Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014



жүктеу 1.07 Mb.
Pdf просмотр
бет10/11
Дата15.03.2017
өлшемі1.07 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Жалғыз қарағай
...Ассалаумағалейкум, Жалғыз ағаш,
Сып-сидам болып қапсың жап-жалаңаш.
Басыңда бақ-дәулетің тұрған кезде
Саяңа келуші еді тамам Алаш.
Әсет
Ұраны – Қаракесек,
Қарашордан,
Бұл күнде Қарашордың баласы орман.
Әсеттің әндеріндей арындаған,
Кезі жоқ ұрпағының аласарған.
Жапырағы қолын созып шыңға қарай,
Сауады саумал самал нұрдан арай.
Жапанға сән береді жалғыз ағаш,
Мақамға ән береді бұл қарағай.

311
Ақиқат айта алмасаң –
жалған жаман,
Ілеспей керуенге қалған жаман.
Алағай­бұлағайда ақын өтті –
Қарағай басын шортан шалған заман.
Жапанда жалғыз ағаш...
жырдың елі,
Қалайша кірпігіңді ілдіреді?!
Басына барша қазақ бір жиылса
Орман боп кетер ме еді, 
кім біледі?..
– Әсет! – деп әнге салса шартарабы,
Айым да аспандағы шалқалады.
Жапанда жалғыз өскен қарағайдың
Тамыры тереңдерге тартады әлі.
Біз осы ұлы ма едік,
ірі ме едік,
Жанымның кетсем деп ем жырын өріп.
Жапанда жалғыз өскен қарағайдың,
Байқасам, діңгегінің діңі берік.
Астында оба тастың жоқтар әнім,
Ойымды, ойхой, дәурен,
ноқталадым.
Жапанда жалғыз өскен сол қарағай –
Қазақпен тағдырлас па деп қаламын.
Болыңдар, айналайын, бәрің аман,
Самғасын сары белден саңылақ­ән.
Әсеттің әуенінен қанат байлап –
Ақшамы Ақтоғайдың жамыраған:
«...Әсеттей сал, ән салсаң, аңыратып,
Орман-тоғай, өзенді жамыратып!
Еркем, сені сағындым!

312
Арқыратып, ағызып ән нөсерін
Толқынымен жүректі жадыратып.
Сағынбасқа не шара?»
...Маңайы толған әуен,
толған арай,
Тұрмайды ол жол үстінде жол қарамай.
Әсеттің әні болып,
жаны болып –
Күтеді бар қазақты сол қарағай.
Ақынның ары болған асыл әні,
Жапырағы сол ағаштың жасыл әлі.
Іленің толқынына күнде ілесіп
Бір толқын Балқаш көлге асығады... 

313
КИІКҚАШҚАН
(Поэма)
...Көздері мөлдіреген ақбөкенді 
Адамның баласынан кем көрмедім. 
Сәкен
Сары дала, 
сағым дала – жерім өскен
Ұлым деп шығармассың мені де естен. 
Ақбөкен – сахараның ботакөзі – 
Жолымды әрі кескен, 
бері кескен. 
Жондары, 
тақиядай төбелері, 
жусаны, 
көкпегі мен көделері. 
Жанының жарқылы мен жарығындай –
Бетпақта байғұс бөкен көп өреді. 
Арайды қимай батқан іңірлерім, 
Көргенмін... 
көз алдымда бүгін менің. 
Сап­сары сахараның теңізінде 
Қып­қызыл толқындардың жүгіргенін. 
Лағы өрген құралайдың 
лағыл өрген, 
Сәуірді сәтті күннің сәні көргем. 
Сарғайып атқан күн де қызығатын – 
Толқындар толқығанда сары белден. 

314
Сол толқын сахараның сәні ме еді, 
Арай да арай таңның Ары ма еді? 
Толқындар толқып қашқан сағым еді, 
Қазақтың сағым қуған қалың елі – 
Арқаның Абылай аспас сары белі, 
Бауырым, басымдағы бағым еді. 
Сары бел, 
айналайын сағымды бел, 
Жанарың жаутаңдаса жаным жүдер. 
Кеудеме намыс отын жағып жібер,
Жүдесем жігерімді жанып жібер, 
Сары бел, айналайын сағымды бел.
Болады бауыр бүтін 
Бас аманда. 
– Жақсылық бер! – дейміз де жасағанға. 
Қызыл толқын ұқсайды сағымдарға – 
Сағым­уақыт ұқсайды қашағанға... 
Қашаған күн, көзімнен тасаланба! 
Беткейден талып жеткен 
солқыл 
сарын, 
Сауыры сары белдің 
толқын, 
сағым. 
Солқыл­сарын солығын баса алмайды – 
Өзегін өр өлкенің толтырса мұң. 
Көзіне көзсіздердің күйік пе едің... 
Арымның аруанасын иіткенім. 
Қайда екен, 
білесің бе, сүйікті Елім, 
Сап­сары сахараның теңізінде 
Қып­қызыл толқын болған киіктерім? 
Айрылған аққуынан, 
қазынан да, 

315
Қайран ел, 
қасиет бар қазынаңда. 
Жанының желек жайған жазы барда – 
Мені де жатқызарсың назы барға, 
Талатпай сумаң қаққан тазыларға... 
Сары дала, жазық па екен, 
жайлау ма екен?.. 
Көздері көкірегімнің байлаулы екен. 
Ай аман аспанымда, 
қас қағымда 
Арқаның ақбөкені қайда ауды екен?.. 
Сал самал беттен сүйіп майда лебі: 
– Сайымнан сая іздеген сайғақ еді, 
Аң­құстың арасында айманы еді,
Өлкеңіз өзегінен қайғы өреді,
Ақыным, ақбөкендер қайда? – деді... 
Қараған, 
селеу, 
мия шағыл­дағы 
Сұраудан киіктерді жаңылмады. 
Даланың дараланбай дабылды әні
Құдайым бір қызықты тағы ұрлады –
Сарғайып сағыныштан сағымдары... 
Жанымнан жылап аққан жырды жалғап, 
Жүгірді жетім сағым мың бұраңдап. 
Еһ, шіркін, 
өмір деген... 
жел үрлеген –
Дөңгелеп өте шықты жынды қаңбақ. 
Төсінен ұшқан бір кез қыран самғай, 
Құла дүз қайтсін енді сұрау салмай? 
Боз дала бота болып боздағасын – 
Бозторғай бүріседі бір ән салмай. 

316
Көгенкөз тіршіліктің 
көрде есебі, 
Бетпақтың бетпақ жонын шөл деседі. 
Селтиген сексеуілдер серісініп –
Кесірлі кесірткелер жол кеседі. 
Бейопа бұл дүние, 
биікте аспан, 
Сыйсыздар сыймай өтер сый ұқпастан, 
Тірексіз тірлік осы тиіп қашқан. 
Бейітіне бабалардың бәйіт оқып 
Заманның зарын айттым, Киікқашқан. 
Кезігер дауыл да алдан, 
құйын да алдан, 
Мәңгілік бесік болар бұйырған маң, 
Орғырмыз ортекедей биік жардан. 
Тағдырдың тасадағы тасы тисе – 
Бізден де қашады әлі киік­жалған. 
Түн түнек, 
жалқын жарық аймаласқан, 
Күн шықса көкжиектен Ай да адасқан. 
– Адамға табын, Жер! – деп 
айлам асқан. 
Қалқаның бақ мекені бар тұрғанда –
Арқаның ақбөкені қайда қашқан?.. 
Ана­Жер! 
Ардағым ең ең сенімді, 
Ез етті есіл уақыт еңселіңді. 
Шеріңді Ел ұқпай ма, 
Жел ұқпай ма – 
Емізген елік қайда емшегіңді?.. 
Кеше гөр, 
ақ таңдарым, 
күрең кешім, 

317
Гүліңді солып қалған нұр емдесін. 
Баланың жанарынан қан тамады 
Ананың анарынан у емгесін. 
Мұхитқа салған кезде ой кемесін 
Ана­Жер, 
Оятады кейде елесің. 
Самалы Сарыарқаның, сарнап маған:
– Киіктер қайда кетті? – дей бересің... 
 * * *
...Ашпаған еш пендеге бір сыр еді, 
Сол сырды сары даланың білсін елі, 
Ойласам жаным жиі түршігеді. 
Киіктер адамдарша жылайды да –
Киіктер адамдарша күрсінеді. 
Көңілім көктем көрсе гүл өреді, 
Сөзіме Ай ереді, 
Күн ереді, 
Ақбөкен адамдарша түнереді. 
Киіктің көзіндегі жұмбақ жазу –
Бақ пен сор, 
ақ­қараның Ұлы өлеңі...
 * * *
Күдер үзген көшінен, 
Көңіл жасып қаралы. 
Туған жердің төсінен 
Өмір қашып барады. 
Жазираны жанарым 
Биікке асып қарады. 
Жаутаң көзі даланың –
Киік қашып барады. 

318
Асу­асу белдермен 
Әрі қашып барады. 
Асылдардың мен көрген 
Бәрі қашып барады. 
Көз ұшында көлбеңдеп, 
Сағым қашып барады. 
Баян таппай ербеңдеп 
Бағым қашып барады. 
Жал­құйрығы түйілген 
Құлын қашып барады. 
Көңілдегі күйім мен
Жырым қашып барады. 
Зарыма елді ұйыттым, 
Жолдан асып...
жаралы. 
Құралайы киіктің... 
Ол да қашып барады.
 
 * * *
Киікқашқан – 
бұл­дағы бір мұң дастан, 
Жосықсыздар жаулап алған жол үстін. 
Зымырандар ұшып жатыр тынбастан, 
Зымыраны құлап жатыр орыстың. 
Қан түкіріп, 
у жұтпаған күнім кем, 
Жер­Ананың еріндері кезеріп. 
Бәрін көрген... 
бәрінен де түңілген – 
Бетпақдала үндемейді безеріп. 
Алтын асық, атан жілік арысым 
Құлақкесті құлға айналып барады. 

319
Тіршіліктің татыра алмай тарысын
Туған дала тұлға айналып барады. 
Ертеңімді есіркей гөр, 
Елші­күн. 
Көңілімді көлегейлеп қауіп тұр. 
«Протоны» құлап жатыр көршінің –
Гептилдері тажал болып жауып тұр. 
Құла дүзде құлазыған далам­ай, 
Торығады торкөзденген кереге. 
Зығырданым қайнағанға қарамай 
Зымыранын зымырата бере ме? 
Тұнығыма дей алмадым: 
– Лайланба... 
Заманның бұл зауал толған сұрағы. 
...Қарқаралы қара шашын жайғанда –
Жаңаарқада жылқы біткен жылады. 
Күле алмадық... 
Күнге қарап күрсіндік, 
Күйік басқам... 
тұлпарларым, тұлдырсың. 
Жаңғырады жадымдағы бір сұмдық: 
Киікқашқан – 
зар ма, 
күй ме – кім білсін?..
Бетпақдала. Күн идіру
Бала кетті бетіменен, 
Еңірейді жетім өлең. 
Құм көшеді бұл өлкеде 
Сексеуілі сетінеген. 
Көңілімде мұң көшеді, 
Тиер жырдың кімге себі?!. 

320
Үрей, 
үміт... 
үндеседі, 
Күн көшеді, 
жын көшеді, 
Құм көшеді, 
құм көшеді. 
Құм көшеді –
азап қандай?! 
Сағым ауды саз ақтармай. 
Сексеуілсіз қайран дала –
Ақсақалсыз қазақтардай. 
Арпалысып 
арман, қайғы, 
Жалғанар жіп жалғанбайды. 
Жалғанбайды, 
жанды арбайды. 
Кесірткесі кербезденіп, 
Қаңбақтары қалбаңдайды. 
Құм көшінде, 
құм көшінде... 
Құмай­тірлік кім кешуде? 
Тілсіздерді тілдесуге 
Шақырмақ ем; 
Құм жылады 
Ібілісі іргесінде. 
Жанымда жүр жаралы ұғым, 
Кебін киген қаралының – 
Балқашының, 
Аралының.
Сексеуілі сирегесін –
Басынады даланы құм. 
Күн туып тұр 
Күн идірмек, 

321
Құрыса дала – құриды Тек, 
Іркіттерім іриді көк. 
Айдалада аш бөрілер 
Ұлиды кеп, 
Ұлиды кеп... 
Керуенімнің көші мүлде 
Көрінбейді, 
кешігуде. 
Елегізіп есіл үнге, 
Безек қаққан бір күй шалдым 
Бетпақдала бесінінде... 
* * *
Маңып, 
лағып
көші кеткен, 
Киікқашқан – заманақыр. 
Дала жатыр, 
есі кеткен 
Шалажансар бала жатыр. 
Ен даланың еркесімен
Ақын қалай сырласады?
Киік қашса өлкесінен –
Айдынынан су қашады. 
Жерге жасын төгеді аспан
Гептил басқан, 
уран басқан. 
Киік қашқан, 
неге қашқан –
Судан қашқан, 
удан қашқан. 
Ай, заман­ай, 
құлады ма
21­266

322
Алты Алаштың ақтаңгері?
Сыбырлайды құлағыма 
Жеті атамның жатқан жері. 
Атажұрттың 
аспаны – елес, 
Шытырманға шыдап көрді. 
Киікқашқан – дастан емес... 
Киікқашқан – сұрақ белгі. 
???

323
ҚАРА АЙҒЫР
(Баллада)
Тереңімнен тебіреніп сыр тәyip,
Боран жырдың бұрқауын­ай,
бұрқауын!
...Арқа­жарқа зауза жетсе Арқаға,
Жаз жайлауға шығатұғын жылқы ауыл.
Татулықтың қаймағына ел ұйып, 
Тұман­мұңнан қалушы еді сейіліп. 
Шара толы шипа қымыз пейілі, 
Жайлау деген, 
жайлау деген – жерұйық.
Көкейімде жатталған сол шақтар ән,
Жоғалуы мүмкін емес боп тәмам.
Асауларды тізгіндеген жылқышы 
Талай­талай арғымақты баптаған.
Кісілік пе көз жібермеу кешеге, 
Өткені жоқ өрімталдар өсе ме?!
Жаз жайлауда жылқышылар ауылы – 
Алты қанат, ақбоз үйлі көшеде.
Көңілде – күй,
жүректе – әуен,
жыр – алап,
Жылқы ауылда жадыра жаз,
бұла бақ.
Алтын нұрын себездеген ару күн
Киіз үйдің түңлігінен сығалап.

324
Саумал ауа,
салқын сулы кеңістік,
Ой­хой, шіркін, 
біз қонатын өpic құт!
Кезім мeнің көкірегі көктеме,
Сезімдерім ең аяулы, ең ыстық. 
...Тұлпарларды таңдап мінер кермеден,
Жүгені де,
қамшысы да өрмеден,
Әр дыбыстан дүбір іздеп тұратын
Жылқышының баласымын мен деген.
Сары алтындай сағыныштан сыр тұнар,
Сыр тұнар да,
жүрекжарды жыр туар.
Бәйге десе –
барын салар ортаға
Қазекемнің бip ғажайып ғұрпы бар.
Тас тұяқтар дүбірлетер алапты, 
Жақсы хабар жалпақ елге тарапты. 
...Бетпақ жонда бәйге болар алдында 
Жылқышылар жүйріктерін жаратты.
Тұлпар болсаң озып келу – нар мұрат,
Сейістер жүр жастық көрмей жарқұлақ.
Той төбенің арқанына тізілді
Ақалтеке,
қазанат пен арғымақ.
Жетті солай көптің күткен ай­күні, 
Сан жүлдені алып жүрген әйгілі, 
Тықыршиды тұяғымен жер тарпып 
Жылқы ауылдын сүлік қара айғыры.
Кеуде біткен өрекпіді, алқынды,
Ұқтым сонда тойға тоймас халқымды.

325
...Атшабардан хабар келіп,
атбегі
Шабандозды таба алмай қап шарқ ұрды.
Томсырайды,
берілді де күдікке ел,
Қара айғырдың жүлдесінен үміткер.
Бала сынды жүгірісті жан­жаққа
Жолбарыстай­жолбарыстай жігіттер.
Биліктің ап әкем сонда тізгінін, 
Еңсе басқан тыныштықты бұзды бip:
– Ер емес пе,
Жер көтерер жығылса,
Қара айғырға мінсін, – деді, – біздің ұл!
Сенім артты әкем, 
елім шын маған, 
Мен тегінде тұлпар көрсем нұрланам. 
«Жаман ұлы» қосыларда бәйгеге – 
Қуаныштан көзін cүpтіп тұрды анам.
Айтып жатыр ақсақалдар ақылын:
– Атың қызба, байқа, қарғам!
– Ақырын!..
– Ал, айда, шүу!.. –
Дүлдүлдердің дүбірі
Қарақшыға отыз алты шақырым.
Шақырымдар – тақтай жолдың бойы емес, 
Шақырымдар – төрт айналым бойы егес. 
Тақымымды мықтап қысып отырмын 
Көз алдымда көлбең қағып көп елес.
Топтан озсам – келетіндей дүйім бақ,
Бой үйренді, көкейімде – күй, ырғақ.
Ауыздығын қарш­қарш шайнап қара айғыр
Қарыштайды кең далада құйындап.

326
Өкпем қысты,
мен өзімі қайрадым,
Тік көтеріп намысымның байрағын.
Көзін cүpтіп,
қамшы салдым жүйрікке
Алғаш рет
ең ақырғы айналым.
Денем дел­сал,
сықырлайды сүйегім,
Өне бойым от боп жанып­күйемін.
Үшінші боп
сызығынан мәренің
Оқтай зулап өте шықты киелім.
...Бітті бәйге,
Жүлде болды жария,
Қуанышы жұрттың шалқар дария.
Жанкүйер жұрт сонда мені ортаға ап,
Ақ батасын берді ардақты қария.
Мен де отырмын қалған жандай арманда, 
Қайран көңіл үшіншіңе толған ба?! 
Атбегі де деп қояды:
– Eh, шіркін!
Тағы да бip бес шақырым болғанда!..
Бip қария:
– Сап, сап, көңіл, сап! – деді. – 
Ат пен бала еңбегі де ақ, – деді. –
– Үшіншіге ілікпесе қайтер ең?.. 
...Қамшысымен жер шұқыды атбегі.
– Салған шығар, – деді әкешім, – орайын, 
Шешесінің көңілі де толайым. 
Жаман ұлдың тоқымқағар тойына 
Шақырамын біздің үйге, ағайын!..

327
...Ораламын кейде осылай өткенге,
Асық атып,
су жалдаған көктемге.
Шала сезім шірендіріп шау тартып,
Бала кезін ұмытып жүр көп пенде.
Өмір – жарыс! 
Сынаққа сап не түрлі, 
Қара сирақ қатайды да
бекінді.
...Бәйге десе тақымымды қысамын 
Қара айғырмен зулаған күн секілді.
Қамшысы да,
Жүгені де өрмеден,
Тұлпарларды таңдап мінер кермеден,
Әр дыбыстан дүбір іздеп тұратын
Жылқышының баласымын мен деген.
Кейде ашылып,
кейде бұлттай түнердім,
Неге мені қиялшыл ғып жібердің?..
Ер­тұрманды сайлап жүрмін
туар деп
Қара өлеңнің қара айғырын мінер күн...
 1984 

328
БIPГEБАЙДЫҢ ҚЫЗЫЛЫ
(Этнографиялық толғау)
Бозкөлдің бетегелі белі қандай! 
Етегін ен жайлаған елі қандай!
Сарнаған сар даланың сарынымен 
Қобыз боп күңіренген шepi бардай.
Ботасын Бозкөл бүгін түстер ме екен,
Бабалар балдай суын ішкен мекен.
Боз жусан,
бозқараған,
бозкөделі –
Алланың рахман нұры түскен мекен.
Лағындай құралайдың жосып өрген,
Бабалар осы белден
өciп­өнген.
Ен жазық етене боп есіл елмен –
Күндердің керуенімен көші келген.
Жыр болып құйылардай сөзге өрнегі, 
Ғасырлар сан тарихты безбендеді,
Жеткізген асыл аңыз көз көргені.
Алашқа атын жайған сәйгүліктер – 
Бабамның бақ іздеген Бозкөлдегі.
Арқаға арай сыйлап ақ таң енер,
Бауырын бақыт құшып
баққа бөлер.
Жаратып тұрқы бөлек тұлпарларды
Біздің ел – аламанға баптаған ел.

329
Көкке өрлеп көңілінің қазы кеткен, 
Тамылжып тағдырының тамызы өткен.
Қызылы Біргебайдың қызырындай, 
Ауылда ақсақалдар аңыз еткен.
Замана аққан судай тасып өткен,
Жыл өткен,
ғасырдан соң ғасыр өткен.
Соқпақты,
соқтықпалы тайғақтарда –
Батыр мен бағыланның басы кеткен.
...Бұл жалған бipey кеткен,
бipey келіп,
Жұт жеткен жазық жонға жүдеу көpiк.
Ақ боран аш бөрідей ұлығанда
Көк мұзы сары аяздан білеуленіп.
Толғасам төкпе күйдей төкпелетем,
Заман­ай,
қайран заман өткен екен,
Өмipiң ескен желдей өтпелі екен;
Жігіттер үйірімен жылқыны айдап,
Түстікке бағыт алып кеткен екен.
Тағдырдың талшық етіп тұтам әнін, 
Құт жайлап Оңтүстіктің құт алабын.
Жылқысы біздің елдің көкалалы –
Қырқасын қыстап қайтқан Бұқараның.
Уақыттың кейде естілер ызғар әні,
Ызғардан қабақтарға күз қонады.
Бозкөлге бесқонақтың бeciнi аумай
Жеткенмен...
жылқысы кем жүз қаралы.
Көрмеген дабыра мен дауға асығып,
Бұл елдің иманы адал, тәубасы нық.

330
Құны жоқ атасының барымтаға,
Ұрласа ұрлаған да...
жау басынып.
Сәуірде сары белде сағым ойнап, 
Жатқанда...
ұрпағының бағын ойлап. 
Бәйтелі батыр бабам жасақ ертіп
Ақ таңда атқа қонған «А, Құдайлап!»
Аңызды ұрпақтарың жастан білер,
Құпияңды қуған бiлep,
қашқан бiлep.
Арқаның ақ самалы дерек айтар –
Қара жер...
ақша бұлтты аспан білер.
Сөзімді саптап айтсам тыңда тағы, 
Аңыздың астарында шын жатады. 
Қарына құрық ілген қайран ерлер 
Қайыспай ер үстінде түн қатады.
Ол күндер ақ мұнардай алыстағы,
Ұрпақтың жөн болады танысқаны. 
Ерлердің жанарында жарқылдайды 
Егеулі найза болған намыстары.
Артта қап жолдың талай шақырымы,
Алашта заты да ipi,
аты да ipi.
Ілікті Бұқараның байтағына –
Бәйтелі – Сарыарқаның батыр ұлы.
Сейіліп көкейлерін ipкiгeн мұң, 
Жеткендей жоғын тауып бip күлер күн. 
Түстіктің қойнауында жылқы жатыр, 
Иeci – Теке руы түркіменнің.

331
Күн мынау көкжиектен өрген арай,
Байтағы Бұқараның шөл даладай. 
Кұлады екіндінің әлетінде 
Көп жылқы көкалалы көлге қарай.
Жануар кең жазықта құлпырады,
Жапанның жанарына нұр тұнады.
Арабы,
текежаумыт,
ақалтеке,
мәстегі...
Алуан­алуан жылқылары.
Сыйлады сол аңыздан дала дастан, 
Орамды ойларымды ала қашқан. 
Жоқтары осында екен жігіттердің
Қылаңы баранына араласқан.
Бip белең
ұласқанда бip белеңге,
Ел үшін ер кipeдi дүрбелеңге.
Батырдың жылқы ішінен көзі түсті
Тұрқы ерек eкi байтал,
бip дөненге.
Жануар дара туған,
дара мүсін,
Жасақтың кiм түсінсін жан ағысын?
Мәрт бабам үш жылқыға белгі салып
Keтіпті найзасының қадап ұшын.
Бұл да бip арман дүние үмітті ерге,
Tiк қарап түpiк керме
түpiкпенге,
Бәйтелі жария етті өз байламын
Алпауыт,
сай тасындай жігіттерге:

332
– Cepтiм сол,
дау тумасын ел ішіндe.
Aғайын,
келейік бip келісімге.
Қос байтал, бip дөненді қиярсыңдар,
Үйірлі жылқым қалсын өрісіңде.
Сұңғылам су жорғадай нық басады,
Нық басса...
дұшпаннан да кұт қашады.
Жігіттер малтаны езбей
жөнге көшіп,
Байламын Бәйтелінің құптасады.
Бағзыдан сыр көнерді,
жыр көнерді,
Керуен көшіменен бip көгерді.
Бәйтелі жасағымен алып қайтқан
Түстіктен қос байтал мен бip дөненді.
Epiмнің басым шыққан ceci мүлде,
Өзі айтып шешімін де,
кесімін де.
Қызылы Біргебайдың сол тұқымнан
Аңыз боп жеткен екен осы күнге...
* * *
Беу, шапқан бip кезде құйғыды, 
Бозкөлдің жарау тұйғыны. 
Жүгірсе желден озатын 
Жылқының өрен жүйрігі. 
Құдайым сәтін құптаса
Аузымен құс тістеген. 
«Жалғыз қазық жықпаса 
Жылқы озбайтын құспенен». 
Тұла бойы намыстан, 
Ауыздықпен алысқан.

333
«Бәйге бермес ұдайы, 
Ұлытаудың құбайы, 
Қашағанның құдайы, 
Қаратаудың құмайы, 
Қыпшақтың Ақбақайы, 
Қырғыздың Көктопайы, 
Ақшатаудың Аласы, 
Көкшетаудың Құласы...»
Қaйсыбірін айтайын, 
Бәpiмeн де жарысқан, 
Бабамның бақ­қызыры –
Біргебайдың Қызылы!
Беу, ылдиға мойнын созады,
Тұяқтан ұшқан тозаңы.
Аламанда аруақ шақырсаң
Жүйріктен жүйрік озады.
Бір елдің ар мен намысы,
Алашқа жеткен дабысы.
Teгi де бөлек,
шабысы
Біргебайдың Қызылы.
Ақтобық,
Теңбіл,
Шалқасқа,
Нарбасы...
Тағы­тағысы.
Қайсы да бipiн айтайын,
Үш жүздің ас пен тойында,
Қазақтың қыр мен ойында,
Қарқаралы, Ұлытау,
Алатау мен Қаратау,
Ақ Жайық,
Сырдың бойында,
Қиялай шапқан қиянның
өр, 
жазық,

334
беткей,
белеңін,
Бабамның даңқын асырған,
Аңыз боп жеткен ғасырдан,
Жылқыда жүйрік сен едің –
Ақында жүйрік мен едім,
Біргебайдың Қызылы!
* * *
Туған жердің кұшағы өрт,
от – алабы,
Беткейлері,
белдері,
жоталары.
Біргебайдың Қызылы сөз болғанда 
Арқаланар Бозкөлдің Тоқалары.
Көздерінде көктемнің таңы жүзіп,
Көңілінің кемесі әpi жүзіп.
Аруақтанып қалады
арайланып,
Жүйрік десе жадырап қаны қызып.
Шалқарының шалқыса шырағы iзгi,
Құпиясына сендіріп құла дүзді
Қызыл айғыр Бозкөлдің айдынынан
шыққан...
деп те бастайды бip аңызды.
Бауырлар­ай,
Тылсымнан сырды үңгіген,
Кеші айтады ол жайлы қырдың күрең.
...Біргебайдың Қызылы –
ақиқаты –
Шашасына шаң жұқпас дүлдүл кілең.

335
Таудай болса талабың баққа бөлер,
Бабам шамын бұл өнер –
жаққан өнер.
...Жыр бәйгеге мені де қосты бүгін
Біргебайдың Қызылын баптаған ел.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет