"Білім беру саласындағы менеджмент"



бет1/2
Дата12.08.2022
өлшемі58,5 Kb.
#38129
  1   2

Рефлексиялық есеп
Айтулова Сапура Алимхановна, «Ушинский атындағы орта мектеп» КММ директоры, ««Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ біліктілігін арттыру курсын аяқтағаннан кейін
"Білім беру саласындағы менеджмент"


Бізде жақсы адамдар көп. Оларға тек бағыт беретін және шабыттандыратын жақсы басшы қажет. /Ford компаниясының бұрынғы атқарушы директоры Бил Форд/
Осы курс біз үшін өте маңызды және үлкен өзектілігі жоғары. Қазіргі таңда өте жоғары қарқынмен дамып келе жатқан қоғамда кез келген ұйымда нәтижелі басшылық жасау үшін сол ұйымның басшысы жақсы менеджер болуы керек. Себебі, қоғам әрдайым менеджерлер мен олардың ұйымдарының күшті ықпалында болады. Ұйымның үлкен табыстарға, жетістіктерге, алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін құрылымданған және үйлестірілген түрде жұмыс істейтін ұжым керек. Кез келген басшыға жоғары менеджерлік білім қажет. Себебі басшылық ету – авторитарлық түрде бұйрық беру емес, ұйым жұмысын шебер жоспарлап, оның алға басуы үшін ұйымдастырушылық қабілет пен жұмысшының өз жұмысына деген ынта-ықыласын ояту арқылы оларды шабыттандыра білу қажет.
«Ұйым» терминінің анықтамасы салыстырмалы түрде қарапайым. Дегенмен мұны ресурстар тұрғысынан түсіну әлдеқайда тиімді. Барлық ұйымдар қоршаған ортадан ресурстардың төрт негізгі түрін пайдаланады: адам, қаржы, материалдық және ақпараттық ресурстар.
Басшылар ұйымның мақсатына қол жеткізу үшін түрлі ресурстарды біріктіру мен үйлестіруге жауап береді. Менеджерлер осы және басқа да ресурстардың алуан түрлерін қалай біріктіреді және үйлестіреді? Олар мұны төрт негізгі басқару функциясын немесе іс-шараны орындау арқылы атқарады:
• жоспарлау, шешім қабылдау;
• ұйымдастыру;
жетекшілік ету;
• бақылау.
Жоғарыда аталған төрт ресурсты (адам, қаржы, материалдық және ақпараттық ресурстар) жоспарлы түрде шебер үйлестіру арқылы біріктіріп жетекшілік етсе, оның (ұйымның) әрбір жоспарлы әрекетін мұқият бақылауда ұстап отырса, үлкен жетістіктерге жететініне сенімім мол. Бұл әрбір ұйым басшысына менеджерлік білімнің өте қажет екенін көрсетеді.
Менің ойымша, бұл курстың бізге берері мол. Осы курс бойынша өзіміздің кәсіби біліктілігімізді толықтыра отырып, өз қызметімізге деген жаңаша көзқарасты қалыптастыра алдық. Жұмысты жақсы жолға қойып, одан күтілген нәтижені алу үшін жан-жақты ізденіп, тиімді деген тәсілдер арқылы жұмысты үйлестіру және ғылыми көзқарас тұрғысынан қарастыру ерекше маңызға ие. Сондай-ақ, басшыда ғылыми біліммен қоса ішкі түйсік, интуиция, тұлғалық қатынас дағдыларын да үйлестіре білуі қажет. Демек, менеджмент бұл - тек қана мамандық емес, ғылым мен өнердің үйлесімі деп қарауға да болады. Басшылар интуиция элементі мен ішкі сезімді дәл деректермен және объективті фактілермен үйлестіре білуі тиіс.
Осыған сүйене отырып, мен қанша басшы болса, сонша тәсіл болуына қарамастан, аса жиі кездесетін тәсіл білім мен тәжірибенің үйлесімінен құралады, басшылардың көпшілігі өз дағдыларын білім мен тәжірибе нәтижесінде меңгереді деп ойлаймын. Десек те, менеджмент бойынша жазылған оқулықтың әр сөзін жаттап алсаңыз да, сіз топ менеджмент лауазымына өтіп, тез арада тиімді менеджер бола алмайсыз. Өйткені «Менеджмент дағдылары тәжірибе арқылы қалыптасуы тиіс. Тек күнделікті басқару тәжірибесін жинақтаған менеджерлер іс жүзінде кездесетін басқару мәселелеріне тереңнен үңіліп, менеджер еңбегінің сипатын, қыр-сырын түсіне алады. Сол себепті көптеген ірі немесе шағын компаниялар менеджерлердің біліктілігін арттыру бағдарламаларын перспективалы менеджерлер үшін ұйымдастырады. Адамдар колледждерден, басқа ұйымдардан немесе ұйымдардың бірінші буын менеджерлері және ағымдағы қызметкерлері арасынан жұмысқа тұрады. Бұл адамдарға жүйелі түрде әртүрлі жұмыстарды орындау тапсырылады. Уақыт өте келе, қызметкер ұйымның барлық басты бағыттары бойынша жұмысқа араласа бастайды. Сөйтіп, менеджерлік тәжірибе жинақтайды. Ресми түрде біліктілік бағдарламасын тәмамдамаған адамдар да, тәжірибесі мол болса, табысқа жете алады. Осылайша тиімді жұмыс атқаратын көптеген менеджерлер өз қабілеттерін оқу мен тәжірибені қатар алып жүру арқылы қалыптастырады» (Нұсқаулықтан).
Менеджмент анықтамасы менеджер қызметінің мазмұнымен тікелей байланысты. Танымал американдық менеджер Ли Якокка «Карьера менеджера» кітабында адамдармен қарым-қатынас жасай білу, олардың мінез-құлқын танып, жұмысқа ынталарын ояту, - десе, Ford компаниясының бұрынғы атқарушы директоры Бил Форд «Бізде жақсы адамдар көп. Оларға тек бағыт беретін және шабыттандыратын жақсы басшы қажет» - деген екен. Менеджмент немесе менеджер қай салада болса да қажетттігі өте жоғары. Себебі қай салада болмасын, ресурстармен (адам, қаржы, материалдық және ақпараттық ресурстар) жұмыс жүргізіледі. Қазіргі таңда менеджмент мәселесімен бүгінгі таңда әр түрлі білім саласының мамандары да айналысады.
Менеджменттің бірнеше ұғымы бар. Вольфганг Хайер өзінің «Европада бизнес қалай жасалады» кітабында былай деп жазды: «Менеджмент - бұл жұмыс істеп тұрған коммерсиялық кәсіпорынның арнайы органы». Егер батыста кез келген кәсіпорын жөнінде сөз бола қалса, адамдар әуелі сол кәсіпорындағы бүкіл басшылыққа ден қояды, өйткені, кәсіпорынды қоғамға танытатын да тек басшылар.
Ал, педагогикалық менеджмент туралы Хоруженко К.М., Куперина А.В. «Педагогикалық менеджмент оқу-тәрбие, оқу-таным үрдісінің және білім берудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған, оларды басқарудың принциптері, әдістері, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық тәсілдерінің кешені», - деп анықтама берсе, Садвакасова З.М. айтқандай «Педагогикалық менеджмент – бұл басқарудың ғылыми негізі экономикалық жағдайда адами ресурстардың аз шығындалып, көп пайда табуын ұйымдастыру»
Бұдан шығатыны - педагогикалық менеджмент – білім беру жүйесіндегі оқу-тәрбиелік, оқу-танымдық және өздігінен білім алу процессін тиімді басқарудың теориясы, әдістемесі мен технологиясы.
Осыдан қорытынды жасауға болады ...,
Бүгінгі білім беру жүйесінің басқаша екені ҚР-ның «Білім беру» Заңында:
«Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» деп көрсетілген.
Қазіргі нарық заманында өркениетті елдердің озық тәжірибесі кеңінен пайдаланылуда. Басқарудың әлемдік менеджменті көп табыстарға негіз болады. Бұдан біздің елдің де үйренері мол. Менеджменттің мағынасын неміс ғалымдары В.Зигерт пен Л.Ланг жақсы айтып берді. «Менеджмент белгілі міндеттерді орындау үшін адамгершілік, тиімділік және үнемділік жолдары арқылы адамдарды басқару» дейді олар. Бұл пікір адамгершіліктің алдыңғы кезекке қойылып отырғанын дәлелдейді. Бұл тектен-текке емес. Басқару ісінде адам арасындағы түсіністік, сыйластық, қиын сәтте қол ұшын созу ерекше рөл атқарады. Адамның бойында адамгершілік, азаматтық қасиеттер орын алған жағдайда ұжымдағы ахуал да орнықты болады.
Білім беру жүйесіндегі басқару мен тиімділік, үнемділік. Тиімділік, үнемділік дегендер – өмірдің өзі қойып отырған талаптар. Ысырапшылдық, ұқыпсыздық неге апарып соғатыны баршаға аян. Үнемділік, әсіресе, дағдарыс жағдайында қажет. Не нәрсені де тиімді пайдалану арқылы кездескен қиындықтардан қиналмай шығып кетуге болады.
Сондықтан мен, Білім беру технологиялары оқушы үшін жұмыс істеуі тиіс. Басқарудағы барлық мүмкіндік, күш-жігер шәкірттің ойдағыдай өсіп-жетілуіне жұмсалуы тиіс. Бүгінгі оқушының елдің ертеңгі азаматы екені басты ұстаным болуы шарт, - деген қорытындыға келдім.
Бұрын білім беру саласы авторитарлық жүйеде басқарылып келсе, қазір бүгінгі қоғамның талаптарына сәйкес алдыңғы қатарлы мектептерде инновациялық үрдіс жақсы дамып келеді Бұл дегеніңіз – мектептегі оқу үрдісіне білім берудегі әлемдік озық істердің енгізілуі. Осы жаңалықтың ену нәтижесінде көптеген мектеп білім саласын едәуір жақсартты.
Оқушыларды мектеп бітіргеннен кейін сан тарау өмір жолдары күтіп тұрады. Өкінішке орай, бірқатар түлектер оқу ордасын тәмамдаған соң қандай кәсіпті таңдарын білмей алаңдайтыны бар. Осындай жағдайлар орын алмауы үшін мектепте бағдарлы білім берудің алар орны ерекше. Мұндай біліммен қаруланған оқушы мектеп бітірген соң кәсібін қиналмай таңдайды. Және қалаған оқу орнына түсуіне мүмкіндік туады. Сондықтан да, білім беру саласына менеджменттің барынша енгізіліп, жүйелі жұмыс жүргізілуін қалаймын.
Қорыта келе, білім беру менеджерлерінің маңызды функцияларын атап айтар болсақ, олар:
· жобалау - жоспарлау функциясы;
· ақпараттық - сараптамалық;
· мақсатты - мотивациялық;
· ұйымдастыру - орындаушылық;
· бақылау және бағалау;
· коррекциялау функциясы.
Күтілетін нәтижелерді болжай отырып, мен айта аламын , Білім беру менеджментінің аталған функциялары орындалған жағдайда оқу орнының білім беру еңбегінің тиімділігі артып, нәтижесі көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет