Ұлпалар Өзіне тән мөлшері, пішіні бар, дененің белгілі бір бөлігінде үйлесімді қызмет атқаратын жасушалар тобын ұлпа дейді
'Бұлшықетұлпасы(textus mus- cularis;лат.textus — ұлпа;лат.musculus— бұлшық ет) — адам мен жануарлар организмдерінде жиырылу қызметін атқарып, қимыл-қозғалыстарды іс жүзіне асыратынұлпа. Омыртқалы жануарлар денесінде бұлшықетұлпасыныңүш түрі болады. Олар:бірыңғай салалыет ұлпасы,көлденен жолақты бұлшықетұлпасы жәнежүрек бұлшықетұлпасы. Бірыңғай салалы ет ұлпасы — пішіні үршық сабына ұқсас, екі ұшы үшкірленген, жуандау орта түсында бір ядросы болатын жолақсыз миоциттерден (ет жасушаларынан) тұрады. Ол ішкі мүшелердің, қанжәне лимфатамырларының етті қабықтары мен қабаттарын түзіп, еріксіз жиырылады (оның жұмысын автономды вегетативтік жүйке жүйесі реттейді). Жолақты қаңқа бұлшықет ұлпасын бұлшықет талшықтары (миосимпласт) құрайды, ерікті жиырылады. Оның жұмысын сомалық жүйке жүйесі реттейді. Жолақты жүрек бұлшықет ұлпасы кардиомиоциттерден (жүрекет жасушаларынан) құралған, еріксіз жиырылады (жұмысын автономды вегетативтік жүйке жүйесі реттейді).[1]Бұлшықет ұлпасы миоциттері мен миосимпласттарындағы жиырылу процесін 16 асыратын протеин жіпшелері — миофибриллалар актин және миозин миофиламенттерінен құралған.
'Бұлшықеттер адам ағзасындағы әр түрлі қозғалыстарды қамтамасыз ететін тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі. Бұлшықетттер-бұлшықет ұлпасынан ,тығыз және кеуекті дәнекер ұлпалардан, қантамырлары мен жүйке талшықтарынан тұрады.Бұлшықет ұлпасын құрылысына қарай бірінғай салалы , көлденен жолақты, жүректің бұлшықеттері деп бөлінеді. Бірінғай салалы бұлшықет ішкі мүшелерді( ішек, қарын, қантамырлар, қуық т.б) астарлап жатады. Көлдене жолақты бұлшықет дейтін себебі бұлшықет талшықтары көлдененінен жолақтанып жатады. Талшықтарының пішіні цилиндр тәрізді, диаметірі-0,1 мм ,ұзындығы бірнеше ондаған мм-ге жетеді. Жүректің бұлшықеті құрылысы жағынан көлдене жолақты, қызметі жағынан бірінғай салалы бұлшықетке ұқсайды.Яғни оның жиырылуы адамның еркінен тыс болады