Биология кафедрасы



бет1/43
Дата06.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#15053
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
БИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

«Ботаника»
пәнінен лабораториялық сабақтарға арналған

әдістемелік нұсқаулық

Шымкент 2020

Лабораториялық жинақ №1 хаттама «_____» _____ 2020ж университеттің Ғылыми кеңксінде бекітілген 6B05101-Биология білім беру бағдарламасы негізінде дайындалған.

Құрастырған: Байсеитова Н.М.


Лабораториялық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулық «Биология» кафедрасының мәжілісінде талқыланып, бекітуге ұсынылды.



КІРІСПЕ
Ботаника - өсімдіктер дүниесінің алуан түрлілігін, олардың жер шарына таралын, өсімдіктердің морфологиялық және анатомиялық құрылысындағы ерекшеліктерін, систематикалық топтарын және табиғаттағы маңызын қарастырады. Сонымен қатар, өсімдіктердің эволюциялық дамуы, басқа тірі организмдермен және тіршілік ортасымен байланыстары туралы білім береді.

Өсімдіктер дүниесі - биосфераның негізгі құрылымдық компоненттерінің бірі. Қазақстан флорасының жан-жақтылығы тек әртүрлілігімен ғана қорытылмайды. Қазақстан флорасының 700-ге жуық өкілі эндемиктер, яғни басқа елдерде жабайы өсімдіктер түрінде кездеспейді. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 5754 түрі таралған. Әлі де Қазақстан ботаниктерінің үздіксіз зерттеулері ғылым үшін жаңалық болып табылатын түрлермен толықтырылуда. Біздің еліміздің бай өсімдіктер әлемі ертеден-ақ адам баласына қызмет етіп келеді. Сондықтан, биолог мамандар өсімдіктердің құрылымдық ерекшеліктерімен, олардың жер бетіне таралуы, дамуы және адам өміріндегі, жалпы табиғи ортадағы маңызымен таныс болуы керек. Ботаника курсын оқыту биолог-бакалавриаттардың теориялық және практикалық дайындығында аса маңызды орын алады.

Оқу-әдістемелік құрал «Ботаника» курсының оқу бағдарламасына сәйкес дайындалған. Құралда негізгі тақырыптар бойынша зертханалық жұмыстар беріліп, олардың мақсаты, жұмысты орындау барысы және тапсырмалар мен бақылау сұрақтары қамтылған. Берілген зертханалық жұмыстарды орындау арқылы студенттер өсімдіктердің морфологиялық және анатомиялық құрылысын зерттеп әрі анықтап, систематикалық топтарының ерекшеліктерімен іс жүзінде танысып теориялық білімдерін бекітеді. Оқу-әдістемелік құрал биология мамандығында білім алушы күндізгі және кешкі бөліміндегі студенттерге арналған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет