«бекітемін» «келісілді»


Өндірістік қажуды дамытатын объективті көрсеткіштер



бет38/77
Дата06.01.2022
өлшемі1,24 Mb.
#11334
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   77
Өндірістік қажуды дамытатын объективті көрсеткіштер:

• экономикалық (айлықтың төмендеуі, бірлік уақыттың өсуі, ақаулы заттардың өсуі);

• статистикалық (жұмыскерлердің бастамасы бойынша үзілістер, жұмыс әрекетіндегі микроүзіліс);

• физиологиялық (қозғалыс үйлесімінің, қол мен саусақтардың треморы (қалтырауы), назар құрамының төмендеуі, қателіктер санының өсуі); • психологиялық (психикалық процесстердің және реакциялардың азаюы, қателер санының өсуі).



Өндірістік қажудың өсудегі себептері:

• жоғары қарқынды, күш салынған іс-әрекет;

• уақыт бойынша жүктемені тиімсіз бөлу (жұмыс қалыптылығының бұзылуы);

• қабылданатын және қайта өнделетін ақпарат ағынының шектен тыс мөлшері;

• еңбектің төмен мазмұндылығы (бір қарқындылығы);

• антропометриялық және эргономикалық талаптарға жұмыс орнының жоспарлануы, құралдарының сәйкес келмеуі;

• өндірістік тәуекел мен қауіптіліктің өсуімен шыққан күш жұмсау;

• ұжымдағы қолайсыз әлеуметті-психологиялық климат, еңбектің нашар жағдайы;

• жұмыскердің жеткіліксіз дәрежедегі біліктілігі;

• организмнің қарама-қарсы тұруы мен шыдамдылықтың төмендеуі.

Мамандар күш жұмсауды келесі түрлерін көрсетеді:

• интеллектуальды, проблемалық жағдайды шешуді саны көп талап етушілермен шыққан;

• сенсорлық (түйсіктік), анализаторлардың іс-әрекеттің тиімсіз шарттарына негізделген (мысалы, ұсақ бөлшек сияқты, өзгешеліктеріндегі объектілерді жіктеудегі қиыншылықтар, жұмыс беті мен өзгешелік объектісіндегі түстің аз кереғарлығы, жеткіліксіз жарықтандыру);

• монотонды (бір сазды) (бірдей істерден, жағдайлардан және т.б. шыққан, күш салу);

• политонды (көп сазды) — кездейсоқ бағыттарға назарды жиі ауыстыру қажеттілігімен туындаған, күш салу;

• физикалық күш салу (қозғалтқыш аппараттың жүктемесінің өсуі);

• эмоционалды күш салу, жұмыстың эмоционалды қатыстырмау мазмұны мен оны жүзеге асыру шарттары, апат пен жарақаттың жоғары ықтималдығы, дау жағдайлардан туындаған;

• күтудегі күш салу, іс-әрекеттің жоқтығы шартында жұмыс қызметінің дайындығын қолдау қажеттігімен туындаған (мысалы, берілген көрсеткіштерден технологиялық процесс жолдарынан бас тарту туралы белгіге реакцияның дайындығы);

• себепті күш жұмсау (жұмысқа қызықпаушылық, шешім қабылдауға керекті себептермен күрес және т.б.).

Қажу түрлерін еңбек қызметін қамтамасыз ететін сол немесе басқа жүйке жүйесінің звеноларында оның артықшылықтарын оқшаулауға қатысты бөледі.



Түйсіктік қажу - ұзақ немесе қарқынды ызалану (қатты шуыл, нашар жарықтандыру) нәтижесінде сезім органдарының қажуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет