Байтұрсынов оқулары халықаралық Ғылыми-практикалық конференция материалдары


ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ



жүктеу 5.13 Mb.
Pdf просмотр
бет33/50
Дата28.12.2016
өлшемі5.13 Mb.
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ
 
ВОПРОСЫ
 
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
 
ОБРАЗОВАНИЯ
 
И
 
НАУКИ 
 
166 
 
сабырынан өзгермейді” (Шырағың сөнбесін, 73-б). 
Жазушы романдарындағы кейіпкер мінезін ашу үшін қолданылған эпитеттер төмендегіше болып 
келеді:  мейірімді  шырай;  ойлы  пішін;  сенімді  пішін;  шімірікпейтін  арсыз  кескін;  байсалды  қалып; 
жарқын мінез; жұмсақ өң, жымысқы қу; қалтыраған сараң; тиянақсыз қу; тік мінез т.б. 
4) Жазушы прозасында эпитетті адам сезімдерін, көңіл-күйлерін, психологиялық халін, әсерлері 
мен  ойларын  көркем  тілмен  жеткізу үшін  де  қолданады.  Мысалы, “Светаның  бетінде де  нұр  жоқ,  бір 
түрлі  қан-сөлсіз  сұрғылт  тартып  кетіпті,  жанарында  да  жылы  сәуле  өшіп,  бір  салқын,  қуқыл  жарқыл 
қалған  …оның  бойын  да  ажалдың  салқыны  шалған”  (Шырағың  сөнбесін,  94-б).  “Әжімі  тереңдеген 
дөңгелек  ажарлы  жүзінде  нұр  ойнап,  ойлы  көзі  күлімдеп  Қоспанның  қолын  бар  ықыласымен  қатты 
қысады”  (Боран,  7-б).  “Киіз  үйде  ұйықтағанда  таңертеңгілік  шаңырақтан  саф,  таза,  көк  аспанды  көріп 
қуанып  оянатын  әдетім  еді…”  (Шырағың  сөнбесін,  78-б).  “  Сол  түсі  суық  бұлтқа,  жаяу  борасын 
сыпырған кең жазыққа қарағанда Мұраттың көңілі елегізіп қоя беретін” (Қаһарлы күндер, 29-б). “Бәрін 
бір үлкен сезім, ерекше көңіл-күй тұтастырып, әркім іште жатқанын тербейді” (Қаһарлы күндер, 15-б). 
Алғашқы  мысалда  сұрапыл  соғыста  алғаш  рет  ажалмен  бетпе-бет  келген  әйелдің  үрей  мен 
қорқынышқа толы халі берілген. Екінші және үшінші мысалдарда “Боран” романындағы Қасболат пен 
“Шырағың  сөнбесін”  романының  бас  кейіпкері  Нәзираның  көтеріңкі  көңіл-күйлері  дәл  көрсетілген. 
Төртінші  сөйлемде  “Қаһарлы  күндер”  романының  бас  кейіпкері  Мұраттың  психологиялық  толғаныс-
тебіреністері,  ішкі  жан-дүниесіндегі  қобалжулар  нақты  берілген.  Соңғы  сөйлемде  Ұлы  Жеңіс  үшін 
соғысқа аттанған жас жауынгерлердің келешекке деген сенімі, үлкен жауапкершілік алдындағы көңіл-
күйлері көрініс тапқан. 
Автор шығармаларында эпитеттерді түйдектете тіркестіріп те пайдалана алған. Мысалы: ертеңгі 
салқын,  таза  ауа;  кішілеу  дөңгелек  көз;  жайма-шуақ  жақсы  күн;  ақсары,  сұлу,  ерке  келіншек;  қалың 
ерні  дүрдиген  атжақты,  құба  жүз  т.б.  “Денесінен  ертеңгі  салқын,  таза  ауаның  исі  келеді”  (Шырағың 
сөнбесін, 8-б). Сөйлемде қолданылған әрбір эпитет сөйлемге сұлу сипат, соны сыр дарытқан. 
Т.Ахтановтың  “Боран”  романында  шығарма  тақырыбына  сай  “боран”  сөзімен  тіркескен 
эпиттеттер  жиі  қолданылған.  Жазушы шығарма  мақсатына  орай,  “боран”  сөзін  түрлі  айқындауыштық 
қатынаста  беріп,  оның  сұрапыл  көрінісін  табиғаттың  қатал  заңы  ретінде  сенімді  жеткізген.  Мысалы: 
қатқыл  боран;  бұрқыраған  қарлы  боран;  ақ  боран;  ұлыған  боран;  ысқырған  боран;  ұйтқыған  боран; 
гуілдеген боран; жаяу боран; гулеген боран; шаңытқан боран т.б. 
Қорыта айтқанда, автор қолданысындағы эпитеттер айтылған ойды құбылта төгілткен, шығарма 
шырайына көрік беріп, әр сөзге ажар дарытуымен ерешеленеді. 
Метонимия  -  атын  өзгертіп  алмастыру  деген  мағынаны  білдіретін  құбылтудың  бір  түрі. 
Метонимияның  зерттелу  тарихы  ертедегі  грек  ғалымдарының  еңбектерінен  басталады.  Метонимия 
құбылысын  орыс  тілінде  А.А.Потебня,  В.А.Звегинцев,  Б.В.Томашевский,  О.С.Ахманова  т.б  ғалымдар 
қарастырған. 
Қазақ  тіл  білімінде  алғаш  анықтама  берген  А.Байтұрсынұлы:  “Арасында  жақындығы  бар  екі 
нәрсенің  атын  ауыстырып,  бірінің  орнына  бірін  айту  –  ауысу,  алмастыру  (яғни  метонимия)  деп 
аталады.  Мысалы,  “Анау  үйдің  құдасы  келіп  жатыр”  дейміз.  Құда  үйдікі  емес,  сол  үйдегі  адамдікі,  үй 
мен үй иесінің арасы жақындығынан, бірінің орнына бірін айтамыз”, - деп түсіндірген  [1, 159]. 
Метонимияға әдебиет териясы тұрғысынан мынадай анықтамалар берілген. “Троптың бір түрі – 
алмастыру, яки  метонимия  (грекше metenymia  –  қайтадан  атау)  -  өзара  шектес  заттар  мен  себептес 
құбылыстардың, өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің  бірінің орнына бірін қолдану” [2, 
220].  Ал  әдебиетші  ғалым  Қ.Жұмалиев:  “Ауыстыру  мағынасында  қолданылатын  поэтик  тілдің  бірі  – 
метонимия.  Метонимияның  жасалу  жолдары  жалпыға  бірдей,  сондықтан,    қазақ  тілінде  былай 
жасалады  деп  айрықша  тоқтауды  керек  етпейді.    Екі  нәрсені  алмастырып,  бірінің  орнына  екіншісі 
айтылып, бірі арқылы екіншісін ұқтырудың түрі көп. “Мен екі аяқ іштім” (асының орнына ыдысын) т.б. 
алмастырып айтулар – бәрі де метонимия”, - деп жазады [3, 231]. 
Метонимияға  әдебиетші  ғалымдар  ғана  емес,  тілші  ғалымдар  да  анықтама  берген.  Метонимия 
І.Кеңесбаев  пен  Ғ.Мұсабаевтың  анықтамасы  бойынша,  “бір  сөздің  орнына  екінші  бір  сөздің  ауыс 
қолданылуынан шығатын іргелес ұғым [4,76]. Ал метонимияны  ғылыми зерттеу ретінде Л.Нұржекеева 
арнайы қарастырды [5]. 
Метафораға  қарағанда,  метонимияның  (ауыс  мағынасы  бір  зат  пен  екінші  бір  заттың  өзара 
ұқсастығының  негізінде  жасалатын  сөздердің)  қолданылу  аясы  әлдеқайда  тар.  Метонимия  тілдегі 
стильдердің  бәрінде  бірдей  қолданылмайды.  Оның  көбірек  қолданылатын  жері  –  көркем  әдебиет 
стилі.  Шығармада  метонимияны  қолдану  үшін  белгілі  дәрежеде  шеберлік  керек.  Әрине,  мұндай 
шеберлік Тахауи Ахтанов қаламына да тән деп айта аламыз. Т.Ахтанов романдарында қолданылған 
метонимиялар  төмендегі  мысалдардан  көрінеді.  Мысалы,  “Қырылдаған  тамағын  қырнап  қақырынған 
ұйқылы-ояу  дауыстар  “бәрін  де  орындаймыз,  істейміз,  шара  қолданамыз,  міндетті  түрде  ескертеміз” 
деп  жауап  беріп  жатыр”  (Боран,  82-б).  Жазушының  мұндағы  “дауыстар”  деп  отырғаны  –  адамдар, 
колхоз  басқармалары. Бұл  жерде,  әрине,  “колхоз  басқармалары  бәрін  де  орындаймыз…”  деп  жауап 
беріп жатыр” деуге де болар еді. Бірақ мұның көркем экспрессивтік, эмоционалдық бояуы алдыңғыдан 
әлдеқайда солғын да, өте көмескі. Жазушы осыны алдын ала ескеріп, “колхоз басқармалары” деудің 

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ
 
ВОПРОСЫ
 
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
 
ОБРАЗОВАНИЯ
 
И
 
НАУКИ 
 
167 
 
орнына  “дауыстар”  метонимиясын  әдейі  және  өте  тапқырлықпен,  дәл  қолданып  отыр.  Т.Ахтанов 
романдарында  кездесетін  метонимиялардың  тілдік-көркемдік  табиғатын  тереңірек  қарастыру  үшін  
тағы  да  бірнеше  мысалдар арқылы талдау  жасау  қажеттігі  туындайды. 
Метонимия автор тілінде де кездеседі. 
“Есіктен салқын ауамен бірге үстіне қалың тон киген жуан қара кіріп келеді” (Боран, 24-б). “Сонау 
сахнада  –  президиум  столында  тізіліп  отырған  өңкей  қара  бешпет,  ақ  жағалар  да  кәдімгі  пендеден 
бөлек жандарша әсер етеді” (Боран, 37-б). 
Жоғарыдағы  мысалдарда  “Боран”  романындағы  жағымсыз  кейіпкер  Жаппасбайды  “жуан  қара” 
деп  атаса,  “қара  бешпет,  ақ  жағалар”  дегеніміз  –лауазымы  жоғары  мемлекет  басшылары.  Бұл 
сөйлемдегі метонимиялардың жасалу жолдарына келсек, метонимияланған сөз бірінші сөйлемде сын 
есім  мен  сын  есімнің  тіркесінен,  ал  екінші  сөйлемде  сын  есім  мен  зат  есімнің  тіркесінен  жасалған. 
Сөйлемдегі  метонимиялардың  қандай  да  бір  стильдік  мақсатта  қолданылғандығы  дау  тудырмайды. 
Егер  жоғарыдағы  сөйлемдердегі  “жуан  қара”  метонимиясын  қолданбай  Жаппасбайды  тікелей  өз 
атымен атағанда, баяндаудың ешбір экспрессивті-эмоциялық бояуы болмай шығатын еді. “Жуан қара” 
тіркесі арқылы автор тек адамды ғана атамай, сол кейіпкерге тән ерекшелікті білдіріп, оның портретін 
бір  ғана  сөзбен  жеткізіп  тұр.  “Жуан  қара”  сөзі  арқылы  кейіпкердің  алып  дене  пішіні,  қара  өңі  елес 
береді. Өзі жуан, өзі қара болған соң, сөз жоқ, кейіпкердің бет әлпетін жеке-жеке суреттемей-ақ, оның 
қалың  мұртты  не  сақалды,  қысық  көз,  дүрдиген  адам  екендігін  көз  алдымызға  келтіреміз.  Автор  бір 
ғана сөзді метонимиялау арқылы аз сөзге көп мағына сыйғызған. 
Екінші сөйлемдегі “қара бешпет, ақ жағалар” метонимиясы жасалу жолы жағынан күрделі. Автор 
қара  костюм,  ақ  көйлек  кигендердің  шенеуніктер  екендігін  күрделі  метонимияны  қолдану  арқылы 
жеткізеді.  Егер  осы  тіркестің  бірін  ғана  қолданып,  “қара  бешпеттер”  немесе  “ақ  жағалар”  десе,  сол 
отырған адамдардың кімдер екендігін дөп басып жеткізе алмаған болар еді. 
Метонимия  кейіпкер  тілінде  де  орынды  пайдаланылған.  Мысалы,  “Қасболат  араларында  еш 
нәрсе  болмаған  адамдай  айдалада  жалғыз  отырған  шопанның  үйіне  сырттан:  –  Уа,  дәу  қара, 
қайдасың, бармысың? Көз көрген деген қиын екен, солдатымды сағынып қалыппын ғой” деп айқай са-
лып, жадырай кірді” (Боран, 51-б). “ – Әй, қу, сынауға келе жатырсың-ау, қайдан білейін, биылғы қыс 
ойлаған  жеріңнен  шығарса  жарар  еді-ау,  деп  уайымдады  Қоспан”  (Боран,  8-б).  “Ойпыр-ай,  мына 
сойқан тағы да жұртты сыпырып әкететін болды-ау деп дегбірі қаша бастайтын” (Боран, 26-б). 
Автор  метонимияны  шығарма  кейіпкерлері  Қоспан,  Қасболат  сөздері  арқылы  қолданған. 
Кейіпкер тіліндегі қу, сойқан деген сөздердің негізгі мағыналары заттың сындық белгілерін емес, адам 
деген  мағынаны  білдіріп  тұр.  Алдыңғы  сөйлемде  “дәу  қара”  метонимиясы  адамның  пішінін,  яғни 
портретін беру үшін қолданылса, соңғы сөйлемдердегі “қу”, “сойқан” метонимиялары кейіпкер мінезін 
беру  мақсатында  алынған.  Демек,  автордың  метонимияларды  кейіпкер  портреті  мен  мінезін  беру 
мақсаттарында қолданғандығы байқалады. 
Жоғарыда  берілген  мысалдардағы  метонимиялардың  грамматикалық  сипатына  кеңірек 
тоқталсақ,  дәу  қара,  қу,  сойқан  сөздерінің  заттанып  барып  метонимияға  айналып  тұрғандығын 
байқаймыз. Бұлар өздерінен кейін еш қосымша қабылдамай-ақ, түбір күйінде заттанған. 
Жалпы  көркем  шығармалардағы  заттану  процесі  сол  сөздердің  зат  есімнің  грамматикалық 
формаларын  қабылдауымен  де  байланысты  болады.  Мысалы,  сын  есімдерге  -лар,  -лер  көптік 
жалғауы  жалғануы  арқылы  заттық  мағынаға  ауысып,  көркем  әдебиетте  метонимия  жасаудың  бір 
амалы  ретінде  қолданылады.  Мысалы,  “Шойындай  ауыр  етіктер  аяз  қарыған  суырылмалы  қарды 
күреп келеді” (Қаһарлы күндер, 286-б). 
Т.Ахтанов  шығармаларында  дене  мүшелеріне  қатысты  метонимиялар  жиі  кездеседі.  Әсіресе, 
жазушы  романдарында  метонимиялануға  көп  ұшырайтыны  –  солдат,  әскери  адамдар  деген  сөздер. 
Мұндай құбылыстың шығарма тақырыбымен  байланысты екендігі белгілі. Бұл сөздер “дене” сөзімен 
ауыстырылып  жиі  қолданылады.  Олардың  жасалу  жолдары  да  біркелкі  емес.  Метонимияланған 
сөздер  анықтауыш  мүшелер  арқылы  айқындала  түседі,  белгілі  бір  стильдік  мақсатта  күрделене 
қолданылады.  Мысалы,  “Бірақ  орнынан  тұра  қашуға  шамасы  келмеді  ме,  қыбырлаған  сұсты 
денелерден көзін алмай қалшиып қалды”(Қаһарлы күндер, 112-б). “Кешеден бергі тынымсыз әбігер ет 
қызуымен  еленбеген  алғашқы  соғыстың  ауыртпалығы  қазір  сезіліп,  қалжыраған  кәрі  дене  ауырлап 
қалды”  (Қаһарлы  күндер,  119-б). Жоғарыдағы  мысалдарда  есімше  формалы  етістік  +  сын  есім  +  зат 
есіммен  тіркесіп  метонимияланып  тұр.  Егер  жай  ғана  “дене”  сөзі  жалаң  түрде  алынса, 
метонимияланып  тұрған  сөз  стильдік  бояуын  жоғалтып,  солдат  сөзінің  мағынасын  толық,  түсінікті 
жеткізе алмас еді. 
Дене  сөзімен  байланысты  метонимияланған  сөздер  жазушы  тілінде  мына  модельде  де 
кездеседі: көсемше формалы етістік + есімше формалы етістік + зат есім. Мысалы, “Раушан қозғала 
беріп,  жау  жаққа  көзі  түсіп,  тоқтап  қалды.  Манағы  қарауытып  қыбырлаған  денелердің  жасыл 
шинельдерін, темір каскаларын анық көрді” (Қаһарлы күндер, 113-б). “Таң атты. Бұлтты қыс таңының 
қоңыр-күлгін  жарығы  түндегі  қараңдап  сапырылысып  жүрген  денелерді  бір-бірінен  ажыратып  бет 
ажарларын көрсетті ” (Қаһарлы күндер, 312-б). 
Т.Ахтанов  шығармаларында  метонимияланған  “дене”  сөзі  жансыз  сын  есімімен  тіркесіп  жиі 

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ
 
ВОПРОСЫ
 
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
 
ОБРАЗОВАНИЯ
 
И
 
НАУКИ 
 
168 
 
қолданылған.  Автор  қаза  тапқан  солдаттарды  осылай  атаған.  Мысалы,  “Кейбір  жауынгерлер  оғы 
таусылып,  ызаланып,  діңкесі  құрып,  мылтығымен  жерді  ұрады.  Серейіп  жатқан  жансыз  денелер  көп 
пе, мылтық атып, тіршілік белгісін бергендер көп пе, айыру қиын” (Қаһарлы күндер, 292-б). “Алғашқы 
рет  ажалдың  сұсты  бейнесін  –  қатып  қалған  жансыз  суық  денені  көргенде  Раушан  жаман  шошыды” 
(Қаһарлы  күндер,  114-б).  “Окоптарда,  жол  үстінде жансыз  денелер  шашылып  жатыр,  оларды  таптап 
жау  келді”  (Қаһарлы  күндер,  127-б).  Егер  автор  “жансыз  дене”  тіркесінің  орнына  өлік  не  өліп  қалған 
адам  түрінде  алса  бір  жағынан  анайы,  екінші  жағынан  сөйлемнің  экспрессивті  бояуын  қанық  бере 
алмаған  болар  еді.  Қазақ  ұғымында  өлген  адамды  ешқашан  “өліп  қалды  не  өлік”  түрінде  тура 
айтпаған. Бұл мағынаны білдіруде қаза болды, қайтыс болды, қайтты, о дүниеге аттанды, мерт болды 
т.б.  тіркестері  қолданылған.  Сондықтан  автордың    қаза  болған  адамдарды  “жансыз  дене”  түрінде 
ауыстырып қолдануы өте ұтымды алынған тіркес деуге болады. 
Жазушы  тілінде  адам,  солдат  сөздері  жекелеген  дене  мүшелері  арқылы  да  метонимияланған. 
Олар: көз, бас, қол, жүз т.б. 
Адам  сөзі  көз  сөзімен  алмастырылып  қолданылған.  Мысалы,  “Жаңа  поезд  қозғалар  кезде  де 
барлық көз тек өзіне ғана қадалып, жұрттың бәрі жауға аттанып бара жатқан жас батырға қошеметтей, 
сүйсіне  қарап  тұрғандай  көрініп  еді”  (Қаһарлы  күндер,  13-б).  “Қызып  алған  Уәли  әңгімені  қыз  жағына 
аударады.  –  Соғыстан  орден  тағып,  аман  қайтсақ  талай  нәркес  көздердің  басын  айналдырамыз  ғой” 
(Қаһарлы  күндер,  168-б).  Бірінші  сөйлемде  көз  сөзі  жалпы  адамдарға  қатысты  алынса,  екінші 
сөйлемде “нәркес көз” тіркесімен  қыз-келіншек сөзінің мағынасында қолданылады. 
Романда шаршап-шалдыққан солдаттардың бет-әлпеттерін суреттеу мақсатында жүз, өң, сақал 
сөздері анықтауыш мүшелер арқылы беріліп, адам, солдат мағынасында ауыстырылып қолданылған. 
Мысалы, “Жиырма шақты солдат саппен келеді. Умаждалған, лас, кейбірінің етегі жыртық шинельдер, 
қаулап өскен сақалдар, тотыға қарауытып қажыған жүздер – бұлардың талай түн ұйқы көрмей, талай 
сұрапылды  бастан  кешкендерін  анық  танытады”  (Қаһарлы  күндер,  302-б).  “Қуарып  кеткен  өңдерден 
оған өлімнің салқыны ескендей болды” (Қаһарлы күндер, 346-б). 
Жазушы шығармаларында метонимияланған сөздер адамның жекелеген дене мүшесі болатын 
бас, қол сөздері арқылы да берілген. Мысалы, “Танктердің темір табанының астынан шыққандай қылт 
еткен  бастар,  сермелген  қолдар  көрініп  қалады”  (Қаһарлы  күндер,  352-б).  Осы  сөйлемдегі 
метонимияланған бастар, қолдар сөздерінің тура мағыналарында қолданылмағандығы белгілі. Бас та, 
қол  да  өз-өзінен  қылт  етпейді  немесе  сермелмейді.  Автор  бұл  сөйлемді  толық  мәтінде  берсе, 
солдаттардың қылт еткен бастары  не солдаттардың сермелген қолдары түрінде айтылатын еді. 
Т.Ахтанов  адам,  солдат  сөзінің  мағынасын  киім  атауларымен  алмастырып  та  қолдана  алған. 
Мысалы,  жоғарыдағы  мысалдағы  “етегі  жыртық  шинельдер”  тіркесі  толық  мағынасында 
“солдаттардың  етегі  жыртық  шинельдері”  болып  берілуі  керек  еді.  “Шойындай  ауыр  етіктер  аяз 
қарыған  суырмалы  қарды  күреп  келеді”  (Қаһарлы  күндер,  286-б).  Бұл  мысалда  да  етіктер  өз-өзінен 
қарды күремейтіні, өз-өзінен жүрмейтіні белгілі. Автордың “шойындай ауыр етіктер” деп отырғаны сол 
ауыр  етік  киген  солдаттар.  Қарды  күреп  келе  жатқан  да  солдаттар,  солардың  аяқтары.  Автор 
шойындай  ауыр  етіктер  тіркесі  арқылы  солдаттардың  алып  тұлғасын,  ауыр  киімін,  сұсты  бейнесін 
суреттеген. 
Көркем  әдебиет  тілінде  сын  есімдер    де  метонимия  қызметін  атқарудағы  өнімді  тәсіл  болып 
табылады. Адамның бет-әлпетіне, өң-түсіне байланысты сын есімдер жиі кездеседі. Мысалы, “Ана бір 
алға  таман  келе  жатқан  жуан  сары  басын  шұлғыған  сайын  көз  әйнегі  жалт  етеді”  (Қаһарлы  күндер, 
286-б). “Мұрат бір қисық ауыз қараның көзі адырайып, мылтықты кезей бергенін көріп қалды” (1, 36-б). 
“Қисық ауыздың қолынан мылтығы түсіп кетті” (Қаһарлы күндер, 36-б). “–Сен соғысуға келдің бе, әлде 
ән  салуға  келдің  бе?  -  деді  арбакеш.    –  Баянды  қайтесің.  Кел,  тамақ  іш.  Менде  сало  бар.  –Салоңа 
түйіліп  өл  сен!  -  деп  кейіді  сары  шашты.  –  Тап  баянды.  Ән  салмаса  соғыстың  да  сәні  болмайды” 
(Қаһарлы  күндер,  312-б).  Жоғарыдағы  сөйлемдердегі  “жуан  сары”,  “қисық  ауыз”,  “сары  шашты”  деп 
отырғандары солдат, әскери адам мағынасында қолданылған. Бұл сөйлемдердің үшеуінде де солдат, 
не  әскери  адам,  не    біреу  есімдігі  жасырын  тұр.  Бірақ  бұл  сөздерді  толық  қолданбай-ақ  метонимия 
құбылысы арқылы автор сөйлемнің экспрессивті бояуын толық бере алған деуге болады. 
“Уәли тасадан шығып, колоннаға қарай жүрді. Еңгезердей біреу оның қарасын көріп: – Сенбісің, 
Попов? - деп гүр етті. 
Уәли оның тұлғасынан, даусынан сескеніп қалды. 
– Жо-жоқ… Басқамын, - деді қипалақтап. 
– Сен қайдан тап болған адамсың? - деді жуан дауысты дәу. 
Жұрт  назары  өзіне  ауған  Уәли  сасып  қалды.  Оның  үстіне  дәудің  дауысы  да  көңілді 
орнықтырарлықтай емес еді” (Қаһарлы күндер, 311-б). 
Жоғарыдағы мәтінде автор алып денелі адамды дәу деп алмастырып қолданған. Ал дауысының 
жуан  шығуына  сәйкес  жуан  дауысты  деп  дәу  сөзіне  анықтауыш  мүше  ретінде  алып,  дауысы  жуан, 
еңгезердей  адамды  “жуан  дауысты  дәу”  деп  адамның  дауысының,  тұлғасының  сапасына  қарай 
метонимиялаған. 
Жазушы  тілінде  адамның  мінез-құлқына  байланысты  метонимимялар  да  кездеседі.  “Орман 

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ
 
ВОПРОСЫ
 
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
 
ОБРАЗОВАНИЯ
 
И
 
НАУКИ 
 
169 
 
ішінде талай қашқындар бар ғой, зытып жүрген қудың бірі шығар, - деді дәудің қасындағысы” (Қаһарлы 
күндер,  311-б).  Автордың  қу  деп  отырғаны–сатқын  не  дұшпан  барлаушысы  не  тыңшысы.  “Қу”  сөзі 
қолданылмай, оның орнына тыңшы не қашқын сөзімен берілсе, сол адамның іс-әрекеті, қандай адам 
екендігі анық берілмеген болар еді. Яғни автор адамның мінез-құлқын білдіретін “қу” сөзін алу арқылы 
қашқын  бейнесін,  іс-әрекетін  сомдай  түскен.  Демек,  автор  тілінде  кездесетін  метонимиялардың 
барлығы да қандай да бір стильдік мақсатта қолданылғандығы анық. 
Т.Ахтанов  шығарма  тақырыбына  байланысты  көріктеуіш  құралдарды  соғыс  қару-жарақтарына 
қатысты  да  жиі  қолданған.  Әсіресе,  дұшпан  танкісін  суреттеуде  метонимия  көп  кездеседі.  Мысалы, 
“темір  тажал”,  “алып  хайуан”,  “темір  шоқпар”,  “қара  албасты”  түрінде  ауыстырылып  отырады.  Мұны 
мәтіндер  арқылы  көрсетсек:  “Сопақ  темір  каска,  сірескен  жасыл  шинель,  темір  етік,  солдаттардың 
шойыннан  құйылған  ауыр  тұлғасы.  Өкпесінен  жалын  шашып,  төніп  келе  жатқан  темір  тажал 
Раушанның кеудесін басып, тынысын тарылтып барады” (Қаһарлы күндер, 113-б). “Демінен от пен қою 
түтін  атқан,  жан  шошытарлық  алып  хайуан  көзге  көрінбес  берік  қабырғаны  тұмсығымен  бұзып  өте 
алмай,  жынға  ұйлыққан  өгіздей  өкіріп  аласұрып  түтіп  шудалы  собалақ  басымен  үсті-үстіне 
төмпештейді”  (Қаһарлы  күндер,  111-б).  “Төніп  келе  жатқан  жау  күшін,  әсіресе  танктерді  көргенде  – 
взвод  күшінің  сондай  қораштығын  сезді.  Анау  темір  шоқпарға  қарсы  бұлар  қамыс  сойылмен 
шыққандай  көрінді.  Осыдан  кейін-ақ  окоптағы  солдаттарды  енді  бұл  дүниеде  жоқ  адамдай  сезінді. 
Кейбір  қол  гранаттары  танктың  сауырына  соғып,  түк  бітірмей  жұмыртқадай  жарылады.  Қара 
албастының  болат  сауырына  қанша  сабаса  да  таяқ  өтпейтін  сияқты”  (Қаһарлы  күндер,  353-б). 
Жоғарыдағы  метонимиялар  күрделі  метонимиялар  болып  табылады.  Олар  сын  есім  +  зат  есім 
моделінде жасалған. Автор дұшпан танкісінің мүсінін жоғарыдағы тіркестер арқылы шебер ауыстырып 
қолданған  деуге  болады.  Егер  сол  метонимияланған  сөздерді  тура  мағынасында  жау  танкісі  түрінде 
қолдансақ,  жау  танкісінің  хайуандық  іс-әрекеті,  жан  түршігерлік  жағымсыз  бейнесі  ашылмай  қалған 
болар еді. 
Демек,  автор  жау  танкісін  екінші  бір  сөздермен  ауыстырып  қолдану  арқылы  сөйлемнің 
экспрессивті-эмоциялық бояуын күшейте түскен. 
 
Әдебиеттер: 
1.  Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989. – 318 б. 
2.  Қабдолов З.  Сөз өнері. – Алматы:  Қазақ университеті, 1992. – 352 б. 
3.  Жұмалиев  Қ.  Қазақ  әдебиеті  тарихының  мәселелері  және  Абай  поэзиясының  тілі.–  Алматы: 
Қазмемкөркемәдеббас, 1960.– 364 б. 
4.  Кеңесбаев  І.,  Мұсабаев  Ғ.  Қазіргі  қазақ  тілі:  Лексика,  фонетика.–  Алматы:  Қазақтың  
мемлекеттік  оқу-педагогика баспасы, 1962.–314б. 
5.  Нұржекеева Л. Метонимияның лингвистикалық табиғаты.– Алматы: Қазақ университеті, 1992 
– 80б. 
 
 
 
УДК 94 
 
ОБРАЗ «СОЛДАТА БРИТАНСКОЙ ИМПЕРИИ»  
В АНГЛИЙСКОМ КИНЕМАТОГРАФЕ 
 
Ибраев  Е.Е.  -  магистр  истории,  старший  преподаватель  Костанайского  государственного 
университета им. А. Байтурсынова 
 
Рассматриваются  особенности  кинематографического  образа  военнослужащего  Британ-
ской    империи  и  его  воздействие  на  общественное  сознание  англичан.  Исследование  является 
междисциплинарным, на стыке киноискусства и истории. 
Ключевые слова: Британская империя, кинематограф, британский офицер, война, колония. 
 
В 1950-х гг. в английском кинематографе снимаются ленты, повествующие об обычных солда-
тах  Англии,  воюющих  в  разных  уголках  планеты,  куда  их  закинула  воля  правительства.  В  этих  ло-
кальных  боях,  они  совершают  личные  подвиги,    изображение  которых  имело  большую  значимость 
для  поднятия  национального  духа  в  Великобритании  послевоенного  десятилетия. Речь  идет  об  анг-
лийском военном кино, получившим в этот период большую популярность. 
Кинокритики  в  Англии  изумлялись  идейному  наполнению  этих  фильмов.  Они  говорили,  что  в 
них содержится непонятный и смехотворный парадокс. Если враги показаны очень сильными и могу-
щественными, то англичане напротив – очень слабыми, причем настолько, что просто удивляешься, а 
как им собственно удается в итоге победить[1, с.56]. 
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет