Баешова а.Қ. Жалпы химия (зертханалық жұмыстардың жинағы) Оқу-әдістемелік құрал


Әлсіз электролиттердің диссоциациялану дәрежесіне аттас ионның әсері



бет16/41
Дата29.09.2022
өлшемі359,41 Kb.
#40741
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41
5.3. Әлсіз электролиттердің диссоциациялану дәрежесіне аттас ионның әсері
Конус тәрізді екі пробиркаға 2-3 мл сұйытылған сірке қышқылын құйып, бір тамшыдан метилоранж ерітіндісі индикаторын қосады. Бір пробирканы салыстыру үшін қалдырып, ал екіншісіне микрошпательмен натрий ацетатының біраз кристалдарын салып, жақсылап араластырады. Екі пробиркадағы ерітінділер түсін салыстырып, сірке қышқылының диссоциациялану константасының өрнегін пайдаланып, оны түсіндіреді. Тепе-теңдікті аз диссоциацияланатын молекула түзілетін жағына қарай ығыстыру үшін әлсіз қышқыл ерітіндісіне қандай зат қосу қажет?
2-3 мл аммиак ерітіндісін құйған 2 пробирка алып, бір тамшыдан фенолфталейн қосады. Бір пробиркаға микрошпательмен аммоний хлоридінің біраз кристалдарын салып, жақсылап араластырады. Тұз қосқандағы ерітінді түсінің өзгеруін түсіндіреді. Тепе-теңдікті аз диссоциацияланатын молекула түзілетін жағына қарай ығыстыру үшін әлсіз негіз ерітіндісіне қандай зат қосу қажет?
5.4. Сутек және гидроксил –иондарының концентрациясының өзгеруі
Екі пробиркаға 2 н тұз қышқылы ерітіндісінен 1 мл-ден құйып, оларға мырыш түйірін тастайды. Сутектің бөлінуі біркелкі бола бастағанда, бір пробиркаға 1 мл натрий ацетатының қаныққан ерітіндісін қосып, ал екіншісіне − 1 мл су қосады (екі пробиркада көлем бірдей болу үшін). Бірінші пробиркада реакция жылдамдығының азаюын түсіндіреді. Сутек иондарының концентрациясын азайту үшін қандай заттар қосуға болады?
5.5. Иондық реакциялар
Бір пробиркаға 2 мл CH3COONa ерітіндісін, екіншісіне − дәл осындай аммоний хлориді ерітіндісін құю керек. Біріншісіне 2-3 мл сілті ерітіндісін қосады. Екеуін де иіскеп сынау керек (қалай?). Молекулалық және иондық түрде реакция теңдеулерін жазады.
2 пробиркаға 3 мл-ден ерітінді алады: біреуіне мыс сульфатынан, екіншісіне − никель сульфатынан. Осыдан кейін әрқайсысына тартпа астында тұрған жаңа дайындалған күкіртсутек суынан 2-3 мл қосады. Молекулалық және иондық реакциялар теңдеулерін жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет