Балалардың фонетикалық-фонематикалық жетілмеуін ойын әрекеті арқылы түзету мазмұны Мазмұны



бет1/8
Дата14.04.2022
өлшемі0,56 Mb.
#30996
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
логопед эсперим



БАЛАЛАРДЫҢ ФОНЕТИКАЛЫҚ-ФОНЕМАТИКАЛЫҚ ЖЕТІЛМЕУІН ОЙЫН ӘРЕКЕТІ АРҚЫЛЫ ТҮЗЕТУ

Мазмұны



Мазмұны

Кіріспе

3

1 Балалардың фонетикалық-фонематикалық жетілмеуін ойын әрекеті арқылы түзету жұмысына әдеби шолу

6

1.1 Сөйлеудің дамуындағы фонематикалық қабылдау рөліне педагогтардың көзқарасы

7







1.2 Ойын – балалардың фонетикалық-фонематикалық жетілмеуін түзетудегі басты әрекет түрі ретінде

8

2 Балалардың фонетикалық-фонематикалық жетілмеуін ойын әрекеті арқылы түзету бойынша тәжірибелік жұмысы

11

2.1 Тілдің фонетикалық-фонематикалық жетілмеуі бар балалардың сөйлеу дамуының деңгейін тексеру әдістемесі

12

2.2 Эксперименталды логопедиялық топта логопедиялық түзету жұмысын жүргізу

18

2.3 Эксперименталды логопедиялық топта жүргізілген эксперименттің нәтижесі

23

Қорытынды

30

Қолданылған әдебиеттер тізімі

31


Кіріспе

Адамзаттың жануарлар дүниесінен ерекшеленуі мен табиғатты меңгерудегі басты іс-әрекетінің бірі және өзіндік қасиеті – оның дыбысты анық тілі. Дыбысты тіл арқылы адамзат өзара қарым-қатынас жасап, іс-қимылы мен тіршілігінің бейнесін қалыптастырады, өмір тәжірибесін ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып отырады. Тіл дегеніміз – сөздік бейнелер жүйесі. Ал белгі – шындық пен болмысты білдіретін бөлшек.

Тіл - өзінің дыбыстық табиғатына байланысты адамдардың қарым-қатынас жасау құралы болып табылады. Тілдің дыбыстық жүйесін меңгеру қарым-қатынас жасаудың негізгі құрамы ретінде тілді меңгеру құрылатын негізбен түсіндіріледі.

Сөйлеу – пікір алысу үрдісінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы. Сөйлеу жеке адамдар арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін, пікір алысу үшін қызмет етеді. Сөйлеу әрекеті үлкен ми сыңарларының анализдік, синтездік қызметінің нәтижесі. Бұл, біріншіден, сөйлеу мүшелеріндегі қозғалыстарды, жазылған әріптердің түрлерін, тілдегі дыбыстарды нәзік талдаудан; екіншіден, сөздік сигналдардың бөлшектенген элементтерін байланыстырудан көрінеді.

Сөйлеудің қалыптасуы баланың барлық психикалық функцияларымен байланысты болады. Баланың сөйлеп адаммен қарым-қатынасқа түсу үшін міндетті түрде айтуы мен сөйлеуінде кемшілік болмауы тиіс. Сондықтан да сөйлеу кемістіктерін жоюға көп көңіл бөлінеді. Сөйлеу кемістіктері бар балалар сөздердің дыбыстық талдауында қиыншылық көреді. Сондай-ақ оқу мен жазу кезінде күрделі қателер келтіреді. Сондай кемшіліктердің күрделі бір түрі – тілдің фонетико-фонематикалық жетілмеуі болып табылады.

Фонетикалық-фонематикалық жетілмеу - бұл фонемаларды дыбыстау мен қабылдау кемістіктерінің салдарынан болған әр түрлі сөйлеу бұзылыстары бар балалардағы ана тілінің дыбыстау жүйесінің қалыптасу үрдістерінің бұзылуы.

Фонетикалық-фонематикалық жетілмеуі бар мектепке дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу жүйесі сөйлеу кемістігін түзету мен сауат ашуға толық оқытуға дайындығын қосады (Г.А.Каше, Т.Б.Филичева, Г.В.Чиркина, В.В.Коноваленко, С.В.Коноваленко).

Фонетикалық-фонематикалық жетілмеуі бар балалар тобына түсетін балалар жалпы білім беру мектебіндегі сәтті оқуға қажет негізгі білім, білік және дағдылардың көлемін меңгеру керек. Сондықтан логопедтің тиімді жұмысын жоғарлату өзекті болып келеді.

Ойын – қандай жағдайда болсын ойын ұйымдастырушылары жауап беретін бала әрекетінің жалғыз формасы. Қандай ойын болсын бір ғана емес, бірнеше қасиеттердің тәрбиеленуіне ықпал етеді, түрлі мүшелер мен психикалық үрдістердің қатысуын талап етеді, әр түрлі эмоционалды сезімдерді тудырады. Ойын балаға ұжымда өмір сүріп, еңбек етуге үйретеді, ұйымдастырушылық қабілетін, ерігін, тәртібін, табандылығын және ынтасын тәрбиелейді.

Бұл себепті бала ойыны қазіргі уақытта өзекті мәселе болып табылады.

Қазіргі кезде фонетикалық-фонематикалық жетілмеуі бар балалар көбейіп келеді. Сондықтан барлық бала-бақшаларда логопедиялық пунктер ашылып жатыр. Бала-бақшалық жаста, яғни мектеп жасына дейінгі жаста фонетико-фонематикалық жетілмеуді түзеткен жөн. Өйткені бала мектепке барған кезде ол дисграфияға, дислексияға және тілдің жалпы жетілмеуіне әкелуі мүмкін. Сол себепті бұл мәселе өзекті болып келеді. Ал мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бірі – ойын әрекеті болғандықтан, бұл тіл кемістігін ойын әрекетін қолдана отырып түзету алынып отыр.

Фонетикалық-фонематикалық жетілмеуі бар мектепке дейінгі балалар үшін ойын әрекеті олардың тұлғасы мен ақыл-ойының жан-жақты дамуына қажет жағдай ретіндегі рөлі мен өзінің мәнін сақтайды.

Фонетикалық-фонематикалық жетілмеуі бар балалардың толыққанды сөйлеу тілін ойын әрекеті арқылы қалыптастыру осы зерттеудің өзекті мәселесі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет