Биология • Өсімдіктер • Өсімдік қҰрылысы



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата12.05.2023
өлшемі1,1 Mb.
#92024
  1   2   3   4   5   6   7


1
Өсімдік құрылысы
БИОЛОГИЯ • ӨСІМДІКТЕР • ӨСІМДІК ҚҰРЫЛЫСЫ
Барлық тірі ағзалар сияқты өсімдіктер де жасушалардан құралады. Өсімдік жасушалары басқа жасушаларға ұқсас, 
онда да жарғақпен шектелген цитоплазма болады. Сондай-ақ, олар көптеген басқа жасуша түрлері секілді ядро мен 
митохондрия сияқты органоидтардан тұрады. Бірақ, өсімдік жасушалары көбінесе үлкен тұрақты вакуольдер мен 
хлоропласттардан құралуымен және целлюлозадан жасалған жасуша қабырғасының болуымен ерекшеленеді.
Ұсынылатын фильм
 
– Деректер: Ғажайып өсімдіктер 
Өсімдік жасушасының ішкі бөлігі
1-бөлім: Өсімдіктер
• Өсімдіктер неден пайда болады?
ДИАГРАММА 01:
Қосымша сұрақ
С1. Хлоропласттар дегеніміз не?
Хлоропласт дегеніміз – жасыл өсімдік жасушасындағы ұсақ жасыл органеллдар. Хлоропласттар фотосинтез 
процесін бастау үшін күн энергиясын қолданатын хлорофилл пигментінен тұрады. Осылайша өсімдік өзі үшін 
қоректік заттарды жасайды. 


2
 БИОЛОГИЯ • ӨСІМДІКТЕР • ӨСІМДІК ҚҰРЫЛЫСЫ
Өсімдіктер – көп жасушалы ағзалар, олардың атқаратын қызметіне 
байланысты жасушалары да әртүрлі. Мәселен, өсімдік жасушаларында 
фотосинтезге қажетті көп хлоропласттар, ал тамырлық шашақ 
жасушаларында суды сіңіретін аудан бетін кеңейтуге арналған шығыңқы 
жерлері болады. Үлкен көп жасушалы өсімдікте жасушалардың түр-
түрі кездеседі. Кейбірі тірек үшін, кейбірі заттарды тасымалдау үшін 
қажет, ал тағы бірі қоршаған ортамен газ алмасу қызметін атқарады..
Өсімдіктер өздеріне қореқ дайындау үшін 
күн сәулесінің энергиясын, көміртек 
диоксидін және суды пайдаланады. Бұл 
процесс фотосинтез деп аталады
Өсімдіктердің негізгі мүшелері – тамырлар, сабақ, жапырақтар және гүлдер. Тамырлар жерде орналасып, өсімдікке 
қажетті су мен минералдарды сіңіреді. Сабақ жапырақтар мен гүлдерді тік ұстайды және өсімдіктегі заттарды төмен 
және жоғары қозғайтын ұлпалардан тұрады. Жапырақтарда фотосинтез жүреді. Гүлдер – ағзаның көбеюші мүшелері. 
Жапырақта өсімдіктің тамақ синтезі өтеді. Фотосинтез процесі, яғни қоректік заттар пайда болуы үшін күн жарығы, 
су және көмірқышқыл газы қажет. 
Жапырақтардың беті өте жұқа, бірақ кең көлемді болуы жарық пен көмірқышқыл газын сіңіру үшін қажет. Беттің 
төменгі жағында газ алмасу жүретін ұсақ тесіктер, мұртша бар, ал терең қабаты газ алмасуды жеделдету үшін керек. 
Жапырақтардың жасушалары өсімдікте тарамдап орналасқан басқа мүшелеріне қоректік заттар тасымалдайтын
хлоропластар мен судан құралады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет