Тақырыбы: Асқазанның және ішектің моторлық, эвакуаторлық, секреторлық қызметін реттеу



бет1/8
Дата03.11.2022
өлшемі498,52 Kb.
#47192
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Тақырыбы: Ас қорытылу физиологиясы.

Асқорыту мүшелері

1. Аутолитикалық – тағам құрамындағыфаерменттер (ана сүті). 2. Симбиоттық – бактериялар түзетін ферменттер – гидролиз микроорганизмдер ферменттерінің әсерінен жүреді (тоқ ішекте). 3. Өзіндік а) қуыстық (дистанттық) ас қорыту – ас қорыту ішек-қарын түтігінде жүреді. б) мембраналық (контакттық) ас қорыту – ішек жасушаларының көмкерілген эпителиі мен гликокаликсте орналасқан ферментттердің әсерінен жүреді. в) жасуша ішіндегі ас қорыту (фагоцитоз, пиноцитоз).

Асқорыту түрлері

Асқорыту сөлдерінің физиологиялық ерекшеліктері


Асқорыту сөлдері

Тәуліктік бөлінетін мәлшері

Құрамы

Сілекей

50-2 000 мл

Су және амилаза

Қарын сөлі

2,0-3,0 л

Тұз қышқылы, су, липаза, лизоңим, пепсин

Панкреатин сөлі

600-700 мл

Су, амилаза, липаза, фосфотаза, трипсин, химотрипсин және т. б. ферменттер

 Өт

500-1200 мл

Су, билирубин, холестерин, май, май кышкылы, лецитин, холин және т. б.

. Аш ішек сөлі

1 000 мл

Су, сахараза, лактаза, жуық энтерокиназа, липаза, рибонуклеаза және т.б.

Тоқ ішек сөлі

270-1 550 мл

Су

Сілекей, оның құрамы және маңызы


Ауыз қуысында үш пар сілекей бездері сілекей сөлін бөледі. Адамның сілекейі үнемі бөлінеді, оның мөлшері тәулігіне 1 литрге дейін жетеді. Сілекейдің бөліну мөлшері және оның химиялық құрамы астың құрамына байланысты. Егер ас құрғақ болса, сөл аз бөлінеді. Сілекей асты дымқылдап, оны ыдыратуға қатысады және астың жұтылуын жеңілдетеді. Ауыз қуысында сілекей безі екі рефлекс арқылы реттеледі: піартты және шартсыз. Шартсыз рефлекс тамақты ауызға апарғанда, шартты рефлекс тамақтың иісін сезгенде, дәмін көргенде пайда болады.
Сілекей безінің қызметін И.П. Павлов тәжірибе арқылы дәлелдеді. Сілекей безінің өзегін терінің сыртына шығарып тігіп, оған сілекей жинайтын шыны түтік орнатты. Организмді тамақтандырғанда, сілекей ауыздың ішінде бөлінбей, сілекей жинайтын шыны түтікке бөлінеді, сөйтіп, оның құрамы зерттеледі. Сілекейдін, кұрамына бейорганикалық заттар: су және минералды тұздар (натрий, калий, хлор иондары және т.с.с.), органикалық заттар, ең бастысы, сілекейдің белогы: лизоцим (сілекей затын залалсыздандырады), муцин (табиғи белокты зат) птиалин мен мальтаза (солодтық крахмалды қантқа, одан әрі глюкозаға ыдыратуы) енеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет