Батыр баба Ерасыл



Дата18.04.2023
өлшемі46,84 Kb.
#83714
Байланысты:
Батыр баба Ерасыл


Батыр баба Ерасыл.
Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын
Бауыржан Момышұлы
Қазақтың тарихында, жаугершілік замандарда еліне қорған болған, халқына пана батырлар аз болмаған. Ерен ерліктің, айтулы қаһармандықтың үлгісін көрсеткен жаужүрек батырларын елі де ардақ тұтып, бағалай білген. Уақыт көші алға жылжыған сайын батырларымыздың мәртебесі биіктемесе, еш төмендемесі анық. XVIII ғасырда қазақ халқының елін, жерін қорғауда өшпес ерліктің өнегесін қалдырып, халқы құрметтеп Қабанбай, Дарабоз, Хан батыры атандырған ірі қолбасшы, жасақтың бас сардары, тарихи тұлға Қаракерей Қабанбай батыр жайлы ой қозғамақпын. Атағы ерте жасынан-ақ таныла бастаған Қабанбай батырдың туғанына биыл 330 жыл толды. Батырдың ерен ерлігін, жаужүрек батырлығын мойындағаннан қалмақтар «Қабан» деп атап, құрметтеген. Жалпы «Қабан» деген атау тарихта бас батыр, бас қолбасшы деген ұғымды білдірген . Қабанбай есімі қазаққа ғана емес, түркі-мұсылман халықтардың көпшілігіне жақсы таныс. Қарап тұрсақ, сонау жаугершілік замандардағы халықтардың бүгінгі ұрпақтарының жадында сақталып қалған. Тіпті Қабанбай дүниеден өткеннен кейін де оның есімі түркі-мұсылман халықтарында ұранға айналғанын көруімізге болады. «Ақтабан шұбырынды...» кезіндегі зұлмат пен нəубет қатар келген тұстағы тарихқа үңілген қаламгерлер мен тарихшылар назарынан Қабанбай батыр тысқары қалмаған. Айтуларға қарағанда, Қабанбай жоңғарларға қарсы соғысқа 103 рет кірген. Бұл ұрыстардың көбінде батыр жеңіспен оралып, елдің алқауына бөленген. Ел алдындағы ерлігін еске алып, Абылай хан өзінің айтқан серті бойынша оған «Дарабоз», «Хан батыры Қабанбай» деген құрметті атақтар берген. Қабанбай батыр ел рухы мен батыр рухының биіктігін барлық құндылықтан жоғары қояды. Елдің мүддесі Қабанбай үшін қымбат, халқының тағдыры жау табанына басылмауы жолында жан аямай күрескен Қабанбай батыр ерліктің, отаншылдықтың үлгісі. Қазақ осындай батырлардың арқасында тағдыры мен келешегін қорғап калған. Атамыздың ерлігі елге – мұра, ұрпаққа – ұран !
Туады ерлер ел үшін
Өлмейді ісі мәңгілік,
Өшпейді абзал есімдер.
Ұрпаққа жетіп мәңгілік
Кешпейді асыл ер — деп ақ жалын ақын Жұбан Молдағалиев жырлаған болатын. «Ерлік — елге мұра, ұрпаққа — үлгі» демекші бабаларымыздың әрбір жүріп өткен жолы — біз үшін үлгі, шежіре, тағдыр — тарих. «Ел ерімен еңселі», «Елім» деп еңіреп туған ерлердің есімі еш уақытта елеусіз қалмайтыны ақиқат. Шындығында бүгінде тұғырлы тұлғаның бет-бейнесі көп адамға беймәлім. Менің пікірімше батырды насихаттау, бүтін ұлттың тәрбиесіне сеп болар еді. Тіпті сол арқылы өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге болады.

«Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ер жетесіз» деп атам қазақ бекер айтпаған. Біз ата тарихын саралап, тарих қойнауын аралап, ұлыларымызды даралау біздің міндетіміз.Батылдық пен ерлік жасау арқылы біз Қабанбай бабамыз сынды өшпес із, сөнбес мұра қалдырамыз. Бұл екі қасиет біздің әрқайсымыздың өн бойымызға дарыған. Ең бастысы, ерліктің ешқашан есеппен жасалмайтынын жадымызға сақтау қажет. Мейлі, кішкене болсын, мейлі өлшеусіз, орасан зор ерлік болсын, ерліктің аты – ерлік! Тек өзіміз бойымызда бұғып жатқан бұл тамаша қасиеттерді дер кезінде көрсетуге әрдайым даяр болайық деп өз ойымды М.Шахановтың «Ерлікке шақыру» деген өлеңінен үзіндімен аяқтағым келеді:


Қорға жаным, сеніміңді жеруден,
Қорлық бар ма, жанбай жатып сөнуден.
Өмірдегі үлкен жеңіс әрдайым,
Басталмай ма, өзіңді-өзің жеңуден.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет