Қазақстандықтардың майдан іс-қимылдарына, партизандық қозғалысқа қатысуы



бет1/5
Дата27.11.2022
өлшемі30,45 Kb.
#52962
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Қазақстан тəуелсіздік алғаннан бергі кезеңде өзінің ішкі


Қазақстандықтардың майдан іс-қимылдарына, партизандық қозғалысқа қатысуы Қазақстан тəуелсіздік алғаннан бергі кезеңде өзінің ішкі, сыртқы саясатында ынтымақтастық, бейбітсүйгіш бағытын ұстанып келеді. Бүгінгі таңдағы əлемнің бірқатар елдерінде саяси, əскери келіспеушіліктер мен қақтығыстардың орын алуы кез келген елде қауіпсіздік, елдің біртұтастығы мəселесін алдыңғы қатарға шығарады. Бұл үшін өскелең ұрпақтың, жалпы ел азаматтарының отан қорғау қабілетін, патриоттық сезімдерін дамыту бүгінгі қоғамның басты міндеті болып табылады.
Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 65 жылдығы аталып өткен кезеңде Қазақстан тарих ғылымында соғыс жылдарындағы республика тарихына қатысты мəселелердің зерттелуі маңызды болып отыр. Ұлы Жеңістің кеңес халқына қаншама адам шығынымен, материалдық-техникалық зардаптарымен келгені анық. Күші басым жауға қарсы күрес тек қан майданда ғана емес, сонымен қатар фашистер уақытша басып алған жерлерде де жүргені белгілі. Жау тылындағы партизандардың астыртын қызметі, кеңес əскерімен бірлесе жүргізген əрекеті фашизмді жеңудегі маңызды фактордың бірі болып табылады. Қазақстандық жауынгерлердің партизандар қозғалысына қатысуы мəселесі əлі де талай тың зерттеулерді қажет етеді.
Тақырыптың тарихи əдебиеттерде қарастырылуына, дерек көздеріне тоқталсақ, партизандық қозғалыстың мəнін, рөлін терең бағалау Коммунистік партияның құжаттарында, КСРО Мемлекеттік қорғаныс комитетінің құжаттары, баяндамаларында берілген. Партизандар туралы Кеңес Ақпараттық Бюросының хабарламаларында, мерзімдік басылымдарда айтылды. Соғыс жылдарының өзінде-ақ кеңестік партизандардың əскери əрекеттеріне қысқаша шолуларды Б. Волин, П.К. Пономаренко, Р. Сидельский жасаған. «Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысының тарихы» атты көлемді ғылыми еңбектің алтыншы томында жау тылындағы кеңес халқының ерлігі, коммунистік партияның ұйымдастырушылық рөлі көрсетіледі. Партизандық қозғалыстың маңызды қорытындылары Л.Н. Бычковтың «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы партизандар қозғалысы», «Советские партизаны (из истории партизанского движения в годы Великой Отечественной войны)» атты еңбектерінде берілген [1; 10]. Қазақстандықтардың партизандар қозғалысына қатысуы туралы Қазақ КСР кеңестік дəуірдегі, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы дамуы туралы жазылған бірқатар ұжымдық еңбектерде қысқаша сипаттамалар келтірілген. Бұл бағытта маңызды жұмысты партизандық қозғалысқа қатысушылардың өздері жасаған. Олар партизандар туралы естеліктер мен əңгімелер, күнделіктер, деректік повестер жазған. Мəселен, Т. Жангелдиннің «Партизан күнделігі», «Жолданбаған хаттар», «Партизандық жорық», Қ.Қайсеновтың «Партизан соқпақтары», «Жау тылында», тағы басқа да еңбектерді айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет