Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Дəндердің  зиянкес  жəндіктердің  зарарына  шалдығып



Pdf көрінісі
бет145/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   269
Дəндердің  зиянкес  жəндіктердің  зарарына  шалдығып, 

бүлінуі 

Астықтың  шыбын-шіркей,  кенелер  арқылы  жұқпалы  зарарға 

шалдығып бүлінген партияларын, өзгелерінің бұзылуының алдын 

алу  үшін,  бөлек  қоймаларға  орналастырады.  Негізі  мұндай 

астыққа  шеткерірек  орналасқан  əрі  дəндерді  тазартуға  жəне 

əртүрлі  газ  қолданып,  зарарсыздандыруға  ыңғайлы  қоймаларды 

бөліп белгілеп қояды. 

Дəндердің белгілі бір мақсатқа арналып пайдалануы 

 

Қабылдау кезінде астық партияларының көрсеткіштері оның 



белгілі бір мақсатқа арналуын не келешектегі пайдалану сипатын 

анықтайды.  Сондықтан  осы  факторды  астықты  қабылдап 

орналастыру  кезінде  есте  ұстайды.  Мəселен,  келіп  түскен 

дəндерді  таңдап,  іріктеп,  бірінші  репродукциялы  тұқымдарды 

əруақытта тұқымдық материал ретінде қабылдап, орналастырып, 

одан əрі сортты тұқымдарды сақтаудың барлық ережесін, тəртібін 

бұлжытпай орындайды.  

Азықтық астық партияларын сақтау барысында да белгілі бір 

мақсатқа арналу принципімен санасу керек. 

Кептіру  салдарынан  нандық  жəне  де  басқа  технологиялық, 

биохимиялық қасиеттері өзгеріске ұшыраған дəндерді дəл сондай 

сапа  көрсеткіштерімен  сипатталған,  бірақ,  кептірілмеген 

дəндерден  мүмкіндігінше,  бөлек  сақтаған  дұрыс.  Мəселен, 

кептірілген  бидайды  кептірілмеген  бидайдан  ылғалдылықтары 

біршама  болғанымен,  бөлек  орналастырған  жөн.  Себебі 

кептірілген  бидайдың  желімшесінің  саны  не  сапасы  төмендеуі 

ықтимал.  Мұндай  жағдайлар  кептіру  тəртібі  орындалмағанда 

орын алады. 

Сыра  өндіруге  арналған  өнгіштік,  шығымдылық  қабілеті 

жоғары  арпа  партияларын  кептірілген  партиялардан  əруақытта 

бөлек сақтайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет