«Бөліп шығару, қозғалыс,координация және реттелу» бөлімдері бойынша тест сұрақтары 3 тоқсан Сынып: 7



Дата06.03.2023
өлшемі15,94 Kb.
#72100
Байланысты:
Биология 7 кл Тест 3 тоқсан


«Бөліп шығару, қозғалыс,координация және реттелу» бөлімдері бойынша тест сұрақтары
3 тоқсан Сынып: 7

1. Бөліп шығару жүйесі:


А. ас қорытады;
Ә. ағзадан зиянды заттар мен қалдықтарды тазртады;
Б. зиянды заттарды түзеді;
В. оттек пен көмірқышқыл газын тасымалдайды.
2. Бөліп шығару мүшелеріне жатады:
А. жүрек, бауыр, бүйрек
Ә.өкпе, бүйрек, бұлшық ет
Б. өкпе, бүйрек, сілекей безі
В. тер бездері, ішек бездері, ішек
3. Қарапайымдарда бөліп шығару қызметін атқарады:
А. жасыл без Б. жиырылғыш вакуольдер
Ә. мальпигий түтікшесі В. Бөліп шығару түтікшесі
4. Адам мен сүтқоректілерде қанның зиянды заттардан тазауына жауапты басты бөлу мүшесі:
А. ішек Ә. клоака Б. өкпе В. бүйрек
5. Өсімдіктің бөліп шығару мүшелеріне жатады:
А. лептесік Ә. сүт жолы Б. жүйкелер В. бүйрек
6. Буылтық құрттарда алғаш пайда болған бөліп шығару мүшесі:
А. мальпигий түтікшелері; Б.жасыл түсті бездер;
Ә. хитинді демтүтіктер; В. метанефридиялар.
7. Таксис- бұл:
А. органдарының орын ауыстыруы түріндегі өсімдіктер қозғалысы;
Ә. қоршаған орта факторларының әсерінен бүкіл ағзаның орын ауыстыруы;
Б. жасуша серпімділігінің өзгеру нәтижесіндегі органдардың бағытсыз қозғалыстары;
В. тургордың циклдік өзгеруіне байланысты өсімдік органдарының айналмалы қозғалысы.
8. Тропизм – бұл:
А. зат алмасу сатысы;
Ә. қоршаған орта факторларының әсерінен бүкіл ағзаның орын ауыстыруы;
Б. жасуша серпімділігінің өзгеру нәтижесіндегі органдарының бағытсыз қозғалыстары;
В. өсімдіктердегі қозғалу типі.
9. Фотопериодизм – бұл өсімдіктің келесілерге реакциясы;
А. ауа температурасының өзгерісіне; Б. күннің ұзақтығына;
Ә. ай фазасына; В. жыртқыштарға.
10. Алғаш рет дербес бұлшық ет жасушалары пайда болды:
А. құрттарда; Ә. балықтарда; Б. өрмекшілерде; В. сүтқоректілерде.
11. Реактивті қозғалады:
А.амеба, кірпікшелер Ә. қосмекенділер Б. киттер В.сегізаяқ
12. Жүйке жүйесінің түтікті құрылысы келесілерге тән:
А. жалпақ құрттарға Б. буылтық құрттарға
Ә. хордалыларға В. моллюскаларға
13. Жалпақ құрттарға тән жүйке жүйесінің типі:
А. сатылы жүйке жүйесі;
Ә. түйінді жүйке жүйесі;
Б. диффузиялық жүйке жүйесі;
В. түтікшетәрізді жүйке жүйесі.
14. Орталық жүйке жүйесі құралады:
А. ми мен жұлыннан;
Ә. мидан және бас сүйек-ми жүйкелерінен;
Б. мидан және жұлын жүйкелерінен;
В. жүйкелерден, мидан және жұлыннан.
15. Орналасуы бойынша жүйке жүйесі келесі бөліктерге бөлінеді:
А. орталық және шеткі; Б. вегетативтік және соматикалық;
Ә. шеткі және соматикалық; В. орталық және соматикалық.
16. Жүйке жүйесі құрылысының негізгі бірліктері:
А. жүйке импульсі; Ә. нейрон; Б. нейроглия; В. жүйке.
17. Барлық омыртқалылардың миы қанша бөлімнен тұрады:
А. 5 Ә. 4 Б. 3 В. 2
18. Өмірлік маңызды рефлекстер – тыныс алу мен жұту доғасы келесілер арқылы өтеді:
А. ортаңғы ми; Б. сопақша ми;
Ә. мишық; В. аралық ми.
19. Жұлын орындайды:
А. рефлекс қызметін; Б. өткізгіш қызметін;
Ә. рефлекс және өткізгіш қызметін; В. гуморалды қызметті.
20. Жұлындағы сегменттер саны:
А. 30 жұп Ә. 34 жұп Б. 32 жұп В. 31 жұп
21. Нейрондардың қысқа тармақталған өсінділері:
А. дендрит Ә. аксон Б. нейроглия В.нефрон
22. Рефлекс доғасы бұл:
А. ОЖЖ қатысында ағзаның тітіркендіргіштерге жауап реакциясы;
Ә. өмір бойы пайда болады және бір түр дарада бірдей емес.
Б. мінез құлықтың генетикалық тұрғыда негізі қаланған бағдарламасы;
В. жүйке импульсі орталық жүйке жүйесіне бағытталатын жүйке жасушалары.
23. Орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерінің (жұлын, сопақша ми, ортаңғы ми, мишық) қатысуымен жүзеге асады:
А. шартсыз рефлекс; Б. бағдарлау рефлекстері;
Ә. шартты рефлекс; В. тізе рефлексі.
24. Адам еркіне бағынбайтын және автономды режимде жұмыс істейтін жүйке жүйесінің бөлігі:
А. шеткі; Ә. вегетативті; Б. соматикалық; В. орталық.
25. Адам ұйықтаған кезде не себепті тоңады?
А. дене босаңсығандықтан; Б. пульс жиілегендіктен;
Ә. дене температурасы төмендегендіктен; В. зат алмасу төмендегендіктен.

Жауаптары:



1

Ә

2

В

3

Б

4

В

5

Ә

6

В

7

Ә

8

В

9

Б

10

А

11

В

12

Ә

13

Б

14

А

15

А

16

Ә

17

А

18

Б

19

Ә

20

В

21

А

22

В

23

А

24

Ә

25

Ә


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет