«Қазіргі қазақ тілі» оқулығында: «Туынды сөздер деп түрлі жұрнақтар арқылы түбірлерден өрбіген сөздерді айтамыз», – деген анықтама берілсе, І.Кеңесбаев, А.Ысқақов, К.Ахановтың авторлығымен шыққан «Қазақ тілі грамматикасы» оқулығында «Негізгі түбірге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөз туынды сөз немесе туынды түбір деп аталады» делінген. Және А.Ысқақовтың еңбегінен де осы мағыналас анықтаманы көруге болады: «Туынды етістіктерге, әдетте, түбірлерден арнаулы жұрнақтар арқылы жасалған етістіктер жатады»
Бірақ Ы.Маманов бұл тұжырымдар туынды түбірдің табиғатын, оның жасалу жолдарын толық қамтымайтынын айтады. Мысалыға тілімізде оқулық, білместік, тергеуші т.с.с. көптеген туынды сөздер негізгі түбірден жасалмаған, олар тұйық етістік, өткен шақ есімше, келер шақ есімше тұлғаларына жұрнақ жалғану арқылы жасалған жаңа мағыналы туынды түбір сөздер деп келтіреді. Бұдан байқағанымыз, туынды түбірлер тек негізгі түбірге ғана емес, сонымен қатар басқа сөздерден де жұрнақтардың жалғануы арқылы да жасала береді дейді де, мынадай анықтама береді: «Туынды түбір деп сөзге жұрнақ жалғану арқылы пайда болған жаңа мағыналы сөзді айту керек»
Ал форма тудырушы жұрнақ бір сөз табынан екінші сөз табын жасай алмайды, ол тек сол сөз табында форма ғана тудырады. Мысалы, -ыңқыра/-іңкіре жұрнағы жалғану арқылы жасалған күшейтпелі етістіктер (ал – алыңқыра, бер –беріңкіре, тап – табыңқыра, кел – келіңкіре т.б.) өзі жасалған бастапқы тұлғамен корелятивті түрде қатар өмір сүреді. Бұлардың лексикалық мағынасы грамматикалық мағыналарымен жарысып қолданады
Ы.Маманов сөз тудырушы жұрнақ пен форма тудырушы жұрнақты бір-бірінен айырудың тағы бір критерийі ретінде олардың жұрнақтарының жалғанатын шегі болуында екенін айтады. Сөз тудырушы жұрнақтар белгілі сөздерге жалғанып, бір сөз табына жататын сөздерді жасайды. Бірақ барлық сөздерге жалғана бермейді, яғни оның жалғану шегі болады. Мысалы, -ла/-ле, -да/-де, -та/-те жұрнақтары арқылы зат есімнен балала, көзде, ойла, баста, тісте, күмісте, сын есімдерден жақсыла, ақта, жаманда, қарала, тамашала т.б., екеуле, үшеуле сан есімдерден, ойбайла одағайдан, еліктеу сөздерден арбаңда, көлбеңде т.б. жасалады. Бірақ бұл жұрнақтардың қолданылу шегі бар дедік, сондықтан бұл жұрнақтар барлық зат есімге, сын есімге, сан есімге, одағайға, еліктеу сөздерге жалғана бермейді. Туынды сөздер жасай алатын сөздерге ғана жалғанады.
Сонымен қазақ тілінде негізгі етістіктер жасайтын жұрнақтар қызметіне қарай сөз тудырушы және форма тудырушы жұрнақтар болып екіге бөлінеді. Ы.Маманов сөз тудырушы жұрнақтарды сөздік формасы лексикаға, ал формасы жағынан морфологияға жататындықтан лексика-грамматикалық қызмет атқаратынын айтады. Ал форма тудырушы жұрнақтарға етіс, күшейтпелі етістік жұрнақтарын жатқызады.
Енді осы сөз тудырушы жұрнақтардың өнімділерін атап өтейік:
1.–ла/-ле, -да/-де, -та/-те. Зат есімнен жасалған осы тұлғалы туынды етістіктер қимыл иесінің іс-әрекетін, күш қимылын, хайуанаттың, өсімдіктің және басқа да құбылыстардың өсу, өзгеру процестерін білдіреді. Мысалы, Сонысына өкпелеген әкем, оның үйіне соқпай кетті (С.Мұқанов). Қой қоздап, түйе боздап, қорада у-шу (Абай).
2. –а/-е жұрнақтары. Зат есім негізді туынды етістіктер: түне, өрте, сына т.б. Атының жалын қырықтықпен күзей бастады (С.Мұқанов). Сын есімнен болған туынды етістіктерге түзе, мөлдіре, теңе т.б. жатады.
3. –ық/-ік жұрнақтары арқылы жасалған туынды етістіктер. Бұл қосымшалар зат есім, сын есім, етістікке және бір сөзіне жалғанады. Бір кез әнге еліккен ел шулайды (Ж.Сайын)-
4. –қар/-кер, -ғар/-гер жұрнақтары. Бұл жұрнақтардың ерекшелігі — олар тек зат есімге ғана жалғанады және бұлар сабақты етістіктердің қатарына жатады. Мысалы, Әкемнің ішкі қобалжуын кескін-кейпінен аңғарып жүрдім(С.Мұқанов)-
5. –ар/-ер/-р қосымшасы арқылы зат есім және сын есім сөздері туынды етістік жасайды. Бірақ зат есімнен аз кездеседі.
Көз ұшында көгеріп,
Жапанда жалғыз қарағай (Т.Жароков).
Үйдің еден тақтайлары ескіріп, жұқарып кетіпті (С.Мұқанов).
6. –ай/-ей/-й жұрнағы. Зат есімге жалғанып, туынды етістік жасайды. Бірі басында, бірі аяғында сарғайып отыр (С.Торайғыров)- One is in a head, another is in feet sits in melancholy. Сын есімнен болған туынды етістіктерге көбею, қараю, сарғаю, кеңею т.б. жатады.
7. Бейнелеуіш сөздерге жалғанатын –и тұлғасы. Жұман мұрнын тыржитып, жақтырмай қалды (Ғ.Мүсірепов)
8. –сыра/-сіре арқылы есім сөздерден туынды етістік жасалады. Абай жеңгесін ажуалап, күлімсіреген пішінмен біраз қалжың айтты (М.Әуезов)-
10. –сын/-сін жұрнақтары арқылы жасалған туынды етістіктер қимыл иесінің екінші бір затқа көзқарасын білдіреді: көпсіну, жамансыну, бөтенсіну, азсыну т.б. Әлібек табельді ақтарып, әркімнің еңбек табысына қарағанда, өзінің еңбегін олқысынды (Ғ.Мұстафин)-
11. –сы/-сі форманты. Сабаға түсіп тұр, қымызың күнсіп кетпесін- The sun falls on saba look that koumiss would not beoverheated. (М.Әуезов). Талай пысықсып жүрген жігіттер Құнанбай алдында жымдай болып отыратын
12. –лан/-лен, -дан/-ден, -тан/-тен (-ла+н) құранды жұрнақтары арқылы туынды етістіктің адамның және басқа жанды-жансыз заттардың іс-әрекетін, сыртқы және ішкі сезім күйінің өзгеруін білдіреді. Тау жақ бұлттанып, күн жауатын тәрізді-. Көздері қуақыланып, аз-кем қорқа қарап, балалар керегенің артына тығылып тұр (С.Мұқанов).
13. –лас/-лес, -дас/-дес, -тас/-тес (-ла+с) құранды жұрнағы. Биыл Шырайымның күйеуі келгенде де, біз араласпадық(Б.Майлин). Мен Әбдірахманға амандасып, оны үйге ертіп жүрдім (Б.Майлин).
14. –лат/-лет, -дат/-дет, -тат/-тет (-ла+т) құранды форматы. Жолаушылар күннің суығынан қорқып, түнделетіп жүрді де, таң ата Белбекетке жетіп, аттарын тынықтырды (М.Әуезов). Түс ауа аттанған олар Семейлетіп кешке ауылға жетіп қонды (С.Мұқанов).
15. –мале/-меле, -бала/-беле, -пала/-пеле (-ма+ле) құранды жұрнақтары. Үйіліп тұрған жидекке үймелеп қона берген шыбындарды аузымен үрлеп қориды [2, 30].
Достарыңызбен бөлісу: |