Бүгінгі Қазақстан үлкен қоғамдық сілкіністен өтіп келе жатқандығы баршамызға мәлім. Осындай қоғамдық өзгерістер әдебиетке көлеңкесін түсірмей қоймайды



Дата10.09.2022
өлшемі15,57 Kb.
#38791



Бүгінгі Қазақстан үлкен қоғамдық сілкіністен өтіп келе жатқандығы баршамызға мәлім. Осындай қоғамдық өзгерістер әдебиетке көлеңкесін түсірмей қоймайды. Соңғы жылдарда өткеніміз бен бүгінімізге және болашағымызға арналған қаншама роман, повестер жарық көрді. Жазылған шығармалар көбейген сайын көркем әдебиетіміздің көкжиегін кеңейіп, жанр, тақырып, сюжет аясы ұлғая түсті. Оның ішінде XX ғасырдың 70-80 жылдары айтарлықтай повестер жүйелі түрде зерттеле бастады. Әртүрлі көркемдік әдіс-тәсілдердің қолданылып, сюжеттік-композициялық құрылымының күрделенуімен ерекшеленген уақыт болды. Жазушылар адам жанының шындығын танудың алуан түрлі тәсілін шеберлікпен игергендігімен де ерекшелене бастады. Сондай жазушылардың бірі, шоқтығы биік шығармалардың авторы Ә. Кекілбаев шығармалары кейіпкерлері қарапайым адамдар болғанымен, олардың өзіне тән өмірі, тағдыры, мінез-құлқы бар. Жазушы олардың жан дүниесінің тереңіне бойлай отырып, тартысты әрі қызықты оқиғалар желісін құрады. Өмірдегі шындықты әдеби шығармаға айналдыру жазушының жазудағы шеберлігін айқындап беретіні сөзсіз. Осы тұста Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» повесінде бір ғана адамның келте ғұмыры баяндалмайды, ауылдың тыныс-тіршілігі, өмірдің ащылығы, сұм соғыстың зобалаңы, әйелдің қайсарлығы, ананың жүрегі, мейірімділігі де көрініс табады. Автордың оқиғаны суреттерудегі шеберлігі тіпті ерекше. Үш бірдей асылынан айырылған Аққаймақтың бойына тән шыдамдылықты көрмеу мүмкін емес. «Әйел басыңмен осынша жерден түйе іздеп шыққан өзің де ер екенсің, шырағым», – деген жылқышы шалдың сөзінен-ақ кейіпкердің баяндалып отырған оқиғаға сәйкес жігерлі әрі төзімді екендігін аңғаруға болады. Жалпы, осы уақыттағы қазақ жазушыларының шығармаларынан көркем әдебиеттегі «әйел, ана» образының ерекше сипат алғанын көре аламыз. Әбіш Кекілбаевтың бір образды бейнелеудегі, оның қимылын көңіл-күйімен байланыстыра отырып сипаттаудағы сөз саптауының өзі бір бөлек.
Оқиға желісі бойынша сұм соғыстың ауыр зардабы кезекті бір отбасыға қалай әсер еткендігі тым тартысты құрылған. Соғыс тақырыбы бүгінгі күнге дейін талай ақындар мен жазушылар қаламынан кен де қалмай жазылып та, айтылып та келеді. Ал біз айтып отырған жазу шеберлігі мен өзіндік қолтаңбасы бөлек Әбіш Кекілбаевтың бұл шығармасы өзіндік арнасы бар, оқырманға жеткізер ойы бар бірнеше мәселелердің тоғысқан тұсын суреттейтін шығарма болып табылады. Повесть ішіндегі әрбір оқиғаның өз алдына жан-жақты суреттеу, философиялық түйін жасау, қат-қабат тарыстар жиі кездесіп отырады. Адамның ішкі жан сарайына үңіле отырып, автор өмір иірімдеріне бойлай еніп кетеді. Повеске және бір себеп болып тұрған әдіс ол - реализм. Оқиғаның шынайылыққа құрылып, оқырманның көз алдына жіпке тізгендей тізбектеп беріп, сана сезіміне әсер етуі, белгілі бір деңгейде ой тастауы шығарманың жазылуындағы басты мақсат болып табылады. Бір отбасының ойранын шығарған бұл соғыс Аққайнақтың жер-жебіріне жетті. Оқып отырған оқырман шығармадан Аққаймақтың қан жылаған көзін, зар жылаған жанын түсінеді.
Осы тұста автордың бір сюжет бойымен әлденеше проблеманы көтеріп, олардың бәріне емес, ішінен біреуін таңдап алып көркемдік қорытынды шығарғандығын көруге болады. Себебі, повесть жанры роман сияқты көп тақырыпты болып келмейді. Көлемі мен пішіні де соған сәйкес болады. Сюжетті басқаратын басты кейіпкер тақырыпты таныстыра отырып, оқиғаның біркелкі дамуына жол береді. Соғыс «сыйлаған» ауыр дерт Аққаймақтың жан дүниесін жеп, сарқып тастайды. Осы арқылы еңбектегі бас кейіпкер өзіне жауапкершілік алу арқылы, адам ішінде болатын түрлі күйлерді басынан өткереді. Сол арқылы оқырман жүрегіне тікелей жол табады. Шығарманың жалпы композициялық құрылымы сюжеттің негізгі сегменті болып табылады.
«Сюжет дегеніміз — жалпы алғанда адамдардың өзара қарым-қатынасы, байланысы, қайшылықтары, жек көру, жақсы көру, әр характердің, типтің өсу, жасалу тарихы» - деп М.Горкий өзіндік көзқарасын атап көрсетеді. Өмірдің еш қызығын көре алмаған, он екісінде бір гүлі ашылмаған талдырмаш арудың әкесі соғыста жан тапсырады, тағдырдың «жесір» атауын иемденген анасы құсалықтың кесірінен өмірден баз кешеді, сүйіп қосылған ері майданда қаза табады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет