БАҒдарламасы астана 2016 2 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ»



жүктеу 0.85 Mb.
Pdf просмотр
бет2/11
Дата28.12.2016
өлшемі0.85 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 
 

11 
 
Көркем әдебиет 
Сабақтың  негізгі  міндеті  шығармаларды  тыңдау,  мазмұны  бойынша 
түсінікті  ертегілер,  әңгімелер,  өлеңдер,  тақпақтарды  түсіну  үшін  жағдайлар 
жасау болып табылады. 
Шығарма  кейіпкерлеріне  деген  жанашырлық  дағдыларын  тәрбиелеу, 
халықтық  шығармалар,  тақпақтар,  өлеңдердің  ырғағы  мен  әуенділігіне 
эмоциялы түрде жауап беру. 
1 жастан 1 жас 6 айға дейін  
Қысқа  мазмұнды  қарапайым  тақпақ,  ертегі,  әңгімелерді  сурет,  ойыншық, 
түрлі  әрекеттер  және  аудио-бейнематериалдар  арқылы  тыңдау  мәдениетіне 
және оларды түсіну дағдыларына баулу. 
Көркем  мәтінді  тыңдау  және  оның  мазмұнын  белсенді  қабылдау 
дағдыларын дамыту. 
1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін 
 
Мәнерлі сөйлеудегі: көркем шығарманың мазмұнына қатысты айтылатын 
сұраулы,  бұйрықты,  лепті  интонацияларды  түсінуін  дамытуды  жалғастыру. 
Мәтінді қайталап оқу, көрсету арқылы  сөздерді айта білуге үйрету.  
 
Балаларға    ойын    әрекеттерін,  оқу,  айтып  беру,  көрсету  барысында  мәтінге 
сәйкес  таныс  әуендерді  орындай білуге, халық  шығармаларының, тақпақтар мен 
әндердің ырғақтығы мен әуезділігіне назар аударуға баулу. 
 
Екі жастың соңына қарай адамдар мен жануарлардың қылықтары бейнеленген 
шағын  әңгімелерді,  ертегілерді,  өлеңдерді  тыңдауға  және  эмоционалды  көңіл-
күйлерін  білдіруге,    балалардың  түсінуіне  жеңіл  табиғат  құбылыстары:  қар, 
жаңбыр, жел, шалшық атауға үйрету. 
 
Оқу,  айтып  беру  және  көрсету  барысында  балаларды  шығарма 
кейіпкерлеріне  жанашырлық  білдіруді,  ойларын  айтуға  баулу.  Кітаптардағы  
суреттерді  қарастыруға үйретеді. 
Балалардың  тіл  мәнерлігін  түсінулері,  мәтіннің  сөздерін  айта  білу 
дағдылары жалғастырылады. 
  
Балалар  ойын  әрекеттеріне  қатысады,  халық  шығармаларының, 
тақпақтардың, әндердің музыкасы мен ырғағына көңіл күйін білдіреді, адамдар 
мен жануарлардың әрекеттерін, табиғат құбылыстарын сипаттауға үйренеді.  
 
Шығарма кейіпкерлеріне жанашырлық сезімдерін білдіру, көмек көрсету 
сезімдері қалыптасады. 
Балалар кітаптардағы суреттерді қарастыруға үйренеді. 
Күтілетін нәтижелер:   

өзінің  есімін,  жақын  адамдарының  есімдерін,  киімнің,  жиһаздың, 
ыдыстардың, кейбір қозғалыс құралдарын біледі;  

бөлмедегі және одан тыс заттардың(бақшада, аулада, көшеде) атауларын 
біледі; 

кейбір жануарлар мен олардың қимылдарын біледі;  

заттардың белгілерін, жай-күйлерін, орналасқан орындарын атайды; 

жасы мен жынысына сәйкес айналасындағы адамдарды, уақыттық және 
сандық қатынастардың атауларын атайды; 

жай сөздерді қолданып және оларды түсіндіреді;  

12 
 

өзінің (қол, аяқ, бас, ауыз, көз, құлақ) және ойыншық-жануарлардың дене 
мүшелерін ажырата алады; 
-
дыбыстық еліктеуіш сөздерді  жалпы аталуымен ауыстырады (аб-аб-ит); 

құрылымы  мен  мазмұны  бойынша  қарапайым  тіркестерді  тәрбиешінің  
ойыншықтарды, өзінің қимылдарын көрсетуін түсінеді;  

жай сөйлеммен айтылған өтініштерді түсінеді және орындайды; 
- 1–
3 қимылдардан тұратын, қуыршақпен күрделі емес шағын сахналауды 
түсінеді;  

кейбір  есімдіктерді  (мен,  біз,  сен,  маған),  үстеулерді  (онда,  сонда);  сын 
есімдерді (үлкен, кіші, жақсы, жаман, дәмді) қолданады;  

таныс заттар туралы сұрақтарға бір сөзбен немесе сөз тіркесімен жауап 
береді; 

сөзбен  немесе  қысқа  сөз  тіркесімен  өз  өтінішін  білдіреді,  тапсырманы 
мұқият тыңдайды және оны басқа адамға айтады;   

дауысты  дыбыстарды  анық  және  таныс  артикуляциялық  қатынастағы 
дауыссыз дыбыстарды анық айтады;  

сәйкес суреттерді, ойыншықтарды, іс-әрекеттерді көрсету арқылы шағын, 
қарапайым әңгімелерді, өлеңдерді, тақпақтарды тыңдайды, түсінеді;  

көркем мәтінді тыңдайды және оны эмоциямен қабылдайды; 

шығарма кейіпкерлеріне жанашырлық танытады. 
 
   
«Таным» білім беру саласы 
«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны:  

қоршаған ортамен таныстыру; 

сенсорлық  дамыту  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеттерінде  іске 
асырылады. 
Аталған білім беру саласын ұйымдастыруда  баланың  қоршаған  ортаны 
бағдарлауы  кеңейтіледі  және  байытылады,  сезімдік  тәжірибесі  қалыптасады, 
түйсіктері және  қабылдаулары  жетілдіріледі.  
Мақсаты:  адамдардың  өмірі,  табиғат  құбылыстары  жайлы  ұғымдарын, 
танымдық қабілеттерін қалыптастыру үшін  жағдайды қамтамасыз ету. 
Тіршілік иелеріне жағымды қарым-қатынасын тәрбиелеу. 
Көрнекі-қимылдық ойлауды, есті, қиялды, зейінді, қабылдауды дамыту; 
қоршаған  әлем  туралы  түсініктер  мен  сенсорлық  қабілеттерін 
қалыптастыру; 
 
Қоршаған ортамен таныстыру 
1 жастан 1 жас 6 айға дейін  
Аталған жастағы балаларда қарапайым ұғымдар қалыптасады: 

өзі, өзінің есімі туралы

өзінің іс-әрекеттері жайлы (қолын жуады, тамақтанады, ойнайды, киінеді, 
шомылады және т.б.); 

тілектері туралы (қыдырады,ойнайды, тамақтанады және т.б.); 

жақын адамдары, отбасы мүшелері туралы (ана,әке, әже, ата); 

13 
 

маңайындағы  қоршаған  заттар  жайлы  -ойыншықтар,  тұрмыс  заттары, 
тағам, жеке заттары. 
Балалар заттарды, олардың белгілерін, қарапайым әрекеттерді білуді, сөздік 
қорларын толықтырып, заттарды белгілейтін, еңбек құралдарын, жануарларды, 
кейбір еңбек әрекеттерін тануды жалғастырады. 
Балалар аквариумдағы балықтарды, жемсауытқа ұшып келетін құстарды, үй 
құстары  мен  жануарларды  (ит,  мысық,  қоян,  тотықұс)  бақылауды  үйренеді, 
шөп, гүлдерді, ағаштарды ажыратып және оларға қамқорлық танытады. 
Өсімдіктер мен жануарларға деген қызығушығы дамиды, оларға қамқорлық 
жасауға тәрбиелелейді. 
1 жас 6 айдан - 2 жасқа дейін 
Аталған  жастағы  балаларда  қоғам  өміріндегі  кейбір  нақты  жағдаяттар 
жайлы қарапайым ұғымдар қалыптасады. 
Балалар үйренеді: 
-
қоршаған  ортадағы    және  суретте  берілген  заттарды,  көлік  түрлерін,үй 
жануарларын танып,  олардың дауыстарына еліктеуді; 
-
жануарлардың ерекшеліктерін, іс-қимылдарын,белгілерін ажыратады және 
атайды; 

табиғат құбылыстарын бақылап, оларды атайды; 
-
гүлдеп тұрған бөлме өсімдіктерінің әсемдігіне көңіл бөледі; 
-
кейбір  көкөністер  мен  жемістер  жайлы  біліп,  оларды  суреттерде  және 
шынайы тани біледі; 
-
су мен құмның қасиеттерін біледі. 
Режимдік  сәттер  барысында  танымдық  қабілеттерін  қалыптастыру  үшін 
қоршаған  ортамен  таныстыруды  қамтамасыз  етуде,    түрлі  заттардың 
қасиеттерімен,  пішіндерімен,  түстерімен  танысу  мақсатында  ойындар 
ұйымдастырылады. 
Күтілетін нәтижелер: 

өзі жайлы: өзінің есімі туралы,сыртқы келбеті,өзінің әрекеттері, тілектері, 
жақындары мен отбасы мүшелері туралы біледі; 

кейбір құстарды шынайы тұрғыда, суреттерден, ойыншықтардан таниды 
және атайды, олардың дауыстарына еліктейді; 

қоршаған ортадағы және суреттегі заттарды таниды; 

адамның кейбір еңбек әрекеттерін дұрыс атайды; 

шөп, гүлдерді, ағаштарды ажыратады және оларға қамқорлық танытады; 

нақты  түстегі  гүлді  табады,ересектің  көмегімен  гүлді,  ағашты,  шөпті 
көрсетеді; 

кейбір  көкөністер  мен  жемістер  жайлы  біледі,  оларды  суреттерде  және 
шынайы таниды; 

табиғат құбылыстарын атайды; 

су мен құмның қасиеттері жайлы ұғымдарға  ие. 
 
Сенсорлық дамыту 
Бұл  жастағы  балаларда  сенсорлық  орта  қалыптасады,  зейіні,  қабылдауы, 
ойлауы, затқа ие болуы, түсті, пішінді және көлемді қабылдауы дамиды. 

14 
 
1 жастан 1 жас 6 айға дейін  
Балаларда  затты  лентасынан,  бауынан,  ауа  шарын,  ойыншық  машинаны, 
арбаны  жібінен  тарту,  жібінен  тарта  отырып,  дыбысын  шығару  қабілеттері 
қалыптасады.  
Орындауды үйренеді: 

бір-бірімен  байланысты  тура  және  кері  әрекеттерді  орындау:  жаю, 
жинастыру, алу, салу, шарларды қорапқа, шелекке ауыстырып салуды; 

заттарды өлшемі немесе пішіні бойынша сәйкес ұяларға орналастыра отырып, 
салыстыруға арналған тапсырмаларды орындауды;  
-
түрлі түсті қақпақтарды жаю, жинастыру, бір затты іші қуыс заттың ішіне 
салу,  іші  қуыс  бірдей  заттарды  мөлшері  үлкен  заттармен  үстінен  жабу,  2–3 
сақинадан тұратын конустық тіреуіші (өзекшесі) бар пирамидаға ересектердің 
көмегімен  түрлі  өлшемдегі,  кейіннен  бір  өлшемді  бірнеше  сақинаны,  түрлі 
өлшемді екі топтағы сақиналарды белгілі бірізділікпен жинастыруды; 

қызыл, сары, жасыл, көк, ақ және қара түспен боялған: біртекті заттарды 
тануды және жұмыс жасауды; 

түрлі  материалдардан  жасалған  заттардың  шығаратын  дыбыстарын, 
сонымен бірге музыкалық тембрлердің дыбыстарын ажыратуды үйренеді. 
1 жас 6 айдан - 2 жасқа дейін 
Аталған жастағы балаларда мынадай қабілеттер қалыптасады: 

заттар-құралдарды қолдану, олармен әрекет ету, пішінді, көлемді, түсті, 
дыбысты ажырата білу; 

неғұрлым  күрделі  заттармен  -  сақинасы,  аулағышы,  қарпығышы  бар 
таяқшамен ойыншықтар мен шарларды алу, орындарын ауыстыра білу; 

кішігірім  қазықтарды  ылғал  құмға  және  тесіктері  бар  арнайы  үстелге 
балғамен қағып кіргізе білу; 

заттарды өлшеміне қарай таңдай білу және ажырата білу; 
-
түсі және өлшемі бойынша іріктей отырып,конус және тік негізде бірнеше 
сақиналардан  жинай  білу,  2-3  сақинадан  тұратын  пирамиданы  саны  мен 
өлшеміне байланысты жинастыра білу; 

ортақ  белгісі  бойынша  пішіндері,  түсі  бойынша  ерекшеленетін  біртекті 
заттарды топтастыра білу. 
Дамыту үшін: 

ұсақ  қол  моторикасын  дамыту  үшін  заттармен  нәзік  қимылдар  жасау. 
Дидактикалық  ойындарда  және  күнделікті  тұрмыста  балалардың 
сенсомоторлық көз бен қолының үйлесімділігін қалыптастыру; 

естуді дамыту үшін түрлі дыбыс шығаратын заттармен (қоңырау, аспалы 
металл  таяқшалар,  шиқылдайтын  ойыншықтар,  музыкалық  ойыншықтар) 
таныстыру және олармен ойнату; 

қабылдауды  дамыту  үшін  тұрмыстық  заттар,  дидактикалық  және  ұлттық 
ойыншықтарды қолдана отырып, бір мезгілде екі қасиеттің түс пен өлшем, пішін 
мен өлшем, пішін мен түсті ажырату, негізгі төрт түсті (қызыл, көк, сары, жасыл) 
ажырату, 4 түрлі түсті реңкті: қызыл - қызылғылт сары, сары-қызылғылт сары; көк- 
күлгін, сары - ақ үйлесімділігін таңдау; 

15 
 

логиканы  дамыту  үшін  пішіні,  түсі,  көлемі  бойынша  бір-біріне  ұқсас 
заттарды сәйкестендіру және топтастыру.  
Күтілетін нәтижелер:  

ересектердің көмегімен қарапайым құрылыстар жасайды; 

іс-әрекет орындауға болатын қарапайым заттар- құралдарды қолданады; 

еңбек құралдарын бейнелейтін заттар-құралдармен және ойыншықтармен 
іс-әрекет жасайды; 

екіорындық, үшорындық дидактикалық ойыншықтарды жинастырады; 

2–
3топты  қарама-қарсы  өлшемдегі  cақиналарды  пирамидаға 
жинастырады; ересектердің көмегімен 4–5 және одан да артық түрлі өлшемдегі 
cақиналарды пирамидаға жинастырады; 

біртекті  заттарды ортақ белгісі (өлшемі, пішіні) бойынша топтастырады; 

заттармен кейбір іс-әрекеттерді шеберлікпен орындайды, 2-ден, кейіннен 3 
бөлшектен іріктеуде сәйкес қосымша-бөлшектерді таңдайды; 

ұқсас  пішінді қораптарға қақпақтар таңдайды;  

түсі мен өлшемінен тыс таныс заттарды танып, көрсетеді; 

негізгі  төрт  түсті  ажыратады  (қызыл,  көк,  сары,  жасыл),  тәрбиешінің 
ұсынысымен бір түсті заттарды таңдайды; 

екі түсті  атай біледі; 

4 түсті реңктердің қызыл- қызғылт сары, сары –қызғылт сары, көк-күлгін, 
сары - ақ үйлесімінде түрлі заттарды сәйкестендіре біледі 

ересектердің  нұсқауларын  түсінеді  және  айналасындағы  кеңістіктен 
заттарды таба алады;  
   - 
әртүрлі пішіндегі (тесіктерге) ойықтарға  сәйкес заттарды салуды біледі.  
 
«Шығармашылық» білім беру саласы 
«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны: 

сурет салу; 

мүсіндеу; 

музыка ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде жүзеге асырылады.  
Мақсаты:  Балалардың  танымдық,  шығармашылық,  музыкалық 
қабілеттерін дамыту. Өнерге шығармашылық қатынасын тәрбиелеу. Көрнекі-
қимылдық ойлауды, есті, қиялды, зейінді қабылдауды дамыту.                   
Қоршаған  орта  туралы  түсініктерін  және  сенсорлық  қабілеттерін 
қалыптастыру.  
 
Сурет салу 
Сурет салуда  қолданылатын құралдар және материалдар, бейнелеу өнері 
жайлы ұғымдары қалыптасады.  
1 жастан 1 жас 6 айға дейін 
Сурет салу барысына балалардың зейіндерін  тәрбиелеу.  
Балаларды үйрету; 
   - 
бояулардың  ашық түстерін эмоциялы қабылдауларын; 
   - 
қарындаштармен, фломастерлермен  сурет салуды; 
   - 
қағаз бетін ашық түсті дақтармен, жақпалармен толтыруды; 

16 
 
   - 
бояу  жағылған  қағазды алақанмен басуды. 
 
1 жас 6 айдан - 2 жасқа дейін 
 
Балаларды  қарындашпен,  фломастермен  жұмыс  жасауға,  сызықтар 
жүргізуге үйретуді жалғастыру. 
Күтілетін нәтижелер: 

қағаз бетіндегі қарындаштың немесе фломастердің іздерін байқайды; 
- 
бояулардың  ашық түстеріне  эмоционалды жауап береді

қарындаштармен, фломастерлермен  сурет салуға ниет білдіреді; 

қағаз бетін ырғақты түрде ашық түсті дақтармен, жақпалармен толтырады; 
қағазды ұқыптылықпен алақанымен басады; 
 -
бояулардың ашық түстеріне назар аударады, оларға таң қалады, қуанады.    
 
Мүсіндеу 
Бұл жастағы балалар сазбалшықпен, оның қасиеттерімен танысады. 
Үйренеді: 

сазбалшықты алақанына салуды; 

алақан арасында домалатып, «шарлар» жасауды; 

жалпақ, дөңгелек пішіндерді мүсіндеуді. 
 
Күтілетін нәтижелер: 

сазбалшықты  алақанына  салып,  алақан  арасында  домалатып,  «шарлар» 
жасайды;  

жалпақ  дөңгелек  пішіндерді мүсіндейді. 
 
Музыка 
Аталған  жастағы  балалардың  музыканы  қабылдау,  музыкаға,  ән  салуға, 
музыкалық-ырғақтық қимылдарға қызығушылықтарын қолдау және дамыту.  
1 жастан 1 жас 6 айға дейін 
Балалар үйренеді: 

мазмұны  бойынша  жақын  әндерді  тыңдауды,  олардың  көңіл-күйіне 
эмоционалды үн қатуды, оларды сәйкесінше қимылдармен көрсетуді; 

фортепианода  3–4  минуттық  үзілістермен,  20–40  секунд  үздіксіз 
орындалатын,  сондай-ақ  балалар  музыкалық  аспаптарда  орындалатын 
әуендерді тыңдауды;  

дыбысқа еліктеулерді қайталау, әндегі жекелеген сөздерді айтуды;  

ересектердің  созылыңқы  айтқан  екпіндерге  еліктеу,  тіркестердің  соңын 
қосылып айтуды; 

әндегі қайталанып айтылатын интонацияларды әндетіп айтуды; 

педагогтың айтқан әнімен жүруді; 

қарапайым  бейнелі  қимылдарды  көрсету,  музыкамен  сылдырмақты 
сылдырлатуды, бубенді соғуды; 

сюжетті ойыншықтардың музыкалық-қимылдық көрсетілімдерін көруді; 

ересектердің көрсетуі бойынша қарапайым би қимылдарын орындау, әннің 
сөзі мен музыка сипаты бойынша, көрсетусіз қимылдарды елестетуді; 

17 
 

сүйемелдейтін әннің сөздеріне байланысты екі қимылдың ауысуын есте 
сақтау, осы қимылдарды алдымен ересектің көрсетуімен, кейіннен әннің сөзі 
бойынша орындауды үйренеді. 
1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін 
Балаларға үйрету жалғастырылады: 
- 
әннің әуені мен сөздерін тыңдау және оларды тану (әуенді тыңдау ұзақтығы 
жылдың басында 15–20 сек., ал жылдың соңына 40–45 сек. құрайды); 

музыкалық  шығармаға,  көңілді  және  байыпты  сипаттағы  әндер  және 
пьесаларға эмоционалды үн қату; 

музыканы зейін қойып  тыңдау  және  музыкалық дыбысталуды  ажырата  білу;  

түрлі музыкалық аспаптарда орындалған халықтық әуендерді тыңдау; 

ересектердің  орындауында  ән  тыңдау  және  одан  соң  қайталау, 
ересектермен қосылып айту; 

музыкамен жүру, жүгіру, ересектердің  салған  әніне  жалаушамен жүру, 
дабыл соғу; 

жоғары және төмен дыбыстарды тыңдап, ойын әрекеттерін орындау; 

ересектің көрсетуімен би қимылдарын орындау;  

музыкалық-қимылдық    көрсетілімдердегі  жекелеген  әрекеттерді  дербес 
ойында қолдану, оларды сөздермен және дыбыстық еліктеулермен сүйемелдеу;  

заттармен қарапайым қимылдарды орындау: жалаушаны жоғары көтеру, 
бұлғау, сылдырмақты сылдырлату; 

музыка  сипатының ауысуын түсіну. 
Күтілетін нәтижелер: 

ересектердің  әндетуімен  жүруді біледі; 

ересектердің  орындаған  әндерді  тыңдауды  және  одан  соң  қайталауды, 
ересектермен қосылып айтуды, әнді орындағанда интонацияларын қайталауды 
біледі; 

ойын  әрекеттерін орындауды біледі

би әуендерінің көңілді сипатын күрделі емес қимылдармен: аяқтан аяққа 
ауысу,  өкшелерін  соғу,  қолдың  буынын  айналдыру,  орнында  айналу, 
музыкамен сылдырмақты соғу арқылы бере біледі; 
-
ересектерге еліктеп, музыканың баяу және қатты дыбысталуын шапалақтап 
белгілеуді біледі;  
-
қарапайым бейнелі қимылдарды орындайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

18 
 
ІІІ. БІРІНШІ КІШІ ТОП
 
     
(2 жастан 3 жасқа дейін) 
 
«Денсаулық» білім беру саласы» 
«Денсаулық»  білім  беру  саласының  базалық  мазмұны  денешынықтыру 
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асырылады.  
Мақсаты: балалардың денсаулығын нығайту және сақтау; дене дағдылары 
мен  негізгі  қимыл  түрлерін  қалыптастыру.  Негізгі  қимыл  түрлерін:  жүру, 
жүгіру, өрмелеу, лақтыру, секіру, тепе-теңдікті сақтауды  жетілдіру. 
Жалпы  дамытушы  жаттығуларды,  қимылды  ойындарды,  шынықтыру 
шараларын қолданып, балалардың денсаулығын нығайту; 
Салауатты өмір салты туралы алғашқы түсініктерді қалыптастыру.  
 
Дене шынықтыру 
Қол, кеуде, аяққа арналған жалпы дамытушы жаттығулар. Ересектердің 
көрсетуі  және  ауызша  нұсқау  бойынша  дене  жаттығуларын  орындау, 
гимнастикалық атрибуттарды қолдануға үйрету.  
Негізгі қимылдар: бір уақытта үштен аспайтын негізгі қимылдарды орындау 
ұсынылады. 
Жүру  және  жүгіру:  шағын  топқа  бөлініп  және  бүкіл  топпен,  жұптасып, 
шеңбер  бойымен,  қол  ұстасып,  қарқынды  өзгерте  отырып,  жүгірумен 
алмастырып  және  керісінше  (тәрбиешінің  соңынан),  бағытты  өзгертіп, 
шашырап, заттарды айналып өтіп, алға қарай қырындап жүру. Аяқтың ұшымен 
жүру. Арқаннан, қырлы бөренеден, текшеден аттап жүру. 
Доғадан, орындық, жол бойымен нысанаға дейін төрттағандап еңбектеу.  
Ауданы 50 х 50 см, биіктігі 10 см мінбеге, саты-баспалдаққа, гимнастикалық 
қабырғаға өрмелеу
50-
60  см  арақашықтыққа  екі  қолмен  бастан  асыра  және  кеуде  тұсынан 
доптарды лақтыру (диаметрі 10–15 см). Тәрбиеші лақтырған допты қағып алу. 
Кішкентай  доптарды,  қапшықтарды  50  см  арақашықтықта  орналасқан 
нысанаға дәлдеп лақтыру. 
Бір орында және алға жылжи отырып қос аяқтап секіру
Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру
Мәдени-гигиеналық ережелерді қолдану мен білімдерін бекіту. 
Өздігінен қимыл әрекетін қамтамасыз ету. 
Балалардың  өз  бетінше  ойындарында  қозғалыс  белсенділігін  реттеуге 
мүмкіндік беретін жағдайларды жасау.  
Салауатты өмір салты және сауықтыру-шынықтыру шаралары дағдыларына 
баулу. 
Балаларды шынықтыру серуен кезінде ультракүлгін сәуленің әсерінен ауа, 
су шараларынаң үйлесімділігімен қамтамасыз етіледі. Жергілікті және жалпы 
шаралар қолданылады. 
Балалар  жылдың  салқын  мезгілінде,  ауа  температурасы  15°С  төмен  емес 
болғанда, 4–5 қабат киіммен далаға шығып, серуендей алады. 

19 
 
Ауа ваннасы бала күніне бірнеше рет киінгенде жүргізіледі, ұзақтығы 2–3 
минуттан 6–10 минутқа дейін артады.  
Сумен шынықтыруда бала ұсақ тастары бар ваннада жүреді.                   
Су температурасы +35°С, +34°С-тан +23°С, +22°С-қа дейін әр үш күн сайын        
2  градусқа  төмендетіліп  отырады.  Басқа  күнделікті  шараларда  су 
температурасы +30°С градустан +18°С, +16°С-қа дейін біртіндеп төмендейді. 
Дербес қимыл белсенділігі 
Ересектердің  көрсетуі  бойынша  кейбір  қимылдарды  орындайды,  қимыл 
белсенділігіне  жағымды  эмоциялық  қарым-қатынас  білдіреді,  бұрын  игерген 
қимылдарды өздігінен орындай алады. 
Күтілетін нәтижелер: 

ересектердің ауызша айтуы немесе көрсетуімен сәйкес дене жаттығуларын 
орындайды, гимнастикалық атрибуттарды қолданады; 

жүгіру, өрмелеу және секірудің алғашқы дағдыларына ие; 

топқа бөлініп және бүкіл топпен жұптасып, шеңбер бойымен, қол ұстасып, 
қарқынды өзгерте отырып жүгіреді және жүреді; 

аяқтың ұшымен, арқаннан, қырлы бөренеден, кубиктен аттап жүреді; 

доғадан, орындықпен, жолмен нысанаға дейін төрттағандап еңбектейді; 

гимнастикалық қабырғаға өрмелейді; 

допты екі қолымен ұстап қашықтыққа лақтырады; 

бір орында және алға жылжи отырып қос аяқтап секіреді; 

жеке бас гигиенасының алғашқы дағдыларына ие; 

қолды дұрыс жуады; 

өздігінен ұқыпты тамақтанады, қасық, кесе, майлықты дұрыс және орынды 
қолданады; 

ересектердің  көмегімен  киімінің  сыдырма  ілгегін  салады,  киіну  және 
шешіну,  түймесін ағыту, түймелеу дағдыларын игерген; 

шынықтыру шараларын өткізу кезінде жағымды көңіл-күй танытады және 
қауіпті жағдайда сақтық танытады. 
 
«Қатынас» білім беру саласы 
«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны:  
-
 
тіл дамыту; 
-
 
көркем әдебиет ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде жүзеге асырылады. 
Мақсаты:  тілдің  грамматикалық  құрылымын,  дыбыстық  мәдениетті, 
байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру, сөздік қорды байыту және балаларда 
тілдік  қатысу  дағдыларын,  көркем  шығармалар  мен  халық    ауыз  әдебиетіне 
қызығушылығын дамыту. 
Баланың  өз  айналасындағы  адамдарды  көрнекіліксіз  түсіну  қабілеттілігін 
дамыту, пассивті сөздік қорын байыту. 
Балалардың түрлі  әрекеттегі  ауызша  және  байланыстыра  сөйлеуін (диалогтық 
және монологтық формада) қалыптастыру. 
Көркем шығармаларға, көркем сөзге қызығушылықты тәрбиелеу. 
 
 
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет