Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


 Философиялық герменевтика, постмодернизм, структурализм



Pdf көрінісі
бет279/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   313
11.3. Философиялық герменевтика, постмодернизм, структурализм 
және постструктурализм (Х.-Г.Гадамер, К. Леви-Строс, М.П. Фуко, Ж. 
Деррида, Ж. Лакан және т.б.) 
 
Герменевтика  атауы  Құдайлардың  әмірін  адамдарға  түсіндіріп, 
адамдардың  тілек-дұғаларын  Құдайларға  жеткізетін  грек  Құдайы  Герместің 
атынан  бастау  алады.  Герменевтика  дәстүрлері  ортағасырлық  экзегетикада 
інжіл  мәтіндерін  байымдау  барысында  қалыптастырылған.  Олар  ӛздерінің 
түсіндірілуіне септігін тигізіп, мәтіндерді бір дәуір тілінен басқа дәуір тіліне 
аудару барысында негізге алынды.  
 Ӛткен  ғасырдан  бастап  бұл  сӛз  рухани  мәдениет  феномендерінің 
алғышарттары,  ұғыну  және  мағынасын  түсіну  процестерінің  мүмкіндіктері 
мен ерекшеліктері («істің мәні») туралы философиялық ілімді білдіреді. 
 Философиялық  герменевтика  Ф.Шлейермахер,  М.Хайдеггер,  әсіресе 
ХХ  ғасыр  герменевтикасының  классигі  –  Х.-Г.Гадамердің  жұмыстарының 
арқасында  ғылыми-зерттеудің  ерекше  саласы  ретінде  қалыптасты.  Олардың 
зерттеулері 
адамның 
мінез-құлығы 
мен 
әрекеттерін, 
іс-әрекетті 
ұйымдастырудың  ойын  тәсілдерін,  коммуникативтік  байланыстар  мен 
қатынастар  типологиясын  құруды,  жалпы  әлеуметтік-мәдени  шындықты 
ғылыми үлгілеу мәселелерін шешуге мүмкіндік тудырды.  
 Г.-Г.  Гадамер  –  герменевтиканың  негізін  қалаушылардың  бірі,  ӛз 
кӛзқарастарында  Хайдеггерге  сүйеніп,  герменевтиканы  ұғыну  әдістері  мен 
механизмдері  туралы  ілім  ретінде  емес,  болмыс  туралы  ілім,  онтология 
ретінде  қарастыруды  ұсынады.  Ол  үшін  ұғыну  –  әрекет  етіп  бағалаушы  – 


зерделеуші  адамның  тіршілік  ету  тәсілі,  адамның  әлемді  «тіршілік  ету 
тәжірибесінде»,  «тарих  тәжірибесінде»  және  «ӛнер  тәжірибесінде» 
меңгеруінің әмбебап тәсілі.  
 Герменевтиканың  негізгі  идеясы:  «тіршілік  ету  –  басқалармен 
ұғынылу»  (В.  Дильтей).  Зерттеу  нысаны  ретінде,  әдетте,  мәтін  саналады. 
Гадамер «Ақиқат пен әдіс», «Диалог пен диалектика» жұмыстарында осы 
Дильтей тезисін ӛрбіте түседі. Ол ұғыну табиғатын, шектері мен шарттарын 
зерттейді.  Оның  тұжырымдамасының  мәні  қысқаша  түрде  келесіде 
қамтылады:  Адам  баласы  лингвистикалық  тұрғыдан  ресімделген  тілде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет