Болмаған балалық шақ



Pdf көрінісі
бет18/30
Дата22.07.2023
өлшемі2,2 Mb.
#104632
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30
 
Орынғалидың бауырлары
 
Орынғали шешесінен тарағандардың үлкені. Одан кейінгісі Кәкен деген қарындасы.
Сосын менің әкем. Әкемнен кейінгі екі қыздың есімдері – Кенжесарқыт пен Жайнагүл. Кен-
жесарқыт мектепті алтын медальмен бітіріп, оқуға кетемін деп жүргенде, суға ағып, қайтыс
болыпты. Соңғы үшеуінің алдағы екеуінен әкелері бөлек, шешелері бір. Менің әжем көзі
тірісінде өте өжет, сұлу кісі болған деседі жұрт. Соғыстан жары оралмаған соң, менің атама
күйеуге шыққан екен. Атам 
(әкемнің әкесін айтамын)
өзінің отбасын тастамай, екі үйді қатар
асырапты. Өзі ферманың бастығы, арғы аталары болыс болған көрінеді. Соғыстан жараланып
келген атамды, сол кездегі аудан басшылығы, кейін совхозға айналған фермаға бастық қылып
тағайындапты. Дәл мен сияқты Орынғали шал да өгей әкенің қолында тұрған екен. Бірақ менің
басымнан өткен қоқаң-лоққыны өгей әкесінен еш көрмегенін Орынғали маған әредік әңгіме-
леп отырушы еді.
Әкеміздің кенже қарындасы Жайнагүл апайымыз сөзге шешен, білімді, мінезі тік адам.
Оның үш қызы бар. Екеуімен мен тете өстім. Жездеміз бокстан спорт шебері. Кезінде аудан
көлемінде төбелеспен аты шыққан жігіт ағасы. Өзі көңілді жүргенді жақсы көретін, ақкөңіл
кісі. Бұл үйден, кіші қарындасым деп, Орынғали ешнәрсесін аямайтын. Біз Жайна апайымы-
здан бөлек тұрғандығымызбен, күндіз үнемі бірге, бір үйде жүретінбіз.
Орынғалидың Кәкен деген қарындасы көкайыл, өте адуынды әйел. Мойыны ұзын,
ыздиып қалған қырсық кісі. Құлақтары ауыр алтын сырғаларды көп таққандықтан салпиып
кеткен. Терлегенде сырғалары ұзын мойынына шашымен бірге қабаттасып, жабысып қалушы
еді. Мен оны «кобра» деп мазақтайтынмын. Кобра демекші, Кәкен үйге келгенде, жеңгелерім
жыланға арбалған қояндай жым болатын. Кәкен келіндеріне қырғидай тиетін. Жеңгелерімнің
бәріне де Кәкен лақап ат қоюға шебер еді.
Кәкеннің үш ұл, үш қызы бар. Бәрі де Кәкеннің мектебінен өткен, ұстағанын жұлып
алатын пысық жандар. Орынғалидың жиендері нағашы үйімен қатты бәсекелес еді. Себебі,
Орынғали балаларына ең соңғы үлгідегі киім кигізіп, қаланың баласы жемейтін тәтті-мәт-
тіге тойындырып қоятын. Орынғалидың балалары үйленгенде тойлары да Кәкеннің балала-
рының тойларындай жұпыны өтпеген еді. Кәкеннің балалары кішкене кезінде молшылықты
Орекеңнің балаларымен бірге көріп өсті. Дегенмен кей нәрселерден қағылатын болса керек.
Болмаса, «осының бәрін неге біз иен пайдаланбаймыз» деп жанықса керек, өсе келе бұл қызға-
ныш екі үйдің арасындағы алауыздыққа, көреалмаушылық пен күндестікке ұласыпты.


А. Елгезек. «Болмаған балалық шақ»
46


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет