Боөж тақырыбы



бет1/4
Дата23.03.2022
өлшемі22,97 Kb.
#28578
  1   2   3   4

 

 



БОӨЖ

 

Тақырыбы«Шүйдемен келудің алдыңғы және артқы түріндегі босану биомеханизмі.Босану кезеңдері. Партограмма.»

 

 


Топ:442-ЖМ.

Жұмахан А



 

 

 



Нұр-Сұлтан 2021

Шүйдемен келудің алдыңғы түріндегі босану механизмі. Ұрық басы босану жолдарында өзінің жылжуы үшін кедергіге тап болғанда босану механизмі басталады: ашылу кезеңінде кіші жамбас кіреберісі жазықтығына ену кезінде немесе туылу кезеңінде бастың жамбас куысының кең бөлігінен тар бөлігіне өту кезінде. Босану механизмінің төрт негізгі кезеңдерін ажыратады.

Бірінші кезең - ұрық басының бүгілуі. Жатыр мойнының ашылу дәрежесіне және омыртқа бойымен берілетін жатырішілік қысымның өсуіне байланысты ұрық басы мойын бөлігінде бүгіледі .Бастың бүгілуі біртекті емес иінтірек ережелерін ескере отырып, жүзеге асады. Бұл заңның пайда болуы омыртқаның ұрық бас сүйегінің негізімен қосылған жері бас сүйек ортасында емес, иекке қарағанда, шүйде аймағында бекуіне байланысты болуы мүмкін. Солсебепті босану кезінде күшену күшінің көп бөлігі иінтіректің қысқа бөлігі - шүйдеге түседі. Ұзын иінтіректің соңында ұрықтың беті маңдайы болады.Бастың бет бөлігі жамбастың атаусыз сызығы жағынан қарсылыққа тап болады. Нәтижесінде жатырішілік қысым төмен түсіп келе жатқан ұрық шүйдесіне басады, ал иегі кеудеге қысылады. Кіші еңбек жамбастың өткізгіш сызығына жақындап, үлкен еңбектен төмен орналасады. Қалыпты жағдайда ұрық басы жамбас жазықтығынан тар бөлігіне дейін өтуі үшін қажет өлшемге дейін бүгіледі. Бүгілу кезінде бас өлшемі қысқарады. Ұрық басы осы кезде кіші өлшемге сәйкес (9,5 см) немесе соған жақын өлшеммен жамбас жазықтығынан өтеді. Бастың бүгілуінің дәрежесіне байланысты бастауыш нүкте кіші еңбек облысында немесе асинклитизм түрін ескере отырып, төбе сүйектерінің біріне жақын орналасады.

Екінші кезең - бастың ішкі бұрылысы .Ұрық басы жамбас қуысының кең бөлігінен тар бөлігіне жылжу кезінде, бүгілумен бір уақытта ішкі бұрылысын жасайды. Осы кезде ұрық басы өзінің жебе тәрізді жігімен жамбастың тік өлшеміне сәйкес орналасады. Шүйдесі қасағаға жақындайды, бет бөлігі сегізкөз ойысында орналасады. Шығаберіс куысында жебе тәрізді жік тура өлшемде болады, ал шүйде ойығы - қасаға астында орналасады. Бастың бұрылуы үшін жамбас сүйектерінің алдыңғы және артқы қабырғаларының түрлі карсылығының маңызы бар. Алдыңғы қысқа қабырға (қасаға сүйегі) артқы кабырғаға (сегізкөз) қарағанда аз қарсылық көрсетеді. Нәтижесінде жамбас кабырғаларымен тығыз қамтылған, түсіп келе жатқан ұрық басы оның бетімен сырғи отырып, өзінің кіші өлшемдерімен жамбастың үлкен өлшемдеріне бейімделеді. Аралық бұлшықеттері де жиырыла отырып, бастың бұрылысына себепші болады.

Үшінші кезең – бастың шалқаюы. Бұл кезең ұрықбасы үлкенсегментімен шығаберіс куысында орналаса отырып, қасағаның төменгі қырына шүйде ойығымен тірелгенде баст басталады. Осы кезде ұрық айналу нүктесін түзеді (гипомахлион).Ұрық басы айналу нүктесінде айнала отырып шалқаяды да ,туылады.Күшенудің нәтижесінде жыныс саңылауынан төбе,маңдай,беті мен иегі туылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет