Ббк 84 (5 Қаз)-4 б 20 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті


Замандас інісі Міржақыпқа жазған хаттары



жүктеу 14.45 Mb.
Pdf просмотр
бет4/19
Дата20.01.2017
өлшемі14.45 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Замандас інісі Міржақыпқа жазған хаттары:
32-ші жылдың декабрдің 31-і
Міржақып, Мырзағазы, Ғазымбек қарақтарым! 
Мен Арқангелға 30-ноябрде келдім. Келген күні дема-
лыс күні болғандықтан, ешкімді тауып алуға болмай, далаға 
түнегендей болып, түнімен жатпай, көшеде қыдырып жүрумен 
болдым. Таңертең барған адамды келесі таңға дейін таба ал-
мадым. Жанымда бірге барған 4-5 адам, олар да солай бол-
ды. Түнді солай өткізіп, ертеңіне Абдолланы тауып алып, 
17-декабрге дейін соның үйінде болдым. Онан кейін пəтер та-
уып алып, бөлек шықтым. Мұнда пəтер табу деген өте қиын 
жұмыс екен. Таныс арқылы болмаса, өз бетіңе пəтер табу де-
ген болмайды. Абдолла өзінің таныстары арқылы əрең тауып 
берді. Келгеннен бері орын іздеудемін. Əлі табылған жоқ, тұяқ 
ілікпей қалды. Бос орындарға – біріне əуелі профсоюз мүшесін 
аламыз дейді; біреулеріне – үшекеңнің ұлықсатын сұраймыз 
деп, сұрағаннан кейін болмайды дейді. Орынсыз адамға нан 
картешкесін, ысталобый картешкесін бермейді. Ол картешке-
лер болмаса, нанды, тамақты базар бағасымен алып ішесің. 
Базар қымбат, нанның килесі – 5-6 сом. Бөлкені 25-30 сом, 
сүттің литрі – 4-5 сом. Майдың килесі – 45-50 сом. Оған қалай 
ақшаң шыдасын. Алып келген аз ауқатым əлдеқашан бітіп 
қалды. Абдолла мен Қыр баласы екеуінің атсалысуымен жан 
сақтап тұрған жай бар. Қыр баласы орында болып, бұрынғы 
адресімен тез хабарластым. Сендерге орын тауып жайғасып, 
жазайын деп едім, орын болмағасын көңілді хабар жаза алмай 
тұрған жай бар.
Құшақтап сүйем. Ақымет.

48
Келесі хат:
33-ші жылдың 26/ІІ.
Дендерің сау, аман жүрсіңдер ме? 31-декабрде бір хат 
жазған едім, оны алған-алмағандарыңнан дерек жоқ. Мен əлі 
орынға кіре алмай жүрмін. Мекемелерді ықшамдау мен жер 
аударғандарды алмау деген ағын тұсына кез келіп, еш жерге 
орналаса алмай тұрғаным. Орын болмаған соң қай жағынан да 
болса хал нашар болатыны белгілі. Бір жағынан ауру, екінші 
жағынан суық, үшінші жағынан аштық – үш жақтан қысып, 
əркімнің ат салысқан көмегі арқасында күнелтіп келе жатқан 
жай бар. Бұл қалыппен көпке бармай, бір шегіне барып ты-
натын шығармын. Қыр баласы қолдан келген көмегін істеп-
ақ жатыр. Бірақ көмекпен күнелту мұнда өте қиын. Қара нан 
килосы 12 сомға жетті, ол не шыдатар, жұмыста болмаған 
соң, нан картешкесі, ысталобай картешкесіз нанды базардан 
алып жемеске шараң жоқ. Базар бағасы анау, онымен қанша 
нан сатып алуға, тойынып тұруға болар. Кəзір əбден арықтап, 
жүдеп болдым. Жылы киім жоқ. Күн мұнда Аралдағыдай 
емес, өте суық. Суық тағы бір жағынан айналдырған соң қалай 
күнелтпек. Елдің қабаты өздеріңе мəлім күйде, мəнісі кеткен. 
Қыр баласының ел жайынан жазған хаты қолды болып, қолыма 
тиген жоқ. Қу жақ екі жолдасымен орнынан түскен. Жолдаста-
ры кім екенін жазбайды. Қазақ – соқырға көрінген, саңырауға 
естілген болса керек. Əлімхан, Əуезұлы екеуі тəуба қылып 
шыққан. Басқалары: Сейдəзім, Мұқамеджан Т., екі дос, Ақбай 
ақсақ інісімен, Əшім, ұзын Мұхтар – бұлар Воронеж қаласында; 
аудандарында – Қошке, Жұмағали, Мұстафа Б., Əбдірахмен, 
Нəшір, Күдері баласы – бəрі де қызметте – қатын-балаларымен 
тұрған көрінеді. Мен де қатын-балаларым мұнда келуге, мен 
де онда баруға рұқсат ет деп, Мəскеуге арыз беріп едім хабар 
жоқ. Жақын арада жазушының бұрынғы қатыны бастық болып 
тұрған мекеме арқылы арыз бердім. Мұнда қазіргі жай-күйім 
бəрін айтып, өлсін демесеңдер мені не жылы жаққа жіберіңдер, 
не қатын-балам тұрған жерге жіберіңдер. Мен бұл күйде 
тұрғанда өлетінмін деп жазып отырмын. Мұнан анау қатын 

49
арқылы бірдеме болар деген үміт бар. Мұнан ешнəрсе шықпаса, 
шынында өлу ғана қалады. Мұнда срогы біткендерді де босата 
қоймай, бəрін осында ұстап отыр екен. Соңғы күндерде босату-
лары сұрапыл, күн-түні қағаздарын беріп, қойша ағып жатыр. 
Күн біткендерден ешкім қалмайтындай көрінеді. Өздері қалам 
деп тілесе ғана қалдырады. Мұнда Абдолла қатын-баласымен 
тұрады. Олар да мекеме ықшамдауына ілігіп еді, қатыны басқа 
орын тауып кірді де, өзі бұрынғы орнына 10 күннен соң қайта 
кірді. Жақын арада Алматы жағынан үй-іштерімен көп қазақ 
келді деп еді. Оларға əлі жолыққаным жоқ. 
Қош, Ақымет. 
Келесі хат:
34-ші жылдың 8/ІІІ.
Қарақтарым, Міржақып, Мырзағазы! Сондамысыңдар! 
Дендерің сау ма! Ғазымбек қайда? Мен қатын, баламның 
қасына жібер деп сұранып, мұнда келдім. Өткен сентябрден 
бері осындамын. Айына 150 сом жалақысы бар, бір орынға 
ілініп едім, онан осы марттан бастап шығарып тұр. Қазір 
жұмыссыз тұрмын. Қыр баласынан хат алып тұрамын, аман. 
Соңғы бір-екі хатында Смағұлдан басқамыз аманбыз деп 
жазған екен, онысы немене екенін анық білмеймін. Елдос Ал-
матыда, оқыту жұмысында деп жазады. Оның өзіне əлденеше 
рет жазып, жауап ала алмай-ақ қойдым. Сендерге жазып, жау-
ап қайтпаған соң тағы да жазып отырмын. Қолдарыңа тиісімен 
хабар берерсіңдер.
Б.С-дан сəлем. Ол қояншық ауруы болып біткен. Шолпан 
мен мұнда келгенше Алматыға кетіп қалыпты. Ағайындардың 
бəріне сəлем.
Сүйем. Ақымет.

50
Ахметтің елге сəлемі. Бұл өлең-хат Серікбай Мамырқанов 
арқылы жеткен. Өлең-хат бірнеше дүркін БАҚ-та жарияла-
ным көрді. Алғаш 1989 жылы «Біздің Отан» еларалық айлық 
газетте қаңтарда, Сол жылы «Қазақ əдебиеті» апталығының 
маусымдағы санында жарық көрді. Осы өлең-хатты жеткізуші 
жөнінде жəне айдаудан келген аманаттың ұзақ жылдар 
сақталуы туралы мəліметтер берілген: 
«С.Мамырқанов Шығыс 
Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауылының тұрғыны. 1929 
жылы ел ішінде Кеңес төрағасы болып жүрген тұста жазаға 
ұшырап, Ақ теңізге айдауға жіберілген. 1932 жылы Ақ теңіз 
бен Балтықты жалғастырған Беломор каналы ашылғанда 
сол аймақта айдауда жүрген А.Байтұрсынұлына кез болған» 
–деп, олардың тағдыр тəлкегінде дəм-тұздас болған тұста 
осы он шумақты өлеңмен А.Байтұрсынұлы туған еліне сəлем 
жолдағаны айтылады. 
«...Өлең Серікбайдың өзі жазған жəне 
ел аузынан жинаған шежірелері топталған дəптерінен алын-
ды» деген мəлімет береді. 
Күрескер ақан Ахмет ту-у тозақта жүріп те қайраты мұ-
қалмай, сағы сынбастан, ойлағаны тағы елінің қамы болып, 
сүргінге салған жұртына кінə артпастан, 
«...Ел-жұртты бізден 
бұрын көре қалсаң, Сəлем айт алты арысқа бізден тегіс» деп, 
айдауда тағдырдың тезімен бірге болған жерлесі арқылы туған 
елге сəлем-хат ретінде өзегін жарып шыққан өлеңін арнайды. 
Бір ғажабы, елден «баз біреулердің» қасақана көрсетуімен ай-
далып кетсе де сол жұртына деген сағынышын жасыра алмай-
ды. Ақынның: 
«...Кеттік деп сенен алыс қамығады. Сарыарқа 
сайран еткен, қайран мекен, Ерте-кеш соны ойлап, сағынады» 
деген өлеңінде «өзектен тепкен Отанына» өкпесін артпай, 
керісінше «өз ошағы, өлең төсегі – Қазақ еліне» шексіз махаб-
батын арнайды.

51
АХМЕТТІҢ ЕЛГЕ СƏЛЕМІ
(хат арқылы)
Талапты жастың бірі – сен бір балам,
Келіпсің дəмің айдап Қарағайдан.
Қаңбақтай жел аударған ажырапсың,
Ел-жұрттан, туысқаннан кейін қалған.
Басынан ер жігіттің нелер кетпес,
Қажыма, қайратты бол, еш нəрсе етпес.
Бейнетің көрген түстей болар ұмыт,
Шығарсың азаттыққа ерте иə кеш.
Басың жас, қызығың көп көрер алда,
Мұңайма бақсызбын деп бүгін таңда
.
«Ұлы той көппен көрген» деген бар ғой,
Байқасаң аман қалған адам бар ма?
Не білгір, не данышпан – бəрі келген,
Жас та көп бұл арада кəріменен.
Танысып, талай жұрттың жайын біліп,
Жолдас боп жүрсің міне, бəріменен.
Осының үлкен олжа өзі саған,
Не көрді елде қалған басқа адам.
Өкінбей мұндағы өткен өміріңе,
Өрге жүз, өрнек алып осылардан.
Күн туар есен-аман елге қайтар,
Қызықтың бастан кешкен бəрін айтар.
Ысылып тең-құрбының алды болсаң,
Көргендер көріскенде басын шайқар.
Ақыры сергелдеңнің болмай теріс,
Өзіңе қайырлы боп мұнда келіс,
Ел-жұртты бізден бұрын көре қалсаң,
Сəлем айт алты арысқа бізден тегіс.

52
Айтарсың, Ақ теңіздің аралында,
Айдалған ағаларым қамауында,
Баяғы көксегені сенің бағың,
Жүрсе де бақташының қарауында.
Кеш жатып, ерте тұрып жабығады,
Кеттік деп сенен алыс қамығады.
Сарыарқа сайран еткен, қайран мекен,
Ерте-кеш соны ойлап, сағынады.
Ызғарлы Ақ теңіздің күні тұман,
Бар екен ағаларда үлкен шыдам.
Бел байлап тəуекелге жүріп жатыр,
Басқа сөз айтқаны жоқ дерсің бұдан!
Ескерту: хаттар мен өлең-хат бұрын жарық көрген 
А.Байтұрсынұлының бес томдығына енбеген. Бірақ филоло-
гия, тарих саласы мамандарының зерттеу нысаны болып, дерек 
көзі ретінде қарастырылып, ғылыми айналымға (эпостоляр-
лық жанр) түсті. Көптомдықтың осы 6-томына топтастыры-
лып берілді.

53
МҰРАҒАТТЫҚ ДЕРЕКТЕР

54

55

56
Ахмет Байтұрсынұлының 1923 жылы «Өмірдерек» 
баянатында берген еңбектер тізімі. 
Құжат А.Байтұрсынұлы мұражай-үйі қорында сақтаулы.

57

58
Бадрисафа Байтұрсынованың Дала губернаторына жазған 
жеделхаты. 3 тамыз, 1909 жыл.

59
Б.Байтұрсыноваға
жауап хат. 
8 тамыз, 1909 жыл.
Мемлекеттік дума депутаты Скалозубовтың хаты. 
17 қараша, 1909 жыл.

60
Дулатұлы Міржақыпқа жазған Ахмет Байтұрсынұлының 
1932 жылы 31 декабрдегі хаты.

61
Хат – 1934 жылы 8 наурызда жазылған.

62
Тұтқындау туралы ордер. 1937 жыл.

63
Қамауға алынғаннан кейінгі ашылған қылмыстық іс 
папкысі. 13 тамыз 1937 жыл.

64
Өлгендігі туралы куəлік. 
Берілген уақыты 23 наурыз 1989 жыл.

ЕКІНШІ БӨЛІМ
БАЙТҰРСЫНҰЛЫТАНУ БАСТАУЛАРЫ

66
1. ЭНЦИКЛОПЕДИЯЛЫҚ ЖƏНЕ 
БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ БАСЫЛЫМДАРДА
АХМЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
«37-нің қасақана жасалған қасіреті» 1957 жылы біршама 
сейілгенімен, кеңестік кезеңдегі ғалымдардың екі жарылған 
пікірлерінің салдарынан Алаш Арыстарын түгел ақтаудың 
мүмкіндігі болмаған... Ұлт зиялыларының басты адамдары 
тарих тасасында қалып қойды. Олардың кейбір туындыла-
ры қара құлыптың құрсауына салынса, кейбір шығармалары 
«халықтыкі» делініп, ел аузында жүрді. Халық қалаулыларын 
жұтқан «қара құрсау» 51 жылдан соң қайта қаралып, 1988 
жылы қарашаның 4-і күні Алаштың үш арысы – Ахмет Бай-
тұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов толық 
ақталып, олардың шығармашылары ашық түрде қайта жарыққа 
шықты.
Ғалым ғұмырнамасы мен шығармаларының негізгі кезең-
дерін баяндауда мұрағат деректерінің толық игерілмеуі, 
пайдаланған материалдарға сілтеменің дұрыс көрсетілмеуі, 
БАҚ-та жарияланған соны деректердің игерілмеуі ахметтану 
мəселесінде кері ықпалын тигізді. Кейбір келеңсіздіктерді ескере 
келіп, «ғылыми анықтамалықтар мен мерейтойлық құттықтау-
лебіздерді қайта жаңғыртып, зерделеуді – ахметтану мəселесінің 
алғышарты» деп зерттеуде. Негізінен, баспа бетінде жария-
ланым көрген деректер бойынша қарастырсақ,ахметтанудың 
алғаш ғылыми тұжырымдалуы – 1919 жылдан басталады. 
Атап айтсақ, 1919 жылы А.Н.Самойлович «Байтұрсынов Ах-
мет Байтұрсынұлы»
1
 деген ғылыми мақала жазса, кейін бұл 
үрдіс жалғасын табады. Самойловичтің мақаласы кейін 1930 
жылы тұлға түрмеде отырған тұста, Мəскеуде жарық көрген 
1
 Самойлович А. Түрік халықтарының əдебиеті // Шығыс əдебиеті. Бас. І. – Петербор, 
1919.; А.Б.Байтұрсынов. Қысқа биографиялық анықтама. Қолы: А.С. // Əдеби 
энциклопедия. (Жауапты ред.: В.Фриче). – Мəскеу, 1930., 1-том, Б. 305-306.

67
«Əдеби энциклопедия» атты жинақтың 1-томына кіреді. Бір 
ғажабы, Ресей ғалымдары арасында жеке адам баласының ба-
сында болып жататын түрлі қайшылықтарға қарамастан, оның 
ғылымдағы жетістіктері бағаланып отырған. Қазақ елінде 
А.Байтұрсынұлының ұлты үшін жасаған жұмыстары қасақана 
«халық жауы» деп қараланып жатқанда, орыс ғалымдары 
аталған жинақтың 1931 жылы жарық көрген «Əдеби энцик-
лопедияның» 5-томына «Қазақ əліпбиі»
2
 деп енгізеді. Міне, 
нағыз ғылымдағы шынайы адалдық, ғылыми жетістіктің 
бағалануы! 
1924 жылы Е.Д.Поливанов «Қазақ-қырғыздың жаңа (Бай-
тұрсыновтық) емлесі»,
3
 1928 жылы Н.Ф.Яковлев «Əліпби 
құрылымының математикалық жүйесі»
4
 туралы ғылыми 
мақалалар жазды 1974 жылы А.Н.Кононов «Байтұрсынов Ах-
мет Байтұрсынұлы»
5
 атты ғылыми анықтамалық-мəліметтер 
бергені тарихтан мəлім.
Зерттеуші А.Самойлович ғылыми деректік мақаласында 
А.Байтұрсынұлының ғалымдық қайраткерлігін биография-
лық анықтамалық шолуға сыйғызған, қазақ ғалымын: 
«...қазақ 
тілі орфографиясының реформаторы, қазақ грамматика-
сы жəне қазақ əдебиеті теориясының негізін қалаушы» деп 
жазды (Б. 305-306). Самойловичтің ғылыми анықтамалық-
ақпараттық мақаласын негізге алсақ, ахметтанудың іргетасы 
1922 жылғы Міржақып Дулатұлы мен Елдес Омаровтың 
мақалаларынан да ертерек, 1919 жылы-ақ басталған. Себебі, 
аталған А.Самойловичтің мақаласында Ахметтей қоғам 
қайраткерінің 1919 жылға дейін жасаған сан алуан жұмыстарын 
ғылыми сипаттамаға сыйғызған. Зерттеуші мəліметіндегі: 
«көрнекті қазақ ақыны», «жорналшы», «педагог» деген 
танымдық сипаттаулар дəл сол уақытта қазақ ағартушысының 
атқарған негізгі жұмыстары болатын. Ал қазақ зиялылары 

Қазақ (Байтұрсыновтық) əліпби // Əдеби энциклопедия. (Жауапты ред.: Луначарский). 
5-т., – Мəскеу, 1931., 23-б.
3
 Поливанов Е. Қазақ-қырғыздың жаңа (Байтұрсыновтық) емлесі // Ортаазиялық 
мемлекеттік университеттің бюлетені. Басылуы. 7. – Ташкент, 1924., Б. 35-43.

Яковлев Ф. Əліпби құрылымының математикалық жүйесі // Шығыстың жазуы мен 
мəдениеті. І-кітап. – Мəскеу, 1928., Б. 41-64.

Кононов А. Байтұрсынов Ахмет Байтұрсынұлы // Отандық түркологтардың биоби-
блиографиялық сөздігі (төңкеріске дейінгі кезең). – Мəскеу, 1974.-342 б., 115-б.

68
тарапынан 1922 жылдан бастап зерттеліп, бағаланып жүрген 
«Қазақ» газеті туралы А.Самойлович: 
«…қазақ халқының 
қоғами-мəдени санасын оятушы басылым» деп, айырықша 
атап айтты. Бұл күні əдебиеттану ғылымында «төлтума» деп 
тануды ұсынған «Қырық мысалдағы» қазақы сипат пен өрнекті 
тілді 
«…Байтұрсыновтың тілі лирикалық шығармаларында 
қарапайым, өзінің бай, көркем, поэтикалық мəнерімен ерек-
шеленеді»  дейді. Міне, өзге ұлт өкілі орыс ғалымы берген 
нақты əрі құнды ғылыми тұжырымдаманың қазақ зиялыла-
рынан 3 жыл бұрын айтылған. А.Самойловичтің ғалым тура-
лы берген сипаттамасы алғашқы танымдық ғылыми бағалау. 
Бұл – А.Байтұрсынұлының ғылымдағы қайраткерлігіне қазақ 
ғылымы тұрғысынан айтылған тұңғыш ғылыми анықтамалық 
сипаттама. Орыс зерттеушісі Ахаң туралы айшығын 
«қазақ-
тың бірінші көрнекті лингвист-ғалымы» деп түйіндеген. 
Н.А.Самойловичтің «Түрік халықтарының əдебиеті» деген-
материалында ғалымның шыққан ортасы мен жасаған еңбек-
терін қамтыған биобиблиографиялық мəлімет – мемлекеттік 
мəртебесі бар мекеменің арнайы тапсырмасымен жазылған 
тарихи еңбек. Бұл мақалада «А.Байтұрсынұлының отбасы, 
оқыған мектептері, ұлт үшін жасаған қызметтері, қайраткерлігі 
«қазақ тілі грамматикасы мен қазақ əдебиеті теориясының 
негізін қалаушы, қазақ тілі орфографиясының реформато-
ры» деп оның атқарған қызметтерін қадап көрсеткен. Қысқаша 
мəліметте Ахметтің əкесі Байтұрсынның айдауда болғаны да 
қамтылған. «Қазақ» газетінің қазақтың жас ақындары мен 
жазушыларын айналасына үйіргенін, басылымның мақсаты 
– қазақ халқының қоғамдық-мəдени деңгейін көтеру жəне 
оны ағартушылық жолмен іс жүзіне асыру болғанын жазған. 
А.Байтұрсынұлының əдеби қайраткерлігі 1901-1904 жылда-
ры Крылов мысалдарын аударудан басталғанын, оның тілінде 
«өзіндік көркемдік пен поэтикалық мəнері қарапайым əрі 
жатық халықтық реңк басым десе, «Маса» жинағындағы өлең-
дерінің негізгі мəні халықтың санасын ояту болды» дейді. 
Патшаның бодандық саясатына қарсы тұрған ақын деп, 
қайраткерлігін шағын анықтамаға өте шебер сыйғызған.

69
1924 жылы Қазақ əліпби жөнінде профессор Е.Д.Поливанов 
Ортаазия мемлекеттік университетінің бюллетінде жариялаған 
мақаласында: 
«...енді түзетуді қажет етпейтін, тарихи тұр-
ғыдан алғанда кемелденген, жетілген ұлттық графика» – деп 
бағалайды. 
Е.Поливановтың қадау сөздерін түпнұсқасында берсек: 
«...эту последную форму, которую приняла казах-киргизская 
графика в 1924 году, я (…) считаю уже не нуждающейся в ис-
правлениях и представляющей последний шаг в историческом 
формировании национальной графики, которым с полным пра-
вом могут гордиться киргизские деятели просвещения – соз-
датели реформы как крупным культурным завоеванием» дейді. 
Орыс ғалымы Ахаң түрлеп, ұсынған əліпбиді түзетуді қажет 
етпейтін, тарихи тұрғыдан қарағанда кемелденген, əрі жетілген 
ұлттық графика деп танып, ғылыми тұрғыдан бағалағанын 
мақтаныш тұтуымыз керек. Профессордың мақаласының 
маңызы – сол тұстағы қазақ əліпбиінің таңбасымен, жазылу 
ережесінің даулы тұстарын Байтұрсынұлы жүйесімен түгендеп, 
тоқтам жасаған тұжырымды еңбек болғанына, оның 
«…бұл ре-
форма ең ірі мəдени жетістік» деген айшықты дəйектемесі-
нің тарихилығында жатыр. 
Ғалымға берілген осы бағаны отандастары қалай қабыл-
дады?! Бұл жөнінде тұлғаның рухани шəкірттері бір жыл бұрын, 
1923 жылы М.Əуезов, Т.Шонанов, Е.Омаров мақалаларында 
емле туралы бірі: 
«...Ақаң түрлеген ана тілі» десе, екіншісі: 
«...Жаңа алфавит тіліміздің таза сақталуына, ...əлемдік 
мəдениетпен араласуға, ...халық мектептерінің өркендеу жо-
лына алып адым жасағаны анық» деп, ал үшіншісі: «Қазақ 
əліпбиі» мен «Қазақ тілінің дыбыс жəне сөз жүйесі атты 
оқулықтарының өн бойына сыйғызған өзекті өзгерістерінің өзі 
қазақ грамматикасына бөлекше реңк əкелді» деп, өз тұсында 
қазақ жұртшылығы тарапынан зор қошеметтелгенін айтады.
1928 жылы жазылған Н.Ф.Яковлевтің «Əліпби құрылы-
мындағы математикалық жүйе» атты мақаласының мəн-
маңызын ашып, ғылыми айналымға түсіру – бүгінгі қазақ тілі 
ғылымындағы лингвисттердің еншісіндегі міндет. Дегенмен 

70
осы мақаланың Байтұрсынұлы əліпбиіне қатысты тұстарына 
тоқталсақ, мұнда зерттеуші Ахметтің əліпби түрлеу, түзу ба-
рысында «Үндестік заңын» толық сақтағанын, дыбыстарды 
жүйелеуде өте икемді қалып тапқанын айтады. Бұл мақала 
алғаш 1928 жылы «Шығыстың жазуы мен мəдениеті» журна-
лында жарияланды. 
Мемлекет жəне қоғам қайраткерінің өмiрi мен қызметiне 
қатысты мақалалар өз Отанымызда негізінен, оның 50 жасқа 
толу мерейтойы қарсаңында жазылып, мерзiмдi БАҚ-та жария-
ланды. Мəселен, тұлғаға деген ең алғашқы құрмет 1922 жылы 
2 тамызда Ташкенттегі Қырғыз-қазақ институтында алты
алаштың баласы бас қосқан салтанатты жиында тұңғыш рет 
көрсетiлген. Зерттеушiлердiң деректерiне сүйенсек, А.Бай-
тұрсынұлының Ташкентке сапарының басты мақсаты – Түр-
кiстандағы екi облыс Жетiсу мен Сырдарияны Қазақстанға 
қосу болған. Бiрақ сол жылғы Ташкент қаласында шыққан 
«Ақ жол» газетi бетiндегi «Лайықты қошемет» атты мақалада 
А.Байтұрсынұлының iс-сапарынан гөрi, оның жеке басына 
көрсетiлген ықылас, игі тілек туралы жазылғандығы айтылады. 
Мақаланы 10 қыркүйекте Алматыда шығатын «Тiлшi» газетi 
қайта көшiрiп басады. Аталған мақалалар жөнінде журналист-
ғалым Т.Қожакеев,
6
 əдебиет зерттеушiсi Д.Қамзабекұлы
7
 1991 
жылы кирилл жазуына түсiрiп, ғылыми ортаға тың дерек 
əкелді. Əрине, iзденiс барысында бiрлi-жарым кемшiлiктер 
кездесіп жатады. Мысалы, Т.Қожакеев «Тарихи деректер бұр-
маланбасын»
  (1991) мақаласында Д.Қамзабекұлының «Соц-
иалистiк Қазақстан» газетiнiң 12 қаңтардағы «Лайықты 
қошемет» мақаласының қайта жарияланымдағы кеткен қате-
лiктерге ескерту жасады. Атап айтсақ, материалдың орынсыз 
қысқартылуы, мақала соңындағы 
«А.Ж.» белгiсiнiң автор ре-
тiнде дұрыс көрсетiлмеуi. Ескерту еленіп, Д.Қамзабекұлы 
«Қазақ əдебиетi» апталығына «Ақаңның алдында» (1996), 
«А.Байтұрсынұлының Ташкентке сапары» зерттеу мақалала-
6
 Қожакеев Т. Қым-қуыт іздер. – Алматы: Санат, 1999.-400 б., Б. 328-330, 355-358.

«Лайықты қошемет» (Ахаңа жасалған құрмет жайында. Мақаланы дайындаған: 
Қамзабекұлы Д) // Социалистік Қазақстан, 12 қаңтар 1991; Қамзабекұлы Д «Ақаңның 
алдында» // Қазақ əдебиеті №11, 12 наурыз, 1996.

71
рын жазды. Соңғы мақаласы жан-жақты талданып, 1997 жылы 
жарық көрген «Руханият»
8
 атты ғылыми зерттеуіне енді. 
Мемлекеттік мұрағаттарда сарғайған деректерді сұрыптауда 
аса сақтық пен табанды ыждаһаттылықты басты нысанада 
ұстаған жөн. Мəселен, осы «Лайықты қошемет» атты мақа-
ланы ғалым еңбектерiнің қатарына жатқызып жүр. Нақтырақ 
айтсақ, 2001 жылы «Ұлы тұлғалар» сериясымен шыққан «Ұлт-
тың ұлы ұстазы»
9
 библиографиялық-анықтамалықтағы мəлі-
мет. Жинақ Орталық ғылыми кiтапхананың дайындауымен 
басылған. Кітаптың 250-бетiнде: «96-реттiк нөмiрде, яғни 
«Лайықты қошемет // Тiлшi. – 1922. 10 қыркүйек. Ташкенттегi 
қазақтарды көшiрiп əкелу» деген көрсеткiшпен ғалым 
еңбектерiнiң тiзiмiне енген. Бұл жаңсақтық. Өйткенi, кiтаптың 
190-бетiнде: «А.Байтұрсынұлының өмiрi мен еңбектерi туралы 
əдебиеттер» қосымшасының 362-реттiк нөмiрінде: 
«Лайықты 
қошемет // Социалистiк Қазақстан. -1991. 12 қаңтар. Бұдан 
68 жыл бұрын. Материалды газетке əзiрлеген Д.Қамзабекұлы» 
деген мəлiмет бередi. Демек, қос материалдың аты айтып 
тұрғандай жəне басылым көру мерзiмiнiң бiркелкілiгi, оның 
түрлi авторға тəн еместiгiн айғақтайды. 
1922 жылы Орынборда шығатын «Қазақ өлкесiн зерттеу 
қоғамы еңбектерi» атты басылымында М.Дулатұлының «Ах-
мет Байтұрсынұлы Байтұрсынов», Е.Омаровтың «А.Байтұр-
сынұлының ғалымдық қайраткерлігі» мақалалары жария-
ланған. Бұл материалдардың 1922 жылы жазылып, жарияла-
нуы кездейсоқтық емес еді. М.Дулатұлының биографиялық 
очеркi тұлғаның қоғамдық қызметтерi мен қайраткерлігіне 
арналған. Қос мақала кейiн А.Байтұрсынұлының өмірі мен 
мұрасына қатысты жазылған зерттеулерге негіз болды. 
Мəселен, Мəскеулік басылымдар: «Əдеби энциклопедия» 
мен А.Кононовтың түркітанушылар сөздігіндегі сiлтемелік 
көрсеткiш соның айғағы. 
Əдебиетші академик Р.Нұрғали 
«...Алаштың екі алып 
азаматы Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы 
ауылдас, аталас, ең бастысы бұлардың ұлы күрес жо-
8
 Қамзабекұлы Д. Руханият. – Алматы: Білім, 1997.-272 б., Б. 88-100, 99-107,171-200.
9
 Ұлттың ұлы ұстазы. – Алматы: Орталық ғылыми кітапхана, 2001.-305 б., Б. 250, 190.

72
лындағы рухани туыстығы – қазақ тарихындағы қымбат та 
қастерлі беттердің бірі» деп бағалайды.
10
 Р.Нұрғали бірінші 
болып ахметтанудың іргесін қалаған қаламгер деп, мақаланың 
мазмұнын ашып, «Міржақып – алғашқы ахметтанушы» де-
ген тұжырым жасады. Əлбетте, М.Дулатұлы қазақ ортасынан 
шыққан ахметтану мəселесінің негізін салушы екені даусыз. 
Ал Міржақыптың алдына одан бұрын Ахмет туралы 1919 
жылы жазған А.Самойловичті шығарсақ, мұнан Міржақыптың 
ахметтанушылығы төмендемесі де анық. М.Дулатұлының 
очеркімен қатар, Е.Омаровтың да мақала жазғаны зерттеулері 
аталғаны болмаса, ғылыми ортада қажетті дəрежеде талданып, 
таратылмады. 
Елдес Омаров «Ахмет Байтұрсынұлының ғалымдық қай-
раткерлігі» деген мақаласында қайраткерді 
«...күллі қазақ да-
ласы біледі, оның талантын жоғары бағалап құрмет тұт-
қанымен, бəрібір оны дұрыс түйсініп бағалай білмейді» 
деп жазады.
11
 Е.Омаровтың Ахметтің қазақ грамматикасы-
на өзгерістер кіргізіп, баға жетпес жаңалық əкелгенін қазақ 
жұртының санасы əлі түсініп те, түйсініп те болған жоқ. Мейлі 
Байтұрсынұлының қаламынан ертеден келе жатқан қазақ 
тілінің ережелері қамтылған кағидалар мен көп томдықтар 
жазылмаса да оның «Қазақ əліпбиі» мен «Қазақ тілінің ды-
быс жəне сөз жүйесі» оқулықтарының өн бойына сыйғызған 
өзекті өзгерістерінің өзі, қазақ грамматикасына бөлекше реңк 
əкелгенін тілші-мамандарға ғылыми жүйеде талдауы арқылы 
түсіндіреді. Қазақ грамматикасында ертеде қаншама оқулықтар 
жазылса да, олардағы өзгерістердің аңғарылмайтынын, ислам 
дінімен кірген араб жазуының қадимшеленген нұсқасының да 
қазақ дыбыстарының ерекшеліктерін қамти алмағанын айта-
ды. Ал Ахметтің көлемі шағын ғана оқулықтарына аз сөзбен, 
саз жүйені сыйғызған жаңалығы, реформатор тарапынан 
түрленген қосар дыбыстардың қазақ тіліне тəн түрлі дыбысты  
дəл бере алатынын нақты деректермен көрсетеді. Демек, бұл 
ғылыми зерттеу мақала Е.Омаровты ахметтанушы деп айтуға 
толық негіз болады.
10
 Нұрғали Р. Қазақ əдебиетінің алтын ғасыры. – Астана: Күлтегін, 2002.-528 б., Б. 12-35.
11 
Омаров Е. Ахмет Байтұрсынұлының ғалымдық қайраткерлігі // Қырғыз өлкесін зерт-
теу қоғамының еңбектері. 3-басылымы, Орынбор, 1922., Б. 26-38

73
Ғалымның үзеңгiлiс замандасы Телжан Шонанұлы да 
1923 жылы тұлғаның ғылыми қайраткерлігі туралы «Ахмет
Байтұрсынұлы халық ағарту жəне əдебиет саласында» деген 
орыс тілінде ғылыми мақала жазған.
12
 Мақала жарияланбаған. 
Т.Шонанұлының қолжазбасын мемлекет мұрағаттың қоры-
нан алып, жұртшылыққа ұсынған мұрағат қызметкерi əрi 
филолог Б.Байғалиев. Оның дайындауымен 1992 жылы 
жарық көрдi. Деректi мақаланы «Əдеби мұра» ретiнде 
ұсынған «Жұлдыз» журналы редакциясы: 
«…Оқырман на-
зарына ұсынылып отырған мақала 1923 жылы Ахмет Бай-
тұрсыновтың 50 жасқа толған мүшелтойына арнап жеке 
кiтап ретiнде шығару мақсатымен орыс тiлiнде жазылған. 
Бiрақ жарық көрмеген. Мақала қолжазбадан аударылып 
берiлiп отыр. Қолжазбаны Қазақ ССР Мемлекеттiк Орталық 
архивiнiң №544 қорынан алып жариялауға дайындаған – Бей-
сенбай Байғалиев»деген маңызы зор мəлімет береді (123-б.).Осы 
ақпараттық мəлімдемеде бiрiншiден, 50 жасты «мүшелтой»
деп жаңылысады, бұл негізінен мерейтой. Мұсылмандардың 
жыл қайыруына сүйенсек, алғашқы мүшел – «13 жас», оған 12-
ні еселесек, келесі мүшел – «25, 37, 49» болып жалғаса береді. 
Бұл мақаланың ғылыми ортаға беретiн жаңалықтары аса 
құнды. Лингвист Т.Шонанұлының мақаласындағы ерекшелiк 
– А.Байтұрсынұлының өлеңдерiнен алынған үзінділердің орыс 
тiлiне аударылуы мен олардың шығу тарихына түсiнiк талдау 
беруi. Сондай-ақ, тұлғаның қазақ халқына жасаған қызметi тура-
лы: 
«…қиын кезеңде Ахмет алғашқы болып дауыс көтерiп, қазақ 
мектебiн бiр жағынан, дүмше молдалардан, екiншi жағынан 
патша миссионерлерi ықпалынан құтқару үшiн қызмет еттi» 
– деп жазады. Оның тiл саясатында кемеңгер күрескер екенi 
жəне қазақ үшiн жаңа əлiпбидi тұңғыш рет түрлеп-түзудегi 
ірі құбылыстың тiзгiнiн ұстағанын ғылыми тұрғыдан дəлел-
дейдi. Т.Шонанұлы жаңа əлiпбидiң ерекшеліктерін былай-
ша жіктейді: «Бiрiншiден, А.Байтұрсынұлы əлiпбиi тiлiмiздiң 
таза сақталуына. Екiншiден, əлемдiк мəдениетпен араласу жо-
лын жеңiлдетуi. Үшiншiден, халық мектептерiнiң өркендеуiне 
12
 Шонанұлы Т. Ахмет Байтұрсынұлы халық ағарту жəне əдебиет саласында. Наурыз, 
1923 жыл // Жұлдыз №2, Б. 123-128, 1992.

74
алып қадам жасағаны анық» деп жазады. 1915-1916 жылдары 
Түркi халқының тiлi таласқа түскенде Ахметтің ана тiлiмiздi 
қорғап, «Шекiспей, бекiспейдi» мақаласы мен «Туған тiлiм» 
деген өлең жазғанын айтады. Ғылыми талдауында мақала мен 
өлеңнен үзiндiлер келтiрген.
Т.Шонанұлының мақаласы 
–  ғалымның 125 жылдық ме-
ретойына орай шығарылған «Ұлттық рухтың ұлы тiнi» атты 
ғылыми жинақта: 
«Мақала əуелгi, орыс тiлiндегi нұсқасында 
тұңғыш жарияланып отыр. Қолжазба – Қазақ КСР Мемле-
кеттiк Орталық архивiнен алынды: №544 қор, 1-тiзбе, 104-б» 
деген ерекше-ескертумен жарияланды.
1923 жылы тұлғаның 50 жасқа толу мерейтойына орай, 
С.Сейфуллин, М.Əуезовтер мен «Ақ жол» газетінің басқармасы 
тарапынан танымы терең құттықтау мақалалар жазғаны, бұл 
мақалалардың ахметтану мəселесінде үлкен рөл атқарғанын, 
бүгiнгi ғалымдар зерттеу еңбектерінде таратып талдап, жазып 
жүр. Мақалалардың құндылығы соншалық, бiрнеше рет басы-
лым көргенiн атасақ та жеткiлiктi.
Кеңес дəуірінде А.Байтұрсынұлының қысқаша өмірбаянын 
жазып жəне ғалымның еңбектерін ғылыми ортаға ұсынған, 
əрі тарихи əділ баға берген сүбелі еңбек – түрколог-ғалым 
А.Н.Кононовтыкі. Бұл анықтамалық сөздіктің редакциясын
басқарып, кіріспе сөзін жазған. Орыс ғалымы аталмыш сөз-
діктегі шағын мəліметтің өн бойына барлығы – 12 сөйлемге 
қазақ оқымыстысының болмысын толық сыйғызған. Түркі-
танушы анықтамалығындағы мəліметтерді Алекторов, М.Ду-
латұлы, Е.Омаровтардың материалдарынан алғандығына сіл-
теме жасайды. Бір ғажабы, түркітанушының адам бітімінің 
12 мүшемен толығатыны тəрізді, қазақ ғалымының орасан 
еңбегін 12 сөйлемге сыйғызған əмбебаптығына еріксіз бас 
иесіз. Бұл сөздіктің қазақ ғылымы үшін үлкен сенсация болғаны 
белгілі. Осы еңбек туралы отандық ғалымдар идеология сал-
дарынан үндерін дабыра ете алмай, жасырып оқығандарын, 
«жинаққа» деген ризашылықтарын мұқабанының сыртын си-
пай-сипай білдіргендері, кешегі ҚКОК-нің «Мағжан Жұмабаев, 
Ахмет Байтұрсынұлы жəне Жүсіпбек Аймауытұлының мұрасы 
туралы» қаулысы шыққаннан кейін ғана айтыла бастады. 

75
«Алыптармен қауыштырған қаулы еліміздің өміріне, қазақ 
ғылымына рухани серпіліс əкелді» дейді кеңестік кезеңнің 
ғалымдары. 
1930 жылы Мəскеудің Əдеби энциклопедиясының 1-томына 
А.Байтұрсынұлының қысқаша биографиялық анықтамалығы, 
1931 жылы 5-томына Қазақ əліпбиі (Байтұрсын емлесі) енуі, 
1974 жылы А.Н.Кононов «Байтұрсынов Ахмет Байтұрсынұлы» 
деген ғылыми мəлімет беруі – тарих таразысының безбенінен 
өткен нағыз ғалымдардың сараптаулары болатын.
Өзге ұлт өкілдері: А.Самойлович, Е.Д.Поливанов, Н.Ф.Як-
овлев, А.Н.Кононов, өз отандастары: М.Дулатұлы, Т.Шонан-
ұлы, Е.Омаров, С.Сейфуллин, М.Əуезовтің мақалары А.Байтұр-
сынұлының өмірнамасын, шығармаларын жан-жақты таныту-
да негізгі дерек көзі. Демек, ахметтану, оның əдеби, ғылыми 
шығармашылық мұрасын таныту – ол өзі өмір сүрген кезеңнен 
бастау алатыны басы ашық нəрсе. 
Кеңес тұсындағы əдебиеттеАлаш арыстарының мұрасын 
кеңестік жүйе айналып өтті деуге негіз жоқ. Өйткені, олар 
өз тұсында-ақ, қазақ деген ұлысты өз жерінде өгейсіткен 
алпауыттарға қарсы тұрған батылдығымен, төл тілімізді өрге 
сүйреген жанкештілігімен, мейлі «халық жауы» деген қара 
таңба нақақ таңылғанына қарамастан, ел жадында өзгеше 
бір ыстық ықыласпен қалғаны анық. Ел ішінде қалған көзі 
ашық оқымыстылар олардың атын айналып өтуге мəжбүр 
болғанымен, еңбектерінің атынан да, затынан да қашпағанын, 
сол тұста жəне берегіректе жарық көрген кейбір еңбектерде 
кездестіруге болады. Мəселен, ғалым-лингвист Құдайберген 
Жұбанов 1933 жылы алғаш жариялаған «Политехникалық 
мектеп» журналының №7-8 санындағы «Қазақ тілінің ғылыми 
курсы» атты материалында ағартушы-ғалымның «Тіл – 
құрал» оқулығы туралы: 
«Қазақ тілін зерттеушілердің алдын 
Ш.Уəлиханов деп, берігіректе А.Байтұрсынов, Қ.Кемеңгеров, 
Е.Омаров, Т.Шонанов, Х.Досмұхамедов екендігінен мəлімет 
береді де, сол тұстағы қазақ тілін зерттеп танытуда 
А.Байтұрсынұлының дəрежесінен «əлі көш кейін жатыр-
мыз» деп, оқытушыларды сапалы жұмыс жасауға шақырады.
13
 
13
 Жұбанов Қ. Қазақ тілінің ғылыми курсы // Политехникалық мектеп №7-8, 1933., 
35-б.; Жұбанов Қ. Жеке ісі. ҚР ОММ,81-3-68, 103-105-п/п.

76
Қ.Жұбанов айдауда жүрген қазақ оқығандарының ғылыми-
мəдени жетістіктерін «заңды мұрамыз» деп қорғап, олардан 
бас тартуға болмайтынын, керісінше, олардың жетістіктерін 
қазақ қажетін өтейтін пайдалы мұра екендігін айтқан. 
Лингвист дəрістерінде 
«Байтұрсынұлы кітаптарының 
1-ші сыныптан жоғары дəрежелі мектептерге (ВУЗ-ға) дейін 
бəріне де «жарап» жүр. «Тіл – құралымен» оқытуға тый-
ым салынған бола тұрса да мұғалімдердің оның кітаптарын 
Құрандай қолтықтап, керегін ... іздейтінін жазады. Əрі сол 
кезеңде жазылған жолбасшы кітаптардың «Тіл – құралынан» 
кем болғанын, оған зерттеушілердің айыпты екенін» баса 
айтады. Қазақ ұлттық ғылымының жетістіктерін кеңестік 
жүйе бірін ақтап, бірін даттап, олардың артында қалған мұра-
ларын «үнсіз» сіңіріп, талдап-тануда «ала-құлалық» көрсетіп 
жүргенде, осы жүйедегі жеке басқа табыну саясатынан тай-
салмастан тура сөйлеген Қ.Жұбанов «қара тізімдегі» ұлт 
зиялыларының мұраларына араша түсіп, зор адамгершілік 
жасағанын сөз саптауынан көруге болады. Қазақ əліпбиінің 
жобасы талқыға түскенде де лингвист-ғалым Қ.Жұбанов жаңа 
қазақ харпінің қалыптасуының негізін араб жазуымен байла-
ныстыра отырып, қарастырады. ҚР ОММ-ның қорында мы-
надай дерек қатталған: 
«...с 1912 г., когда впервые была выра-
ботана эта система и произошла реформа арабского алфа-
вита, по 1930 г., когда арабский алфавит правительствен-
ным декретом был изъять, т.е., в течение 18 лет казах-
ские слова писались по этой системе, причем никаких недо-
статков (...) Надо заметить, что отказ от этой системы 
приниятем латинского алфавита произошел (...) по нажи-
му ученого совета ВЦКНА, а не по инициативе Казахста-
на». Қайраткердің шегелей айтқан бұл сөзі – қазақ ұлтының 
өз жерінде, өз Отанында отырып əліппе таңдауда еркі 
болмағанына жаны ауырғанын, шарасыздығын көрсетеді. 
Тілтанушы ғалым Қ.Жұбанов қазақ əліпбиінің түзілу тари-
хын тереңдеп танытуда А.Байтұрсынұлына дейін де əліпби, 
жазу болғанын, ағартушы-ғалым Ы.Алтынсарин жүйелеген 
əліпбиде кеткен «кемшіліктерді» түзегенін, ескі əліпбиді қазақ 
табиғатына бейімдеп, «қосар əріптерді жаңадан енгізді» деп 

77
қазақ тіл ғылымының қалыптасуы мен даму сатысына сүзгі 
сараптама жасайды. Əліпбиге кірген соны жаңалықты құптап, 
қабылдайды.
Сəбит Мұқановтың 1932 жылы жазылған Алашорда
əдебиеті жайлы «ХХ-ғасырдағы қазақ əдебиеті»
14
 атты кітабы 
– əрі оқулық, əрі зерттеу сипаттағы еңбек. Бұл зерттеу еңбекте 
1929 жылы «халық жауы» деп қуғынға ұшыраған қазақ 
зиялыларының шығармалары сыңаржақ пікірге ұшыраған. 
Мəселен, «І-бөлімге Ұлтшылдық, байшылдық дəуірі» деген 
айдар тағылып, мұнда жиырмасыншы ғасыр басындағы қазақ 
əдібиетінің өкілдері «байшыл», «ұлтшыл» деп айыптаған. Де-
генмен, кеңестік жүйенің талап үдесінен шығу үшін жазылған 
бұл кітаптың «қудаланған халық жауларының» мұрасын 
алғаш рет зерттеу нысаны етіп қарастыруымен құнды еңбек 
болып қалатынын бүгінгі əдебиеттанушы ғалымдардың зерт-
теулерінде айтып жүр. Кітап екі бөлімнен тұрады. Социалистік 
ғылым-білім ілімін негіз еткен С.Мұқанов: 
«...Қазақ ұлты ХІХ 
ғасырдан бастап құрыла бастады... Октябрь төңкерісіне 
дейін ұлт пайда болды», ал «...Алашорда – орыс байларынан 
арқа сүйеген қазақ байларының партиясы» оған өңшең бай-
лар қатысты, «ұлтшылдықтың туын қазақта алғаш ұстап 
шыққан Ахмет Байтұрсынұлы 1905 жылға дейін ұлтшыл 
болған жоқ» деп, ертеректе өзі де «қазақтың ұлт көсемі» деп 
таныған тұлғаның қайраткерлігі туралы:
 «...Ахметтің Ок-
тябрь төңкерісіне шейін қазақ халқын ояту ретінде көп 
еңбегі сіңді. Қазақ мектебі, қазақ тілі сықылды орындар-
да оның еңбегі мол... Əр тілдің айдауында жүрген қазақ ба-
лаларына қазақ тілімен кітап жазған, қазақ тілінің негізін 
жасап, қазақ мектебінің іргетасын қалаған алғашқы адам 
– Ахмет. Ахметтің бұл тарихи еңбегі бағаланбай қалмақ 
емес» деген айшығынан айнып шығады. Осы тарауда Алашор-
да əдебиетінің көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығармалары 
қарастырылып, олардың ең бастылары «А.Байтұрсынұлын 
жəне оның əдеби шығармасы: «40 мысал», «Маса» жинақта-
рына кірген өлеңдердегі сарын «ескішілдікті» дəріптеу, 
бұрынғыны аңсау» деп, кеңестік идеология тұрғысынан тал-
дайды. 
14 
Мұқанов С. ХХ-ғасырдағы қазақ əдебиеті.– Қызылорда, 1932.-234 б., Б. 18-32.

78
Əдебиетші Ғаббас Тоғжанұлы «Əдебиет жəне сын мəсе-
лелері»
15
 атты еңбегінде замандастарының əдебиетте көтерген 
тақырыбына сын көзімен қарап, оларға большевиктік партия-
ның таптық көзқарасы тұрғысынан дұрыс жол сілтеуді қалай-
ды. Ол өткен кезеңге баға бере отырып, оның кешегі жəне 
бүгінгі сарынын анықтайды. 
«...Төңкерістен бұрынғы қазақ-
тың көркем əдебиетінің жалпы сарыны ұлтшылдық еді» деп 
жазады. «Ақымет, Міржақып, Омар Ғарашұлы, Сұлтан-
махмұт, Жүсіпбек, Мұхтар, Сəбит Дөнентайұлы қаламының 
желі бар ақын-жазушыларымыздың бəрі де қазақтың 
надандығын, орыс патшалығының қорлығында жүргенін, 
«əділ» хан, билердің кеткенін, қазақ əйелдерінің малға саты-
латынын, ескіліктің қазақ еліне бөгет-шырмау болып отыр-
ғанын жазушы» еді десе, ал Кеңес дəуіріндегі Алаш зиялы-
ларының орнын былайша пайымдайды: 
«...Бүгінгі қазақ 
байының жоқшысы, көсемі Ақымет, Əлихан, Мағжан бо-
лып тұрса, ертең олар өлсе, олардың орнын басатын басқа 
Ақымет, басқа Мағжандар шығады... бұрынғы ұлтшылдығы, 
байшылдығы енді бұқарашылдық болды. Бұқараның атын
жамылған баяғы ұлтшылдық, баяғы байшылдық. ...Смағұлдың 
дос қылып отырған Ақыметімен танысыңыз. ...төңкерістен 
бері өлеңді қойды. Ғалымдықпен шұғылданады. Баяғы ұлт-
шылдығын, байшылдығын қойды ма? Қойғаны сол, бай-
шылдығын, ұлтшылдығын Ақымет «сабағына» кіргізді»
Ғ.Тоғжанұлының 1932 жылы Мəскеуден жарық көрген «О Бай-
турсунове и байтурсуновщине» атты еңбегі, тұлғаның «халық 
жауы» деп қудаланып, айдауда жүрген тұсында республика 
басшысы Голощекиннің «...əдебиетте жік бар, соны əшкерелеп 
жою керек» деген нұсқауына сəйкес арнайы тапсырыспен 
жазылған қасақана «күйе жағу» жұмысы болатын. 
Сəбит пен Ғаббасқа заман ауанына қарай түрлі-түрлі пікір 
айтқызған биліктің екі жікке бөлуінен туған уақытша пай-
ымдар еді. Алдыңғы айтқанына соңғысы кері келіп тұрған 
ерсілі-қарсылы пікірлерді жан-жақты кең тұрғыда талдасақ, 
15
 Тоғжанов Ғ.Əдебиет жəне сын мəселелері; Байтұрсынов жəне байтұрсыновшылар 
туралы. – Алматы-Мəскеу, 1932.-48., Б. 3-39; Қазақстан большевигі №5, 1932., Б. 3-21.

79
əдебиет майданында отқа түсуге дайын тұрған əрбір тұлғаның 
ұстанымын өзінше жақтап та, даттап та шығуға болады. Бірақ, 
əдебиеттің аты – əдебиет, сол уақыт тұрғысынан қарасақ, 
мұндай зерттеу жазылуға тиісті жосық, яки арнайы жоспар, 
бағдарлама бойынша қарастырылған. Ал бүгін біз теріс көрген 
пікірлердің, сол уақыт өлшемімен «дұрыс жазылған зерттеулер 
болғаны» ақиқат. Бірақ, жылдар бойы жиналатын əдебиеттану 
ғылымындағы əдебиеттанудың тарихы, теориясы, сыны тұр-
ғысынан таным таразысы өз өлшемін жасайды.
Тəуелсіздік кезеңдегі Қазақ тіл білімі мен əдебиеттануда 
Байтұрсынұлын тану мəселесі қазақ ұлттық ғылымында бағы-
ты белгілі дербес сала. Таңдамалы жинақтарды қайта шығару 
бойынша Ахметтану саласында атқарылған өзекті мəселелер-
дің бір саласы, ғалым туындыларын бүгінгі, келер ұрпаққа таны-
стыру. Ғалымның шығармашылық мұрасы 1989-2009 жылдар 
аралығында бірнеше дүркін қайта жарық көрді. Жалпы саны – 
21. Қандай қоғамда болмасын кiтаптың сатылуы, яғни өтiмдiлiгi 
қашанда басты мəселе екенiн ескерсек, А.Байтұрсынұлы 
туындыларының бiрнеше рет басылуы оның сұранысқа ие құнды 
кітап екендігіне айғақ. Бұл қайраткердің зерттеу-еңбектердiң 
өмiршеңдiгiн көрсетеді. Əрбiр кiтаптың түрлiше тағдыры бола-
ды. Кейбiр кiтаптардың санатта бар екендігі де байқалмайды. 
Ал кейбiрi басылып шыққан күннен бастап, ескiнi есеңгiрете, 
жаңамен қоян-қолтық араласа, «бүгiнгi кiтап – ертеңгi iс» 
дегендей қоғамнан өз орнын алады. Зұлмат заман, есімін 
айтқызбаса да, ғалымның филология саласындағы ғылыми 
еңбектерi қазақ дүниетанымында өзiндiк сара жолын салды. 
Ғұламаның «Əдебиет танытқыш» оқулығының «əдебиеттану 
мен əдебиет теориясының бастауы» болғандығы мойында-
лып, оны кеңес тұсындағы əдебиеттану ғылымындағы зерт-
теу еңбектерде елеусіздеу етіп жазып келді. Кеңестік дəуірдегі 
ұлт əдебиетін қатаң бақылауда ұстағанын ескерсек, қазақ тіл 
білімі мен əдебиеттану саласындағы ғалымдардың ғұлама-
ның есiмiн айналып өтiп, оның туындыларын сiлтемесiз пай-
далануына түсінушілікпен қарау керек те сияқты. Енді қайта 
жарық көрген шығармаларға тоқталсақ.

80
1989 жылы «Жазушы» баспасынан «А.Байтұрсынов. Шығар-
малары Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер» 320 бет, (Құрасты-
рушылары: Шəрiпов Ə., Дəуiтов С), 20 000 таралыммен
жинақ жарық көрдi. Кітапта алғысөз орнына берілген Ш.Сəт-
баеваның «Ахмет Байтұрсынов» деген баянатында тұлғаның 
мемлекеттік қызметтегі ресми құжаттарының бірі – РКП (б)-
ның Орынбор Комитетіне партия мүшелігіне алуды сұраған 
өтініші берілген. Жинаққа «Маса», «Қырық мысал», «Əдебиет 
танытқыш» еңбектері топтастырылған. Кітап соңындағы 
ғылыми түсінікті С.Дəуітов жазған. Жинақ ғалым есімі 
ақталғаннан кейiн басылған – бiрiншi кiтап. Жинақтың офсет-
тік қағазының сапасы төмен. Мұндағы ең құнды деректер: 
жеке суреттері жəне «Маса», «Қырық мысал» кітаптарының 
мұқабалары. Кітапқа редакторлық жасаған М.Неталиев. 
Қайта басылған кітапта төлавтор А.Байтұрсынұлының құқы
қорғалмаған, тек жинақты бастырушы «Жазушы» баспасы-
ның мүддесі қарастырылған. 
1991 жылы «Жалын» баспасынан «А.Байтұрсынов. Ақжол, 
Өлеңдер мен тəржiмелер, публицистикалық мақалалар жəне
əдеби зерттеу» 464 бет, (Құрастырушысы əрі алғысөзi Р.Нұр-
ғалиев), 20 000 таралыммен басылым көрдi. Жинақтың 1989 
жылғы жинақтан өзгешелігі, мұнда: М.Əуезовтің «Ақаңның 
елу жылдық тойы» құттықтауы, əр жылдары жарияланған 43 
публицистикалық мақала топтастырылған. Аңдатпасында: 
«Отызыншы жылдары сталиндік озбырлықтың құрбаны бол-
ған ұлы ғалым-лингвист, əдебиет зерттеуші, ақын-аудармашы, 
публицист Ахмет Байтұрсынұлының ардақты есімі қазіргі 
қайта құру заманы арқасында ақталып, артына қалдырған 
асыл мұрасы халыққа қайта оралды» деген ақпарат береді. 
Р.Нұрғалиев «Алып бəйтерек» деген тақырыпта ғалымның 
өмірі, қызметтері жөнінде шолу жасай отырып, əдебиеттанушы 
ғалымның əдеби мұрасына бүгінгі əдебиет талабы мен та-
нымы тұрғысынан талдау жасаған. 1-бөлімдегі: «Қырық 
мысал», «Маса» туындыларын – М.Мырзахметов, «Ер Сай-
ын», «23 жоқтау» ауыз əдебиетінің нұсқалары – Р.Нұрғалиев, 

81
2-бөлімдегі: «Көсемсөз» мақалалары – А.Мектепов, Ғ.Əнесов, 
«Əдебиет танытқыш» əдеби зерттеу еңбегі – Р.Нұрғалиев 
дайындаған. Кітап редакторы – Е.Дүйсенбаев, жинақта тұңғыш 
рет төлавтордың құқы қарастырылып, мүддесі қорғалған. 
Кітаптың офсеттік қағазы сапалы, əрі көркем суреттермен 
безендірілген.
2002 жылы «Жiбек жолы» баспа үйiнен «А.Байтұрсынов. 
Бес томдық шығармалар жинағы», бiрiншi том. 208 бет, 500 дана-
мен жарық көрдi. Баспаға əзiрлегендер: А.Iсiмақова, Г.Пірəлиева. 
Кітап аңдатпасында: «1926 жылғы «Əдебиет танытқыш» пен 
1989, 1991 жылдардағы «Əдебиет танытқыш» салыстыры-
лып, өзгерiске ұшыраған, алынып тасталған тұстары қалпына 
келтiрiлiп, толықтырылғаны» туралы мəлімет берген. «Қазақ тіл 
білімі мен əдебиеттануының реформаторы» атты алғысөзінде 
кітапқа енген түпнұсқалар туралы түсінік береді. Кітапта 
ауытқушылықтар кездеседі, мəселен алғысөзде: «Ұсынылып 
отырған академиялық басылымда (...), А.Байтұрсынұлының 
Т.Шонанұлымен бірге жазған «Оқу құралы» кітабы толық 
беріліп отыр» деп көрсетілгенімен, аталған түпнұсқа жинаққа 
енбеген. Төлавторының құқы қарастырылмаған, бірақ жи-
нақты дайындағандар мен баспа үйінің мүддесі қорғалған. 
Кітаптың офсеттік қағазының сапасы орташа. 
2003 жылы осы томдық «Алаш мұрасы» сериясымен «Алаш» 
баспасынан «Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жина-
ғы». 408 бет. 2000 дана таралыммен қайта басылым көрдi. Бұл 
томдықтың ерекшелiгi – 1989, 1991 жылдардағы шығармалар 
түпнұсқамен салыстырылып, толықтырылған. Құрастырып, 
алғысөзі мен ғылыми түсінігін жазғандар: А.Ісімақова, 
Г.Пірəлиева, С.Сəкенов, К.Мұстафаевалар. Шығарушылардың 
мүддесі қорғалған. Басылған қағазының сапасы төмен.
Осы жылы «Атамұра» баспасынан Атамұра кiтапханасы се-
риясымен «Байтұрсынов А. Əдебиет танытқыш. Зерттеу мен
өлеңдер» 208 бет, 3000 дана таралыммен жарық көрді. Кi-
тапқа қысқаша аңдатпа берілгенімен, баспа тарапынан қан-
дай да түсiнiк жасалмаған. Жинақтың сыртқы мұқабасында 

82
А.Байтұрсынұлының суретімен, оның шығармашылығы ту-
ралы анықтамалық мəлімет берілген. Кiтап – зерттеу жұмыс, 
əрі оқулық екені негiзге алынбастан, көркем басылым ретiнде 
ұсынылған. Осы басылымның бас редакторы – Ə.Пiрманов, ре-
дакторы – А.Дəдебаев. Төлавтор мен баспаның құқы қорғалған. 
Кітаптың басылған офсеттік қағазы өте сапалы, əрі көркем 
безендірілген. 
2006 жылы ҚХР, Үрімшінің Шыңжаң халық баспасы-
нан «Байтұрсынов А. Əдебиет танытқыш. 272 бет, 2000 дана 
таралыммен жарық көрген. Кітапты баспаға дайындаған: 
С.Сағатжанұлы. Кітаптың қағазы өте сапалы. Бірінші бетіндегі 
аңдатпалық ақпарат қытай тілінде берілген. Жинақтың елімізде 
басылған кітаптардан айырмашылығы – Ахаң əліпбиімен ба-
сылуы. «Автордың қысқаша өмірбайаны» деген тақырып ая-
сында 1,5 беттік шолу мəлімет берілген.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет