Бұлшық еттердің құрылысы. Бұлшық еттердің қажуы



Дата03.12.2023
өлшемі2,07 Mb.
#134132

Бұлшық еттердің құрылысы. Бұлшық еттердің қажуы
Бұлшықеттер адам ағзасындағы әр түрлі қозғалыстарды қамтамасыз ететін тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі. Бұлшықеттің қатысуымен адам кеңістікте қозғалып, дененің тепе-теңдігін сақтайды. Кеуде қуысын құрайтын қабырғалардың арасындағы бұлшықеттер мен көкет (кеуде мен құрсақ қуысын бөліп тұратын ет) тынысалу қозғалысына қатысады. Жұтыну, дауыстың шығуы, көздің қозғалуы, ішкі мүшелер жұмыстарының барлығы бұлшықеттердің жиырылу, босаңсу әсерінен болады. Сүйектермен бірлесіп денеге пішін беріп, денені тік ұстауға көмектеседі.1
Денені қозғалысқа келтіретінбұлшық еттер:
1 – жазып, қозғалысқа келтіру; 2 – мойын мен кеудені қозғалту; 3 – қолды көтеру; 4 – иықты жоғары қозғау бұлшықеттері; 5 – құрсақ бұлшықеті; 6 – денені тік ұстап жүруге көмектесу; 7 – мықынды қимылдату; 8 – санды қимылға келтіру; 9 – балтыр мен аяқбасын қимылға келтіру бұлшықеттері
Құрылысы. Бұлшықеттер – бұлшықет ұлпасынан, тығыз және борпылдақ дәнекер ұлпалардан, қантамырлары мен жүйке талшықтарынан тұрады. (Бұлшықет ұлпасын естеріңе түсіріңдер). Бұлшықеттердің негізін – көлденең жолақты бұлшықет талшықтарының жіңішке шоғыры (пучки) құрайды. Бұл шоғырлардың сыртын дәнекер ұлпасы қаптайды. Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасынан қаңқа бұлшықеттері, тығыз дәнекер ұлпасынан сіңірлер түзіледі. Бұлшықет ұлпасын құрылысына қарай бірыңғай салалыкөлденең жолақты (қаңқа бұлшықеттері) және жүректің бұлшықеттері деп бөледі. Бірыңғай салалы бұлшықеттер ішкі мүшелердің ішкі жағын (ішек, асқазан, қантамырлар, қуық, бездердің өзектері) астарлап жатады. Жиырылғанда ішкі мүшелердің көлемін өзгертеді. Олардың жиырылуы баяу әрі ырғақты және адамның еркінен тыс жүзеге асады
Бұлшықеттің құрылысы:
1 – бұлшықет талшығының қабықшасы; 2 – бұлшықет талшығының шоғыры; 3 – бұлшықеттің жуан талшықтары; 4 – бұлшықеттің жіңішке жіп тәрізді талшығы; 5 – оттекпен қамтамасыз етілетін жақсы дамыған бұлшықеттер; 6 – май басып нашар дамыған бұлшықеттер
Жүректің көлденең жолақты бұлшықет ұлпалары 2 түрлі қызмет атқарады: біреуі жүректің жиырылуын қамтамасыз етеді; екіншісі жүрек ішінде жүйке импульстерін өткізеді. Жүректің бұлшықеті құрылысы жағынан көлденең жолақты болса, қызметі бірыңғай салалы бұлшықетке ұқсайды. Жүректің бұлшықеті де қаңқадағыдай көлденең жолақты болғанымен жиырылуы адамның еркінен тыс, санаға бағынбайды.
Бұлшықет ұлпалары:
1 – өңештің бірыңғай салалы бұлшықеттері; 2 –жүрек бұлшықеттері; 3 – қаңқа бұлшықеттері

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет