Білім беру бағдарламасы: 6В01505 «Биология мұғалімдерін даярлау», 6В01507 «Химия-биология мұғалімдерін даярлау»



Дата15.08.2023
өлшемі28,78 Kb.
#105328
түріБілім беру бағдарламасы

ЖН-03-22 ФР-03

ЖҰМАБЕК ТАШЕНЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ
«Технология және дизайн» факультеті
«Химия және биология» кафедрасы

«Омыртқалылар зоологиясы» пәнінен




Ашық сабақты өткізу жоспары


Тақырыбы: Сүйекті балықтар класы
Білім беру бағдарламасы: 6В01505 - «Биология мұғалімдерін даярлау», 6В01507 - «Химия-биология мұғалімдерін даярлау» 6В01510 - «Биология- география мұғалімдерін даярлау»
Топ: ТФ-22-9к, ТФ-22-10к, ТФ-22-11к
Курс: 1 курстар
Оқытушы: а.ш.ғ.к., аға оқытушы Т.Ә. Мұстияр

Шымкент, 2023

  1. Сабақтың тақырыбы : Сүйекті балықтар класы



  1. Сабақтың жоспары:

  1. Тармағы

  2. Сәулеқанаттылар

  3. Қалаққанаттылар

  4. Саусаққанаттылар


Ш. Сабақтың мақсаты: Сүйекті балықтардың өздеріне тән ерекшеліктері, класс тармақтарының отрядтары, тұқымдастары және балық шаруашылығының маңызы және оларды қорғау шаралары туралы тиянақты білім беру. Балықтарды қорғау шараларымен таныстыру, Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген түрлерін есте сақтау, қорғауға тәрбиелеу.


IV. Сабақтың көрнекілігі: аралас сабақ, топтық жобамен жұмыс, слайдтар.


V. Сабақтың барысы:
Сүйекті балықтар (лат.Osteichthyes) — омыртқалы жануарлар класы, қазіргі заманда балықтардың ең түрге бай тобы. Дене ұзындығы 0,7-1,1 см, ден 5-7 м дейін, салмағы 1,5 т жетеді. Ішкі қаңқасы сүйектенген. Әрдайым тері сүйектері болады. Қабыршақтары әртүрлі: ганоидтық, космоидтық немесе сүйекті, (цикпоидтық, немесе ктеноидтық). Желбезектері қоршаулармен бөлінбеген. Кейбір түрлердің торсылдағы жойылған. Ұрықтану сыртқы ортада өтеді, кейбір түрлері тірі табатындар. Тұщы су және теңіз балықтарының қысымды реттеуі әртүрлі: тұщы су балықтары артық суды желбезек және тері арқылы шығарады, ал теңіз балықтары, бүйрек және желбезек арқылы. 2 класс тармағы бар: қалаққанаттылар және сәулеқанаттылар, (қазіргі заман балықтарының негізгі бөлігі).
Сүйекті балықтардың қазіргі кезде 20 000-нан астам түрлері бар. Дене пішіндері де түрліше. Денесі бас, тұлға және құйрық бөлімдеріне бөлінген. Сүйекті балықтардың терісі жалпақ әрі ірі қабыршақтармен қашаған. Қабыршақтарында ағаш діңіндегі жылдық сақиналарға ұқсас сызықтар бар. Осы сызықтарға қарап, балықтың жасын ажыратуға болады. Сүйекті балықтардың қаңқасында сүйектер өте көп. Олардың қаңқа бөлімдері шеміршекті балықтардың қаңқа бөлімдеріне ұқсас. Сүйекті балықтардың желбезектерінің сырты сүйекті желбезек қақпағымен жабылған. Сүйекті балықтардың көпшілігінің аузы бас бөлімінің алдыңғы тұсында орналасады. Жақсүйектерде және т.б. сүйектерде де тістері бар. Ал тұқы балықтарының желбезек доғаларында жұтқыншақ тістері де болады. Ауыз қуысына көлемді жұтқыншақ жалғасады. Қысқа өңеші қарынмен жалғасқан. Қоректік заттарға байланысты қарынның көлемі мен пішіні әр түрлі. Жыртқыш балықтардың (алабұға, шортан) қарны үлкен әрі созылғыш. Қарыннан аш ішек басталады. Сүйекті балықтардың ішегі едәуір ұзын. Кейбір балықтарда аш ішек пен тоқ ішектің түйіскен жерінде ұсақ тұйық өскіндер болады. Олар ішектің ішкі сіңіру бетін үлғайтады. Тік ішек аналь тесігімен аяқталады. Бауырлық, үйқыбездің өзектері аш ішектің алдыңғы бөлігіне ашылады. Бауыр улы заттар мен зиянды өкімдерді зарарсыздандыруға қатысады. Сүйекті балықтарда ерекше мүше - торсылдақ болады. Іші ауаға толы торсылдақ ұрықтың даму кезеңінде ішектен бөлінеді. Ол балықтың дене салмағын өзгертіп, судың түрлі қабаттарына өтуіне жағдай жасайды. Торсылдақ кейбір балықтарда тыныс алуға, дыбыс шығаруға қатысады. Су түбінде тіршілік етуге бейімделген сүйекті балықтарда торсылдақ болмайды. Сүйекті балықтар желбезектерінің сыртында сүйекті желбезек қақпағы болады. Желбезек шашақтары бірден сүйекті желбезек доғаларына бекіген. Сүйекті балықтардың терілі желбезекаралық пердесі болмайды. Тынысалуы желбезек қақпағының қозғалуына тікелей байланысты. Сүйекті балықтардың қантарату жүйесі теміршекті балықтарға ұқсас. Қарыншаның қабырғасы құлақшадан қалың, одан құрсақ қолқа қантамыры басталады. Сүйекті балықтарда да екі бүйрек, екі несепағар өзек болады. Оларда алғаш рет зәрдің уақытша сақталатын мүшесі - қуық пайда болған. Зәр шығаратын тесік те сыртқа жеке ашылады. Сүйекті балықтар миының қүрылысы темір шекті балықтардың миымен салыстырғанда қарапайым әрі кіші. Алдыңғы ми - шағын, екі ми сыңарына бөлінбеген. Ортаңғы ми мен мишығының көлемі үлкендеу. Көзінің құрылысы шеміршекті балықтарға ұқсас. Есту мүшесі де тек ішкі құлақтан тұрады. Балықтар бірімен-бірі түрліше дыбыстар шығару арқылы байланыс жасайды. Дыбыстарды қабылдайтын; балықтар тіршілігінде маңызы зор.
Бұлардың иіс, дәм сезуі, бүйір сызығы шеміршекті балықтарға ұқсас. Балықтарда дара жынысты, қосжыныстылық сирек кездеседі. Тек теңіз алабұғасы ғана қосжынысты. Аталықтарының да, аналықтарының да екі-екіден жыныс бездері бар. Аталық безден бөлінген сұйықтық шовал деп аталады. Оның құрамында өте көп мөлшерде аталық жыныс жасушасы - сперматозоидтар болады. Аналық безде уылдырық деп аталатын майда жүмыртқа жасушалар жетіледі. Сүйекті балықтар сырттай ұрықтанады, сондықтан да өте көп мөлшерде уылдырық шашады. Кәсіптік мәні бар балықтарды көбейту үшін, арнайы балық зауыттарында қолдан ұрықтандырыл, шабақтар өсіріледі. Кейбір балықтар көбею кезінде жылыстап, өрістейді. Мысалы, бекірелер, албырттар теңіздей өзенге өрістеп, уылдырық шашады. Ал өзен жыланбалығы керісінше, өзеннен теңізге өтіп, уылдырық шашады. Ұрықтанған уылдырықтан бірте-бірте дернәсіл, одан шабақ өсіп жетіледі. Балықтар мүхиттарда, теңіздерде, өзендерде, басқа да су айдындарында кездеседі. Әсіресе, теңіз жағалауының 200 метрге дейінгі қабаттарында көбірек таралған. Ондай жерлерге күн сәулесі мол түсіп, су өсімдіктері көп өседі. «Балдырлы көлде балық көп» деген сөз соны аңғартады.
Сүйекті балықтардың 2 класс тармағы бар.
Бұлардың кейбір отрядтарының қаңқасында сүйектен гөрі шеміршек көбірек. Сондықтан шеміршекті балықтарға ұқсас белгілері байқалады. Мысалы тұмсығының болуы, құйрық жүзбеқанат қалаларының тең болмауы. Олардың сүйекті балықтарға тән желбезек қақпағы және торсылдағы болады. Бұл балықтар бекіретәріздестер отрядына топтастырылған. Олардың денесін бойлай 5 қатар ірі мүйізді шытыралар орналасқан. Мұндай шытыралар жонында, екі бүйірінің арқа және құрсақ тұсында да бар. Басқа балықтардың денесінде осындай ірі мүйізді шытыралар болмайды. Балықтардың жеке түрлерін осы шытыралардың санына қарай ажыратады. Бекірелердің кәсіптік мәні зор. Дәмді еті, қара уылдырығы қымбат бағаланады. Сондықтан да халқымыз «балық патшасы - бекіре» деп атайды. Каспий теңізінде кездеседі. Олар уылдырық шашу үшін Еділ, Жайық өзендеріне көтеріліп өрістейді. Ондай балықтарды өрістегіш балықтар деп атайды. Бекіре балықтарының тіршілігін байқаған халқымыз «бекіренің басы тасқа тимей, қайтпайды» - деп қорытынды жасаған. «Бекіренің бал татыған еті», «бекіренің бес кеспесі» - деген сөздер бекіре етінің құндылығын аңғартады. Бекіре балықтарының бір тобы - тасбекірелер. Қазақстанда кездесетін сырдария тасбекіресі мен пілмай сирек кездесетіндіктен, Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Есжанов, Б.Е. Омыртқалылар зоологиясы. 2-бөлім: Оқулық/ Б.Е. Есжанов, Н.С. Сапарғалиева.- Алматы: Қазақ университеті, 2018.- 356б 2экз.


2. Муминова, К.Ш. Омыртқалылар зоологиясы: Оқулық / К.Ш. Муминова.- Шымкент: Әлем, 2013.- 268 б.-19экз.
3. Қазақстан Қызыл кітабы Энциклопедия. том-1.1- бөлім. Жануарлар. Омыртқалылар: 4-ші басылым қайта өңделген және толықтырылған.- Алматы: Нур-Принт, 2008.- 320 б-2экз.
4. Муминова К Зоология.Лекция-2018-64б-1экз.
5. Муминова К Омыртқалыларзоологиясы-кешен, 2020ж 1экз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет