Балалар аурулары Балалардың физикалық дамуы. Денсаулық топтары


Қызылша анықталған жағдайда карантин шараларын өткізудегі мейірбикелік процестерді ұйымдастыру



бет51/73
Дата31.12.2021
өлшемі1,23 Mb.
#21102
түріБағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   73
Қызылша анықталған жағдайда карантин шараларын өткізудегі мейірбикелік процестерді ұйымдастыру.

Мейірбикелік араласулардың мақсаты – қызылшаның таралуына жол бермеу.



Мейірбикелік араласудың жоспары

Мейірбикелік араласудың орындалуы

1.Анықталған қызылша ауруын керекті инстанцияларға хабарлау

  • СЭС – қа хабарлау

  • анықталған қызылша ауруы туралы бала бақшаға немесе мектепке хабарлау

2.Науқасты оқшаулау

  • Науқасты үйде емдеуге болады.

  • Науқасты бөртпе пайда болғаннан бастап 5 күнге оқшаулайды

3.Қатынаста болғандар арасындағы шараларды ұйымдастыру

  • Қатынаста болғандарды анықтау (учаскелік медбике үйдегі науқаспен қатынаста болғандардың тізімін жазады; Балалар ұйымының медбикесі балабақшадағы, мектептегі қатынаста болған балалардың тізімін жазады)

  • Қызылша аса ұшпалы болғандықтан карантин 21 күнге балабақшаның барлық бөліміне жарияланады. Карантин 22 - күні ошақта тағы қызылша анықталмаса ғана алынады.

  • Қатынаста болғандар арасында қызылшаны анықтау үшін бақылау жүргізіледі (күнде термометрия, тері, шырышты қабықтарды, коньюнктиваны тексеру, улану белгілерінің пайда болуын қадағалау).

4.Жұқпаның ауа – тамшымен таралуына жол бермеу

  • Науқасқа және қатынаста болғандарға күтім көрсетуде бетперде тағу режимін ұйымдастыру.

  • Үнемі ылғалды тазалау жұмысының жүргізілуін, бөлменің желдетілуін қадағалау.

  • Ересектерге, балаларға «жөтелу тәртібін» үйретіп, оның орыдалуын қадағалау.

  • Адамдардың бір жерге жиналмауын ескерту.

5.Қатынаста болғандардардың иммунитетін көтеру

  • Витаминдерге бай тамақтармен қоректенуді қадағалау.

  • Салауатты өмір сүруді ұйымдастыру.

  • Әлсіз, жиі ауыратын балаларға дәрігердің нұсқауымен, 3 –5 күннен кешіктірмей (қатынаста болғаннан кейін) енжар иммунитет қалыптастыру мақсатында қызылшаға қарсы иммуноглобулин енгізу.

  • Қатынаста болғандарға дәрігердің нұсқауымен қызылшаға қарсы вакцинация жасау.

Қызылшамен ауырғаннан кейін тұрақты өмірлік иммунитет қалыптасады.

Негізгі күтімі.

Қызылша ауруы кезіндегі күтімнің негізгі мақсаты:



  • науқас жағдайын жақсарту;

  • Асқынуының алдын алу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет