Баяндама Тақырыбы: Шаңды жорық. Орындаған: Бахитқызы Мейір «Тарих-дінтану»



Дата07.01.2022
өлшемі27,56 Kb.
#19092
Байланысты:
130-28 Бахитқызы Мейір баяндама


Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті

Баяндама

Тақырыбы: Шаңды жорық.


Орындаған: Бахитқызы Мейір

«Тарих-дінтану», 3 курс



Тексерген: Исамет Нұрболат

Шымкент 2020ж



ХҮІІІ ғасырдың соңы – ХІХ ғасырдың басындағы Қазақ хандығы.

Кіші және Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы.

Ойрат-қазақ халықы арасындағы екі жүзжылдық тарихы бар қырғын соғыстың ең соңғы жаңғырығы – алаш жұртының санасында «Шаңды жорық» деген атпен белгілі. Шаңды жорық оқиғалары туралы қаншама тарихи әңгіме сақталған. «Шаңды жорық» деп аталатын күй де болған. Шын мәнісінде, бұл – шаң бораған жорық емес, қан судай аққан, қалмақтармен соғыс тарихындағы ең аяусыз, қатал және құрбандығы да шектен шыққан, аса зор әрі ең ақырғы майдан болды.Еңсегей бойлы Есімхан заманында ауыр жеңілістерге ұшыраған ойраттардың бір бөлігі негізгі тобынан ажырап, батысқа қарай ауғаны, басым көпілігін торғауыт руы құрған бұл жауынгер ұлыстың Ноғай Ордасын талқандап, атамекенінен бостырып, Еділ бойына біржола орныққаны туралы бұрын айтқанбыз. Сөйтіп XVII ғасырдың орта шенінде Қазақ Ордасының қақ желкесінде жаңа бір қалмақ хандығы құрылған болатын.Еділдегі қалмақ ұлысы уақыт оза келе Ресей бодандығын қабылдағанымен, біршама ішкі дербестігін сақтайды. Сонымен қатар жауынгер қалмақ жұртының дәл осы кезеңдегі және осы аймақтағы өмірлік мүдделері көп ретте Ресей империясының жаулаушылық саясатының аясында болғандығы көрінеді.Қалмақ хандығы бір жарым ғасыр бойы төңірегін қоршаған түрік халықтарымен, тіпті бүкіл Шығыс Еуропадағы мұсылман қауымымен жаулық жолын ұстанады. Ноғайларды біржола тоздырады, башқұрттарды ежелгі қоныстарынан тықсырады, Дағыстан мен Қабардыны шабады, Қырым хандығына, Осман империясына қарсы соғыстыға қатынасады, барлық уақытта да жиһангерлік жолына біржола түскен жыртқыш Ресейдің жазалаушы жасағы қызметін атқарады. Шығыстағы көршісі Қазақ Ордасымен арадағы қатынас та үнемі қыл үстінде тұрады. 1635 жылы Жайық бойында үлкен ұрыста Салқам Жәңгір қирата жеңгеннен соңғы жерде алаш тарабына аяғын аңдып басатын болады, бірақ Жоңғардағы Дүрбін-Ойрат күшейге шақта атажұртымен жең ұшынан жалғасып, әмәнда өзінің теріс пиғылын танытып отырады.Ақыры XVIII ғасырдың орта шенінде Жоңғар біржола талқандалған кезде, Еділ қалмақтарының да зәрі қайтады. Қазақтардың бұдан бұрынғы ауыр соққысынан және жалғыз қалғандығынан ғана емес, Ресейдің отарлау саясатының бұрынғыдан күшейе түсуінен.Патша өкіметінің бұл тараптағы зымиян саясатын айқындайтын бағдарлама құжаттардың бірінде мынадай тұжырым бар екен: «Егер қалмақтар бізге қарсы әлденедей қарсылық жасаса, оларға қазақтарды айдап салу керек, бұған керісінше, қазақтардың жат пиғылы білінсе, оларға қарсы қалмақтар мен башқұрттарды аттандыру қажет, сөйтіп, бірін-бірі жаныштап тұрса, біз бұларды орыс әскерін жұмсамай-ақ бағындырып аламыз; қалмақ, башқұрт пен қазақты бірімен-бірін жауықтырып, үнемі осылай ұстау қажет», – дейді.Бұл Ресейдің Еуразиядағы сыртқы саясатының бір ғана көрінісі. Ресей өзіне бодан қалмақ жұртын осы жолда аямай пайдаланды. Соған орай, жарылқап тастағаны және жоқ.Ресейдің барлық соғыстарына қатынасатын, мыңдаған жас жігіттері үнемі жорық жолында, жат жерде жүретін қалмақ ұлысының қайғы-қазасы күн озған сайын молайып бара жатты: 1761 жылы хандық өкімет жойылды, Еділ бойындағы, жұрт бауыр басып қалған қоныстарға Ресейдің қара шекпендері көптеп көшіп келе бастады. Шөбі шүйгін, суы мол жерлер келімсектерге тартып әперілді, қазақ-орыстар тарапынан қалмақтың малын айдап, адамын байлап әкету, тонау мен зорлық көбейді, діннен айырып, еріксіз шоқындыру етек алды.

Міне, осы кезде жұрт көңіліне шығысқа – ежелгі қоныс Жоңғарға қайтадан көшу туралы арман ұялайды, халық арасына ойраттар қырылғаннан соңғы жерде: «Жоңғар мүлде босап қалыпты, атажұрт иен тегін жатыр екен» деген дақпырт жойылады.Ел ұстаған Үбашы мен Серен тайшылар: «Еділдегі барлық қалмақ түп көтеріліп, Жоңғарға оралуы керек», – деген үгіт жүргізе бастайды.Қазіргі жұртындағы жақсылық өмірден күдер үзген, болашақ, бұлдыр күндер елесіне сенген бүкіл қалмақ елі атақонысқа түп көтеріле көшуге бел байлайды. Бұл – 1770 жылдың күзі.Көш қыс ортасына – қаңтар айының алғашқы күндеріне белгіленеді.Қалмақтардың басым бөлігін құрайтын торғауыттар Еділдің сол жағасын, яғни шығыс бетін қоныстанатын. Дүрбіттер мен хошауыттар оң жағада жатқан. Көш туралы құпия әңгіме көтерілген кезден бастап, қалмақтар Ресей өкілдерін әртүрлі сылтаумен алдарқатып, Еділдің шығыс бетіне өте бастайды. Енді бірталайы аттаныс күтіп, арғы жағада бөгеледі. Алайда бүкіл қалмақ жұрты көтеріле көшетін 5 қаңтар қарсаңында қатты аязда шытынап Еділдің мұзы жарылады, мұз үстіне қызыл су жүреді. Сөйтіп сол жақ қабақтағы 11 198 шаңырақ Еділден өте алмай, салқар көштен бөлініп, біржола Ресей шегінде қалады.Еділ дариядан өтіп үлгерген, үйімен, үйелменімен, мыңғыран малымен Жоңғарға бет қойған қалың елдің нақты саны – 30 909 шаңырақ екен. Шамамен 170-180 мың адам. Қарулы әскер де аз емес – 40 мың қол. Бір ған кілтипан – қалмақ кіші қазақ қоныстары арқылы өтуге тиіс еді. Басқа амал жоқ.Еділ қалмақтарының ауа көшкені туралы хабарды естісімен, орыс өкіметі оларды қырып-жойып, кері қайтару әрекетін ойласады. Алайда жолындағы жекелеген жасақтарды жайпап өткен, шұғыл жүрген қалмақтар орыстар әскер топтап қуа шыққанға дейін қазақ жеріне сұғына еніп үлегереді. Жайық өңірінде орныққан қазақ-орыстар қатерлі жорықтан бас тартады, генерал Траубенберг бастаған қалың әскер орта жолдан қайтады.Бұл екі арада қара нор болып, жылжи көшкен қалмақтар қазақтың біраз ­ауылын басып, тапап кетеді. Жем өзенінің бойында аз ғана аялдап, Ырғызды кесіп, Сары-Арқаны көктей, Жетісуды жарып өтіп, Жоңғарға шығуға ниет еткені мәлім болады. Әуелгі хабарды естіген Кіші жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып, қалмаққа қарсы аттанады.Алғашқы ұрыс Жем бойында болыпты. Жеңіліске ұшыраған, ығыса соғысқан Үбашы Нұралы ханға бітім туарлы хат жолдайды. «Біздің дәл қазір қазаққа қысасымыз жоқ, орыстан жан сауғалап, атажұртқа ауып барамыз, қан төгіспейік, бізге қарсы қару көтерген ісіңіз адмашылдыққа жатпайды», – дейді. Нұралы өзінің жауап хатында қалмақтардың кері қайтуын, қазақ жерін тазартуын талап етеді.



Совет тұсындағы ресми әдебиетте: «Қазақтар қалмақтардың қыиын халін пайдаланды, олжа үшін шапты, ал Нұралы хан патша өкіметінің айтағына ерді» деген тәрізді қисық ұғым қалыптасқан. Бұл кезде Ресей патшалығының суық демі айқын сезіліп тұрғанымен, біздің қазақ ұлт мүддесі тарабына ғана жұмыстайтын ежелгі дағдысынан жаңылмаған еді. Ақтабан-шұбырындыдан бері елу-ақ жыл өткен, кешегі қуғын-сүргін, аясуыз басқыншылықты көзімен көрген адамдардың көбі әлі тірі. Жоңғармен соғыстың тәмамдалғанына бір мүшелден жаңа асқан. Сондықтан қандай жайғдайда болмасын, «қалмаққа қарсы шап» деген үгіттің керегі жоқты. «Қалмақ аттанды, қалмақ қаптап келеді!», «зиянымыз тимейді» деп қаншама сендірсе де, Қазақстанды қақ жарып өтетін суық шеру елге ылаң әкелетін, жайлау-қысталардың үстін басып өтіп, қаншама қақтығысқа себеп болары күмәнсіз еді.Жыл болмаса да, үйреншікті мекенін тастап, бір көтеріліп кеткен қалмақтардың да қайта оралуы қиын еді. Үбашы Нұралы ханның талабын жауапсыз қалдырады, қалмақ шеруі Мұғажжардың етегін ала, мүмкін болғанша, қазақтың жиын жерінен аулақтай отырып, әуелгі бағдарлама жылжи береді.Көктемгі тасқында қамыс буып, Ырғыз өзенінен әрең өтеді; ат арыған, мал жүдеген, адамдар да қажып тоза бастаған. Кешегі қазақтың басындағы ақтабан-шұбырынды нақпа-нақ, бірақ одан әлдеқайда қатаң жағдайда енді қалмақтың басына келеді. Шұбырған көшке ілесе алмай жода қалушылырдың саны күн озған сайын көбейе түседі.Ең бастысы – алға басқан сайын қантөгіс ұрыстар да ұлғая береді. Қалмақ шеруін көзден таса қылмаған қазақтар кейде өкшелей тықсырса, кейде қос қанаттан кезек соғып, жауды үлкен қырғынға ұшыратып отырады. Тұтас ауылдарды жырып алып, мыңдаған тұтқын түсіреді. Қаншама мал-мүлік, дүние олжалайды.Шерудегі қалмақты қорғансыз, дәрменсіз қалыпта елестетуге болмайды. Көне түрік заманынан, моңғол заманынан беріде көшпенді жұрттар ауыл-аймақ, бала-шаға, мал жанымен көше, қона жүріп жорық жасаған, ай емес, жылдар бойы ат үстінен түспеген. Еділ қалмақтарының жарақты әскері мол еді. Бір жағы Қырым мен Қапқазда, екінші жағы батыста, Еуропа тарабында қаншама майданда көш жолындағы қалмақ ұрысының ең басты қиындығы – ұзақ жол бойында байсал жүріп, көп ерулей алмайтын, барып тоқтар бағдары да күнілгері кесіліп қойған.Қалмақтар қазақ шабылуына қарсы наурыздан жаз ортасына дейін, төрт ай бойы қайтпай соғысады, күн сайынғы тегеурінді соққыға төтеп беріп, тынымсыз алға жылжумен болады. Сөйтіп, Сары-Арқаны қиғаштай кесіп өтіп, маусым айының аяқ шенінде Балқашқа жақындайды, Мойынты өзенінің бойына тоқтап, аз-маз еру жасайды.Міне, осы кезде Абылай хан бастаған қазақтың қалың қолы қалмақтарды тас-түйін қоршауға түсіреді. Жеке қосындарын Нұралы хан, Әділ сұлтан, Орыс сұлтан бастаған қазақ жасағының ұзын саны – елу мың екен.

Қазақтар осыған дейін бірнеше ай бойы қалмақ шеруін қайтқан қазға тиген қаршығадай жұлмалап, тобынан жырып тоздырумен келсе, енді не алға, не артқа жібермей, біржола құртуға бет қойғаны байқалады.Қазақ әскердің берік қоршауына түскенін аңдаған соң, қалмақ әміршілері қозы көш жерде шеп құрып тұрған Абылай ханға арнайы елшілік жібереді. Елшілік құрамында қалмақ жұртының ең беделді жеті кісісі бар екен.Қалмақ елшілері әудем жерде аттан түсіп, ежелгі рәсім бойынша Абылай ханның алдына жаяу келеді. «Алла жар!» деп сәлем береді. «Біз Үбашы мен Сереннің сәлемін әкелдік, – дейді бас елші. – Қазақ пен қалмақ ежелден бауырлас, туыс ел, бұдан әрі соғысса берудің жөні жоқ. Бітімге тоқтайық. Ақ үй береміз, ­айып-албан төлейміз. Дәргейіңе бас ұрамыз. Боданыңа кіреміз. Біздің барар жер, басар тауымыз жоқ, көшіп-қонатын қоныс бер, барлық қалмақ жұрты бір ұлысың ретінде сенің билігіңді таниды. Ежелгі туыстық салтымызды қалпына келтірейік», – дейді.Қалмақ елшілігінің бодандық сұраған кіріптар ұсынысынан соң, Абылай хан әскери кеңес шақырады. Бізге жеткен тым-тұм деректерге қарағанда, жұртшылық пікірі екіге жарылған сияқты. Абылай қалмақ елшілерінің ұсынысын толығымен қабылдау жағында болады. Әске басылардың үлкен бір тобы: «Ешқандай бітімнің, келіссөздің керегі жоқ, қолда тұрған қалмақты түк қалдырмай шауып алу керек», – деседі. Кешегі жоңғарға қарсы, қытайға қарсы күрес қаһарманы Баян батыр өз сөзінде: «Үбашы мен Серен ойда орысты, қырда қытайды алдаған, сені де алдайды», – депті.Ел аңыздары және кейінгі зерттеушілер: «Абылай алданды, қалмақтың айып-албанына қызықты», – деседі. Ал шындығында іс мәнісі, Абылай хан саясаты тереңде жатқан.Бүкіл өмірін қазақ елінің сырт жауларына қарыс күреспен өткерген жеңімпаз қолбасшы, Қазақ Ордасын қалпына келтірген дана саясаткер Абылай хан Дүрбін-Ойратты талқандағаннан соң 1755 жылы көктемде, Жоңғарға Мәнжу-Цин әскерлері келіп кірген кезден бастап, ежелгі жауының іргесін бекітуге мүдделі болады. Ойрат жұртының біржола құрып кетуіне жол бермеуге тырысады. Қарымы қатты, қуаты мол Қытай империясы мен Қазақ Ордасының аралығында тәуелсіз, дербес Жоңғар мемлекетінің сақталып тұруы, болашақ заманда шығыс беттегі табиғи қалқан қызметін атқаруы қажет деп біледі. Бұрын Жоңғарды тоздыруға бар күшін жұмсаса, енді жаңа жағдайда оған барынша көмек береді.1756 жылы Шығыс Түркістанға екі жүз мыңдық шүршіт әскері басып кіргенде, қоңтажы Дабашының жасағында қазақтар да бар болды. Олар ақырына дейін қалмақ әміршісімен бірге болады. Әмірсана мәнжу басқыншылығына. Қарсы ұлт бостандығы күресін бастаған зор майданда қазақтар айрықша қайрат көрсетеді. Әкесі тұтқынға кетіп, қалмақ арасында туған, сонда өсіп-жеткен Хазық-Шары (Қазақ-Сары) деген алаш батыры ойраттың ұлт қаһарманына айналады. Жекелеген қазақ жасақтары Жоңғарда күзетте қалған мәнжу қосындарын талқандауға белсене қатысады. Бұдан соңғы жерде Абылай хан Әмірсанамен тізе қоса қимылдайды. Жоңғар біржола қирағаннан кейін шүршіт әскерлері қазақ жеріне басып кіргенде Абылайдың атақты соғыстарына өз елінен ығысып келген қалмақ қосындары да қатысады. Кеше ғана өліспей бітіспес жау болған екі жұрт қатерлі сәтте кеш те болса табысады. Сөйтіп Жоңғар қалмақтарының Мәнжу-Цин империясына қарсы ерлік күресі қазақтарға біршама тыныс болады. Олардың уақыт ұтуына, жаңаша соғыс тәсілдерін қарастырып, табуына, әскери және саяси тәжірибе жинақтауына септеседі.Енді міне, Еділден туған қалмақпен келіссөзге келіп, олардың қазаққа бодандығы, тым құрыса, Жоңғарға еркін өтуі туралы әңгімені кеңеске салған Абылай ежелгі кек жайын ұмытып, бүгінгі олжаға қызықпайды. Алдағы заман қамын, алаштың ақырғы мұратын байыптаған, тым әріден ойлаған.Еділден ауған әуелгі тобының өзі азайған қалмақ бұрынғы жаудың көлеңкесі ғана. Жоңғарға орнықса, қазаққа ешқандай қатері жоқ, керісінше, Қытаймен аралықтағы, әлсіз де болса сына қызметін атқармақ. Бодандық туралы әңгіме де негізсіз емес. Абылай түрі ұқсас, туыстас жұртты ел ішіне шашырата қондырып, қазақтың ескі салты бойынша бірте-бірте сіңіріп алу жайын ойлаған болса керек. Қайткенде де қантөгіссіз бітісуге бейіл болады. Тоғыз атадан бергі тынымсыз соғыста қаны қарайған көпшілік қауым бұл жағына бойламайды. Сірә, кеңес аяғы созылыңқырап кетсе керек. Қалмақпен арада үш күндік мұрсат жарияланады. Соңғы күні тұтқын алмасып, іс түйінін біржола шешпек болады.Үбашы әуел бастан қулық сақтады ма, әлде уақытша тыныстан соң ешқандай бітім болмасын аңдады ма, бұрын қимылдайды. Екі тәулік өтіп, үшінші тәулікке асқанда, түн ортасына бүкіл қалмақ ұлысы түп көтеріліп, тіке шабуылға көшеді. Дүрк аттанған, қызу ұрысқан қалмақтар тас қараңғыда қазақ қоршауын жарып шығады. Үбашы мен Сереннің шұғыл шешімі қалмақ жұртын оң жолға бастады деп айту қиын. Бұдан былайғы жерде бітімге де, бейбіт келіссөзге де ешқандай мүмкіндік қалмаған еді. Мойынты ұрысынан соң, 1771 жылы шілдеде «Шаңды жорық» оқиғасының ең соңғы, түйінді кезең басталады.Түнгі опыр-топыр соғыста күтпеген жерден шебі бұзылған қазақтар таң атпай-ақ қайтадан қатарын түзейді. Қазақ пен қалмақ арасындағы бұдан соңғы майдан – табан тіреген ұрыс емес, жорық үстінде жағаласқан ұзақ сүргінге ұласады. Қазақ әскері енді қалмақтарды біржола жүйкелеткен тынымсыз шапқынын күшейте түседі. Қаржыса шайқасы, дүркірей көшкен жауды күн-түн демей қудалап, қырып-жойып тоздыра береді.Қалмақтар Балқаштың тұщы сулы батыс жиегін жағалай келіп, Ілені өрлеп, Жоңғарға өтпек екен. Қазақтар үнемі олардың су жағын алып отырады, Балқашқа жібермейді, Ілеге жақындатпайды. Шөлден тұтқынға түсіп, қатары селдіреген, шаң бората шұбырған Қаскелеңді басып, Кеген, Нарынқолдан асып, Жоңғарға әрең ілінеді.Мойынтыдағы түнгі қарбаласта қалмақтардың үлкен бір тобы ұлы шеруден бөлініп, тасада қалған екен. Тәнжі тайшы бастаған көш Балқаштың терістік жағасымен жүреді. Біраз уақыт амандықта болып, естерін жияды. Бірақ көп ұзамай-ақ олар да шабуылға ұшырайды. Аягөз, Лепсі, Қаратал өзендерін кесіп өтіп, Ілеге жеткен Тәнжінің қалмақтары шөлсіз-ақ үлкен қырғынға түседі. Оннан бір бөлігі ғана Ілені өрлеп, Қытай шегіне жетіпті.Осыншама қанды кешуден өтіп, тірі шыққан жұрттың өзін ежелгі Жоңғар жерінде бостандық емес, бұғау күтіп тұр еді. Цин әкімшілігі қажып-тозып жеткен азған қалмақты жеке-жеке ауыл етіп қондырып, бәрін де «бодан» деп жариялайды.

Шаңды жорық халықтар арасындағы өшпенділік атаулының ешкімге де бақыт әкелмейтінін әйгілеген таңбалы оқиға болды. Жайықтан Жоңғарға дейінгі неше мың шақырым жолда алты ай бойы жүргізілген үздіксіз соғыс нәтижесінде ойрат-қалмақ жұртының ең соңғы ұйықты ошағы жойылды. Бұдан бұрын Абылай бастаған Қазақ Ордасының ауыр соққысынан әлсіреп, ішкі қайшылықтар, таққа талас ылаңымен береке-бірлігі кеткен Дүрбін-Ойрат құлаған болатын, қайта көтерілу әрекеті қанға тұншығып, ақыры Мәнжу-Цин басқыншылығы нәтижесінде шығыстағы қалмақ – ұзын саны бір миллионнан астам ержүрек қауым жер бетінен біржола жойылған еді.1771 жылдың қақаған қысында Еділден Жоңғарға жол тартқан 31 мың түтін, яғни 170-180 мың батыс қалмағы жермен-жексен болды. Бұлардың жұқанасы, жоңғарға қансырап жеткен 15-20 мың адам төңірегі тыныш тұрған күннің өзінде іргелі ел болып отыра алмайтын еді. Ұлы шерудің алғашқы күні Еділ дария кешу бермеген 11 мың түтін, 50-60 мың халық қана кездейсоқтан аман қалады. Қазір Ресей құрамында автономиялық республика атымен отырған 140 мың қалмақ – сол бір кезде төбесі көк тіреген, қуаты мол, айбыны зор ойраттың ең соңғы сарқыты.Бір кезде Қытай империясымен жағаласқан, бүкіл Шығыс Түркістанды жаулаған, Қазақ Ордасын шайқалтқан ойрат жұртының қатал тағдырына қарап отырып, өткеніне тәуба, бүгінгіңе шүкір айтасың.Ойрат-қалмақ әулетімен арадағы, сегіз-тоғыз атаға созылған қанды соғыс қазақ халқына қаншама ауыртпалық әкелгені өз алдына, бастан-аяқ жеңіс шеруіне айналған «Шаңды жорықтың» өзі өлшеусіз шығынға түсті. Ат жалында мыңдаған аламан қаза тапты. Соның ішінде орны толмас екі өлім болыпты. Шаңды емес, қанды жорықтың ұзақ сүргін шайқастарының бірінде, тосқауыл ұрыста қазақтың XVIII ғасырда жасаған ең ұлы әскер басшыларының бірі, Жоңғарға қарсы қаншама жорықта даңқты жеңістерге жеткен, шүршітке қарсы майданда қайтпай соғысқан Жанатай батыр қаза табады. Жанатай батырдың өлімі туралы естігенде Абылай хан: «Қайрау бермеген қара қанжарым-ай!» – деп еңіреп жылапты дейді. Қашқан қалмақтың жұқанасын Жоңғарға асырып қайтар есімі жұртшылыққа Шоқан жазбаларынан және Мағжан дастанынан белгілі. Ал Жанатай батырдың ерлік тұлғасын алаш жұрты әзірше толық таныған жоқ. Абылайдың өзін жаңа біліп, енді ғана бағамдай бастаған кезде мұндай олқылықтың болуы заңды да. Біздің өткен тарихты тану жолындағы ең үлкен дертіміз – ақтаңдақтар емес, қолдан жасалған бояма бозтаңдақтар. Біз шын болған, тарихта бар батырлардың көбінің есімін ғана білеміз немесе мүлде білмейміз. Керісінше, өмірде болған-болмағаны күмәнді болса, ол кезде жасамаған, жасаса – жау шапқан ерлігі де, жұрт ұстаған билігі де шамалы кездейсоқ бейнелерді ұлт батыры деңгейіне шығарамыз деп арамтер болып жатқан жағдайымыз да бар. Бұрынғы жалтақ тарихтың орнына енді жалған тарих келе жатыр. Бұл, әрине басқа бір тараптағы әңгіме.



Пайданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (очерк). А., 1994, 194-6

  2. Неғұрлым толық қараңыз: «Столичное обозрение». 1998, 8 мамыр.

  3. Каргалов В. В. Полководцы X-XVI вв. М„ 1987, 172-6.

  4. Казахско-русские отношения в XVI-XVIII вв. А., 1961, т. 1, 63-6.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет