Сабақтың тақырыбы: «ҚазақстанныңРесейге қосылуы» Күні: 13.05.2011ж Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қазақстан аумағындағы жүздердің Ресей қарамағына кіру
алғышарттары мен себептері, патша өкіметінің отарлық
саясаты барысындағы саяси оқиғаларды, Ресейге қосылудың
салдарлары мен тәуелсіздік жолындағы күрескерлер туралы
қолда бар құжаттарды, тарихи зерттеулерді пайдалана
отырып, тереңірек түсінік беру;
Дамытушылық: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін
пайдалана отырып, жаңа материалмен байланыстыру
арқылы ойлау қабілетін, өскелең ұрпақтың ата тарихын
терең оқып тануға деген қажеттіліктерін арттыру, өз
білімін жетілдіруге, қосымша ізденуге бағыт беру,
қорытынды шығару машықтарын дамыту;
Тәрбиелік: Тарих тағылымынан сабақ алып, өз болашағына батыл қадам
жасайтын, халқымыздың біртуар перзенттеріне құрметпен
қарайтын, елін, туған жерін сүйетін саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті:
Қазақстанның Ресейге қосылу қарсаңындағы саяси жағдайын
Қазақ жүздерінің Ресей қарамағына ену кезіндегі басты
оқиғаларды білу;
Тарихи тұжырым, қорытындыға келу.
Сабақтың типі:аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО технологияларының стратегиялары,
сұрақ-жауап, баяндау, пікір алмасу
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақстанның Ресейге қосылуы» картасы,
кітаптар көрмесі, слайд-шоу.
Пәнаралық байланыс:Дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар өз беттерімен білім алуға дағдыланады, Кіші жүз бен Орта жүздің Ресейге қосылу қарсаңындағы саяси жағдайын, қазақ халқының алдында тұрған міндетін, мақсатын түсіне біледі, Ұлы жүздің Ресейге қосылуымен 1,5 ғасырға созылған процестің мәнін түсініп, сол кезеңнің мемлекеттік қайраткерлерінің елжанды әрекеттері туралы қажетті білімді игеріп, оны ойтолғаныс кезінде іске асыра алады.