Бас редактор с. Ж. Пірәлиев



Pdf көрінісі
бет2/17
Дата31.03.2017
өлшемі2,99 Mb.
#10938
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17



Тақырып атаулары

жыл

Қаржыландыру 

көлемі

1

Образование независимого Казахстана 



(1991-2010 гг.)

2009


3 млн. теңге

2

Этика-эстетиканың ғылыми негіздері, 



мән-мағынасы, оның нормалары

2010


3 млн. теңге

3

«Оқу үрдісіне интеграцияланған «Ұлттық 



тәрбие» пәнін енгізудің бағдарламасы және 

салт-дәстүрдің ұйымдастырылу жолдары мен 

орындалу тәртібі»

2011


2 млн. теңге

4

«Менеджмент  в сфере образования»



2011

1,5 млн. теңге

Барлығы

9,5 млн. теңге



13.  ҒЗИ  қызметкерлері  үш  жыл  ішінде  20  ғылыми  конференцияларға,  8  ғылыми 

семинарларға қатысты, оқу ұйымдарында 6 дәріс оқылды.



2009

2010

2011

ғылыми конференциялар

8

5

7



ғылыми семинарлар

2

3



3

дәрістер


4

2

14. ҒЗИ-ның     2009-2011 ж.ж.  жұмысы   кезінде   1  монография,   9 оқу    құралдары    жария лан ды.



2009-2011  ж.ж.  шеңберінде  ҒЗИ  қызметкерлерінің  жариялынымдар  саны  105-ті  құрады, 

оның  45  –  журналдарға,  ҚР  БҒМ  ұсынылғандар,  6  –  жақын  және  алыс  шетелдерге. 



р/с

Жариялыным

2009

2010

2011

1

Монография



-

-

1



2

Оқу құралдары

-

3

6



3

Оқу бағдарламалары

-

-

2



4

Шетелдерге жарияланған 

статьялар

1

3



2

5

ВАК қатарындағы 



журналдарға жарияланған 

статьялар

20

19

8



6

Халықаралық ғылыми-

практикалық конференция 

материалдары

8

-

8



7

Республикалық журналдарға 

жарияланған статьялар

3

17



16

8

Газеттерге жарияланған 



статьялар

-

1



-

БАҚ-на қатысуы

2 (Хабар)

1 (СТС)


1 (31-

й)


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

11

10



ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ

15.  Білімді  реформалаудың  басты  мін-

деті  – мемлекеттік білім беру жүйесін әлем-

дік  үздік  үлгіге  сәйкес  деңгейге  көтеру. 

Жеке  тұлғаның  білім  алу  және  рухани 

қажеттіліктерін, оның мүмкіндіктерін ескере 

отырып  қанағаттандыру,  қалыптастыру, 

адам білім үшін емес, білім адам үшін оқу-

тәрбие  процесін  ізгілендіру,  ізгілік  прин-

цип терін  қайта  түрлеуі  арқылы  жүзеге 

асырылуы тиіс. Сонда ғана білімнің беделін 

арттыруға,  білім  беру  саласының  мемлекет 

пен  қоғам  өміріндегі  басым  мәртебесін 

нақты орнықтыруға болады. Қазіргі таңдағы 

әлемдік ғылым мен білім беру саласындағы 

жетістіктерге  негізделген  жаңа  жүйе  елі-

міздің  білім  беру  саласына  терең  енгізіліп 

отыр.  Бұл  өзгерістер  өз  кезегінде  болашақ 

интеллектуалды  ұлтты  қалыптастырудың 

кепілі болмақ. 2008 жылы Мемлекет басшысы 

«Интеллектуалды  ұлт  –  2020»  жобасы  бас-

тамасын  көтерді.  Н.Ә.Назарбаев  өз  жол

-

дауында:  «Біздің  түпкілікті  мақсатымыз 



–  жаңа  формациядағы  қазақстандықтарды 

тәрбиелеу  және  Қазақстанды  әлемдегi  ең 

әлеуеттi,  бәсекеге  қабiлетi  адами  капиталға 

ие елге айналдыру», – деп атап көрсетті.

Интеллектуалдық  ұлт  қалыптастыру  жө-

нін де  айтқанда,  біз  ең  алдымен  қоғамның 

рухани-адамгершілік  мәселесіне  тереңірек 

көңіл бөлуіміз керек. Қоғамды ұлттық тұр-

ғыда  дамытуға,  жастардың  патриоттық 

се зі мін  тәрбиелеуге,  ұлттық  намысты 

шыңдауға,  әрбір  азаматтың  азаматтық 

жауап кершілігін арттыруға барлық жағынан 

мүмкіндік  жасалуы  қажет.  Осы  тұрғыда 

интеллектуалдық  ұлт  қалыптастыруда  ұлт-

тық тәрбие маңызын айқын аңғаруға болады.

Интеллектуалды  ұлт  қалыптастыруда 

ұлт  денсаулығы  маңызды  мәселелердің 

бірі.  Денсаулық  адам  дамуының  маңызды 

құраушысы және салдары. Ол жас кезде білім 

алудың,  ал  кейіннен  оны  үнемі  жетілдіріп 

отырудың маңызды шарты болып табылады. 

Сондай-ақ, денсаулық жоғары өнімді еңбек-

тің  негізі  бола  отырып,  адамдардың  жеке 

және  қоғамдық  жағдайларын  көтеруге 

мүмкіндік береді.

Интеллектуалды ұлт – моральдық, мәде-

ни,  интеллектуалдық  тұрғыда  бәсекеге  қа-

білет ті,  барлық  ақпараттардан  хабары  бар, 

өзінің ғылыми, мәдени, біліми ақпараттарын 

еркін тарататын әлеуеті бар қоғам. 

Жаңартпа технологиялар және білім беру 

мазмұнын ҒЗИ бұл бастамадан айналып өте 

алмады.  Білім  берудің  бағдарламасының 

мо дер низациясы  бойынша  ғылыми-зерттеу 

жұмысын  білім  берудің  бастауыштан  бас-

тап  барлық  сатыларынан  кейін  қандай 

тұлғаның  қалыптасқанын  қалаймыз  деген 

сұрақ тардан  бөлек  қарастыру  мүмкін 

емес.  Жаңа  мыңжылдық  талабы  бойынша 

интеллектуалды тұлғаны қалыптастыру үш-

ін  оқытудың  жаңа  жолдарын  қалай  ойлас-

тырып және қалай жұмыс істеу керек екендігі 

жайлы сұраққа келіп тіреледі.

Осы мәселелерді шешу барысында мұндай 

тұлғаны  руханилыққа  негізделген  тәрбие 

үдерісінсіз  тек  оқу  үдерісіне  ғана  сілтеме 

жасау арқылы ғана қалыптастыра алмаймыз 

деген  қорытындыға  келдік.  Қоғамдық  ақ-

парат тану, ұлт денсаулығы, экономика мәсе-

лелерін айналып өту мүмкін емес. Осы сұ-

рақ тардың  шешімін  тапқан  кезде  ғана  біз 

интеллектуалды  қоғам  қалыптастыру  ту-

ралы сөз ете алатын боламыз. 

Мұғалімдердің  педагогикалық  мәде-

ниеті нің  мәнін,  мазмұны  мен  ерекше лік-

терін  теориялық  тұрғыда  дәлелдеу  оның 

студенттердің  қазіргі  білім  беру  мен  тәр-

биелеу  үдерісін  жетілдірудегі  потен циалды 

мүмкіндіктері  туралы  айтуға  негіз  болады. 

Шынында,  ағарту  орындарының  алтын 

діңгегі  –  мұғалім.  Жас  ұрпақ  мұғалім ге 

қарап  бой  түзейді.  Нағыз  ұстаз  қай  ғасыр-

да  да  ұстаз  болып  қала  бермек.  Ұстазға 

қойылатын талап пен тілек қашан да ортақ. 

Ол  –  білімділік,  имандылық,  парасаттылық 

барлық ғылым атауылының алғашқы әліппесі 

өркениет  ұстазының  тәлім  сабағында  күн 

сайын  үйретіліп,  үлкен  «білім  мұхитына» 

айналып, рухы мықты, интеллектуалды ұр-

пақ  тәрбилеп  шығару.  Енді,  осындай  игі 

ниеттен туындаған өзіміз тарапынан ұстазға 

қойылар талаптарды жүйелеп ұсынайық.



Ұстазға қойылатын талаптар:

Біріншіден – мәдениеті жоғары дамыған 

маман болуы керек:

1.1  Қазақ  халқының  және  дүниежүзілік 

тарихтан жүйелі хабардар болуы.

Өткен  тарихты  қазіргі  күн  талабына 

сай  баға  беріп,  сараптай  алуы.  Тарихи 

оқиғалардың болу себебін,сол тұстағы халық 

рухы  мен  күш-қуатының  қайнар  көзі  неде 

екендігін  дөп  басып,  оқушыларға  жеткізе 

алуы. Тәуелсіздікке жету жолындағы ата-

бабамыздың  арман  мүдделері  мен  оған 

жету жолындағы күрес нәтижелері;

1.2  Қазақ  философиясын  терең  түсініп, 

одан  нақты  мысалдар  келтіре  алатындай 

болуы.  Мысалы:  қазақ  халқының  өзіне 



тән  ойлау  танымын  саралау.  Адамзат  

жаратылысының    ғарыш  кеңістігідегі  он 

сегіз мың ғаламмен байланыс құпияларының 

сырын және халықтық наным-сенімдерінің 

тылсым дүниемен байланысын ашу;

1.3  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің 

даму жолдарын дұрыс саралап, жаңа заман 

талабына сай баға бере алатын, дүниежүзілік 

әдебиеттен  өзгешеліктерін  түсініп,  саралай 

алатындай  болуы.  Өзге  ұлт  өкілдерінің 



алдында  мақтана  алатындай  тіліміз  бен 

әдебиетіміздегі  озық  жетістіктерімізді 

бөліп көрсете алуы.

1.4  Қазақ  қандай  мәдениет  түрлерімен 

мақтана  алатындығы.  Бізде  дамыған 

мәдениеттің  түрлері  мен  одан  қандай 

тәлім-тәрбие  алуға  болатындығы  туралы 

мағлұматтардан  хабары  болуы.  Қандай 



тамыры  терең  тарихи  жәдігерлеріміз 

бен  әлемдік  өркениетке  ұмтылған  мәдени 

мұраларамыз бар деген сұраққа жауап бере 

алатындай болуы керек. 

Екіншіден – Қазақстан экономикасы мен 

оның  даму  жолдарының  ерекшеліктеріне 

талдау  жасай  алуы.  Қазақстанның  дүние-

жүзілік  қоршаған  ортадан  қандай  жетіс-

тіктерімен  (брендпен)  орын  алады  деген 

сауалға  жауап  таба  алуы.  Дүниежүзілік 

экономикалық аренадағы еліміздің экономи-

калық  жағдайына  баға  беріп,  бүгінгі  күн 

талабы тұрғысынан саралау. 

Үшіншіден  –  ұстаздың  адами  қасиетіне 

қойылатын  талаптар.  Адамгершілігі  жетік, 

рухани  бай  болуы.  Керек  кезінде  оқушыға 

оның  мұғалім ғана емес, сырласына айналуы 

қажет.  Ол  үшін  оқушының  жан  дүниесін 

түсіне алып, оған адамгершілік тұрғысынан 

көмек көрсете алуы керек.

Төртіншіден – білім, біліктілігіне қойы ла-

тын талаптар. Алған базалық білімін күнделік-

ті  ғылыми  жаңалықтармен  толықтырып 

отыру. Жаңа технологияларды өз сабағында 

жаппай қолдана алуы. 

Бесіншіден – жан-жақты дамыған «толық 

адам»  екеніндігі,  оқушылардың  қызыға  қа-

рай тын қасиеттерінің болуы. Әр сабағында 



оқушыларға  тірі  тарих  сөйлеп  тұрғандай 

әсер қалдыруы. Ол үшін білімі жетік, жаңа 

ҒТТ-ге  сай  жан-жақты  жетілген  рухани 

бай болуы керек.

Алтыншыдан  –  ұстазға  тән  лидерлік  қа-

сиет тер  ие  болуы.  Қашан  да,  кез  келген 

уақытта  не  жағдай  болса  да  тосылып 

қалмайтындай  сөзге  шешен,  білімі  жетік, 

жан-жақты  интеллектуалды  қаруланған 

тұлға иесі болуы.

Жетіншіден  –  ұстаздықты  таңдап  алған 

оқушылардың дайындығы:

7.1 оқу орындарына қойылатын талаптар;

7.2 оқытушыларды сараптап алу;

7.3  саяси  әлеуметтік  жағдай  жасау 

(жалақы,  үй,  шәкіртақы,  т.б.).  Мысалға  ұс-

таз дың  үйі  (әсіресе,  ауылдық  жерде)  ауыл-

дың көркі болуы керек. Шәкірттердің ұстаз 

үйіне қызығушылықпен қарап, сондай үйде 

тұруға деген ынтасы мен сол арманына жету 

жолындағы талап-жігері;

7.4  ұстаздың  жалақысы  екі  тұрғыдан 

қарастырылуы  керек:  базалық  төлемақы 

және қосымша төлемдер;

7.5 ер азаматтардың мұғалім болуы үшін 

не істеу керек деген мәселе. Қазіргі күндері 

мұғалімдік  салаға  көбінесе  әйел  адамдар 

барып  жатады.  Ал  ұрпаққа  берілер  тәрбие 

қай  кезде  де,  қай  жерде  де,  қандай  ортада 

да  ер  азаматтардың  қалыс  қалуы  себебінен 

ақсап жатады;

7.6  мектепті  нағыз  білім  ордасына  және 


13

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ

12

мәдениет  ордасына  айналдырудың  мә-



селелерін  жан-жақты  қарастырылу  қажет-

тігі.


Осыған сәйкес ҒЗИ-ның ғылыми-зерттеу 

жұмысы  бағытына  өзгеріс  енгізу  қажеттігі 

талқыланып, жоғарыда айтылған мәселелер 

негізінде ҒЗИ-ның жұмыс бағдарын «Интел-

лектуалды  ұлт  қалыптастыру»  бағытына 

өзгертіп,  институт  атын  да  сол  тұрғыда, 

«Интеллектуалды  ұлт  қалыптастыру  ғы-

лыми-зерттеу  институты»  деп  өзгертілді. 

ҒЗИ-да интеллектуалды тұлға қалыптастыру 

және дамыту бойынша жоғарыда көрсетілген 

ұғымдардың  мәні  ашылады.  Осыған  бай-

ланысты  зерттеу  жұмысында  алдымен 

«интеллект»,  «интеллектуалды  капитал», 

«интеллектуалды  ұлт»  ұғымдарының  мән-

мағынасын  қазақ  билерінің,  шешендерінің, 

әл-Фарабидің, 

Абайдың, 

Шәкәрімнің, 

А.Байтұрсыновтың,  М.Жұмабаевтың  ұрпақ 

тәрбиесіне  қатысты  еңбектеріне  сүйене 

отырып,  «толық  адам»,  «сегіз  қырлы,  бір 

сырлы»  түсініктерімен  салыстыра  отырып 

ашылады  да,  оларды  қауымдастықта  қалай 

біріктіруге  болатындығы  көрсетіледі;  бі-

лім  беру  жүйесін  инновациялық  дамыту, 

ақпараттық  қоғамды  дамыту,  ұлттық  тәр-

бие  беру,  ұлт  денсаулығын  күшейту  интел-

лектуалды  ұлт  қалыптастыру  факторы 

ретінде қарастырылады. 

Интеллектуалды тұлға қалыптастырудың 

кезеңдері  отбасы,  мектепке  дейінгі  тәрбие, 

мектептік, кәсіптік және жоғары білім беру 

деңгейінде анықталады.

Нәтижесінде  осы  аталған  факторлар 

тұрғысында 

ұлттың 


интеллектуалдық 

капиталын  құраушылары  сараланып,  бір 

жүйеге  келтіріледі.  Интеллектуалды  ұлт 

қалып тастыру  тұжырымдамасы  мен  бағ-

дар ламасының  жобасы  жасалады  және 

оларды  жүзеге  асыру  бойынша  ұсыныстар 

дайындалады. 

ҒЗИ-да  Қазақстан Республикасы дамуы-

ның  негізі  ретінде  интеллектуалды  ұлт  қа-

лып тастырудың  ғылыми-теориялық  негіз-

дерін жасау бағдары жоспарлануда. Ол:

-   «интеллект», «интеллектуалды капи-

тал»,  «интеллектуалды  ұлт»  ұғым дары ның 

мағынасын ашу;

-  интеллектуалды  ұлт  қалыптастыру 

бойынша жинақталған отандық және әлем-

дік тәжірибеге талдау жасау;

-    білім  беру  жүйесін  инновациялық 

дамыту, ақпараттық қоғамды дамыту, ұлттық 

тәрбие беру, ұлт денсаулығын күшейту негізі 

ретінде  интеллектуалды  ұлт  қалыптастыру 

факторларын анықтау және оларды негіздеу;

-  интеллектуалды  ұлт  қалыптастыру 

тұжырымдамасы  мен  бағдарламасының 

жо ба  сын  жасау  және  оларды  жүзеге  асыру 

бойынша  ұсыныстар  дайындау  негізінде 

жүзеге асады.



ЖАңАРТПА ТЕхНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ҒЫЛЫМИ­

ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНДА ТӘРБИЕ САЛАСЫ БОЙЫНША ЖАСАЛЫНҒАН 

ЖҰМЫСТАР

Қазір барлық елдер мен мемлекеттер бір-

кіндікті жаһандану жағдайында өмір сүруге 

бейімделу үстінде. Ал, осы жаппай жаһандану 

жағдайындағы  адамзаттың  өміршеңдігі, 

қоғамның  тұрақты  дамуы  ғылымның  да-

му  денгейіне,  ғылымға  апарар  жолдағы 

ұлттық тәрбиеге негізделген білім қорының 

молдығына,  оның  болжамдық  қызметіне, 

табиғаттың, қоғамның, техносфераның жайы 

туралы, мәдениеттің, әлемдік экономиканың, 

қатынас  құралдарының  және  қазіргі 

әлеуметтік тұрмыстың басқа да белгілерінің 

даму үрдістері туралы ақпараттың алдын ала 

алынуына тікелей байланысты болып отыр.

Себебі,  негізгі  кіндігі  еркін  таңдау  және 

жеке  бастама  жасай  алатын  жеке  адам 

бостандығы  идеясына  негізделген  Батыс 

өркениеті болып отырғандығы. Соңғы жыл-

дары  жаһанданудың  бір  тетігі  ретіндегі 

батыстану – бұл тек батыстың технологиялық 

жетістіктерін,  экономикалық  өндірісті  ұй-

ым дастыру  тәжірибелері  мен  ғылыми-тех-

никалық  мәдениетін  қабылдау  ғана  емес, 

сонымен  бірге  әлеуметтік  реттеудің  (адам 

құқығы,  жеке  адамның  тұлғалық  тұрпаты, 

діни  сенімі,  ұлттық  төзімділік,  әдептілік 

т.б.)  мәдени-өркениеттік  қалыптар  кешенін 

де  еріксіз  қабылдау  екеніндігі  елімізде 

орын  алған  келеңсіз  жағдайлар  дәлелдеп 

отыр.  Мұны  түсінген  дәстүрлі  қоғамды 

жақтаушылар  табанды  түрде  қарсылық 

жасауда.  Бұл  тұрғыда  негізгі  келіспеушілік 

өркениеттердің  өзара  кірігуі  мен  ұштасып 

кетуіне  қарсылықта  болып  тұр.  Анығырақ 

айтқанда,  жаһандану  барысында  Батыс 

мәдени 

құндылықтарының 



басымдық 

танытуы  жергілікті  халықтың  байырғы 

төлтумалық  сипатының  жоғалуына  түрткі 

болуы  мүмкін  деген  қауіпке  әкеліп  тірейді. 

Өйткені,  өткен  ғасырдың  орта  шенінен 

айтыла  бастаған  өркениет  бәсекесі  қазір 

шын  мәнінде  ақиқатқа  айнала  бастады. 

Бәсеке  бүгінгі  күні  экономикада,  саясатта, 

идеологияда, мәдениетте, білімде, ақпаратта, 

технологияда,  тағы  басқа  салаларда  қызу 

қарқынмен  жүріп  жатыр.  Рас,  Батыстың 

білімі,  ғылымы,  техникасы,  технологиясы, 

біздер  үшін  өте  қажет,  алайда,  Батыс 

өркениетінің қоршаған ортаға тек пайда табу 

көзі деп қарауға үйретуі, оны технологиялық 

тұрғыдан бөлшектеп сату түрінде түсіндіруі, 

мәдени,  әдеби  құндылықтарымыздың  әлеу-

мет тік  мән-маңызын  батыстық  «жалған 

мәдениетпен»  алмастыруы  бұл  мәселеде 

бізге  үлгі  бола  алмайды.  Оның  дәлелі,  бұл 

күндегі  еліміздегі  жағдайлар:  жезөкшелік, 

нашақорлық,  тасбауыр  әке  мен  «көкек» 

аналардың салдарынан тастанды балалардың 

көбеюі,  неше  түрлі  қылмыстардың,  без-

бүйректіктің (қартайған ата-анасын қарттар 

үйіне  өткізуі,  т.б.)  жиі  орын  алып  отыруы. 

Сондықтан, Батыс өркениетіне шамадан тыс 

еліктеушілік  жақсылықтың  нышаны  емес. 

Сол  себепті,  ұлттық  тәрбие  туралы  идея 

бүгінгі күн талабы мен өмірлік қажеттіліктен 

туындап  отыр.  Қазақ  елінің  әлемдік  кеңіс-

тікте өз жолын таңдауы әрбір қазақтың емін-

еркін өмір сүруінің кепілі. Ол сөзсіз ұрпақтар 

қамы деген ұғыммен үндеседі. 

Ол  үшін  ұлттық  тәрбиені  дамытуды 

нақты,  дұрыс  жолға  қою  керек.  Тіпті,  бұл 

кезек  күттірмейтін  үлкен  мәселе.  Мұны 

Президенттің  “Интеллектуалды  ұлт  – 

2020”  ұлттық  бағдарламасындағы  идеясын 

жүзеге  асырушы  Абай  атындағы  Қазақ 

ұлттық  педагогикалық  университетінің 

ұжымы  қолға  алып  отыр.  Сол  мүмкіндікті 

пайдаланып  2009  жылы  университеттің 

жанынан ашылған Жаңартпа технологиялар 

және  білім  беру  мазмұнын  ғылыми-зерттеу 

институты  ұлттық  тәрбие  проблемасына 

бірінші  кезекте  ден  қойып,  осы  бағытта 

біраз жұмыстар атқарды.

Еліміз өз егемендігін алған жиырма жыл 

ішінде  еңселі  мемлекет  болып  қалыптаса 

алды. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерімен 

иық  теңестіретін,  тіпті,  кей  тұстарда 

олардан  озық  тұратын  дәрежеге  жетті. 

Қолда  тұрған  ядролық  қарудан  бас  тартып, 

сол  арқылы  әлем  елдеріне,  әсіресе,  азулы 

алпауыт  державаларға  үлгі-өнеге  көрсетті. 

2010 жылы ТМД мен Азия елдері арасында 

тұңғыш  рет  Еуропадағы  қауіпсіздік  және 

ынтымақтастық ұйымына жетекшілік еттік. 

Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық 

етіп,  7-ші  қысқы  Азиада  ойындарын 

өте  жоғары  дәрежеде  өткізді.  Биылғы 

Лондонда  өткен  ХХХ  жазғы  Олимпиадада 

тарихымызда 

бұрын-сонды 

болмаған 

көрсеткішке қол жеткіздік. Бұл да еліміздің 

әлемдік  аренадағы  абыройын,  мәртебе 

беделін танытса керек. 

Осындай  жетістіктерге  жетудегі  жас-

тарымыздың  бойындағы  ұлтжандылық  пен 

отансүйгіштік  қасиеттердің  рөлі  жоғары. 

Сол  себепті,  ұлттық  тәрбиені  білім  алушы 

жастардың бойына сіңіру – еліміздегі барлық 

білім  беру  ошақтарының  ең  басты  міндеті. 

Еліміздің  тұңғыш  Президенті  -  Елбасы 

Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  өзінің 

Қазақстан  халқына  Жолдауында  оқыту 

үдерісінің  тәрбиелік  құрамдасын  күшейту 

қажеттігін баса айтты. Сондай-ақ, тәрбиенің 

негізгі баспалдақтарын - патриотизм, мораль 


15

14

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ

мен  парасаттылық  нормалары,  ұлтаралық 

келісім  мен  толеранттылық,  тәннің  де, 

жанның да дамуы, заңға мойынұсынушылық 

екендігін атап көрсетті. Жолдауда аталмыш 

тәрбиелік  білім  барлық  оқу  орындарында 

қамтылуы қажет екендігін нақтыланды. Осы 

өзекті мәселелердің күрмеуін шешіп, тәлім-

тәрбиені біліммен ұштастыру арқылы дұрыс 

жолға қою жолында Жаңартпа технологиялар 

және  білім  беру  мазмұны  ҒЗИ  жемісті  де, 

нәтижелі жұмыс істеуде. 

Белсенді  және  мақсатты  түрде  оқу 

үдерісіне  «Ұлттық  тәрбие»  пәнін  енгізу 

жұмыстарына  өзіндік  үлесін  қосуда.  Бұл 

бағытта  2009  жылы  «Ұлттық  тәрбие  және 

өзін-өзі тану» кафедрасымен бірігіп «Ұлттық 

тәрбие»  пәнінің  типтік  оқу  бағдарламасын, 

ЖОО-на  «Ұлттық  тәрбие»  пәнін  енгізудің 

жұмыс  оқу  бағдарламасын  даярлады.  Сол 

жылдың  қазан  айында  ТарМПИ-да  ұлттық 

тәрбие мәселесі бойынша ғылыми семинар 

өткізілді, онда оқу үдерісіне «Ұлттық тәрбие» 

пәнін енгізу жолдарын талқыланылды. 2010 

жылдың  11  қарашасында  ұлттық  тәрбие 

мәселесіне  арналған  «Ұлттық  тәрбие  – 

өркениетті  қоғам  құру  жағдайында  адам 

ресурстарын  қалыптастыру  кепілі»  атты 

дөңгелек  үстел  өткізілді.  Қорытындысында 

ғылыми материалдар жинағы шығарылды.

Ұлттық тәрбиені оқу үдерісіне енгізудегі 

өзектілігі  мен  қажеттілін  көрсету  жолында 

Қазақстандағы  белгілі  қоғам  қайраткерлерін, 

атақты  ғалым  ұстаздарды,  ұлтжанды  ірі 

тұлғаларды шақыртып, “Тұлғалар тағылымы” 

атты  лекциялар  курсы  ұйымдастырылды. 

Қорытындысында лекциялар курсы жинағы 

жарыққа  шығарылды.  Бұл  лекцияларда 

ұлттық  тәрбиенің  жастар  тәрбиесіндегі 

рөлі мен қажеттігі туралы мол мағлұматтар 

қамтылды.  Студенттердің  «Этикалық  ко-

дек сі»  қабылданды,  ұлттық  тәрбие  құн-

дылықтары  мен  халықтық  педагогикаға 

негізделген  «Ұлттық  тәрбие»  пәні  оқу 

үрдісіне енгізілді. Содан кейін, оқу үдерісіне 

«Ұлттық тәрбие» курсын енгізу үшін келесі 

оқу құралдары даярланды: 

1.  «Ұлттық  тәрбие  (Ұлттық  тәрбиенің 

эти ка-эстетикалық  негіздері)».  Оқу  құра-

лында  қазақ  халқының  ұлттық  тәрбие 

берудегі  ұлттық  діл  мен  ұлттық  нақышқа 

негізделген төл мәдениеті мен озық өркениеті, 

этика-эстетикалық  тәрбиесі  теориясы  мен 

практикасы  жан-жақты  ашылып  қарас-

тырылды.  Ғасырлар  қойнауынан  ұрпақ-

тан-ұрпаққа  жалғасып  келе  жатқан  ұлттық 

тәрбие  негізі  сарапталып,  олардың  әдеп 

пен  әдемілік  тұрғыда  тәрбиелік  қырлары 

көрсетілген. Ұлттық тәрбиелік білім негізін 

әдеп пен әдемілік тұрғыдан жастарға бағыт-

бағдар  беру  қыры  жан-жақты  сараланған. 

Оқу құралы студент жастарға, оқушыларға, 

білім  беру  саласындағы  қызметкерлер  мен 

жалпы оқырман қауымға арналған.

2.  «Ұлттық  тәрбиенің  ғылыми  негізі». 

Бұл оқу құралында қазақ халқының ұлттық 

тәрбиесінің  алғышарттары,  мән-мағынасы, 

ғылыми  мазмұны  жан-жақты  сараланған. 

Ұлттық  тәрбиелік  білім  негізін    ғылыми 

тұрғыда  қарастыра  отырып,  осы  тұрғыда 

жас тарға бағыт-бағдар беру көзделген. Оқу 

құралы  оқушыларға,  студент  жастарға, 

магистранттарға,  білім  беру  саласындағы 

қызметкерлерге арналған.

3.  «Ұлттық  тәрбие  (Салт-дәстүр,  әдет-

ғұрып негізінде)». Бұл оқу құралында қазақ 

халқының  ұлттық  тәрбиесінің  теориясы 

мен  практикасы  жан-жақты  ашылып 

қарастырылған.  Ғасырлар  қойнауынан  ұр-

пақ тан-ұрпаққа  жалғасып  келе  жатқан 

салт-дәстүр,  әдет-ғұрыптардың  түрлеріне 

жеке  тарауларда  тоқталып,  автор  олардың 

тәрбиелік  қырларын  көрсетеді.  Кейінгі 

дәуір  зардабынан  қолданылмай  ұмытылуға 

айналған  кейбір  салт-дәстүр,  әдет-ғұрып-

тарды  жаңғырта  отырып,  жастарға  бағыт-

бағдар  беру  көзделген.  Оқу  құралы  сту-

дент  жастарға,  оқушыларға,  білім  беру 

саласындағы қызметкерлерге арналған.

4.  «Ұлттық  тәрбие  (таңдамалы  лек-

ция лар  курсы)».  Бұл  оқу  құралында 

белгілі  тұлғалардың  қазіргі  таңдағы  тәр-

бие  мәселесіне  қатысты  жоғары  оқу  орын-

дарында  оқыған  дәрістері  беріліп  от-

ыр.  Жинақта  ұлттық  идеяны,  рухты, 

салт-дәстүр  мен  әдет-ғұрыпты  дәріптеп, 

жастарға  заманауи  тұрғыда  тәлім-тәрбие 

беруде  ықпал  ету;  жастардың  бетін  ата-

дәстүрімізге  бұру;  өз  халқының  бай 

мұрасына назарын аудартып, халқымыздың 

өзіне  тән  ұлттық  құндылықтарын  мақтан 

тұтуға  тұрарлықтай  тұлғалары  бар  екенін 

аңғартып  отыру  мақсаты  көзделген.  Осы 

арқылы  туған  халқы  мен  жерін  сүйетін 

ұлтжанды  жастарды  тәрбиелеп,  еліміздің 

өркендеуі мен қауіпсіздігін баянды ету. Оқу 

құралы студенттерге, магистранттарға, білім 

беру саласындағы қызметкерлер мен ғылым 

жолындағы ізденушілерге арналған. 

5.  «Салт-дәстүрдің 

ұйымдастырылу 

жол дары мен орындалу тәртібі». Халқымыз 

–  дүниеге  келген  әр  сәбидің  туылған 

сәтінен  бастап,  өсіп  ержеткенге  дейінгі 

бала  өміріндегі  барлық  неғұрлым  маңызды 

кезеңдерді қонақасымен, тоймен атап өтетін 

қонақжай,  тойшыл.  Кітапта  шілдехана, 

қырқынан  шығару,  бесік  той,  тұсау  кесу, 

сүндет  той,  тілашар,  үйлену  тойларының 

қазіргі заманға сай ұйымдастырылу жолдары 

мен  орындалу  ережелерінің  баршаға  ортақ 

нұсқасы  ұсынылады.  Сонымен  бірге, 

жинақта  халықтық  нақыл  мен  даналық 

ойларға, ән-жырларға да орын берілген. Оқу-

әдістемелік  құрал  оқушыларға,  студенттер 

мен  магистранттарға,  мұғалімдер  мен 

оқытушыларға,  сондай-ақ,  жалпы  оқырман 

қауымға арналған. 

6.  Сондай-ақ,  «Оқу  үрдісіне  инте-

грацияланған «Ұлттық тәрбие» пәнін енгізу» 

атты  кіріктірілген  оқу  бағдарламасының 

жобасы. Қоғамдық циклға жататын «Ұлттық 

тәрбие»  пәнінің  оқушының  жеке  тұлға 

ретінде дамуында, саналы оқу мен сауатты 

жазу дағдыларының қалыптасуында алатын 

орны  ерекше.  «Ұлттық  тәрбие»  пәні  білім 

мазмұнының  негізгі  мазмұндық  желілері 

ұлттық  тәрбиенің  негізгі  діңгектері  - 

ұлттық  сана,  ұлттық  тіл,  ұлттық  мәдениет, 

ұлттық  діл,  ұлттық  салт-дәстүр  мен  әдет-

ғұрып  категорияларына  сүйенеді.  «Ұлттық 

тәрбие»  пәні  білім  мазмұнын  іріктеуде 

дәстүрлі 

классикалық 

педагогикадағы 

тәрбие  бағыттарын  толық  қамту  ескерілді. 

Ерекше  назар  аударатын  мәселелер  ре-

тінде  қазақ  халқының  ұлттық  ойындары, 

мақал-мәтелдері,  өсиет  сөздері,  туыстық 

қатынастары, жеті ата түсінігінің тәрбиелік 

мәні, қыз тәрбиесі, ұл тәрбиесі, келін тәрбиесі, 

ер  азамат  тәрбиесі,  отбасы  мүшелерінің 

өзара  қарым-қатынасын  реттеудегі  ұлттық 

тәрбиенің  рөлі,  қазақ  халқына  тән  әдет-

ғұрып,  салт-дәстүрлері,  қазақ  халқының 

адамгершілік құндылықтары, ұлттық тәрбие 

берудегі  діннің  алатын  орны  тақырыптары 

және  олардың  тәрбиелік  мәні  белгіленген. 

Қазіргі  жастардың  әлеуметтік-тұлғалық 

мәселелері  ретінде  жас  ерекшеліктеріне 

байланысты  ұлттық  тәрбиенің  мазмұндық 

сипаты,  салауатты  өмір  сүру  салты, 

адамгершілік 

тәрбиелілігі, 

сонымен 

қатар,  жастар  арасындағы  жат  қылықтар 

(шылым  шегу,  нашақорлық,  жезөкшелік, 

мас күнемдік, 

бұзақылық, 

қылмыстық 

әрекет)  және  жастардың  әлеуметтік  қа-

лып тасуында  діннің  ықпалы  жайында 

тақырыптар ұсынылған. Халқымыздың ұлы 

ғұламалары  мен  ойшылдарының  еңбек-

теріндегі  тәрбие  көрінісі,  мәдени  мұра 

нысандары, халқымыздың ұлағат сөздерінің 

тәрбиелік мәні және қазіргі мәдениет және 

бұқаралық  ақпарат  құралдарының  ұлттық 

тәрбие  берудегі  рөлі  тақырыптары  да 

қамтылады. Сонымен қатар, Қазақстандағы 

ұлт  саясатының  қалыптасуы,  дамуы  және 

оның  зиялы  азамат  қалыптасуындағы  рөлі 

тақырыптары да қарастырылған. 

2010  жылдың  наурыз  айынан  бастап 

екі  айда  бір,  қазақ  және  орыс  тілдерінде 

аралас  шығатын,  республикалық  ғылыми-

көпшілік  бағыттағы  «Ұлттық  тәрбие» 

атты  журнал  жарыққа  шықты.  «Ұлттық 



тәрбие»  журналы  ұлтжандылыққа,  отан-

сүйгіштікке  баулумен  қатар,  ұлт  тарихын, 

мәдениетін,  салт-дәстүрін  терең  меңгеруге, 

ана  тілін  қадірлеуге  үйретуге,  ұлттық 

интеллектуальдық 

әлеуетті 

анық тауға 

бағытталады.  Журнал  ЖОО-на,  мек-

тептерде  білім  алушыларға  ғана  емес  жал-

пы  көпшілік  қауымға  бала  тәрбиесінде 



17

16

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ

пайдалы  мол  материалдармен  қамтылған. 

Бұл  басылымның  өзіндік  бағыт-бағдары, 

ерекшелігі  бар.  Бағыты  –  қазақ  халқының 

ұлттық  салт-дәстүр,  менталитетін  бүгінгі 

дәстүрге сай замануи тұрғыда даму сипатын 

халыққа  таныстыра  отырып,  бойына 

ұлттық  болмысты  сіңіру.  Негізгі  мақсаты 

–  ұлтжандылыққа,  отансүйгіштікке  баулу, 

ана  тілін,  мәдениетін,  салт-дәстүрін 

терең  меңгеруге,  қадірлеуге  үйрету.  Қазақ 

жастарының бойына ұлттық құндылықтарды 

қалыптастыра 

отырып, 


ұлттық 

интеллектуальдық әлеуетін анықтау арқылы 

журналдың  өзектілігін  қалыптастырамыз. 

Журнал ұлттық идеяны, рухты, салт-сананы, 

ұлттық  бизнестің  қалыптасуын,  жанашыр 

ұлт  тұлғаларының  саналы  өмірімен, 

олардың  әдет-ғұрыпты  дәріптейтін  және 

танымдық  материалдармен  қамтылған. 

«Ұлттық  тағылым»,  «Ұлттық  намыс», 

«Салт-дәстүр»,  «Ұлттық  тұлға»,  «Ұлттық 

бизнес», «Отбасы тәрбиесі» сияқты тұрақты 

айдарлармен  көптеген  мағлұматтар  берілу 

арқылы  қамтылу  көзделген.  Әр  айдардың 

өзіндік тақырыптық бағыты мен мазмұндық 

ерекшелігі бар. Қазіргі уақытта журналдың 

жалпы 10 000 тиражбен 13 нөмері жарыққа 

шықты.

Тәрбие  бағыты  бойынша  ҒЗИ-ның 



ғылыми-зерттеу жұмыстары Абай атындағы 

ҚазҰПУ 


ректоры 

гранты 


есебінен 

қаржыландырылып отырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет