Бәйдібек Баба- алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі 2003 жыл б 32 Бәйдібек баба- алып бәйтерек


ҚОРҒАСБАЕВ СЕЙДАХМЕТ-ЕҢБЕК ЕРІ (1886-1974)



бет153/333
Дата18.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#124407
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   333
ҚОРҒАСБАЕВ СЕЙДАХМЕТ-ЕҢБЕК ЕРІ (1886-1974)

Кеген ауданының Ақтасты ауылында кедей шаруаның отбасында туған. Ұлы Қазан төңкерісіне дейін байлардың малын бағып, күн көреді. Күн көріс қамы оны мал бағудың қыр - сырын жете меңгеруге итермелеген еді. Соның пайдасы тиіп ол майталман малшы болды. 1931жылы өзі туып өскен Ақтасты ауылында құрылған «Қызылту» ұжымшарына мүше болып кірді. Мұнда да С.Қорғасбаев атакәсіп шопандықтан табан аударған жоқ. Бір салада ұзақ жыл еңбек еткен әрбір адам жылдан - жылға тәжірибе жинақтап шеберлігін ұштастыра түсетіні дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Бұған оның малсақтығы қосылды. Әйтпесе, алғашқы артельдер мен шағын ұжымшаралар тұсында мал қораларының қиын жағдайында, жемшөп қорының тапшы дайындалатын тұсында жылма-жыл отардан отар бөлу кез- келген шопанның қолынан келе бермейтін іс еді. Ол С.Қорғасбаев


сынды малмен көзін ашып, өз кәсібін жан - тәнімен сүйетін шопанның ғана жетер жетістігі болатын.


1947 жылы майталман малшы өз бағымындағы әр жүз саулықтан 120- дан қозы алуға міндеттенген. Ал іс жүзінде С.Қорғасбаев отарындағы әр жүз саулықтан 128-ден қозы бөлінді. Жүн қырқудан да белгіленген меже артығымен орындалды. Осы табыстары үшін С.Қорғасбаев КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының 1948 жылғы 23шілдедегі Жарлығы бойынша Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Бұдан қанаттанған аға шопан одан кейін табысын тұлғаландыра түсті. Ол қазақтың архар - меринос қойын өсіріп шығарушылардың бірі болды. Бүгінде оның есімі аудан орталығындағы көрікті көшелердің біріне берілген.
ҚАБАНБАЙҰЛЫ БҰҚА БАТЫР (ТҰРЫСБЕК) ХАЛЫҚ БАТЫРЫ (1740-1825жж.)

Ұлт азаттығы жолындағы күрестің қолбасшысы. Елін, жерін жоңғар басқыншылығынан қорғап ата - дәстүрін жалғаған. Бұрынғы Жаркент уезі, Сарытоғай облысы (қазіргі Ұйғыр ауданы) ата-қонысы Сарытоғай елді мекенінде туған.


Бұқа батырға (Тұрысбекке) табиғат зор денеге сай алапат күш-қуат берген.
Ақылды да, сабырлы Тұрысбектің даңқы 17жасында Жоңғар қалмақтары мен Алатау қазақ, қырғызына әйгілі болған. Осы халықтардың бас қосқан ұлан - асыр тойында қалмақ ханы 6жасар қызылқасқа бұқаны ортаға шығарып: «Осыны көтерген адамға ат басындай алтын беремін» деп жар салады. Дәу бұқаны көтеремін деушілер аз болмаған. Ешкімнің шамасы жетпеген. Ел елең етіп, тына алады. Алып денелі жас батыр бұқаны тік көтеріп, басынан жоғары бір дем ұстап тұрып, лақтырып жіберген. Жануар орнынан тұра алмай жан тапсырған. Содан бастап азан шақырып қойған аты ұмытылып,
«Бұқа батыр» болып кеткен екен. Бұқа батыр өз заманында сарбаз құрап, жоңғарларға соққы берген. Ол жайлы жазылған да болар. Зертте, зерделеу ертеңгі ұрпақ парызы. Бізге жеткені халық зердесінде сақталған ұлы дүбірдің жаңғырығы. Өз егемендігімізге жаңадан ие болған аз уақыттың ішінде жинаған алтын зердің ақығын ұстап отырмыз.
Тұрысбек (Бұқа) батырға жаратушы иесі күш-қуат пен құдіретті қасиет сыйлаған. Майданға шыққанда найза, қылыш дарымаған.

Тылсым бір құбылыс қорғап, рухтандырып тұратынын ел байқағанмен, өз байқамаған, әрі болашақты болжайтын сәуегей екен. Дүниеде өтер алдында қазақ жерінде болатын халық басынан өткерген тарихты осыдан 200жыл бұрын айтып кеткен.


1825 жылы қазіргі Ұйғыр ауданының Қалжат селосынан 20-25 шақырым жердегі әлі де Қытай мемлекетінің шекарасында қалған Жиренбұлақ деген қонысындағы бұлақ басында дүниеден өткен. Зираты сол жерде. Мәңгілік сапарға, жарық дүниеден аттанарын алдын-ала біліп, туған-туыс, балаларын шақырып өзімен қалай қоштасу керектігін айтқан. Сонда зайыбы:
-Туған жерден жырақта күздікте отырмыз. Ата-қоныстан алыс қалып барамыз, ертеңіміз қалай болар екен?-деп қалыпты.
Сонда Тұрысбек батыр:
-Жататұғын орын сайла!-деп өтініпті.
Бәйбішісі тілегін орындамапты. Батыр орныңнан тұрып шешініп жайғасқан соң:
-Туған туысыңнан жырақ отырғаның болмаса, бұл да өз жерің. Олардың келер күні бұлыңғыр. Маңдайына таңба басқан, ұзын шекпенді, қаба сақал, көк көз жат-жұрт билейді. Қалмақ бетті патшасы ұзақ тұрмас. Ал анау кәпір дейін десем мұрты бар, мұсылман дейін десем діні қатты қарқасы қан шеңгелдеп тұр-ау.
-Он екі қанат боз үйдің нң керегесіндегі төсегінде жатқан батыр түрүлі тұрған есіктен боздалаға ойлана қарап аз дем алып, -одан кейінгілері кезек-кезек келер де кетер. Қалды патшадан кейін үйіріңе қосыларсың. Оны болашақ көрер деп, бөгеліп қалады.
Әр сөзін қалт жібермей тыңдап, босағада отырған келіні:
-Ата, мына біз...-дей бергенде көзін жұмып, шалқалап жатқан батыр оң қолын көтеріп: «Тыңда!»-деген емеуірін білдіреді. Кірпігін көтеріп үйдегілерге түгел қарап шығып, өзі жақсы көретін келініне тірелгенде
-Балам-ай, сәл ертерек сұрамадың ау,-деп ауырмай-сырқамай ұзақ сапарға жүріп кетіпті деседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет