«Бекітемін» «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ филиалы Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директоры Р. Н. Жумабаев



бет1/12
Дата19.04.2023
өлшемі56,08 Kb.
#84280
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

«Бекітемін»
«Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ филиалы Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі директоры
____________Р.Н. Жумабаев
«___» ______________ 2023 ж.

Caspian Start-Up – 2023” байқауын өткізу тәртібі туралы




ЕРЕЖЕ

Ақтау – 2023 жыл

  1. Терминдер мен анықтамалар



Осы Ережеде келесі терминдер қолданылады:
1) Caspian Start-Up жобасы – өзінің болашақ идеяларын таныстыру мүмкіндігі бар жас дарындар мен жас кәсіпкерлер үшін ұйымдастырылатын жоба;
2) жоба – конкурстың өлшемдеріне сәйкес әзірленіп, зерттелетін жоба;
3) өтініш беруші – онлайн тіркеуден өткен және іріктеу турына қатысатын жеке тұлға;
4) қатысушы – іріктеу турынан өткен және финалдық турға қатысатын жеке тұлға;
5) жоба командасы – іріктеу және (немесе) финалдық турларға қатысатын тұлғалар тобы, негізгі зерттеушілер;
6) конкурсқа қатысуға өтінім – жоба сайтында толтырылған сауалнама;
7) жобаны ұйымдастырушылар – жобаны ұйымдастыруға және өткізуге жауапты тұлғалар;
8) жобаның серіктестері – жобаны ұйымдастыруда қолдау көрсететін тұлғалар (ақпараттық, техникалық, материалдық);
9) конкурстық комиссия – өтеусіз негізде ұсынылған жобалар / идеялар арасында ең үздігін анықтап, шешім қабылдайтын орган;
10) конкурс сайты – қатысуға өтінім беруге және осы жоба туралы толығырақ білуге болатын әлеуметтік бет, www.caspianstartup.kz;
11) жоба тақырыбы – идеяның\жобаның зерттеу аясы;
12) байқау критерийлері – идеяның / жобаның сапа деңгейі айқындалатын және ең үздік жобалар анықталатын бағалар қатары;
13) байқауды таныстыру – PowerPoint форматында идеяны / жобаны ұсыну;
14) іріктеу туры – байқаудың міндетті кезеңі, ол байқаудың сайтында тіркелу мен күндізгі турға өту үшін жобаны таныстыруды қамтиды;
15) финалдық тур – іріктеу турының үздік жобалары өтетін конкурстың қорытынды кезеңі;
16) жеңімпаз – жұмысы финалдық турда ұсынылған жобалар арасында үздік деп танылған байқауға қатысушы;
17) жүлде қоры – байқау аяқталғаннан кейін жобаны көтермелеуге және бағалауға бағытталған қор;
18) MVP (Minimum Viable Product) – пайдаланушы үшін құнды болып табылатын функциялардың ең аз жинағы бар (кейде тіпті бір) өнімнің, жобаның сынақ нұсқасы;
19) SWOT (күшті тұстар, әлсіз тұстар, мүмкіндіктер мен қауіптер) талдауы – бұл компанияның бәсекелестік жағдайын бағалау және стратегиялық жоспарлауды әзірлеу үшін қолданылатын негіз. SWOT талдау ішкі және сыртқы факторларды, сондай-ақ қазіргі және болашақ әлеуетті бағалайды;
20) Roadmap (ағылш. жол картасы) – компанияның даму стратегиясын, жобаны іске қосу кезеңдерін және өнімді жылжытуды визуализациялау құралы;
21) монетизация – қызметтен немесе жарияланған еңбектен қаржылық пайда табу әрекет.



  1. Жалпы ережелер

2.1. “Caspian Start-Up – 2023” конкурсын өткізудің жалпы ережелері (бұдан әрі - ереже) “Caspian Start-Up – 2023” жобасының (бұдан әрі - жоба) идеясын, мақсаттарын, міндеттерін айқындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет