
танытып келеді.