Баяндама Шағын жоба



бет1/5
Дата12.07.2023
өлшемі40,71 Kb.
#104238
  1   2   3   4   5

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар мен
инжиниринг университеті
«Туризм және тілдер» факультеті


Баяндама


Шағын жоба


Тақырыбы: БАҚ-тың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саласындағы тиімді қызметін арттыру үшін қандай шаралар орындалуы қажет?

Орындаған: Умирбекова Балауса



Тексерген: Молдагалиева А. Д.
2023
Жоспары:

I. Кіріспе.


II. Негізгі бөлім:





  • БАҚ-тың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы рөлі.

  • БАҚ пен сыбайлас жемқорлықтың өзара байланысы.

  • БАҚ-тың сыбайлас жемқорлықты жоюда бізге тигізер үлесі бар ма?

III. Қорытынды.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.




Кіріспе

Зерттеудің мақсаты: Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі БАҚ – ның негізгі рөлі журналистік зерттеу арқылы сыбайлас жемқорлықтың пайда болып дамуына негіз қалайтын құпия тетіктер мен фактілерді жұртщылыққа жариялау, сол арқылы оның түбі ашылмай қалмайтындығына қоғамды сендіру. Сыбайлас жемқорлықпен жан – жақты күрес жүргізу үшін БАҚ тәуелсіз болуы және шын мәнінде төртінші билік тармағына айналуы қажет. БАҚ-ның ерекше міндеті – әрбір адамның өз ой пікірін еркін білдіру құқығы мен толық және шынайы ақпарат алу құқығын қамтамасыз ету.


Кез – келген демократиялық қоғамының даму деңгейі оның бұқаралық ақпарат құралдарына деген көзқарасымен де, мемлекет пен бұқаралық ақпарат құралдары арасында қалыптасқан өзара қарым – қатынас жүйесімен де анықталатыны белгілі. Жариялылықты өмірде жүзеге асыруға, оны тереңдетіп дамытуға БАҚ – тың рөлі зор. Ол үшін нағыз шындық халыққа дер кезінде дәл сол болмысымен жетіп тұруға тиіс. Сонда ғана қалың бұқара белгілі билік орындарының лауазымды тұлғалардың қызметін бақылай алады. Дәл осындай бақылау күшейсе, оны БАҚ қамтамасыз ете алса, онда елде сыбайлас жемқорлыққа айтарлықтай тосқауыл қойылады. Журналистің міндеті – халықаралық қатынас барысында және ақпарат саласында демократияландыруға ықпал ету. Әсіресе, мемлекеттер мен халықтар арасындағы бейбіт және достық қарым-қатынастардың нығаюына көмектесу болмақ.

Журналистердің әртүрлі ой – пікірлерге қарамастан адамдардың әлеуметтік маңызы зор толық және шынайы ақпарат алу құқығын жүзеге асыруына ат салысуы қажет. БАҚ қызметкерлері атқаратын кәсіби қызметтерінің нәтижесі тек елдің заңнамасына ғана емес, сонымен қатар адамдардың адамгершілігі, ақыл – ойы мен денсаулығына залал келтіретін ақпараттар таратуға шек қоятын журналистік этика ережелеріне де тәуелді. Журналистер сөз бостандығы мен тәуелсіз ой-пікірді жариялауға міндетті.


Баспасөз бостандығы бүкіл халықтікі, сондықтан да қоғамдық маңызы бар қандай да бір ақпараттарды жариялау әлдебір саяси, коммерциялық т.б. жекелеген топтардың ықпалына түспеуі қажет. БАҚ олардың ішкі редакциялық іс-әрекеттері ықпал етілмейтіндей қалыпта жариялауға кепілдік берілуі керек. Журналистер өз жұмысында тек өзі қызмет ететін БАҚ аудиториясының ғана мүддесін білдіруі тиіс. Жалған ақпарат тарату ақпартатты әдейі бүркемелеу арқылы ақша табу кәсіби қылмыс ретінде қаралуы тиіс. Журналистік қызмет жасырын, жалған ақпаратпен сыйыспайды. БАҚ жұмысы тиімділігінің өлшемі – өзінің экономикалық іс-қимыл қорытындылары мен танымдылығы және сол БАҚ-ына қатысты оқырмандардың сенімі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет