Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет13/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   230
Дағдыландыру.  Төмендегі  сөздердің  буындарында  неше 
харіфтен бар екенін айырту.
Ақ, тоқ, саз, бет, құн, ай, бай, сай, тау, бау, ана, ара, жала, 
шана,  азы,  аты,  асы,  жасы,  саны,  жаны,  аран,  ажар,  сараң, 
салақ, сарай, солай, бұлай, асау, жалау, тонау, ұзау, бұрау, арзан, 
шортан,  бұршақ,  қармақ,  салмақ,  алмалы,  салмағы,  тармағы, 
шарбағы, атпаған, жатпаған, қалмаған.
Сынау.  Төмендегі  сөздерді  буынға  бөлу  һәр  буындағы 
харіфдің санын буын үстіне сипырмен қою керек.
Жарлы болсаң, арлы болма. Бар болсаң таспа, жоқ болсаң 
саспа.  Барымен  базар,  жоқты  қайдан  табар.  Пайдасыз  болса, 
байдан  без,  панасыз  болса,  сайдан  без.  Бар  мақтанса  табы-
лар,  жоқ  мақтанса  шабылар.  Талтаңдасаң,  талтаңда,  ақшаң 
болса  қалтаңда!  Күлме  досыңа,  келер  басыңа.  Досқа  күлкі, 
дұшпанға  таба  бол ма.  Ақшаны  жолда  тапсаң  да  санап  ал. 
Аңдамай сөйлеген ауырмай өлер. Ақыл жас ұланнан, жүйрік 
тай құнаннан. Сыйыр сыйпағанды білмес, жаман сыйлағанды 
білмес.  Көше  білмес  жамандар,  көшсе  көлік  өлтірер,  сөйлей 
білмес жамандар, сөзді өзіне келтірер.


31
ҚАЗАҚ СӨЗІНДЕГІ ДЫБЫСТАР ҺӘМ ОЛАРДЫҢ 
ХАРІФТЕРІ
Қазақ тілінде 24 дыбыс бар. Олардың харіфтері мынау:
(а) ا , (б) ب , (п) پ , (т) ت, (ж) ج, (ш) چ , (д) د , (р) ر, (з) ز, (с) س
(ғ) غ, (қ) ق, (к) ك, (г) گ, (ң) ڭ, (л) ل, (м) م, (н) ن, (о) و, (ү) ؤ, (и) يـ
(е) هـ, (ы) ى.
Дыбыстар дауысты, дауыссыз һәм жарты дауысты
5∗
 болады. 
Соған қарай харіфтер де дауысты, дауыссыз һәм жарты дауы-
сты болып бөлінеді.
Дауысты харіфтерا a, و о, ؤ ұ, ى ы -и, هـ يـ (е).
Сынау. Төмендегі сөздерді буынға бөліп, буын ішіндегі да-
уысты харіфтердің астын сызып көрсетіңдер.
Басқа келген бәледен бастан құлақ садаға. Соқыр көргенінен 
жазбас.  Соқырдың  қолына  түспе,  саңыраудың  астына  түспе. 
Бір аштың бір тоқтығы бар. Не ексең, соны орарсың. Таспен 
ұрғанды  аспен  ұр.  Құлақ  естігенді  көз  көрер.  Ағаш  көркі 
жапырақ, адам көркі шүберек. Кімнің жерін жерлесең, соның 
жырын жырларсың. Берген жомарт емес, алған жомарт. Ат ерін-
ді келер, ер мұрынды келер. Өгізді өрге салма қанатың талар, 
жаманға жүзің салма сағың сынар. Адасқанның артындағысы 
білер, жаңылғанның жанындағысы білер.
Дауысты дыбыстар сөз басында келсе, олардың харіфтері-
нің алдына сүйеу таяқ қойылып жазылады.
Дауыссыз харіфтер: (б) ب, (п) پ, (т) ت , (ж) ،ج, (ш) چ, (д) د, 
(р) ر, (з) ز, (с) س, (ғ) غ, (қ) ق, (к) ك, (г) َـك, (ң) ڭ, (л) ل, (м) م, (н) ن
Сынау.  Төмендегі  сөздерді  буынға  бөліп,  буын  ішіндегі  
дауыссыз харіфтердің астын сызып көрсетіңдер.
Басқа келген бәледен бастан құлақ садаға. Соқырдың қолына 
түспе, саңыраудың астына түспе. Бір аштың бір тоқтығы бар. Не 
ексең, соны орарсың. Тас пен ұрғанды аспен ұр. Құлақ естігенді 
көз көрер. Ағаш көркі жапырақ, адам көркі шүберек. Кімнің 
жерін  жерлесең,  соның  жырын  жырларсың.  Берген  жомарт 
емес, алған жомарт. Ат ерінді келер, ер мұрынды ке лер. Өгізді 
өрге  салма,  қанатың  талар,  жаманға  жүзің  салма,  сағың  сы-
нар. Адасқанның артындағысы білер, жаңылғанның жанында- 
ғысы білер.
5
 Жарты дауысты дыбыс орта дыбыс деп те аталады.


32
Жарты  дауысты  яки  орта  дыбыстардың  өз  алдына  оңаша 
харіфтері  жоқ.  Олардың  орнына  бүтін  дауысты  «у»  һәм  «й» 
харіфтері  жүреді.  Жарты  дауысты  дыбыстардың  харіфтері 
екендігі дауысты дыбыстардың соңында я алдында «у» я «й» 
тұрса, ол жарты дауысты харіфтер болады, мәселен: «ау» де-
ген сөзде «у» дауыс ты харіфтің соңында тұр. Мұнда «у» бүтін 
емес,  жар ты  дауысты  харіф.  «Ай»  деген  сөзде  «й»  дауысты 
харіфтің соңында тұр. Мұнда «й» бүтін емес, жарты дауысты 
харіф, «у» һәм «й» харіфтері дауысты дыбыстарға да, жарты 
дауысты дыбыстарға да ортақ харіфтер болғандықтан, «тел» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет