Бірыңғай мүшелер І нұсқа



бет1/9
Дата02.06.2023
өлшемі62,26 Kb.
#98137
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Бірыңғай мүшелер
І нұсқа
1.Бірыңғай мүшені анықтаңыз.
Күз аспаны күңгірт,бұлыңғыр.
А)Бастауыш
Б)Пысықтауыш
В)Баяндауыш
Г)Толықтауыш
Д)Анықтауыш
2.Бірыңғай мүшелерді байланыстыратын ыңғайластық жалғаулық шылаулар қайсы?
А) та,не,немесе
Б)және,мен,әрі
В)бен,я,яки
Г)мен,бірақ,алайда
Д)ме,ма,ше
3.Бірыңғай мүшелердің арасына қандай тыныс белгісі қойылады?
А)сызықша
Б)үтір
В)нүкте
Г)қос нүкте
Д)нүктелі үтір
4.Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелердің алдынан келсе,одан кейін... қойылады.
А)қос нүкте
Б)үтір
В)сызықша
Г)нүктелі үтір
Д)нүкте
5.Бірыңғай мүшелердің анықтамасын табыңыз.
А) Дыбысталуы бірдей сөйлем мүшелері
Б)Тұлғасы әр түрлі сөйлем мүшелері
В)Синтаксистік қызметі бірдей,өзара тұлғалас сөйлем мүшелері
Г)Әр түрлі сұраққа жауап беретін сөйлем мүшелері
Д)Әр сөз табына жататын сөйлем мүшелері
6.Сөйлемде бірыңғай мүшенің қай түрі кездеседі?
Өткеннің жақсы,жаманы бүгінгі өлшеуішпен өлшенеді.
А)Бірыңғай анықтауыш
Б)Бірыңғай баяндауыш
В)Бірыңғай толықтауыш
Г)Бірыңғай бастауыш
Д)Бірыңғай пысықтауыш
7.Бірыңғай мүшелерді байланыстыру үшін қандай жалғаулық шылау қолдану керек?
Ол...биік,...аласа,...қатал,...жұмсақ мінезді,...шешен,...сараң сөзді еді.
А)бірақ
Б)және
В)немесе
Г)да
Д)бірде
8.Қай сөйлемде сөйлемнің бірыңғай мүшелері мен жалпылауыш сөз қолданылған?
А)Бірімізге-біріміз сөйлеспесек те,біріміздің ойлағанымызды екіншіміз біліп келеміз.
Б)Осыған қол қойған жұмыскерлер түгел кетеміз.
В)Сары,Кәрібай,Жалақ-үшеуі кеңеске кірді.
Г)Қане,Мүслима екеуіміз кеңеске айтайық.
Д)Күрең ат-Бөжейдің қыс мінетін аты.
9.Қай сөйлемде бірыңғай тұрлаулы мүшелер бар?
А)Қазақша,татарша,орысша да күте біледі.
Б)Ашық бет,ұзынша бойлы,шашы артына қайырылған жас жігіт Рахметпен амандасты.
В)Жойқын жұрт ерінбейді де,жалықпайды да.
Г)Сол аңғарды түсінген Әбіш өзі де кеше мен бүгін көп қайғы шеккен.
Д)Әрбір қонақтың сыртында екіден,үштен жастықтар жатыр.
10.Бірыңғай анықтауышты табыңыз.
А)Далада қызыл-сары гүлдер жайқалып тұр.
Б)Шаршаған кішкентай боталар артта қалып қойды.
В)Біз таудың ең биік шыңына шықтық.
Г)Мырзабайдың баласы ақылды,бірақ еріншек.
Д)Кең әрі ұзын көшелер қалаға көркін беріп тұр.
11.Бірыңғай мүше қай мәндегі жалғаулық шылау арқылы байланысып тұрғанын белгілеңіз.
Қар суы да,жаңбыр суы да соның ырысы.
А)Ыңғайластық
Б)Қарсылықты
В)Себеп-салдар
Г)Талғаулы
Д)Кезектестік
12.Сөйлемдегі қызметі,тұлғасы,сұрақтары бірдей және бір ғана ортақ мүшемен байланысатын сөздер не деп аталады?
А)Бірыңғай сөздер
Б)Бірыңғай мүшелер
В)Жалпылауыш сөздер
Г)Оқшау сөздер
Д)Қаратпа сөздер
13.Егер жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелерден кейін келсе,қандай тыныс белгісі қойылады?
А)нүктелі үтір
Б)үтір
В)нүкте
Г)сызықша
Д)қос нүкте
14.Сөйлемнің бірыңғай мүшелері барлық сөз таптарынан жасала бере ме?
А)жоқ
Б)иә
В)кейде
Г)тек бастауыштан
Д)тек анықтауыштан
15.Бірыңғай толықтауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.
А)Ағы да,сарысы да жақсы.
Б)Сені де,оны да ағай шақырып жатыр.
В)Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан.
Г)Досы көппен сыйлас,досы жоқпен сырлас.
Д)Ешкімге сырыңды айтпа.
16.Бірыңғай мүшелермен қызметтес,тұлғалас болып,оларды ортақ жинақтау мәнін білдіретін мүшені табыңыз.
А)жалпылауыш сөз
Б)бірыңғай мүше
В)тұрлаулы мүше
Г)айқындауыш мүше
Д)оқшау сөз
17.Бірыңғай толықтауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.
А)Абайдың жалтаң сөзді сүймейтін ,жақтырмайтын мінезі бар.
Б)Шәкенді,Баймағанбетті,Ерболды бұл сөз күлдірді.
В)Жиренше Абаймен көп сөйлесті,ұзақ ақылдасты.
Г)Көп сөз-көмір,аз сөз-алтын
Д)Еріншектің ертеңі бітпес.
18.Бірыңғай пысықтауышты табыңыз.
А)Бүріскен мал мен жүдеген жан Абайға үлкен ой салды.
Б)Бір батальон артта,алыста.
В)Жүрісіміз-кейде бүлкіл,кейде бөкен жүріс.
Г)Түнде не қойыңды,не өзіңді жұтып қоятын сияқты.
Д)Мәкіш Абайға кінәлай да,сынай да қарады.
19.Бірыңғай мүшелер қандай жалғаулық шылаулар арқылы байланысқан?
Тек жері биік болғандықтан жеміс өседі,бірақ піспейді.
А)талғаулы
Б)ыңғайлас
В)қарсылықты
Г)кезектес
Д)мезгілдес
20.Мына сөйлемнен бірыңғай мүшені анықта.
Бір батальон артта,алыста.
А)бірыңғай анықтауыш
Б)бірыңғай бастауыш
В)бірыңғай пысықтауыш
Г)бірыңғай баяндауыш
Д)бірыңғай толықтауыш
21.Бірыңғай мүшелер қандай жалғаулық шылаулар арқылы байланысып тұр?
Төрт бөлмелі үй салқын да жайлы.
А)қарсылықты жалғаулық шылау
Б)кезектес жалғаулық шылау
В)талғаулы жалғаулық шылау
Г)ыңғайлас жалғаулық шылау
Д)мезгілдес жалғаулық шылау
22.Жалғаулық шылау арқылы байланысқан бірыңғай мүшелердің арасына қандай тыныс белгісі қойылады?
А)үтір
Б)тыныс белгісі қойылмайды
В)сызықша
Г)қос нүкте
Д)нүктелі үтір
23.Бірыңғай бастауышы бар сөйлемді табыңыз.
А)Ойнақшып,шапқылып аттар кете барды.
Б)Ол-агроном,ақын,ғалым,прозаик.
В)Қалада тоғыз қабатты,он қабатты үйлер салуда.
Г)Мұнда шай,лимон,мандарин өсіріледі.
Д)Жерді екі рет айдап екі рет тырмалайды.
24.Мәкіш Абайға кінәлай да сынай да қарайды.
А)үтір
Б)сызықша
В)нүкте
Г)қос нүкте
Д)нүктелі үтір
25.Асан,Самат,Жандос-үшеуі оңаша әңгімелесіп отыр екен.
Мына сөйлемде жалпылауыш мүше қайсысы?
А)Асан
Б)Жандос
В)оңаша
Г)отыр
Д)үшеуі



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет