В. Г. Архипова
Р. Г. Амдамова
Н.К. Беристемова
К.Б. Кадыракунов
ИНФОРМАТИКА
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы
11-сынып мұғалімдеріне арналған
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі ұсынған
Алматыкітап баспасы
2020
Информатика. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлықбағытындағы 11-сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқау. В.Г.Архипова, Р.Г.Амдамова, Н.К.Беристемова, К.Б. Кадыракунов. 2020. –105 б.
ТҮСІНДІРМЕ
Бұл оқу құралы қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы «Информатика» пәні бойынша 11-сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқау ретінде ұсынылып отыр. Оқу құралында әр тақырыпты жоспарлау, оқыту және бағалауды ұйымдастырудағы мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығына арналған, мектеп білімінің жаңартылған мазмұны аясында дайындалған оқулықты тиімді қолдануға арналған ұсыныстар берілген. Сонымен қатар оқу құралы «Информатика» пәнінің мақсатын, оқушылардың үлгерімін бағалауды, оқытудың әдіснамалық ерекшеліктерін, түсіндірме жазбаны, ұзақмерзімді және қысқамерзімді жоспарды сипаттайды.
Әрбір оқу бөлімінің мазмұны мен құрылымы оқушылардың жаңа білімі мен тәжірибесіне, пән бойынша өзекті мәселелерге, өз бетінше оқуға арналған теориялық ақпаратқа, практикалық дағдыларды дамытуға арналған міндеттерге негізделген. Жаңа білімді бекітуге арналған ақпаратпен және күрделілік деңгейінің өсу сипаты бар үй тапсырмаларымен толықтырылды.
Қазіргі заманғы оқу-әдістемелік үдерісінің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі – жүйелі түрде ақпарат алмасу, білім беру үдерісінің барлық қатысушыларымен тәжірибе алмасу. Олар: мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар пайдаланатын онлайн интернет-ресурстар .bilimland.kz, ustaz.kz, smk.nis.edu.kz, sabak.kz).
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ОҚЫТУ МАҚСАТТАРЫ
11.1.1.1 бұлт технологиясының не екенін түсіндіру;
11.1.1.2 жалпы қол жетімді, қашықтағы файлдарды (мәтіндік құжаттар, күнтізбелер, таныстырылымдар кестелер) қолдану және оларды бірге түзету;
11.1.2.1 ақпарат және интеллектуалды меншікті қорғау қажеттілігін негіздеу (Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", 2015 жылғы 16-қарашадағы "Ақпаратқа қол жеткізу туралы", 2003 жылғы 7 қаңтардағы "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Заңдары);
11.1.2.2 электрондық цифрлық қолтаңбаның және сертификаттың мақсатын сипаттау;
11.1.2.3 электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану алгоритмін сипаттау;
11.2.4.1 Виртуалды және кеңейтілген шынайылықтың мақсатын түсіндіру;
11.2.4.2 адамның психикалық және физикалық денсаулығына виртуалды және кеңейтілген шынайылықтың тигізетін ықпалын талқылау;
11.2.4.3 бір адам көріп тұрғандай 3D панорамасын (виртуалды тур) жасау;
11.3.1.1 Қазақстанда цифрландыру процесінің қазіргі заманғы үрдістерін талдау;
11.3.1.2 электрондық үкімет порталының функцияларын сипаттау
11.4.1.1 конструкторда мобильді қосымшаның достық интерфейсін құру;
11.4.1.2 шарттары мен циклдері бар код блоктарын қолдана отырып, мобильді қосымшаны әзірлеу;
11.4.1.3 әзірленген мобильді қосымшаны қалай орнату керектігін түсіндіру;
11.4.2.1 Startup түсінігін сипаттау;
11.4.2.2 Crowdfunding платформалардың жұмыс қағидаларын сипаттау;
11.4.2.3 өнімді жылжыту және сату жолдарын сипаттау; 11.4.2.4 маркетингтік жарнама жасау (инфографика, бейне). «Информатика» пәні бойынша үлгілік оқу жоспарын жүзеге асырудың ортамерзімді жоспары (оқу бағдарламасы бойынша)
Достарыңызбен бөлісу: |