Балалардың менингококті инфекциясы Анықтамасы Менингококк инфекциясы



бет1/5
Дата27.03.2023
өлшемі27,79 Kb.
#76594
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Меингиттер баланың


Балалардың менингококті инфекциясы
Анықтамасы
Менингококк инфекциясы – менингококктан болатын және назофарингиттен және дені сау тасудан іріңді менингит, әр түрлі мүшелердің және жүйелердің зақымдануымен менингоэнцефалит және менингококкамия түріндегі таралған формаға дейін алуан түрлі көрінулермен сипатталатын адамның жіті жұқпалы ауруы


Жіктемесі

Менингококты инфекциясың клиникалық жіктелуі  
Клиникалық нысаны бойынша:
1. Типті:
а) оқшауланған формалар: тасымалдау; назофарингит;
б) таралған формалар: менингококкцемия, менингит менингоэнцефалит; аралас форма (менингит + менингококкцемия);
в) сирек формалар: эндокардит, артрит, пневмония, иридоциклит.
2. Типті емес:
а) субклиникалық форма;
б) түсік формасы.
Процесстің ауырлығы бойынша:
1. жеңіл;
2. орташа ауыр;
3. ауыр.
Аурудың ағымы бойынша:
1. жіті;
2. қас қағымдағы;
3. ұзаққа созылған;
4. созылмалы.
Асқынулардың жіктелуі:
Асқынулардың даму уақыты бойынша:
I. Ерте:
· I, II, III дәрежелі инфекциялық-токсикалық шок;
· бас миының ісінуі;
· ДТҰ-синдромы;
· жіті бүйрек функциясы жеткіліксіздігі;
· церебральды гипотензия;
· субдуральды жалқық;
· эпендиматит.

II. Кеш:
· интеллектің бұзылуы;
· гипертензиялы синдром;
· гидроцефалия;
· эпилептикалық синдром;
· сал аурулары мен парездер;
· терінің және теріасты жасушаның некроздары;
· эндокринді бұзылулар (қантсыз диабет, диэнцефальды семіру, шаштың түсуі және т.б.);
· артриттер;
· есту қабілетінің бұзылуы. 
Диагностикасы

Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі:
· қанның жалпы талдауы;
· мұрын-жұтқыншақтан алынған сүртіндіні N. Meningitides-ке бактериологиялық зерттеу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет