«Бағалаудың өлшемдік технологиялары» пəні үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде



Дата11.10.2023
өлшемі17,81 Kb.
#113563

«Бағалаудың өлшемдік технологиялары» пəні үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде аталмыш курсты жоғары оқу орнындағы оқу пəні ретінде қарастырылады, ол өз кезегінде студенттерге ғылымның нысанын, пəнін, мақсатын, міндеттері мен əдістерін, бастауыш мектеп мұғалімдерін дайындаудағы оның орны мен қызметін, оқу пəнін оқытып-үйретудің мақсаттылығын сезінуге мүмкіндік береді.
1. «Бағалаудың өлшемдік технологиялары» ЖОО-дағы оқу пəні ретінде.
«Бағалаудың өлшемдік технологиялары» курсының нысаны, пəні, зерттеу əдістері, оның басқа ғылым салаларымен байланысы.

Екінші бөлімі бағалау нормалары, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік, құқықтық құжаттарын талдауға, педагогикалық жəне психологиялық негіздеріне арналған.
2. Бағалаудың өлшемдік технологияларының ғылыми-педагогикалық негіздері.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау нормаларын дайындаудың ғылыми негіздері. Критерийлік бағалауды ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері.
Критериалды бағалау үдеріс ретінде. Критериалды бағалау жүйесінің əдіснамалық негіздері. Критериалды бағалаудың əдістемелік негіздері. В.П. Беспальконың критериалды-бағыттылық оқыту технологиясы. Критериалды оқытудың қызметі мен ұстанымдары.
Тұлғаға бағытталған оқытудағы бағалау жүйесінің ерекшеліктері. Бағалау. Баға.
Педагогикалық бағаның қызметі (нормативтік қызметі, ақпараттық-диагностикалық қызметі, бағыттаушылық, ынталандырушылық, тəрбиелік баға).


Үшінші бөлімде бағалаудың түрлері, олардың əрқайсысына сипаттама, портфолио жəне оның бастауыш сынып оқушысының оқу жетістігін бағалаудағы орны сияқты мəселелерге ерекше мəн беріледі.
3. Бағалау түрлері жəне оқушылардың оқу нəтижелерін бағалауды жоспарлау технологиясы.
Мақсат қою жəне оның бағалаудағы рөлі. Мақсат қоюға деген түрлі көзқарастар. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудыңмақсаттары мен ұстанымдары (маңыздылығы, барабарлық, шынайылық жəне əділдік, кіріктірілген, ашықтық, кол жетерлік, жүйелілік, тілектестік).Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың түрлері (диагностикалық, қалыптастырушы, жиынтық бағалау).
Қалыптастырушы бағалау. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлері. Қалыптастырушы бағалаудың техникасы. Топтық жұмыс түрлерін қолдануда оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау. Топтарды жəне жеке оқушының топтағы жеке жұмысын бағалау.
Портфолио – оқушының оқу жетістігін бағалау құралы. Портфолионың қызметі. Портфолио оқушылардың функционалдық сауаттылық деңгейінің бейнесі ретінде. Портфолионы толтыру кезеңдері: ұйымдастыру жəне жоспарлау, жинақтау, рефлексия. Тиімді портфолио сипаттамасы. Портфолионы бағалау.
Өзін-өзі бағалау. Өзін-өзі бағалау тиімділігінің шарттары. Топтық жұмыстағы өзін-өзі бағалау формасы. Оқушылардың өзара бағалауы. Өзара бағалаудың артықшылықтары. Өзарабағалау техникасы.
Жиынтық бағалау. Жиынтық бағалаудың мақсаты. Бақылау-тексеру жұмыстарының түрлері. Б.Блумтаксономиясы. Оқушылардың оқу жетістіктерін тіркеу.
Критериалды бағалау
Критериалды бағалау сабақ беру, бағалау және оқытудың өзара байланыс принциптері негізінде дайындалған. Оның негізгі принциптеріне төмендегілер жатады: • Бағалау білім жүйесінің міндеттеріне негізделген1 . Бағалау өзіндік мақсат болып саналмайды. Бұл жалпы білім беруді жетілдірудің механизмі болуымен қатар, әр оқушының оқу жетістігін жақсартудағы тиімді практика түрі болып табылады. Білім беру жүйесі міндеттері бағалауды және оны өткізудің жолдарын анықтайды. • Бағалау үдерісі әділ, нақты, сенімді және айқын болып табылады. Бұл бағалау барысында қолданылатын ақпараттардың сенімділігі мен айқындығын қамтамасыз етіп, тапсырмалар мен оларға сәйкес критерийлердің оқушылардың оқу жетістіктеріне жеткендігін бағалайтынын анықтайды. • Бағалау білім беру мазмұнының құрамдас бөлігі болып табылады, бағдарлама мақсаттары мен күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты болып келеді. Ол мақсаттардың айқындығын қамтамасыз ете отыра, бағалау түрлерінің (қалыптастырушы және жиынтық) және бағалау рәсімінің оқу бағдарламасына сәйкестігін анықтайды. • Бағалау қолжетімді, анық және ашық түрде болады. Ол қажетті ақпаратты уақытында беріп отыруға мүмкіндік тудырады, оқушылардың өзін - өзі реттеу тәртібін дамытып, үдеріске қатысушылардың жауапкершілігін арттырады. • Бағалау үздіксіз өткізіледі және оқушының оқу жетістіктерін анықтауға, жеке даму траекториясын жасауға мүмкіндіктер тудырады. • Бағалау мектептің, мектеп ұжымының және оқушылардың даму бағытын айқындау жолындағы басты фактор болып табылады. Осы үдеріске қатысушылардың өз міндеттерін атқарудағы құзіреттілігін арттыруға мүмкіндік тудырады. Оқу жылы көлемінде оқытудағы үлгерім мен ілгерілеу туралы мағлұматтар жинақтау бағалаудың екі түрі арқылы іске асырылады. Олар: қалыптастырушы және жиынтық (бөлім/ ортақ тақырыптар бойынша өткізілетін бағалау, тоқсандық жиынтық бағалау, орта білім деңгейі бойынша) бағалау болып табылады.

  1. 1 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 бабына сәйкес, 27 шілде 2007 жыл, №319 –

  2. 5 Қалыптастырушы бағалау барлық тоқсанда күнделікті сабақ беру барысында жүйелі жүргізіледі және сабақтың бөлінбейтін бөлігі болып табылады. Қалыптастырушы бағалау үнемі жүргіліп отырады, балл мен баға қойылмайды, мұғалім мен оқушының арасындағы кері байланыс әрекеті арқылы оқыту үдерісін уақытында түзетіп отыруға, оның өлшемін анықтауға, сабақты ары қарай жоспарлауға ықпал етеді. Жиынтық бағалау мұғалімдер мен оқушыларға белгілі бір оқу кезеңін аяқтағанда (әр бөлім немесе ортақ тақырып бойынша, тоқсан соңында, триместр немесе оқу жылының соңында) оқушыға балл және баға қою арқылы оқу нәтижесінің ілгерілеуі туралы ақпарат беру үшін өткізіледі. Қалыптастырушы және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша өткізіледі. Дегенмен, бағалау жолдары оның мазмұны мен түріне сай әртүрлі болады. Жиынтық бағалауды өткізу жолдарының толық нұсқалары әр пән және сыныптарда жиынтық бағалауды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулықтарда берілген. Мұғалімдер қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін оқушыларға кері байланыс беріп, ата-аналарға оқыту үдерісі туралы ақпарат беру үшін қолданады. Бағалаудың балық түрлері оқу бағдарламасының мазмұнына негізделіп жасалған.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет