Бөлім: «Достық пен татулық – таптырмас бақыт» Оқушының аты-жөні



Дата29.12.2023
өлшемі48,5 Kb.
#144599


8-сыныпқа арналған Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша №1 бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар. 2-тоқсан.
Бөлім: «Достық пен татулық – таптырмас бақыт»
Оқушының аты-жөні _______________________________________________________________


Оқу мақсаты :8.3.4.1 мәтіндердің түрлерін, тілдік ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасау
8.4.1.1 Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сақтап, пікір жазу;
Бағалау критерийі: - мәтіннің ерекшеліктеріне сай талдай отырып, пікір жазады
Ойлау дағды деңгейі: қолдану, талдау
Орындау уақыты 25-30 минут


Тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырманы орындаңыз.

Бір тойым болатыны сөзсіз менің,


Дәл қай күні екенін айта алмаймын.
Бірақ... бірақ...
Ешкімді де билетпей қайтармаймын.
Онда ортаға тасталар ұран сондай:
Қайта алмайды қартың да бір ән салмай,
Жиырма бестің бәрін де сабылдыртам,
Кемпірлерге қыз күнін сағындыртам...
Сәбилерге ағаны үлгі етемін,
Жеңгейлердің толтырам гүлге етегін.
Менің жарым бұл түні кірпік ілмей,
Ақ көңілімен қуаныш бүртігіндей,
Омырауынан бір тәуір шайқап есіп,
Ажырасқанды жүреді қайта қосып.
Мен өзім де ән салам түн ауғанша,
Менің жаным бұл күнге құмар қанша!
Бәйгі берем жығылған палуанға да,
Адалдығы сезіліп тұрар болса.
Қыз қуатын жігітке ат беремін,
Жанам деген жүрекке от беремін.
Мен әйтеуір бар жиған-тергенімді
Бір тамаша той қылып өткеремін.
Біздің үйді сол күні бетке ал қауым,
Нысанаға ап қуаныш тоқталмауын.
Мен бұл тойдан тілеймін жылап тұрып,
Қазанымда бір асым ет қалмауын,
Мен сөйтіп бар шаңнан бір сілкінемін,
Мен сөйтіп рақаттанып бір күлемін.
Кім білсін талай күнгі арманым ед,
Мәңгілік тарқамауы да мүмкін оның.
Ақпарат дереккөзі: https://bilim-all.kz/tag/olen?tag=%D0%91%D1%96%D1%80%20%D1%82%D0%BE%D0%B9%D1%8B%D0%BC%20%D0%B1%D0%B0%D1%80



  1. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға дәлелмен жауап беріңіз.


Тақырыбы



Мәтіндегі негізгі тірек сөздер



Мәтіннің идеясы

Құрылымы

Мәтін түрі (дәлелімен)



Мәтін стилі (дәлелімен)



Мәтіннің тілдік ерекшелігі

Мәтін туралы ПІКІР жаз. Клише сөзде: Бұл мәтінде..... Мәтіннің ерекшелігі....... 3.Мәтіннің пайдасы Бұл мәтінді кімдер оқуы тиіс. Қорыта келгенде, ........


Дескрипторлар



Бағалау критерийі

тапсырма№

дескрипторлар

балл

Білім алушы

Мәтіннің ерекшеліктеріне сай талдау отырып, пікір жазады



1



Тақырыбы
Мәтіндегі негізгі тірек сөздер
Мәтіннің идеясы
Құрылымы
Мәтін түрі (дәлелімен)
Мәтін стилі (дәлелімен)
Мәтіннің тілдік ерекшелігі
Мәтін туралы ПІКІР жазады
Клише сөздерді орынды пайдаланады



1
1
1
1
1
1
1
1
1









орфографиялық нормаларды сақтайды

1

тыныс белгілерді дұрыс қолданады;

1

барлығы




11


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет