Болезни сопр. 2



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата04.05.2023
өлшемі159,14 Kb.
#89852
1   2   3   4   5   6
Трепонема (синонимы спирохета) ұзындығы 14 мкм-ге дейін, 8-12 бұрамадан тұратын спиральға ұқсас бактерия 
(14-сурет). Адам организміне кілегей қабық пен терідегі аса терең емес жарақат ошақтары (тіліктер, беткей 
жырымдар) арқылы енеді жəне 1-2 трепанема ғана ауру туындата алады, организмге енген спирахеталар көбейіп, 
жауапты реакция дамиды жəне ол аурудың айқын клиникалық белгілері бар жəне жоқ кезеңдермен (латентті кезең) 
алмасып отырады.
Мерез туа жəне жүре дамыған болып екі түрге бөлінеді. Жүре дамыған мерез жыныс қатынастары кезінде, 
тұрмыстық жағдайларда жəне қан құю нəтижесінде (қан беруші мерезбен ауру болған жағдайда) жұғады. Туа 
дамыған мерез іште жатқан балаға ауру анадан жұғу арқылы дамиды. Сонымен қатар кəсіби мамандыққа да 
байланысты аурудың жұғуы орын алуы мүмкін (нашар заласыздандырылған стоматологиялық аспаптар арқылы, 
дəрігер-стоматолог ауруға қатысты қауіпсіздік шараларын сақтамаған кезде). Мерез жұғуы үшін терінің немесе 
кілегей қабықтың беткі қабаттарының бүтіндігі бұзылуы қажет, соңғы кезде бозғылт трепонема бүтін тері немесе 
кілегей қабық арқылы да өтуі мүмкін деген көзқастар айтылуда.
Инфекцияның жиі жұғуы – ауру бөртпелері ауыз кілегей қабығында
, жыныс ағзаларында жəне тері бетінде 
орналасқан, бойында мерездің белсенді бірінші немесе екінші кезеңдері дамыған науқас адамдар болып саналады.
Мерез кез-келген жастағы адамдарға жұға береді жəне ең көп жұғатыны – жыныстық белсенділігі жоғары 20-29 жас 
арасындағы өкілдер.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Х қайта қарастырылған халықаралық жүйесі (1997 ж) 
бойынша аурудың төмендегі түрлерін ажыратады.
∙ ертерек туа дамыған мерез, кешірек туа дамыған мерез;
∙ ертерек жүре дамыған біріншілік мерез жəне екіншілік мерез;
∙ кеш жүре дамыған үшіншілік мерез.
Мерездің ағымы толқынға ұқсас, айқын клиникалық белгілері бар кезеңдері жасырын дамитын 
кезеңдермен алмасып отырады. Сондықтан аурудың төрт кезеңін ажыратады: инкубациялық
біріншілік, екіншілік жəне үшіншілік мерез.
Инкубациялық кезең алғашқы ауру жұққан уақыттан (трепонема организмге енген кезден) 
басталып, бірінші клиникалық белгілері білінген уақытқа дейін (3-4 жеті) созылады. Кейде одан 
ұзаққа (2-3 айға) созылуы мүмкін, жəне иммундық қасиеті төмендеген, белгілі бір себеппен 
антибиотиктер қабылдаған адамдарда орын алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет