Бақылау сұрақтары 1 Робототехниканың даму тарихы



Дата06.01.2022
өлшемі0,97 Mb.
#16031

Бақылау сұрақтары

1

Робототехниканың даму тарихы. 1969 жылы  Жапониядағы Yaskawa Electric Heavy Industries, Ltd атты компания ең алғашқы өндірістік роботты жинап шығарған.

2004-2005 жылдары Жапонияда жылдық өндіріс көлемі 60 мың роботты құрады, соның ішінде жартысына жуығы экспортқа шығарылады. Бұл салада 130−дан астам компания мен фирмалар, соның ішінде ең ірі қаржы – өндірістік холдигктер ( Fanus Ltd, Yaskawa Electric Corp, Fuji Machine MFg Co., Toshiba Machines Co., Okuma Corp, Hitashi Suiki Co. т.с.с.) жұмыс істейді.

Жапондық робот  жасаушылар өздерінің техникасын жаңа салаларда қолдануды үйренуде, әсіресе  әр түрлі қызмет көрсету түрлерінде қолдану мысалы, офистардағы хатшы ретінде, ауруханадағы күтуші ретінде, анықтамаларды беру және үй жұмысын орындау т.б.). Жапондық компаниялар Humanoid Robotic Project (HRP) программасын орындауда, қаржыландыру көлемі $37 млн құрайды. Осы жоба бойынша адам келбетіндегі роботтар жасалуында. Робототехника басқа салаларда өте қарқынды дамуда. 

Қазақстанның  технологиялық дамуы өзіне байланысты болып келеді. Робот жасаушылардың  Қазақстанға қызығуы үшін Қазақстанда жыл сайын 5 мыңнан астам робот сатып алынып және орнатылуы қажет (Ресейде қолданылатын жалпы роботтар санымен салыстырғанда). Сондай–ақ Қазақстан аз көңіл бөлінетін стандартты емес роботтарға сұраныс жасай алады. Мысалы; бұл роботтар автоматтандырылған жай құрылыс кешені бола алады, яғни бұлар адамның қатысуынсыз құрылыс жұмыстарының барлық түрлерін жасай алатын болады.

Роботтарды  жасаудағы мақсат – адамға ауыр, қажытатын, денсаулығына зиян, қызмет түрлерін солардың міндетіне беру болып  табылады.

  Қазақстанға пайдалы қазбалар өндіретін өндірістік роботтар қажет. Тағы бір мәселе ол ластанған және реактивті қалдықпен жұмыс істейтін роботтар қажет.




2. LEGO ЖИНАҚТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ. LEGO MINDSTORMS EV3-ТІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ БӨЛШЕКТЕРІ. МОДУЛЬ. ҮЛКЕН ЖӘНЕ ОРТАША МОТОРЛАР. ОПЕРАТОР БЛОКТАРЫ. ӘРЕКЕТ БЛОКТАРЫ.

LEGO жинақтары STEM (ғылым, техника, құрастыру және математика) оқытуда үздік құралдардың бірі болып табылады.

LEGO Mindstorms — мини құралдардан және электрондық блоктардан тұратын бағдарламаланатын роботтарды құрастыратын конструктор. LEGO компаниясы 1998 жылдан бастап өзінің жұмысын бастап келеді. Ең алғаш робототехниканың негіздерін үйрету мақсатында 2006 жылы бұл зертхананың LEGO Mindstorms RCX 1.0 моделі шықты, кейін 2009 жылы — LEGO Mindstorms NXT 2.0, ал 2013 — LEGO Mindstorms EV3 модельдері нарыққа шықты. Олардың үш түрі бар: 31313 - үй нұсқасы (601 бөлшек), 45544 - негізгі жиынтық (541 бөлшек) және 45560 - ресурстық жинақ (853 бөлшек). EV3 алдыңғы буынның NXT барлық сенсорлары мен қозғалтқыштарын толығымен қолдайды.

LEGO MINDSTORMS Education EV3 бастапқы жинағы 10 мен 21 жас аралығындағы қолданушыларға арналған. Жинақта LEGO Technic сериясымен үйлесімді 500-ден астам бөлшек бар. Жинақ бірнеше топтарға бөлініп шығарылады: кластарға, жеке пайдаланушыға және ресурсты. Жинақтың негізгі құрамы:



  • 1 EV3 микрокомпьютері;

  • 2 үлкен сервомотор;

  • 1 орташа сервомотор;

  • 2 жанасу құрылғысы;

  • 1 түстерді ажыратқыш құрылғысы;

  • 1 ультрадыбыс құрылғысы;

  • 1 гироскоп құрылғысы. LEGO MINDSTORM Education жиынтығының негізгі элементі – EV3 модулі, ол бағдарламалық интеллектуалдық модуль, мотор және датчиктерді басқару, сымсыз қосылуды іске асыратын қызметтер көрсетеді.



Сурет 1 - LEGO MINDSTORMS Education EV3 жинағы



LEGO MINDSTORMS EV3 жинағы алдыңғы жинаққа қарағанда көбірек бөлшектерге ие. Төмендегі суретте қысқаша шолу келтірілген.

3. LEGO MINDSTORMS EV3-ТІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮС ДАТЧИГІ. ДАТЧИК БЛОКТАРЫ.
Жоспар:


  1. LEGO MINDSTORMS EV3-тің түс датчигі.

  2. Датчик блоктары.

Түс датчигі – ол алдыңғы жақтағы көзіне түсті немесе жарықты аңықтай алатын сандық датчик. Бұл датчик үш түрлі режимде жұмыс жасай алады: «Түс» режимінде, «Шағылған жарықтың жарықтығы» режимінде және «Сыртқы жарықтың жарықтығы» режимінде.

Сурет 1 – Түс датчигі


«Түс» режимінде түс датчигі жеті түсті ажырата алады: қара, көк, жасыл, сары, қызыл, ақ, қоңыр және түстің жоқтығын. Датчиктің бұл қасиеті арқылы роботыңызды түрлі түсті доптарды, кубиктерді реттеп, аңықталған объекттердің түсін айтып немесе қызыл түсті көріп әрекетің тоқтататындай программалауға болады

4.LEGO MINDSTORMS EV3-ТІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ДАТЧИКТЕРІ. ЖАНАСУ (СЕНСОР) ДАТЧИГІ. ИНФРАҚЫЗЫЛ ДАТЧИГІ. ИНФРАҚЫЗЫЛ МАЯК. ҚОР БЛОКТАРЫ.



Жанасу (сенсор) датчигі – қызыл батырма басып тұрған кезде және жіберілгенің аңықтай алатын аналогты датчик. Бұл датчикті үш күйіне байланысты пограммалауға болатыны аңық: басу, жіберу және басып-жіберу.

Сурет 1 – Жанасу датчигі


Жанасу датчигін пайдалана отырып, робот қоршаған ортаны көзі көрмейтін адам қолын созып заттарға әрекет етуі (басылу) секілді қабылдайтындай программалауға болады.

Сурет 2 – «Басу» режимі


Жанасу датчигін пайдалана отырып, оны астындағы еденге қысып тұрып роботты жасай аласыз. Ол үстелден енді түсер алдында (датчик жіберулі) әрекет ететіндей (Стоп!) бағдарламалай аласыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет